Quantcast
Channel: Тарих –Қазақстан-ZAMAN
Viewing all 107 articles
Browse latest View live

Қазақ пен қырғыз бірлескен қанжоса көтеріліс батыры

$
0
0

20161916 жылғы Ұлы-азаттық көтерілісі басталған тұста Мергенбай Ерденеұлы ол кезде 73 жаста болатын. Кейінгі әйелдерінің бірі Зейнептен туған менің 1914 жылғы атам (ең кенже баласы) Ыбырайымхан туылғанда бұл кісінің жасы 71-де болған (одан кейін Естемес атты ұл, және 1 қыз) бабаларымыздың асылдығы байқалады. Жалпы тоғыз әйелінен 30-дай ұл-қыз көрген.Тоғыз әйеліне 9 үй тігіп, 10-шы үйді қонақ қабылдайтын үй ретінде тігіп, Шәлкөде жайлауында бір өзі бір ауыл боп отырған екен өз уағында. Албан тайпасының, Қожбанбет руының шежіресінде бұл кісі туралы 2 тарауда сипаттама берілген. Біріншісі «Қожбанбет руынан шыққан ел ағалары» атты 3-бөлімде «Мергенбай батыр» (256 бет) атты, екіншісі «Өлең жырдың туын тіккендер» атты 6-бөлімде (330-332 беттер) біршама жазылған. Шежіреде батырлығы жөнінде 16 жасында қалмақ батырын жекпе-жекте өлтіргендігі мен күйшілігі жөнінде біраз мағлұмат бар. Ол кісінің өзі, балалары Нұрмұханбет, Бекмұханбет, Ыбырайымхан, немерелері Омархан, Қожақан, Меңдеке, Сауқымбектер шерткен күйлер «Жетісу күйлері» атты еңбекке кіргізілген. Кітапты 1998 жылы ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібайдың жетекшілігімен жинақтаған ғалымдар — Базаралы Мүптекеев пен Сағатбек Медеубеков.
Мергенбай қалмақ батыры Бадыманы өлтіріп, кейіннен «Арман» күйін шығарған. 1-ші әйелі Суан қызы Бәтімханнан туған үлкен ұлы Нұрмұханбет те күй шерткенде малдас құрып отырған күйінде 2-3 метр аумағында қозғалып, жылжып отырады екен. Немерелері Меңдекелер күй жарысында домбыраны кейде ұстармен тартып, кейде қолы талғанда аяғының саусағымен тартып, жүлде алған оқиғалары айтылады. Осы күні көзі тірі немересі Сауқымбектің репертуарында нотаға түспеген көптеген күйлері бар. Бұл кісіні атақты күйші Қаршыға Ахмедияров қайтыс болғанға дейін өзі іздеп келіп-кетіп жүрді. Ал батырлығы ше?
Ол қандай батыр болды? 1916 жылғы көтеріліске қандай қатысы бар?
«Сақаудың Мергенбайы ірі-ақ еді» деп Көдек ақын айтса айтқандай, ол өте ірі адам болыпты. Алыс сапарға қосар атпен шығады екен. Бұл кісінің Қарқара жәрмеңкесінің «түнгі базарын» ұйымдастырып, оны 1916 жылға дейін қарқынды жүргізгені туралы мәлімет кейін белгілі болды. Түнгі базардың тауар ұсынушы-тұтынушылары бұл жерге киім-кешек немесе мал сатып алу үшін ғана келмейтіні белгілі… Яғни ол жерде апиыннан кейін қару, одан кейін барымтамен келген жылқы малы саудаға түсетін. Ал қару-жарақты Ташкент, Қоқан, Үрімжінің төңірегінен тасыпты. Осылайша, Мергенбай Ерденеұлы ғұмырында бір рет болыс болып көріп, патша үкіметінің бұл лауазымды сатып беретін жиіркенішті жүйесіне екінші келместей қош айтысып, «түнгі базар» басшылығына кетіпті. Мекеңнің заманында тек албан ғана емес, төңіректе біраз елде сәбилеріне Мергенбайдың атын бергенін шежірелерден көріп жүрміз. Аралары 41 жас Сақау Мергенбай мен Құсық Мергенбайды албан руын зерттеушілер көп шатастырады. Бабам Мергенбайдың Нарынқол жеріндегі екі көзінің бірі болған осы кіші Мергенбай мен Әлмеректегі Пұсырман әулетіне келін боп кеткен туған қарындасы Мінікеден туған Жақыпбердінің Қарқара жәрмеңкесіне шабуылдаған топтардың қозғаушы күші болуының себебі енді түсінікті болар. Мекеңнің өз Қожбамбет ішіндегі ортасынан өзге, осы оң көзі мен сол көзі жайлы азырақ зерттеу еңбекті «Егеменді Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев ағамыздың «Біртуарлар» атты кітабындағы «Номад», «Тянь-Шаньның ковбойы» атты әңгімелерінен оқып білуге болады. Мекең көбіне-көп Қоқан, Үрімжі сауда нүктелеріне, анасына қарап тілі шыққан Айтақын Тоқайларды бас қылып, жіберіп отырған. Сол замандағы Қожбамбет руының ынтымағы жайлы ел аузында «Қорғасындай ұйыған Қожбамбет» деген мәтел қалыпты. Әрине, олар әр сапарға мықты топпен аттанған. Біздің қазақ қашанда «үлкен базар» деп Ташкентті санаған. Ондай алыс сапарға кемінде 10 адам қарулы күйінде ғана аттанған. Сол топтың белсенді мүшелері болған Қоңырбөрік Көкімет, өз ағайындары ішінен Суатайұлы Бәйет, Байдалыұлы Қырықбай, Қарабайұлы Сопабай сияқты ерлер болған. Сырттан табатын қомақты олжаға қаймықпай аттанатын албанның әр руынан сайланған осындай сыбайлас топтар бірігіп, Ташкент, Қарқара арасын шаңдатқанда, бұл «үйірлі қасқырлармен» санаспаған бұл аралықта ешбір ұлыс болмапты. 1913 жылы қырғыз шонжары Шәбденге берілген аста Мергенбай мен оның нөкерлеріне арналып үш бірдей үй тігілуі осыдан хабар берсе керек. Осындай топтар Ташкент сияқты үлкен қалаларға барып, білім жетілдіргісі келетін балалар мен қажыға аттанатын үлкен адамдарды да Ұлы Жібек жолының даңғыл жолына аман-есен жеткізуді өз жауапкершілігіне алып отырған. Мергенбайдың кіші әкесі Сапақбайдың қазіргі Райымбек ауданы Қошқар ауылы тұрған жерден мектеп салдырып, мұғалімдікке Жүсіпбек Шайхисламұлын алдыртқанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Ал Қапалда мектеп салған Маман Тұрысбековты күллі қазақ біледі.
Жарлық шыққан 25 маусымнан кейін Орта Азияның әр түкпірінде наразы болған халықтың жиындары өтіп жатты. Солардың бірі Жаркент уезі, Иванов болыстығының қазағы Бибатыр Жиенбаевтың тыңшылық әрекеті нәтижесінде мұрағат қорына түскен Қабанды жайлауындағы Ұзақ Саурықовтың үйінде 10 шілде күні өткен жиын болса, тағы бірі Верныйдың батысындағы Бұрған жайлауында 7 шілдеде Сәт Ниязбековтің жетекшілігімен 2000-нан аса адам қатынасқан жиын өтті. Дәл осындай дүбірлі жиналыстар Шабден балаларының жетекшіліктерімен қырғыз даласында да қызу өтіп жатқаны жайында мәліметтер көп-ротмистр Железняков басқарған Жандармдар корпусының «тыңшылар корпусы» арқылы түскен құпия хаттарда жазылған. Тісқаққан Мергенбай Қабандыдағы жиынға әдейі қатыспай қояды. Бірақ қолда бар мәліметтерде өз айналасындағы топтармен жиын өткізіп, арғы беттен орын дайындай беруді тапсырған.
Кеңес тарихшысы И.А.Чекалинскийдің «Восстание Киргиз-Казахов и Кара-Киргизов в Джетысуйской крае в июле-сентябре 1916 г» атты еңбегінде Қожбанбет болысында 1351 түтін болғанын, кейін Қытайға кеткені 851 түтін, қалғаны 510 түтін, 8255 жаннан Қытайға қашқаны 4200 жан болса, көтеріліс кезінде өлгені 2600 адам деп көрсетеді. Аяғында осы кісінің артына ерген халық қана қырғыннан аз шығынмен шыққан. Арғы беттегі Нақысбек сияқты ел басқарған бауырлары мен қатарластары арасына елді орналастырып, Қарқараға 500 жігітпен қайта оралады. 20 шақты өлігін арбаға салып, Қарақолға қашқан Кравченконың Гейцигтің мыңдығымен қосылып, күшейіп, қайта оралған қарулы күшін қыркүйек айының аяғына дейін Шәлкөде жайлауынан әрі асырмай тосқауыл қойып, тегеурінді қарсылық көрсетеді. Жан-жағын қоршап келе жатқаны туралы мәлімет жеткенде арғы бетке өтіп, Текес, Күнес аудандары арасына орналасады. Реті келгенде қырғыз халқына рақмет айтуымыз керек. Қазақтар кеңірдегіне қанжар тақалғанда ғана қимылдаймыз, ал қырғыз халқының жауынгер ұлдары 12 тамызда Қарақол тұтқындары атылған күні-ақ ел-елге жаушы шаптырып, бірден көтерілістің жан түршігерлік түрін көрсетіпті. Қырғыздар, крестьяндар мен орыс мұжықтарын түгел қаруландыру жөнінде Ташкенттен нұсқау алып, Верныйдан пошта арбасына тығып тиеп әкеле жатқан 300-ге жуық мылтықты мыңдаған оғымен қолға түсіріпті. Патша әскеріне көмектессін деп дұнғандарға таратылған 50-дей мылтық та патша әскеріне қарсы атылды. Дұнғандар кейіннен мылтықтарды алып алған соң көтерілісшілер жағына шығып кетсе, мылтықты олжаға түсірген қырғыз көтерілісшілері бүкіл Ыстықкөл айналасын қанға бояп, 10 000-ға жуық орыс ұлтының өкілін қырып салды. 2000-ға жуық адамды тұтқындап, бірге алып кетті. Осының негізінде жазалаушы әскердің негізгі күші қырғыздарға бағытталып, қазақтар көп шығыннан аман қалды. Арғы бетке босқан қырғыздарды, тұтқындарды босату үшін деген себеппен шекара бұзып, басып кірген Бычковтың мұздай қаруланған жазалаушы әскері Қытай жерінде аяусыз қанға бояғанын мұрағат материалдары растап отыр. Қырғыз босып өткен Үштұрпан, Қызылсу жерінде шағын ғана әскері тұрған қытай үкіметі Бычковтың әскеріне қарсы әрекетке дәрмені болмапты.
Патша үкіметі құлағаннан кейін 1917 аяғына дейін артқа оралған елмен қайтпай, Мергенбай айналасымен бірге 1920 жылдары бір-ақ оралыпты.

