Quantcast
Channel: Тарих –Қазақстан-ZAMAN
Viewing all articles
Browse latest Browse all 107

Ұлы Қытай қорғанын салдырған орыстар ма?

$
0
0

Ғаламтор желісінде «Аспан асты елі» деп әспеттеп келген «аждаһа» көршімізге өзіміздің Мөде хан бабаларымыз салдырып кетті деген Ұлы Қытай қорғаны жайлы Ресей ғалымдарының зерттеулері жарияланып кетті.

Бұл зерттеулерге шындап зер салып қараған адамға «солтүстіктен Құдайдың өзі жіберген ақ нәсілді адамдары медицинаны да, ғылымды да т.б. өркениетті Қытай жеріне алып келген» деп, тұжырым жасауға тырысады. Сондай-ақ, осы Ұлы Қытай қорғанын бағзы заманда жергілікті халық кімнен, қандай жауларынан қауіптеніп салдырған деп бастарын қатыруда. Орекеңдер «Аспан асты елінен» деп, өздері айтатындай солтүстік батысында мыңдаған шақырымдай шекаралас жатқан Қазақстан мен теріскейін орағыта қоршай орналасқан монғолдарды ауызға алатын емес. Менің байқағаным, астарлы саясатқа негізделген бұл зымиянды «ғылыми тексерістердің» артында айтарлықтай «тарихи бетбұрыстардың» орын алып кетуі бек мүмкін. Өйткені Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында, өркені өссін, белорус батькасы Александр Лукашенко ешкімнен қаймықпай «өзің сықылды өзге елдің (украиндарды меңзегені) жеріне көз алартатындай, баяғыда қазақ-монғолдар Мәскеуге дейінгі жаулаған жерлерімізді қайтарыңдар деп дауласа, не істер едің» деген мағынада айтқаны В.Путиннің жүрегі-не оқтай қадалғаны айдан анық. Содан бері жан-тәнімен ғалымдарын жұмылдырып, «жарты әлемнің орыстардың қол астында болғандығы анықталды» деп, жұртшылыққа жар салуды көздеуде.
Путин бастаған өзге елдердің басшылары келіп қатынасады деген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мемлекеттігіміздің әу баста құрылған қара шаңырағы — мкиелі Шу өңірінің бойында Хан тағылары мен Ханқорасы орналасқан Хантауында (бұрынғы Қозыбасы) өткізілуі аса қажет еді. Ұлы Даланы әспеттей бастаған әкім-қаралар жеме-жемге келгенде алғашқы хандығымыздың құрылған жерлерін өзге елдердің өкілдеріне көрсетудің орнына 400 шақырымдай шалғайдағы Тараз қаласын таңдап, өздерінің орынтақтарын ел мүддесінен артық санады. Путин де, өзге елдердің президенттері де келуді қош көрмеді. 1975 жылы жарыққа шыққан Қазақ-Совет энциклопедиясының 6-томының 383-бетінде 15-16 ғасырдағы алғашқы Қазақ хандығының картасы анық сызылған. Осы сызбада Мойынқұм ауданының түстігі мен оңтүстік шығыс бөлігі, Хантауы түгелдей, сондай-ақ Шу ауданының жері түгелдей қамтылған. Орыс ғалымдарының жоқтан барды жасап жүрген әрекеттері қайткен күнде де өздерін өзгелерден бір табан жоғары қоюға тырысуларында. Ал өзіміздің қаракөз ғалымдарымызға келсек, бір-бірімен айтысып-тартысып, барымызды жоққа айналдырып бара жатқаны ащы шындық. Бірі Шыңғыс ханды монғол десе, бірі қазақ деп, әлі күнге тоқтамды шешімге келе алмауда. Тіптен Қазақ хандығының дәл қай уақытта құрылғандығы да оңды шешімін таппағандай. Әлемді аузына қаратқан Ескендір Зұлқарнайынның қалың қолын ақыл-айласымен тоқтатқан қаған Шу батыр жайлы біздің заманымыздан бұрынғы деректің Қытай елі мұрағаттарынан табылғанын неге ескере бермейміз? Өткен жылы Балқаш көлінің оңтүстігінің Хантауын қамти Мойынқұм ауданының оңтүстігі мен Шу ауданының солтүстік-шығысында орта ғасырларда түркі қағанатының мәдени орталығы болған мемлекеттің картасының Тайваннан табылғандығы жайлы сенімді дерек көзі шықты. «Біздің мемлекеттігіміз тек 1991 жылдан бастап құрылған» деп жүре бермекпіз бе?! Ұлттық ар-намысымыз жолында елдігіміздің елдігін сипаттайтын осындай өзекті тарихи талдауларды зерттеулермен мүйізі қарағайдай тарихшы-археолог ғалымдарымыз неге шұғылданбайды?! Әлде Путиннен рұқсат алып, орыс ғалымдарынан көмек сұрауымыз керек пе?!

 

Мәкен Уақтегі

(7)


Viewing all articles
Browse latest Browse all 107

Trending Articles