Бақытжан Мергенбаев


Алаштың рухани шамшырақтары

$
0
0

Ауыл молдасынан тәлім алуӨз алдымызға ел болып, еуропалық үлгіде дамимыз, жаңғырамыз деген асқақ мұраты болған Алаш қайраткерлерін тайғақ кешу, тар жолда рухани тұрғыдан қолдап, оларға тілектес болып, Алаш қозғалысына белсене араласқан ниеттес адамдар болған. Олар — XX ғасыр басындағы имани ілімнің нәрін жиған рухани шамшырақ болған дін қызметкерлері. Қазақтың заманауи үлгідегі тұңғыш үкіметін жасақтаған, ұлттық автономиялық мемлекетін құрған Алаш көсемдері мен қайраткерлерінің барлығы дерлік ең алғаш рет молдадан қара танып, діни ілім алған. Олардың оң қанаты — діни ілім, сол қанаты — дүниеуи ілім болған. Діни ілім арқылы Хақ Тағаланың құдіретін сезініп, оған шын иланған. Бүгінгі күні Алаш қайраткерлерінің әрбір мақаласынан Хақ Тағалаға деген көзқарасты байқауға болады. Сөздерінің әлқиссасын «Бісміллә» деп бастаған Алаш оқығандары өздерінің Құдай берген таланттарын туған халқына сүйіспеншілігімен, зор махаббатымен тиімді жұмсай білген.

Алаш қайраткерлері бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басы-қасында ғұлама Шәкәрім қажы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, діндар ақын Ғұмар Қараш, Қосшығұлұлы Шаймерден, Науан Хазірет, Ахмет ишан Оразайұлы, Оразаев Мұстафа, Файзолла ишан Сатыбалдыұлы, мұхтасиб Әлмұхамед Оспанұлы, Ғылмани Сәдуақас, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы сынды дін қызметкерлері болған.

1890 жылы Ерейментаудың Малтабар ауылында дүниеге келген діни қайраткер, ақын, арабтанушы үлкен маман Ғылмани Сәдуақас 1907 жылы Ахмед Ғұсманұлының медресесінде алты жарым жыл оқып, діни білім алған. 1916 жылдың маусым жарлығына дейін Сілеті елді мекенінде бала оқытып, шәкірт тәрбиелеп, халық арасынан жылу жинап, медресе ашып, мешітте имамдық қызмет жасаған. 1929-1934 жылдар арасында саяси науқандардың қуғын-сүргініне ұшырап, Омбының Любин ауданында бас сауғалап, зұлматтың нақақ оғынан аман қалған. 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы қызметін атқарып, Орта Азия діни басқармасының мүшесі болған.

Алаш идеясымен рухтас болған Ғылманидың үлкен еңбегі — Қазақстан Ғылым академиясының тапсырысымен әл-Фараби шығармаларын араб тілінен тікелей қазақ тіліне аударуы. 1970 жылы «Құран туралы жала мен өтіріктер» атты көлемді кітап жазған және 110 мыңдай сөзді қамтыған арабша-қазақша сөздіктің авторы. Өмірінің соңында билер мен шешендердің сөздерін жинап, Құран Кәрім аяттары мен сүрелерін тәпсірлеп, діни сауалдарға түсінік беріп, жауап қайырып, мәуліт өлеңдері мен діни уағыздарды жазған. 1972 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.

Алаш арыстарымен рухани байланыста болған, пікірлестердің бірегейі — діндар ақын, көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қарашұлы. Оның қазақтың саяси көзін ашып, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш», «Өрнек», «Бәдел қажы», «Шайыр», «Көксілдер» сияқты діни-саяси көзқарастағы танымдық әдеби еңбектері бар.

Алаштың көрнекті қайраткері, үлкен оқымысты, ғасыр басындағы жоғары білімді қазақ заңгерлерінің бірі Жаһанша (Жанша) Досмұхамедұлы тапсырған Құран Кәрім жөнінде айталық. Бұл асыл кітап — Құран Кәрімдегі аяттар мен сүрелердің жинақталған бастапқы толық нұсқасы. Бірінші халиф Әбу Бәкірдің тапсыруымен Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хатшысы болған Зәйд ибн Сәбит пайғамбардың айтуынан сүйекке, тасқа, теріге, пальма жапырағына жазылып қалған аят, сүре нұсқаларын жиыстырып жасаған түпнұсқа негіз етіп алынды. Үшінші халиф Осман ибн әл-Аффан (644 жылы) Алланың кітабын әр жерде әртүрлі оқудан туындаған толқуды басу үшін және мұсылмандар қауымын біріктіру үшін кітаптың толық нұсқасын жасауды Зәйд ибн Сәбит, Абдолла ибн Зубейрағ Саид ибн әл-Аска, Абдурахман ибн Әл-Харис сықылды шебер хатшыларға тапсырған. Құран Кәрім бір жағы жылтыр да тегіс сары түсті, екінші жағы кіржіктеу келген ақ түсті 353 қалың, мықты пергаментке түсірілген. Әр параққа 12 жолдан орналастырылған, әр парақтың жалпы аумағы 68х53 см, ал мәтіннің өзі 50х44 см құраған. Осман жиғызған Құран төрт дана етіп көшіріліп, халифалықтың басты төрт шаһары — Меккеге, Шамға, Куфаға және Басраға жіберілді де, бастапқы нұсқа Мәдинада сақталды. Құран Кәрімнің асыл (канондық) негізі саналатын бұл нұсқа яһудилер мен арабтарды жікке бөлуші дінсіздер тарапынан мойындалмады. Кейін исламда шиға (шиизм) бағытын жасаған бұл топ Осман халифті Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) қатар оның туысы және күйеу баласы Әли ибн Әбу Талиб дәріптелетін «Ан-Нурайн» («Екі нұр») сүресін Құран Кәрімге енгізбей, алып қалды деп кінәлады. Соңыра шиғалар бірнеше мәрте көбейтіп таратқан айтылмыш сүре Құранның әр тұсында келтірілетін орамдардың басын қосқан кейінгі қоспа екендігі дәлелденді. Осман халиф 656 ж. айтылған топтың қоздыруынан шыққан бүліктің құрбаны болды: халифаның үйіне басып кірген бүлікшілер өзі жиғызған Құран нұсқасын оқып отырған Осман халифаға қанжар сұғып өлтірді. Халифаның қаны Алла тағаланың «Алла сені олардан құтқарады» деген сөзінің үстіне төгілді. Халифа қаны төгілген осы нұсқа ұзақ уақыт құрайыштар ұрпағы — нақшбандийа сопылық тариқатының пірлері тарапынан Самарқандтағы Хожа Ахрар мешітінде сақталып келді. 1869 жылы Түркістан өлкесі күшпен аннексияланғанына бір жыл өткенде, өлкенің генерал-губернаторы фон Кауфман ғылымда «Осман жиғызған Құран» не «Самарқандтық куфа Құран» аталатын айтылмыш нұсқаны Санкт-Петербургтің Көпшілік кітапханасына өткізді. Нұсқаны алғаш орыс зерттеушілері арасынан В.Р.Розеннің шәкірті А.Ф.Шебунин жан-жақты түрде қарап, соның ішінде палеографиялық тұрғыда зерттеген. 1905 жылы Санкт-Петербургте С.И.Писарев факсимилесін көлемі дәл түпнұсқадағыдай алып кітап етіп шығарды. А.Ф.Шебунин мен С.И.Писаревтің еңбегі нәтижесінде әлем зерттеушілері Құран мәтінінің түсірілу тарихын және араб палеографиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. 1942 жылы А.Джеффери мен И.Мендельсон Писарев басылымы негізінде нұсқа ерекшеліктерін жаңа ғылыми деңгейде бажайлап шықты.

1917 жылы қарашада Петроградта өткен ІІ Бүкілресей мұсылмандар съезі өкімет орындарынан Осман жиғызған Құран Кәрімді қайтаруды сұрау жөнінде қаулы қабылдады. Ұзамай Ресей мұсылмандарының атқару органы — Шура-и-ис-ламның шешімімен оның Петроград Ұлттық жиынының өкілдері Халық Комиссарлары Кеңесінің қаперіне съездің айтылмыш қаулысын жеткізді. Смольныйға бұл топты Шу-ра-и-ислам Атқару комитеті төрағасы А.Салиховтың орынбасары, Халком Кеңесі төрағасы В.И.Ленинмен жақсы таныс Жанша Досмұхамедов бастап барды. Халық Комиссарлары Кеңесі өтінішті дереу қанағаттандырып, тиісті қаулы қабылдады. 1917 жылы 9 желтоқсанда В.И.Ленин Ағарту халық комиссары А.В.Луначарскийге қаулыны орындау жөнінде өкім етуін сұрап хат жазды. Осы хаттың негізінде Құран Кәрім Мемлекеттік көпшілік кітапханадан алынып, Шура-и-ислам өкілдеріне табыс етілді. Шура-и-ис-лам тарапынан әуелі Орынбор Дін басқармасы тұрған Уфаға, сонан соң Ташкентке жеткізілген Құран Кәрім Кеңес өкіметі тұсында Өзбек КСР-інің Тарихи музейінде сақталды да, 1990 жылы мұсылман қауымына біржола қайтарылып, Өзбекстан республикасының Дін басқармасына табыс етілген екен. Алаш тойының 100 жылдығы қарсаңында бұл қасиетті Құран кітабын елімізге қайтарып алар ма екенбіз?!

Елдос Тоқтарбай

Жазықсыз жапа шеккен Әлмағамбет

$
0
0

ӘлмағамЖазықсыз шапа шеккендерді ұрпаққа насихаттайық, олар жайлы айта жүрейік деген оймен Алаш қайраткерлерінің сенімді серігі болған, ақын, дін қызметкері Әлмағамбет Оспанұлы жайында сөз қозғасақ. Әлмағамбет  (Әлмұхаммед — азан шақырып қойған аты)  Оспанұлы 1886 жылы Торғай уезі, Тосын болысының №4 ауылына қарасты Бестау өңірінің Сасықсор деген елді мекенінде дүниеге келген. 12 жасына дейін ауыл молдасынан сауатын ашқан ол, 13 жасында Торғай қаласындағы 4 кластық орыс қолөнер мектебіне түсіп, «ағаш ұстасы» деген мамандық алып шығады. 17 жасында Торғай қаласындағы 6 жылдық орыс мектебінің 4-класына қабылданып, оны 1905 жылы тамамдайды. 1911-1916 жылдар аралығында Троицк қаласындағы «Расулия» медресесінде білім алған ақын 1923 жылға дейінгі аралықта өз білімін жалғастырып, ізденумен болады.

1926 жылы Уфа муфтиінің жарлығымен Торғай уезіне мұхтасиф болып тағайындалып, бұл қызметті 1929 жылға дейін атқарады. 1929 жылы «алашордашыл», «ұлтшыл ұйым мүшесі» деп айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған ақын 1944 жылы ақталып шығады. Содан бастап әртүрлі қызметпен айналысқан Әлмұхаммед Оспанұлы өмірінің соңында туған жерге оралып, 1966 жылы өмірден өткен.
Әлмағамбет Оспанұлының өмірі мен шығармашылығы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері», «Қазақстан мешіттері мен медреселері» атты кітапқа және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» атты ғылыми еңбектің ІІ томына енген.
Әлмағамбет Оспанұлының шығар-машылығы турасында академик Ө.Айтбайұлы: «Тәуелсіздік таңы атқанда халқымен қайтадан қауышқан қалам қайраткерлерінің бірі — Әлмағамбет Оспанұлы. Ол — ұзақ өмірінің тең жартысына жуығын қуғын-сүргінде өткізген, ұлт көсемдері Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жолын қуып, ағарту майданына бел шеше кіріскен, халықты оқу-білімге, рухани бостандыққа үндеген ұстаз. Ахмет Байтұрсыновтың емлесін алғашқылардың бірі болып қолданып, сабақ берген тәлімгер. Сондай-ақ, Торғай уезінің дін істерінің басқарушысы — мұхтасиф молла болған руханият қайраткері. «Қазақ шежіресі», «Көрген түс — қос балапан» сияқты көркемдігі жоғары, әлеуметтік мәні зор дастандарды дүниеге әкелген ақын», — деген.
ХХ ғасырдың ба-сындағы әдебиетіміз негізінен екі бағытта: діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағытта дамыды. Әлмұхаммед ақынның шығармашылығын қарастыра отырып, біз оның осы екі бағытты қатар ұстанғанын байқаймыз. Діни-ағартушылық бағыттағы өлеңдерінде ақын имандылық, шариғат мәселелерін сөз ете отырып, сол кезеңде қазақ арасына тарай бастаған маскүнемдікті сынайды. Мұндай өлеңдердің қатарында “Кел, қолым, қалам ұста, қылып ермек”, “Ішкіліктің олжасы” сияқты өлеңдері бар. “Кел, қолым, қалам ұста, қылып ермек” өлеңінде ақын арақтың қазақ арасына тарай бастағанына нали отырып, оның қазақ сияқты көзі жаңа ғана ашылып келе жатқан ұлт үшін өте қауіпті дерт екенін айтып, жастарды ондай әдеттен аулақ болуға үндейді. Шариғат, имандылық мәселелерін алға тартып:
Түзетіп мінез-құлық,
тұрмысыңды,
Бір уақыт шын дос-жармен
ойнап-күлмек,
Халық үшін болсын қылған қызметің,
Ұлтыңа, ұлысыңа көмек бермек, — деп, жастардың халық пен ұлт алдындағы негізгі міндетін айқындап береді.
Діни-ағартушылық бағыттағы ақын өлеңдерінің бір парасы түрмеде жазылған. “Жазушыдан соңғы сөз”, “Туған жерге сәлем хат”, “Тұтқындардың бірінші мүнәжаты”, “Тұтқындардың екінші мүнәжаты”, “Қоштасу”, “Жол үстіндегі мүнәжат” өлеңдерінде ақын өз туысқандарына, өзінің тілектес, ниеттес дос-жарандарына, тұтқында бірге отырған тағдырластарына жұбату айтып, сабырға шақырады. Бұл өлеңдердің әсіресе тар қапаста жазықсыз жапа шеккендердің қайрат-жігерін шыңдауда таптырмас құрал болғаны сөзсіз.
Әлмұхаммед Оспанұлының өлеңдер жинағын саралай келе,оның этикалық мәселелерге ерекше назар аударғанын байқаймыз. Ақын дүниетанымында адамгершілік, имандық, махаббат, жастар тәрбиесі мәселелері кеңінен орын алған.Үндемей отыруды өнер көрмей, заманның ағымына үн қосып, «Айқап» журналына көмек көрсет деп, өз замандастарына үн тастайды,өз дәуірінің рухани келбетін сомдауға шақырады. Ақын, жастарды жаман әдеттерден бас тартуға, надандықпен күресуге, пайдалы іске, білім алуға, қатарынан қалмай, мақсатты өмір сүруге шақырады. Өткен заманның енді қайтып келмейтінін, жаңа әлеуметтік уақыт-тың жаңа талаптарына білім негізінде бейімделу қажеттігін баса көрсетеді. Ол:
«Кел, қазақ, надандықпен қоштасалық,
Қайырылмас қанша айтқанмен
кеткен заман.
Қатардан қалыспасқа қам етелік,
Қалмасын кейінгі жас тіпті надан», — дейді.
Әлекең өлеңдерінде уақыт тынысы, замана құбылысы бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге, жастарға деген сенім, болашаққа деген үміт отын маздататын жалынды сөздері де өз орнын тауып жатады.
Әлекеңнің де өзіндік шыққан биігі бар еді. Ол торғай деңгейінде ауыл балаларына орысша-қазақша білім беруді жалғастырып, діни сауат ашуды да қолға алады. Мектепте — ұстаз, мешітте имам деген атаққа ие болады. Торғай уезінің дін ұстанушылары және жалпы халық Әлмағамбет Оспанұлын бірауыздан мұхтасиф етіп сайлайды. Сөйтіп, адамдық пен имандылыққа бастаған діни-ағартушылық Торғай топырағында Әлекең ар-қылы өз жалғасын табады.
Атеистік қоғамда дін ұс-тап, ислам тәрбиесін жас-тар арасында тарата отырып, оларды имандылық пен кісілікке тәрбиелеудің қаншалықты қауіпті екендігіне қарамастан, Әлекең өз ісіне берік болады. Алла жолында жан аямай еңбектеніп, имандылық ұрығын себудің жастар үшін қаншалықты маңызды екенін жан-тәнімен сезіне білді. Құдайдан безгендер тарапынан төніп тұрған қауіп-қатерлерге қарамастан, өз ісін жалғастыра берді, сеніміне берік болды. Оны біз ақынның мына бір шумақ өлеңдерінен көреміз:
Пайғамбарым Мұхаммед,
Күндіз-түні кеп айттым,
Шафағат тілеп сан рет,
Зікір, тәшфит жана да
Гәллил айттым мың рет.
Біздің қазақ баласы,
Жалпы қоғам данасы,
Құдайға құл қашаннан,
Хақ расулге шын үммет, — дейді.
1929 жылы Әлекең «мұхтасиф болды» деген жазамен 10 жылға сотталады. Бұл да бір кешегі өткен тоталитарлық қоғамның сұрқайы көріністері еді. Әлекең осындай ауыр жағдайды басынан өткерсе де, өзінің адамгершілігін, діни сенімін, Аллаға деген шексіз махаббатын жоғалтпай, мұсылмандықтың шарттарын бұлжытпай орындап отырған.
Профессор А.Ісімақова: «Әлмағамбет Оспанұлы — ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухы мен дінін асыл сөз арқылы бейнелеп кеткен Алаш ақыны. Оның шығармаларын оқып отырып, өзі өмір сүрген уақыттың «тар жол, тайғақ кешу» болған аумалы-төкпелі кезеңінің мінезін анық танимыз», — дегенін ескеріп, Әлмағамбеттің кітаби ақын және өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу зиялысы екенін түсініп, Ахмет, Міржақып бастаған Алаш арыстарымен тығыз рухани қарым-қатынаста болғаны үшін жазықсыз жапа шекті дей аламыз.

Елдос Тоқтарбай

Әлиханның тойы —бүкіл Алаштың тойы

$
0
0

Әлихандай дара тұлғаны қадірлей алдық па?

«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» — деген Әлихан төре өзі бас-таған апталдай топтың сақа жігіттеріне «Алаш баласын қайткенде азамат, қазақ қауымын қайткенде мемлекет етеміз» (Ә.Кекілбай) деген үлкен міндетті жүктеген.
ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық күрестің мәні де, мағынасы да өзгеше. Ерекшелігі сол — қазақтың арғы-бергі тарихын алсақ, сонау Абылай хан да, Кенесары хан да, Махамбет пен Исатай батырлар да, бәрі-бәрі Ресей патшалығының отарлау саясатынан шығып, бодандықтың қамытын шешіп, хандығымызды сақтап, өз алдына дербес ел болуды армандады. Ал Әлихан бастаған Алаш қайраткерлерінің жүріс-тұрысы, тіпті, ой-арманы ерен еді. Бұлар ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамына үлкен жаңалық болып келген, ірі реформалық қозғалыс жасаған оқыған, сауатты, бірнеше тілді еркін меңгерген, әлемдік саясат пен мәдениеттен, әдебиеттен жан-жақты хабардар болған озық ойлы тұлғалар еді. Сталин бастаған Кремль басшылары қазақтың бетке ұстар осындай сақа жігіттерінен сезіктеніп, олардың мақсаттары мен болашаққа бастаған бағыт-бағдарларын кескектеп отырды. Әсіресе олар үшін ең қауіпті тұлға Әлихан еді, оны 1921 жылдан бері үйқамаққа алып, оны Алаш қайраткерлерінен алыстатуға тырысты. Француз, тағы басқа шет тілдерін еркін меңгерген, Толстой секілді орыс жазушыларымен тең дәрежеде байланысқа түскен қазақтың «Джек Лондоны» — Жүсіпбек Аймауытұлын 1931 жылы ату жазасына кесті. Одан кейін Әлихан, Ахмет ату жазасына ұшырады. Алыптардың соңынан Алаш идеясын білетін арыстар да оққа ұшты. Бірақ Ахмет Байтұрсынұлының куәлігімен Мұхтар Әуезов ату жазасынан аман қалып, Алаш идеясын кейінгі буынға жеткізді. Егер Мұхтар Әуезов ату жазасына іліккенде, «Абай жолы» романы жазылмас еді, Әлихан негізін қалаған «Абайтану» ілімі ғылым саласына айналмас еді. Алаштың идеясын ұрпаққа аманаттаған екінші тұлға — математика саласы бойынша тұңғыш қазақ профессоры, Алаштың ардақты ұлы Әлімхан Ермек. әлихан бөкейхан***
Отар қойды қошқар, үйір жылқыны айғыр, ұлтты, елді көшбасшы бастайды емес пе?! ХХ ғасыр — қазақтың ояну ғасыры. Қалың ұйқыдағы қазақты ұйқысынан оятып, олардың жүректеріне, сенімдеріне үлкен рух берген қазақ тарихындағы асқақ дара тұлға Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан еді.
Иә, Әлихан бүгінгі қазақ үшін кім? Ол — қазақтың «бренді». Әлихан «Қай жұрттың болсын болашақ тұрмысына ерік беріп, жаңалық кіргізетіні, халықтың ұлғайып, кеңеюіне кедергі болатын зиянды ғұрып-әдетін, қараңғылығын жоятын жолбасшы көсемі — сол халықтың өз арасынан шыққан оқығандары. Қараңғы халықтың тұрмысын гүлдендіріп, жарыққа шығаратын — оқығандар» деп, маңайына қазақтың оқыған жігіттерін жинап, елдік, ұлттық мақсатын жүзеге асыруды көздеген. Алаш серкесінің елдік, ұлттық мақсаты екі бағыт арқылы жүзеге асты: Бірі — Әлиханның 1905-1917 жылдар аралығында еңбегі — күрескерлік жол, азаттыққа жету жолы. Күрескерлік жолының жеңісі — 1917 жылдың 13 желтоқсанынан 1920 жылдың 5 наурызына дейін билік салтанатын құрған «Алашорда» ұлттық территориялық-автономиялық мемлекет еді.
Екіншісі — 1920-1928 жылдар аралығы — ғылым, білім, шығармашылық жолы. 1920 жылы большевиктік диктатура толық орнағаннан кейін Алаш серкесі Әлихан Бөкейхан қазақ оқығандарына: «Не балаларға сабақ беріп, не жорналға, газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылмасақ, не қазақ тілінде кітап жазбасақ, өзге жол бізге бөгеулі ғой», — деп, болашақ ұрпақтың кәдесіне жарар ғылымның іргетасын қалауды өзінің сенімді серіктеріне табыстаған. Міне, осыдан кейін Алаш қайраткерлері «Алқа» бейресми шығармашылық ұйымын құрып, 1920-1924 жылдары ұйымның идеясы, мақсат-міндеті жоспарланып, 1925 жылы іске кіріседі. «Алқаның» арқасында Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», «Мәдениет тарихы», «Әліпби» (1924), «Баяншы», Міржақып Дулатұлы «Есеп құралы», Халел Досмұхамедұлы «Жануартану», «Табиғаттану», «Адамның тән тірлігі», Мағжан Жұмабай «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытұлы «Психология», Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», Қаныш Сәтбаев «Алгебра» сияқты оқулықтар жазды. Әлиханның тікелей бағыт-бағдарымен Әлімхан Ермек, Сұлтанбек Қожанов — математика, Елдес Омарұлы — геометрия, физика, Санжар Асфендиярұлы, Телжан Шонанұлы — тарих, тіл, Жұмағали Тілеуліұлы — медицина, Жұмахан Күдеріұлы — биология, Құдайберген Жұбанов, Қошке Кемеңгеров — лингвистика, тіл саласына арнап оқулықтар және жазды.
Ахмет Байтұрсынұлының қолдауымен «Алгебра» оқулығын жазған Том университетінің студенті, 20 жасар Қанышқа атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Осы күнгі жастарда Қаныш Сәтбаев — адамның жорғасы. Тірі болса, тірі жүрсе, талайлы болатын жігіт», — деп батасын берген еді. Әлиханның ғылым жолындағы мақсатын сталиндік репрессиядан кейін жүзеге асырып, Қазақтың Ғылым академиясын құрып, оның дамуына мол үлес қосқан, өмірінің соңына дейін басынан қасірет пен қуғын-сүргін бұлты арылмаған тұлға осы Қаныш Сәтбаев еді.
Қазақ ғылымының фундаментальды ғылым болып қалыптасып, қолданбалы ғылымға айналуына көп еңбек сіңірген — Алаш қайраткерлері. Осының бәрінің жүзеге асуына тікелей себепкер болған — Әлихан Бөкейханның ұлттық идеясы.
Әлихан Бөкейхан — абайтанудың ғылыми негіздемесін жасаған тұңғыш абайтанушы-ғалым. Ол Абайды «Қазақтың рухани ұстазы» деп бағалап, оның өмір жолы мен шығармашылығын тұңғыш рет жариялап, өлеңдерін құрастырып, баспадан шығарған. Ол — кәсіби аудармашы, көсемсөздің хас шебері. «Иртыш», «Омиш», «Товарищ», «Речь», «Слово» газеттеріне редакторлық жасаған білікті редактор-журналист.
***
Әлихан төре — хан тұқымынан тараған текті әулеттің ұрпағы. Үлкен атасы Бөкей — Барақ сұлтанның ұлы. Бөкейдің тоғыз ұлы болған, соның бірі — Батыр сұлтан. Батырдан Нұрмұхамед тараған. Әлиханның әкесі — Нұрмұхамед, анасы — Бегім ханым. Бала Әлихан ауыл молдасы татар Зәриевтен сауат ашып, ілім жолында қанаттанып, асқақ армандарымен биіктерге жетуді мақсат еткен. Сол жолда 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектеп-интернатта оқып, 1886-1890 жылдары оқуын Омбыдағы техникалық училищеде жалғастырып, одан әрі Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алған тұңғыш қазақ балаларының бірегейі.
«Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздық-дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!» деп, тұтас қазақ елін біртұтас Алаш еліне айналдырып, үш жүздің басын қосып, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның территориялық-шекаралық бөлінісін жасаған еді. Егер Әлихан бұл іске араласпаса, мына оңтүстік өңіріміз — Қоқан, бүгінгі өзбек еліне, батысымыз — түрікмендерге, солтүстігіміз — орыстарға, шығысымыз қытайға кетуі ықтимал еді. Құдай сақтап, Әлихан сынды «бүгінін емес, ертеңін ойлаған» көсем бағымызға қарай туылып, еліміз бен жерімізді қорғап, өзінің қара басын қауіп-қатерге тіккен екен. Осы сөзіміз нанымды болу үшін ұлт зиялысы Міржақып Дулатұлының «Заманымызға қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жан басшымыз — Әлихан Бөкейхан» деген пікірін келтірсек жеткілікті, Жақаңнан асырып айта аламыз ба?
***
5 наурыз — Алаштың Әлиханының туған күні. Биыл дара тұлғаның дүниеге келгеніне 150 жыл! Бұл — барлық «Алаш» деген қазақтың ортақ тойы.
Әлихан Бөкейхан — қазақ руханияты һәм саяси жүйе тарихындағы үлкен феномен. Ол — бар қазақтың ауыз толтырып айтар мақтанышы, мерейі. Әлихан Бөкейханды ЮНЕСКО-ның өзі «Әлемдік тұлға» деп таныды, ол — «Ғасыр саңлағы».
Әлиханның Алаш идеясы бүгінгі қазақтың да шамшырағы іспетті. Әлихан бабамыздың 150 жылдық мерейтойы құтты болсын!
***
1922 жылдан бері Әлихан Бөкейхан ОГПУ-дің назарында болып, оған Отаны — Қазақстанға келуге тыйым салынған. Осы жылдар аралығында көсемімізді әлденеше рет түрмеге қамап, оған айыппұл да салған. Өмірінің соңына дейін үйқамақта отырды. Үйқамақта отырса да, ғылым саласының өркендеуіне үлес қосып, қазақ мәдениеті мен руханиятына айрықша еңбек сіңірді. Тіпті, Әміре Қашаубаевтың Парижге баруына мұрындық болып, оның ол жақта айтатын әніне шейін таңдап, ол әнінің мән-мағынасы мен киетін киім үлгісіне дейін бәрін тәптіштеп ұлт ұстазы Ахметке жазған хатында баяндаған, оның Парижге барар алдында Ахметтің тәрбиесінде болуын қалап, Ахаңа тапсырған еді. Парижге барып, қазақтың әнін, Ақан серінің шерлі әні — «Балқадишаны» орындап, бүкіл француз жұртын сырлы да нәзік, қайталанбас, сирек дауысымен тамсандырған Әміре Мұстафа Шоқайдың үйінде болып, Мұстафамен әңгімелесіп, Әлихан мен Ахметтің хатын беріп, оның жауабын да елге әкелген еді. Әнші елге келген соң, тыңшылар оның Парижде Мұстафамен кездескенін біліп, оның советтік коммунистік мемлекет үшін аса қауіпті адам екенін түсініп, көпке ұзатпай оны өлтіріп тастады емес пе! Ал Мұстафа Әміренің орындауы бойынша қазақтың жеті-сегіз әнін жазып алған екен, біз қазір сол әндер жазылған кассетаны таба алмай отырмыз!..
1907 жылы Алаш көсемі Әлиханның тапсырмасымен алаш қайраткері Шаймерден Қосшығұлұлы Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездесіп, түрік газеттері арқылы ІІ Николай патшаға мәлімдеме жасаған еді. Ататүріктің өзі Алаш арысы Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтып, азамат ақынның «Оян, Қазақ!» өлеңін түрік тіліне аудартып, оны бүкіл түрік еліне идеал тұлға етті емес пе? Ал Мағжан ақын «Алыстағы бауырыма» деп, Ататүрікке өлең арнаған еді. Бұл — Әлиханның иісі түркі халықтарының басы бір арнада тоғысып, бір шаңырақ астына жиылып, бір-біріне жанашыр, қамқор болуы керек деген біртұтас идеясы. Мұстафа Шоқайдың да үміті осы болған.
***
Кез келген саяси қайраткердің сенімді адамдары, ақылман үзеңгілестері болады. Алаш серкесі Әлиханның екі қанаты бар еді: бірі — ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы, екіншісі — көсемсөздің хас шебері Міржақып Дулатұлы. Осы екі арыстың қолдауымен қаншама игі бастама жүзеге асты, соның игілігін бүгінгі ұрпақ — мына біз көріп отырмыз. Сенімді жігіттерімен бас қосып, қазақ елінің болашағын ойлап, бағыт-бағдарын бекіткен Әлиханның арманы ұлттық мемлекет құру еді, шүкір, біз оған да жеттік. Алайда біз әлі күнге дейін Әлиханымызды, ұлт көшбасшысы — Әлихан төре Бөкейханды толық тани алмай келеміз. Өкінішті-ақ! Саңлақ тұлғаның мерейтойы атаусыз қалмаса екен.
Қошке Кемеңгер: «Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тілдің тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды», — деген екен, осы сөзден-ақ Әлиханның қазақ ұлтының бостандығы мен зайырлылығы үшін атқарған істерінің қандай болғанын байқайсыз.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елінің «бренд» тұлғасы, саяси қайраткер, Алаш көшбасшысы, «Алашорда» мемлекетінің төрағасы Әлихан Бөкейхан атамыздың әруағына құран бағыштайық, оның ұлт бостандығы жолындағы атқарған қызметі мен біртұтас Алаш идеясы алдында мәңгілік қарыздар екенімізді ұмытпайық, ағайын!

Елдос Тоқтарбай

Алалау

$
0
0

Екінші дүнижүзілік соғысқа қатысты Ресей кинофильмдерін көргенде, осы бір ащы сөз көкейімнен кетпей қойды.

Шедеврлердегі нақұрыстар, антигеройлар, батырлар кімдер?

Рас, біз соғысты көрген жоқпыз. Біз түгілі «соғыс көрген әкелерден жаралып, соғыс көрген аналарды еміп» (Ж. Әбдірашев) өскені болмаса, көпшілігіміздің әкелеріміз де ол сұрапылды көрген емес. Біздің көргеніміз — соғыс туралы түсірілген фильмдер ғана. Оның өзінде «Мәншүк туралы ән», «Ел басына күн туса…», «Мергендер», «Ана туралы аңыз» секілді саусақпен санарлықтай ғана «Қазақфильмнің» туындылары мен соңғы кезде дүниеге келген «Бауыржан», «Қасым» телесериалдары. Сонан соң сонау 70-жылдары «Өзбекфильм» киностудиясы түсірген «Сабыр Рақымов» пен «Грузинфильмнің» туындысы — «Солдаттың әкесі» фильмдері. Бұдан өзгесінің барлығы дерлік Ресей кинематографиясының түсірген туындылары десе болады. Басқа жақты қайдам, жыл сайын Жеңіс күні аясында қазақ көрерменінің көгілдір экранға телміргенде тамашалайтыны — тек осы солтүстік көршіміздің киноөнімдері.
Жеңіс күні дегеннен шығады, жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында көгілдір экранда соғыс туралы кинофильмдердің қап-қап болып қаптайтыны соншалықты, соғыс, жеңіс идеологиясы ұлттық мәдениетіміздің бөлінбес бір саласына айналып кете жаздайды. Әншейінде, халықтар достығын, ұлттар теңдігін жағы талмай насихаттайтын центристік жүйенің екіжүзділігі мен әпербақандығы, коммунистік идеология мен тоталитарлық режимнің сол кездегі одақ құрамындағы «кіші» халықтарға екінші кезектегі стандартпен қарағаны жай көзге-ақ анық аңғарылып тұрады. Әлгі кинокөрсетілімдерге қарап отырсаңыз, басым бөлігінде «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» жалаңтөс батырлар мен жағымды кейіпкерлер ылғи орыстар болып келеді де, соғысуға қабілетсіз, ұсқынсыз нақұрыстар, жандайшаптар қатарында көбіне азиат тұрпатты жауынгерлер жүреді. Ал антигеройлар болсын-болмасын неміс ұлтының өкілдері екені бұлжымас аксиомаға айналған. Тіпті, ұрыс үстінде поляк, чех, беларусь ағылшын, француз, латыш, тағы басқа еуропа нәсілді халықтың ұлдары күтпеген жерден ұтқырлық танытып, ерлік істер көрсетуі мүмкін… Алайда «тарихтан тыс тұрған» азиаттар… өліп бара жатса да ерлік іс жасауы… «мүмкін емес». Оған азиаттардың ерік-жігері жетпейді, жүрегі дауаламайды… Мінеки, Ресей кинематографиясы түсіріліп, телеарналарынан көрсетілетін соғыс туралы фильмдеріндегі ортаазиялықтар жайлы жалпы алғандағы түсінік-танымы осыған саяды. «Аз» халықтарды алалау, кемсіту, нәсілшілдік, ксенефобия бірден аңғарылады. Ресей кинофильмдеріндегі осы көріністер кезіндегі коммунистік идеологияның сөзі бір басқа да, істеген ісінің сипаты екінші басқа болғандығының анық дәлелі бола тұра, оның жолын әлі күнге мұрат тұтатын қандастарымыздың бар екені кімді де болса ойландырмай қоймайды.PDP-503 copy
Осы тұста орыс кино әлемінде классикаға айналған соғыс жайында түсірілген фильмдерге бір көз жүгіртіп алсақ, артық емес. Айтқандай, бұл фильмдердің шедевр екенін бір біз ғана емес, дүниежүзінің көрермендері әлдеқашан мойындап қойған. Мысалы, «Солдат туралы баллада», «Тырналар ұшып барады», «Ыстық қар», «Азат ету», «Ұрысқа кілең қариялар кіреді» т. б. Міне, жыл сайын Жеңіс күні аясында қазақ көрерменінің көгілдір жәшіктен көретіні де, жүрегін қолына алып отырып тамашалайтыны да осы туындылар. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, шын мәнінде жетпіс жыл бойы Ресейде түсірілген әрбір бес кинолентаның біреуі міндетті түрде соғыс тақырыбына арналып отырыпты. Бұған қайран қалмай көріңіз енді…
Сұрақ туады: бұрынғы «орталық» киностудияларда (Мысалы, “Мосфильм”, “Ленфильм” т.б.) түсірілген фильмдерде КСРО құрамында фашизмге қарсы тізе қосып күрескен «аз» халықтар жауынгерлерінің ұмытылмас ерлік істері тақырып арқауы етіп неге алынбаған? Мәселенің мәнісі де осында. Келесі сұрақ. Кеңес империясының қара шеңгелінен зорға босанып шыққан тәуелсіз мемлекеттердің бұрынғы метрополияның майдандағы жеңістерін, олардың жылдықтарын атап өтіп жатуы қаншалықты қисынды? Сұрағымызды бұдан да нақтылай түссек, кеңестік қоғам іштей іріп-шіріген әкімшіл-әміршілдік жүйе тұсында дүниеге келген, қазір де жалғасын тауып жатқан, шамкөс, шамырқанғыш орыстардың басым бөлігін одан әрі даңғазалыққа ұрындыратын мұндай ортаңқол фильмдер мен көрсетілімдерді біздің елдің ақпарат кеңістігінде насихаттау қаншалықты қажет? Мұның өзі ежелгі Римнің құрсау-құлдығынан қан жоса болып құтылған азаткер халықтардың өздерін азапқа салған Юлий Цезарьдың жеңістерін бірге тойлағаны сияқты жөнсіздік болып шықпай ма?!

«Уралап» ұрандатып, жалаулата беру кімге пайдалы?

Реті келгенде бірден басын ашып айтатын нәрсе, 1941-1945 жылдардағы фашизмге қарсы күресте жеткен Ұлы Жеңістің саяси-тарихи-әлеуметтік зор маңызына күдік келтіріп, күмәнмен қараудан аулақпыз, әрине. Жеңістің қандай да бір маңызын бұрмалап түсіндіру «цинизм» екені даусыз. Дегенмен, басы жоқ, көзі жоқ «ура-уралап» ұрандатып, жалаулата беру қашқанның да алдында, қуғанның да алдында болар қазақы алаңғасырлықтың немесе кезекті науқаншылықтың көрінісі емес пе?! Ең негізгісі бұрынғы КСРО-ны, енді қайтып оралмайтын қызыл империяны, оның қазіргі бірден-бір мұрагері Ресейдің «ұлылығын», «жеңілмейтін жеңімпаз халық» екенін насихаттау (Мысалы, «За великую Россию», «страна победителей и покорителей» деп ұрандататын — Б.Ш.) кімге және неге керек болып отыр?
Жасыратыны жоқ, солтүстік көршіміздің соғыс тақырыбына түсірген кинофильмдеріне қарап отырсаңыз, ұлы державалық арманнан бас тартпаған, қайта соны үдете түскен салқын да зұлым саясаттың исін сезінесіз. Сенбесеңіз, бір ауық 1939-1945 жылдарда өткен соғысқа арналған ресейлік кинокартиналарға назар аударыңызшы, орыстан басқа ешкім қан кешпегендей, орыстан басқа ешкім ерлік істер көрсетпегендей әсерде қаласыз. Мұндайда бәрінен бұрын балалардың алдында ақталу қиын. Соғысты тек оқулықтардан оқып, кинолардан көріп өскен бүлдіршіндер «Ұлы Отан соғысында фашизмге қарсы тек орыстар ғана соғысқан ба? Әйтпесе, Ресейден көрсетілетін фильмдердің ішінде қазақтардың бейнесі неге жоқ? Әлде славяндардан басқа халықтар соғыспаған ба? Майданда ерлік көрсетпеген бе? Аталарымыздың «қасық қанымыз қалғанша соғыстық» деп жүргендері өтірік болғаны ғой. Сонда олар майданда жүрмесе, қайда жүрген?» деп сұрай қалса, не деп жауап береріңді білмей қиналатыныңыз анық қой. Өйткені ресейлік кинокартиналардан кейбір эпизодтарда ғана бірлі-жарым өзбек, не грузиннің бейнесі сопаң етіп көрініп қалатыны болмаса, өзге ұлттардың бірде-бір бейнесін көрмейсіз. Ал осы сұрапылда өзінің үштен бірінен айырылған, нешебір жанқиярлық ерліктердің үлгісін көрсеткен қазақ жауынгерлерінің бейнесі мүлде жоқтың қасы… Сонда қазақтар соғыспаған ба, әлде соғыста ерлік істер көрсетпеген бе? Қалай десек те, осынау ресейлік киноөнімдерінің көзқарасы бойынша тәрбиеленіп ержеткен өскелең ұрпақ «фашизмді жеңген шынында тек орыс халқы екен, қалғандарынікі сандырақ әрекет екен» деген жалған насихаттан туындаған жалған ойға иек артпауға әдді де, амалы да жоқ.

Фельдмаршал Паулюсті тұтқындаған қазақ

Айтқанымыз сылдыр сөз болмас үшін, мысалдармен дәлелдейік. «Майдангер әскерлер» кітабында 1943 жылғы Сталинград шайқасында тұтқынға түскен неміс фельдмаршалы Паулюстің (оны қазақ офицері Өтебай Қалыбайұлы тұтқынға алған — Б.Ш.) күнделігінен үзінді жариялапты. Осы күнделікте қанша ақсүйек фашист болса да, фельдмаршал қазақтарға әділ бағасын берген екен.
«…Көсемдерінің атындағы қаланы біздің қарсыластарымыз жанын сала қорғады. Өліспей беріспеуге бел буғаны әр сәт сайын білініп тұрды. Соғыстың бір қызған уақытында алғы шепке жіберілген менің солдаттарым кенет қатты састы. Өйткені орыстар қайдан тапқаны белгісіз, әлде биологиялық жолмен сұрыптап шығарған ба, бет-әлпеттері орысқа ұқсамайтын, бітім-болмыстары да өзгеше, көздерінен от шашқан қарсылас жақтың окобынан атып шығып, төпеп тұрған оққа қарамай, баса-көктеп біздің плацдарымды басып алды”.
Бұл негізінен қазақ жауынгерлерінен құралған баршаға белгілі Талғар полкі еді.
Осы орайда тағы бір мысал. Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-45 жылғы соғыста» деген ғұмырбаяндық кітабында азиаттар туралы былай жазады:
«…Қызыл армияның тобындағы солдаттардың бірі қазақтар болды, тұтас алғанда, қазақтар бүкіл соғыс барысында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинград шайқасында да ең өжет жауынгерлер қатарында азиаттар — қазақтар мен қырғыздар тұрды» («Прогресс» баспасы, Мәскеу, 1967 ж.) Сол сияқты 1941 жылдың қазан айында жарық көрген «Правда» газетінің бетінде «Қазақтар» деген жұртты елең еткізген мақала жарияланды. Бұл шын мәнінде қазақ жауынгерлерінің өжеттігін әлемге танытқан, танытып қана қоймай, соғыста өздерімен санасу керектігін ұғындырған сенсациялық жариялым еді. Мақала Мәскеуді бір қадам да артқа шегінуді білмей жанқиярлықпен қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия жауынгерлерінің ерлік істері туралы болатын. «… Олар салт атпен далада еркін жүруге үйренген, егер қажет болған кезде еңбектей де алады, таулы жерде шыңға да өрмелейді, батпақты жер болса, белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды еш нәрсе тоқтата алмайды», — деп жазды осы мақаласында И. Эренбург.
Сенесіз бе, соғысқа Қазақстаннан дәл қанша адам қатысқаны арадан 70 жыл уақыт өтсе де, әлі күнге нақты белгісіз. Кеңес дәуіріндегі ресми деректерде соғысқа 1 млн. 200 мыңнан астам адам қатысқан, оның әрбір екіншісі, 650 мыңы оралмаған деп жазып келген болатын. Бірақ 2005 жылы еліміздің елшілігінің ұйымдастыруымен алыс Беларусь жерінде шығарылған «Қазақстан — Беларусь: Боевое братство» атты кітапта соғысқа алынғандардың саны 1 млн. 400 мың адам, халықтың бестен бірі деп көрсетті. Бұл да ештеңе емес, кезінде еліміздің Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Қырымбек Көшербаев (қазір Қызылорда облысының әкімі — Б.Ш.) мырза белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезовпен жүргізген телесұхбатында соғысқа тартылған қазақстандықтардың санын 1 млн. 600 мыңға жеткізсе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теледидар арқылы «майданға 1 млн. 700 мың адам аттанды, Қазақстан халқының төрттен бірі» деп кесіп айтқаны есімізде. Қайсы дерекке ден қоймақ керек? Белгісіз. Бір сөзбен әлі жүздеген мың қазақстандық майдангерлердің соғысқа қатысқаны, не қатыспағандығына күмәнмен қарауға тура келеді. Оның ішінде қазақтың қаншама есіл ерлері бар десеңізші!..

Соғыста боздақтарын ең көп жоғалтқан — қазақ халқы

Енді назарыңызды мынадай бір арифметикаға аударайық. Әскери тарихшылардың мәліметінше, соғыста 27 миллиондай Кеңес жауынгерлері опат болды деседі. Біздіңше, бұл да соңғы нәтиже емес, уақыт өте келе бұл көрсеткішке де өзгеріс енетініне менің ешқандай күмәнім жоқ. Оның ішінде орыстар жалпы халқының 6 пайызынан айырылса, украиндар 8 пайызын, ал беларусьтер 10 пайызын жоғалтыпты. Бұл жаппай «адамды адам өлтіру ойыны» жүрген елдер сахнасындағы көрсеткіш. Ал соғыс сахнасынан тыс «айдалада жатқан» қазақ өзінің 394 мың боздағынан айырылып, барлығы 43 пайыз халқын жоғалтқан. Бұған не деуге болады? Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз «саяси ойын» қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір қазақ отбасы қалмаған-ды. Тіпті, бір отбасыдан әкесі, баласы болып 5-6 азамат майданға аттанған мысалдар да көп кездеседі.
Тағы да қатал сұрақтар кесе көлденеңдейді: қазақтардың басқа ұлт өкілдеріне қарағанда, көп өліп, көп жапа шегуінің сыры неде? Шайқаста көп ерлік істер жасаса да, Батыр атағын алғандардың аз болуының себебі ше? Сондай-ақ, азиаттарды алалаудың астарында қандай сыр бар? «Аз» халықтарды бұлай қорлағанда орыс Кеңес қолбасшылары нені көксеген?
Айтып өтейік, Ұлы Отан соғысы барысында Кеңес Одағы Қарулы күштер қатарында 143 ұлттың өкілдері неміс-фашист басқыншыларына қарсы иықпа-иық қатар тұрып шайқасыпты. Өз Отанын қорғау үшін бір мемлекет әскерінің құрамында бір мезгілде дәл мұншама ұлт өкілдерінің болуы дүниежүзілік соғыс тарихында бұрын-соңды кездеспеген оқиға екен. Осы мәселемен айналысатын тарихшы ғалымдардың (Т.Көлбаев, З.Темірғалиұлы, Г.Меңдіқұлова т.б.) дәлелдері бойынша, олардың бірнеше себептері бар. Бірінші себеп — кеңес әскери қолбасшылары әскер қатарына негізінен азиат нәсілді халықтарды көп тартуды алдын ала жоспарлаған. Осы науқанның ішінде қазақтар бірінші кезекте ілігіп кеткен. Өйткені соғыс алдында Қазақстандағы әскери комиссарлардың барлығы дерлік орыс ұлтының өкілдері (ұлты қазақ комиссарлар небәрі екеу ғана болыпты) болып, олар отансүйгіштік қасиеті жоғары майданға өздері сұранған қазақ жасөспірімдерін жасына қарамай, топ-тобымен батысқа жөнелте берген екен.
Екінші себеп — майданға алынған азиаттардың көпшілігі орыс тілін білмеген, не шала-шарпы игерген. Сосын командирлердің орыс тілінде берген бұйрықтарын түсінбей не қару-жарақ құралдарын тиісінше меңгере алмай, әбден қиналған.
Үшінші себеп — азиаттарды, яғни қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, тәжік, құмық, башқұрт, саха, әзірбайжан т.б. түрік — мұсылман халық өкілдерін мылтықпен, оқ-дәрімен басқалардың (мысалы, славяндардың) ең соңында жабдықтап отырған, көп жағдайда оларға екеуара, кейде үшеуара бір винтовка ғана берген жағдайлар да кездескен. Мысалы, 106-шы Ақмола ұлттық атты әскер дивизиясының көпшілігі қазақтар болыпты. Оларды соғыс өнеріне үйретілмегені былай тұрсын, жөні түзу қару-жарақпен де қамтамасыз етілмепті. Бұл дивизия Харьков түбіндегі текетірес ұрыста қоршауда қалып, түгелге жуық қырғынға ұшырайды. Неге? Өйткені дивизиядағы 3200 жауынгерге 3100 жалаң қылыш қана (мылтық емес) беріп, немістің бронды танкілеріне қарсы айдап салған ғой!..
Төртінші себеп — әскери мобилизация бойынша әскер қатарына алынып, майдан даласына жіберілгенге дейін азиаттарға тамақ берілмеген. Тамақтың жетіспеушілігінен арып-ашығып, пұшайман халге түскен. Мұның себебі азиаттарды нағыз «қызыл әскер» ретінде есептемеген, оларға «сенімсіз халықтар» қатарында екінші стандартпен қараған. Бесінші себеп — ұрыс даласында жараланған азиаттарға көмек көрсетілмеген. Қазақ жауынгерлері ұрыс даласынан тірі әкелінсе де, емдеу пунктіне қабылданбаған. Қабылданса да басқа, әсіресе орыс, славян нәсілді халықтардан кейінгі екінші кезекте ғана қабылдауға бұйырған. («Егемен Қазақстан», 8 мамыр 2010 ж). Мұндай тұрпайы әділетсіздікке шыдамаған қазақ, басқа да азиат нәсілді командирлерге (олардың көпшілігі кіші шендегі командирлер болатын — Б.Ш.) «ұлтшыл», «пантюркист», «ұлтаралық жанжалды қоздырушы» деген жала жауып, аяғы әскери трибуналға дейін жеткен мысалдар да жеткілікті. Бір мысал, 100 бригаданың санитарлық ротасының командирі Ізтілеу Наурызғалиев жоғарғы шенді орыс командирлері тарапынан болып жатқан осындай әділетсіздікке шыдамай, өзін-өзі атып тастаған екен («Түркістан», 3 мамыр 2012 ж.). Алтыншы себеп — ең бастысы және негізгісі — шовинистік пиғылдағы әскери қолбасшылар азиаттарды алдыңғы шептегі ауыр да қиын операцияларға бірінші кезекте салып отыруды міндеттеген. Оларды өз бұйрықтарымен ажалға аттандырып отырғанын алдын ала білген. Соның кесірінен алапат шайқастың сақырлап қайнаған қазанына түскен азиаттар эшалон-эшалонмен жұтылып кетіп отырған. Соғыс туралы жазылған деректерге мұқият зер салсаңыз, майдан даласында азиат нәсілді жауынгерлердің өліктері тау-тау болып үйіліп қалғандығына көзіңіз жетеді. Бұл аз десеңіз, кілең қылмыс-керлерден тұратын айып батальондары құрамына қазақ жастарын байқамағансып, немесе соғыс уақытының қатаң заңын желеу етіп қосып жіберіп отырғандығы туралы да деректер ұшырасады. Ал орыс-славян нәсілінен жасақталған ұлттық құрамаларды ұрысқа әрдайым екінші кезекте кіргізіп отырған. Есесіне, абырой атақ, даңқ пен дақпырттың бәрі соларға бұйырған. Орыс ұлтынан Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алғандардың көп шыққандығының (8900) бірден-бір себебі — осы. Әрине, бұлай дегенде орыс солдаттары ерлік істер жасай алмайды, оған ерік-жігері жетпейді деуден аулақпыз. Алайда Кеңес Одағындағы жетекші ұлт ретінде олар жоғары қолбасшылар мен генералитеттің ерекше қамқорлығында болғанын жоққа шығара алмасақ керек. Қалай десек те, мұны әскери қолбасшылардың «көрегендік тактикасы еді…» деу қиын.

Ойдан шығарылған «қаһарман» геройлардың күлі көкке ұшты

Орыс Кеңес идеологтары неше түрлі әдіс-айланы, ойдан шығарылған «аңыздарды» ойлап тапты, неше түрлі «қаһарман геройларды» қолдан жасады. Мысалы, шабуылға көтерілген Кеңес жауынгеріне өлім сеуіп жатқан жау дзотын кеудесімен жауып, өшпес ерлік жасаған «орыс ұлтының қаһарман ұлы» Александр Матросов туралы «қиял-ғажайып аңызды» ойлап тапты. Сөйтсек, Кеңес тарихшылары жазып келгендей, Александр ешқандай да Саша Матросов емес екен, «орыс ұлтының қаһарман ұлы» да емес екен. Соңғы зерттеулер делелдеп отырғандай, ол бөрілі байрақты көктүріктің бір бұтағы — башқұрт халқының ұланы Шакирьян Мухаматьянов (қазақшасы Шәкіржан Мұхаметжанов — Б.Ш.) болып шықты. Орысты керемет етіп көрсеткісі келген Кеңес идеологтарының өтірігі «өткен ғасырдың 50-жылдары «күтпеген жерден» ашылып қалды. Ол — ол ма, айналасына ажал оғын сеуіп жатқан жау пулеметін кеудесімен алғашқы болып жауып, ерен ерлік көрсеткен батыр Шәкіржан емес, қазақ жауынгері Боран Нысанбаев болатын. Алайда оның ерлігі орыс генералитеті тарапынан ескерілмеді, лайықты бағасын алмады. Осы орайда тағы бір мысал. Орыс генералитеті мен насихатшылары Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен орыс Егоров пен грузин Кантария деп әлемге жар салды. Алайда мұның да алдын ала тыңғылықты ойластырған қолдан жасалған қойылым, ойдан шығарылған «аңыз» екені соңғы уақытта мәлім болып жатыр. Шын мәнінде, Жеңіс туын Рейхстагқа бірінші болып тіккен қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев пен татар жауынгері Григорий Болатов еді. Екеуі де азиат халқының өкілдері болатын. Оқырманның есінде шығар, ұлттық мәселедегі дәл осындай сценарий 1979 жылы басталып, табаны күректей он жылға созылған орыс-ауған соғысында қайталанғанын немен түсіндіруге болады?! Қалай дегенде, кеңістік идеологияның жымысқылығы, екіжүзділігі, нәсілшілдігі, «аз» халықтарды менсінбеушілігі, менмендігі, өзімшілдігі, астамшылдығы, зұлымдығы, басқа да түрлі сұмдықтары бүгінде ашық айтылып жатыр.
Бір нәрсе анық. Ресей соғыстың шындығы туралы мұрағатын әлі толықтай ашқан жоқ. Әсіресе ұлттық құрамалар мен бригадалар жөніндегі құжаттарды қатаң бақылауда ұстап отыр. Жұртшылық Ұлы Отан соғысы кезінде болған жағдайларға Ресейдің ақпараттың насихаты мен киноөндірісі арқылы қанығуда. Әрине, бұл өтірігі мен жаласы, жасандылығы мен жалғаны көп насихат.

105 батыр — 105 көзсіз ерлік — 105 фильм…

Мына қызыққа қараңыз. Ұлы Отан соғысы жылдары «оңтүстік астанамыз» Алматы киноөндірісінің ошағына айналғанын біреу білсе, біреу білмейді. Соғыс жылдарындағы киноленталардың барлығы дерлік осы қалада түсірілген екен. 1941 жылы соғыс басталғанда КСРО Кинокомитеті басшылығының өтінішімен «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары сол кездегі Қазақстанның бас қаласына көшіріліпті. Кейін бұл екі студияны Алматы киностудияларымен біріктіріп, Біріккен Орталық киностудия мекемесін құруға шешім қабылдаған. Мінеки, соғыс жылдарында КСРО-да түсірілген кинолардың 80 пайызы ел аузында ЦОКС (Центральная объединенная киностудия) аталып кеткен осы студияның жемісі.
Алайда Қазақ елінің астанасы Алматы қаласы кино өндірісінің ошағына айналған уақыттың өзінде мұнда қазақ жауынгерлері, олардың майдандағы ерлік істері жөнінде бірде-бір фильм түсірілмепті. Түсірілсе де, саусақпен санарлықтай ғана еді. Қарап отырсаңыз, қазақ жауынгерінің соғыстағы ерлігі сол кездің өзінде дискриминацияға (қысымға) ұшырап, ескерусіз қалып отырған. Сонда бізде мақтаныш етер майдан қаһармандары жоқ па? Болғанда қандай! Шындығында, отаншылдық рухы жоғары қазақ жауынгерлері майданның барлық шебінде жанқиярлықпен соғысты. Оның 105-і “Кеңес Одағының Батыры” деген ең жоғары атаққа ие болып, аттары аңызға айналып оралды. Енді қараңыз: 105 батыр — 105 көзсіз ерлік 105 фильмге арқау боларлық жүк емес пе?! Әрине, бұлай дегенде бізде соғыс туралы мүлде кино түсірілмеген екен-ау деп ауызды құр шөппен сүртуден аулақпыз. Бұл ретте КСРО кезінде белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің қолтаңбасымен түсірілген Мәншүк Мәметова туралы «Мәншүк туралы ән», даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы «Ел басына күн туса…», қырғыз режиссері Болатбек Шамшиев түсірген Әлия Молдағұлова жайлы «Мергендер» фильмін айтып өтуге болады. Бұлардан бөлек орыс режиссері Александр Карпов қойған «Ана туралы аңыз» фильмі бар.
Осы көрсетілген фильмдерден басқа бізде не бар? Тәуелсіз ел болғанымызға да жиырма бес жыл өтті, «Қазақфильм» II дүниежүзілік соғыстағы қазақ баласының ерлік істерін паш ететін қандай жаңа туындылар ұсынды? «Бауыржан батыр», «Қасым» сияқты бірен-саран киножурналдар болмаса, ауыз толтырып айтарлықтай туындылар жоқ.
Ресей телеарналары биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, Ұлы Жеңістің аясында соғыс туралы фильмдерді көп көрсетті. Жоғарыда айтып өткен көркем туындыларды есептемегенде, биылғы Жеңістің 70-жылдығына арналған бірнеше жаңа картиналарды дүниеге әкеліпті. Мәселен, бұл орайда «Севастополь үшін шайқас», «Диверсанттар», «Апостоль», «Қырым үшін шайқас» көрсетілімдерін атап өтуге болады. Бұл киноөнімдерден қазіргі саясаттың исі аңқып тұрғанына қарамастан, көрермендер қызыға тамашалағанын көрер көз көрді. Бәрі бәз баяғыша, олардың көрсетулерінде орыстар — «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» батыр, «жоғары адамгершілік рухпен қаруланған» азаткер, «жаудан беті қайтып көрмеген» жеңімпаз, қарудың барлық түрімен атқылап, бомбының астына алып жатса да оқ өтпейтін» жасампаз, немістер — қорқақ, қорқау, қатыгез, ақымақ. Ал азиаттардың бейнесі мүлде жоқ.
Сонымен, біздің отандық көгілдір экранымыз қазақтың қарадомалақтарын қай елдің киноөнімдерімен, қай халықтың көзқарасымен, патриотизмімен, қаһармандарымен тәрбиелеп жүр? Азиаттарды алалаудың ақыры бола ма, болмай ма? Болса, бұл алалау қашан аяқталады?!.

Болат Шарахымбай

Шәуілдір атауы қайдан шыққан?

$
0
0

Орталық Азия халықтары орта ғасыр дәуірінде жоғары дәрежедегі жарқын мәдениет жасай білді. Отырар, Тараз, Сайрам сияқты тағы басқа қалалар ірі-ірі мәдени орталықтарға айналды. Оларда сол кезеңдегі жергілікті дәстүрлерді дүниежүзілік мәдениеттің ең жоғарғы жетістіктерімен бірегей шебер ұштастыра білген энциклопедист Әбу Нәсір әл-Фараби, математик әрі астроном Аббас Жауһари сияқты тамаша ғалымдар өмір сүріп, еңбек еткен.
Н.Ә.Назарбаев

Өлкеміздің өткені жайында әңгіме шертер мұраларымыздың бірі — жер-су аттары. Жер-су атауларының қойылу құпиялары ежелден әркімді-ақ қызықтырған ғой. Халқымыздың жадында әлі күнге жатталып қалған талай ғажайып топонимикалық аңыздар — осы құмарлықтың айғағы. Фольклорлық аңыз әңгімелердегі, жыр-дастандардағы географиялық атаулардың, кісі есімдеріне байланысты түсіндірме сөзді және сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтайтын ғылым халықтық этимология деп аталады. Сонымен, осы халықтық этимология атауын негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылы туралы түсініктеме беруді жөн көрдік. Аңызда осы өлкені мекен қылған ғашықтар — Шәміл деген жігіт пен Дүр деген қыздың есімінен шыққандығы айтылады. Ал XI ғасырға дейін Сыр бойын түркі тілді ежелгі тайпалардың бірі — оғыз жұртының мекені болғаны жөнінде тарихи мәліметтер бірқатар ежелгі еңбектерде сақталған. Мәселен, IX-X ғғ. өмір сүрген араб оқымыстысы Әл-Истахридің мәліметіне қарағанда, оғыз мемлекетінің IX-X ғғ. шығыс жақ шекарасы Үргеніштен бастап, Фараб (Отырар), Исфиджаб (Сайрам) аралығындағы жерлерді қамтыған. Оғыз тайпаларының үрім-бұтағы болып табылатын қазіргі түркімен халқының арасында, олардың ата-бабалары осы күнгі Сыр бойынан ауып келгендігін баяндайтын азды-көпті мәліметтер кездеседі.отрар тобе

Бұл күнде оғыздардың ежелгі замандағы қонысы — Сыр алқабында Оғыз мемлекеті қалаларының орны мен олардың басқа да әр алуан мәдени мұраларының ізі сақталған. Соның бір жұрнағы — Оғыздар қойған жер-су атаулары. Шәуілдір атауы да осы оғыздар заманынан қалған мирас. Қазіргі Шәуілдір аймағы сол кезде бұрынғылар Исфиджаб атаған Сыр бойындағы мәдени алқаптардың бірі болған. Шәуілдір атауы ең көне жазба деректердің бірі — XI ғасырдағы Махмуд Қашқаридің «Диуани Лұғат ат-Түрік» сөздігі мен, Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағында» кездеседі. Бірақ осы екі деректе де Шәуілдір жер ретінде емес, оғыз жұртының құрамына кіретін ру аты ретінде алынған. Алайда аталған деректердегі ру атының дыбыстық құрамы қазіргі Шәуілдір атауының дыбыстық құрамымен салыстырмалы түрде қарағанда, дәлме-дәл келмейтіндігі, арасында сәл айырмашылық бар екендігі анық. М.Қашқаридің еңбегінде оғыздардың 22 руының аты келтірілген, солардың бірін автор джувалдар (чувалдар) деп атайды. Сол сияқты дәл осы оғыз руының аты Рашид ад-Диннің жылнамалар жинағында да қайталанады. Бірақ ол Қашқаридікінен гөрі өзгеше үлгіде, яғни джуалдур, джуалдр (чувалдур) деп жазады. Бір-бірінен азды-көпті өзгеше дыбысталғанымен, мұндағы джувалдар (чувалдар), джуалдур, джуалдр (чувалдур) деген атау мен қазіргі жер аты Шәуілдір бір сөз болып табылады. Рашид ад-Диннің жылнамалар жинағындағы джуалдур атауының мәнін «намысты, даңқты, даңқы жайылған» деп, ал түркімен шежіресінде бір сөзбен ғана «намысты» деп түсіндірген. Жылнамалар жинағын орыс тіліне тұңғыш аударма жасаған профессор И.Н.Березин (XIX) бұл рудың атын авторлардың өзі беріп отырған жоғарыдағы түсініктемеге сәйкес, джуалдур (даңқы шығу) деген етістіктен шықты деп көрсеткен. Жоғарыда айтып өткеніміздей, “Шәуілдір” сөзінің бізге әзірге мәлім мағынасы осындай.

Ғазиза Жуасбайқызы

Қазақ халқының императорлары

$
0
0

Шыңғыс ханның алтайлық қазақ екендігін әлемдік зерттеушілер мен ғалымдардың, жылнамашылардың жазғандарына қарап-ақ білуге болады. Мәселен, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.Федотовтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» деген зерттеу кітабында былай делінеді: (93 бет, 1997 жыл)

«…В современной Монголии, хотя они называют себя монголами, фактически они принадлежат народам Бурятии. Когда-то русские установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные. У них общие традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население очень малочисленно.
Бурят-монголы не могли выступать против других государств, таких как великий Китай и других империй. Поэтому буряты в данное время (монголы) не в состоянии были тогда образовать мировую державу, так как они были очень малочисленны.
А Чингис хан и подчиняющиеся ему роды, племена были только кипчаками. Они говорили на кипчакском языке (древнеказахском языке).
А слово Монгол произошло от термина «тысячи рук» что в переводе с кипчакского означает (минкол), с допущением летописных ошибок, в мировой арене слово минкол – стало называться монгол.
После Чингис хана, во время правления других ханов, все племена и рода когда-то подчинявшиеся великому хану, преодалели Алтайские горы и поселились на нынешней территории современного Казахстана. Эти племена с древних времен занимались скотоводством. Поэтому их и заинтересовало плодородная земля Прииртышья и Семиречья. В нынешнее время все те кто когда- то создавшие великую империю перешли на территорию Казахстана, в данное время они образуют большую половину населения казахского народа…»
Тағы бір мысал келтіре кетейік, онда былай дейді: “Чингиз хан и его окружение были чистыми кыпчаками безкрайных степей. В них входили Конраты, Найманы, Кереиты, Жалаири, Кияты, Уаки, Меркиты и другие племена и роды. Из всех этих племен Чингиз хан собрал многочисленное войска, которое назвали «Минкол», что в переводе с кипчакского «Тысяча рук». Потому что, они незнали больше чисел, привышающих тысячи. Так писал в свойх трудах, знаменитый Испанский летописец и посол, тогдашних времен Клавихо”.
Шыңғыс ханның немересі Құбағұл (орыс, қытай жылнамашылары өз тілдеріне жақындатып Хулагу деп жазып келген) Ұлы атасы Шыңғыс ханның тақтан кеткеніне жиырма жыл өткен соң, өсіп, жетіліп соғыс өнерін әбден үйреніп, шеберлігін арттырып, ұлы хан Мөңкенің тұсында әрі соның рұқсатымен Персияны жаулауға аттанады, яғни айтқанда қазақ батырлары жырындағы Қызылбастар еліне. Құбағұлдың әскеріне Дешті Қыпшақ жерінен Батыл хан (Бату) мен Шағатай ұлысынан жіберілген түмендер қосылды. Қалың әскер Құбағұлдың басқаруымен 1253 жылы қазіргі халық Буряттардың жерінен немесе көне қазақтардың Ұлы аймағына жататын өлкеден (Алтайдың арғы-бергі беттері көнеден түркі қыпшақ-қазақ жері болғандықтан, Түркістан деуге әбден болар) Персияға бет алды. Жолай біраз елдерді басып алған Құбағұл 1258 жылы Персияға жетеді. Осман түріктерінің күші жетпегендіктен, Қызылбастар елін қыпшақтар көп қиындықсыз жаулап алды. Ең әдемі, көрікті қаласы Тавризді империя орталығына айналдырады. Персияға жорық жолында Құбағұл Кавказ елдерін, қолөнері дамыған Әзірбайжан сұлтанатын өзіне қаратып алған еді. Аббасидтер халифатын құлатып, халифтің өзін патша әулетінен болғандықтан кілемге орап, екі жағында тұрған әскер өлгенінше ұрғылады. TemurСонымен, түркі қыпшақтардың жаңа мемлекеті пайда болды. Оған батысында Ирак, (Вавилония) оңтүстігінде Фарс өңірі және Персияның шығысындағы Хорасан қаласы мен оның атырабы, сондай-ақ Медее жерлері (қазіргі Армения, Әзірбайжан әрі Грузияның бір бөлігі кіретін) өркениеттің жоғарғы сатысында тұрған болатын. Шыңғыс ханның немерелерінің ішінен, Дешті қыпшақ жерінің тайпаларын біріктіріп, Русь пен Еуропа елдерін жаулап алып, Жолшының ұлы Батыл хан Алтын Орда империясын құрса, екінші бір немересі Құбағұл Кавказ бен бүкіл Кіші Азияны уысына алып, Құбағұл империясын (империя Хулагу) ұйымдастырды. Тағы бір немересі Құбылай княздіктерге бөлініп кеткен Ұлы Қытайды біріктіріп, 35 жыл патшалық құрды. Ал Шағатай билеген Орталық Азия ондай ұлы дәрежеге жете қойған жоқ.
«Истребитель христианского Запада был разгромлен орлом Найманов» (Хилда Хуккем) Бұл арада атақты америкалық ғалым «Әмір Темір мен Баязидтің соғысын» айтып отыр.
Әмір-Темір Орталық Азия елін бір уысқа жинай білді, сонан соң барып бүкіл Шығысты Үндістанымен қосып, Египет империясына дейін жаулап алды. Арабтар болмаса, шаңға аунап жататын, кір мен қоқыстың арасында өскен үнді халқы қарсылық көрсете алмады.
Тавриз қаласы Туран жеріндегі ең ірі қала болатын. Құбағұлдың (Хулагу) тұсында Тавриз қаласына саудагерлер, елшілер, құлшылық етушілер Константинопольден (Ыстамбұл), Сириядан, Қайырдан, Дамшықтан, Үндістан мен Бағдаттан өте көп келетін болды. Бұл сауда-саттықтың өсуіне, қаланың дамуына үлкен әсерін тигізді.
Құбағұл империясының экономикалық және мәдени дамуы XIII ғасырда оның немересі Қазанның тұсында шарықтау шегіне жетті. Түркі қыпшақтың ұлы хандарының ішінде осы Қазан хан бірінші болып мұсылман дініне кірді.
Қыпшақтың түркі Қият тайпасынан шыққан Шыңғыс ханның балаларынан тек аталарының құрған империялық тағына ұлдары ғана ие болып келсе, немерелері Батыл хан (Бату) Алтын Орданы, Құбылай шүршіт елін (Қытайды), Құбағұл Кавказ бен Кіші Азияны біріктіріп, дүниежүзілік деңгейдегі империялар құра білді.
Орыстың боданында үш ғасырдан аса отырып, өз тарихымыздан айырылып қалған ел болғандықтан, алты алаш халқының жүріп өткен жолын, ата-бабаларымыздың ұйымдастырған ұлы Қағанаттарын дұрыс талдап, нақты білуіміз қажет. Өз жақсыларымызды өзімізден қызғанбайық!

Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қызыл түнекте жағылған кішкентай шырақтар

$
0
0
Жас улан- 1969 жыл-3 улан

Р.Бейсекеев, А.Қаниев, Б.Какежанов 1969 ж., Кереку, 1969 жыл

Мейірі мен шапағаты мол Алламның құдіретімен келген айналайын Тәуелсіздігім Ұлы даламның алақанына оңайлықпен қонбағанына Тарих баба куә. Иә, бұл қасиетті жолда қазақтың қаншама қаны төгілді, қаншама жаны құрбан болды. Сен бізге өте қымбатсың. Осы бір қымбат, осы бір ғажайып сыйлық, Алланың сыйлығына ие болу үшін қазақ халқы қаншама нәубеттерден өтті десеңші! «Мың өлді, мың тірілді…» Талай мәрте көтеріліске де шықты. Сол КСРО деген империяға қарсы шыққан батырлардың ішінде ержүрек балалар болды дегенге нанасыз ба? Анау-мынау емес, Кеңестік империяға бастарын қауіп-қатерге тіге қарсы шығып, диссидент атанғандар, астыртын әрекет етіп, ұйым құрған кішкентай батырлардың есімдерін біреу білсе, біреу білмейді. Неге? Біз неге оларды кеңестік идеология кезінде миллиондаған балалар өздеріне үлгі тұтқан Павлик Морозовтай, батыр бала Болатбек аттарын жарқыратып еліміздің төріне неге әкелмейміз? Павлик те, Болатбек те ойдан шығарылған кейіпкерлер. Ал бұл батыр балалар өмірде болған қазақтың қарапайым қара балалары. Иә, олардың кейбіреуі арамызда әлі де бар. Жігіт ағалары болып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Сол жанкешті балалар жайлы сирек болса да баспасөз беттерінде жарияланып, шығып жүргені рас. Бірақ өте аз. Неге екенін білмейміз, біз әлі де үркектейміз. Жақсы да ұлағатты нәрселерімізді, ұлттық батырларымызды, олардың таңғажайып ерліктерін ұлықтауға, көрсетуге келгенде жалтақтаймыз. Балаларымызды отаншылдық сезімге тәрбиелеуде бұлар таптырмас оқиғалар емес пе?!

Елуінші жылдардағы «ЕСЕП», Мәскеудегі «Жас тұлпар», Павлодардағы «Таң шапағы», «Жас ұлан», Хасен Қожахметовтың «Жас қазақ» ұйымдары сол кездегі қызыл түнектегі жағылған үміт шырақтары іспеттес еді. «Жас тұлпарды» біршама білеміз. Ал «ЕСЕП» жайлы айтсақ, оның 1940-41 жылдары алғашқы қадамдары жасалып, соғыстан кейінгі жылдары қайта жанданған. Бұл ұйымның түп негізінде «Алаш» көсемдерінің азаматтық идеясы жатқан еді. «ЕСЕП» жетекшілерінің бірі, жазушы Махмет Темірұлымен көрнекті қаламгер Ержұман Смайыл сұхбаттасыпты. Осы сұхбаттан үзінді келтірелік.

«Алаш» идеясы және «ЕСЕП» партиясы

— Махмет аға, «ЕСЕП» партиясы деп айтқанымызбен, ол саяси тұрғыда қалыптасқан ұйым дәрежесіне көтеріле алған жоқ қой…
— Ол кезде Компартиядан басқа партияға рұқсат жоқ кез болатын. Одан басқаның бәріне тыйым салынатын. Қазіргідей бәлен мүшесі болып, ел Конституциясына қайшы келмейтіндер тіркеуден өте беретін жағдай қайда?.. «ЕСЕП» қауіпсіздік қызметінен басқа жерде тіркелген де жоқ. Бірақ бізді қуғындағанда, соттағанда партия құрды деп айыптады ғой.
— Ал «ЕСЕП» дегеннің өзі нені білдіреді?
— «Елін сүйген ерлер партиясы» дегеннің қысқартып алынғаны. Бүркіт Ысқақов ұсынып, мен қостаған атау.
— Оны құру неден басталып еді?
— 1940-1941 оқу жылында Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Қазгородок (қазіргі Кертінді) ауылындағы орта мектепті бітірген бір топ оқушы Қарағандыдағы екі жылдық оқытушылар институтына түстік. Бәріміз де бір бөлмеде жатамыз. Ауылда радио жоқ еді. Мұнда күндіз-түні радио сайрап тұр, түрлі хабар естіп, қазақтың тамаша ән-күйлерін тыңдап, рухани азыққа кенелдік те қалдық. Өзіміз бұрын көрмеген газет-журналдарды да тауып алып, қызыға оқимыз.
Институтта біздерге қазақ әдебиетінен Айтбай Нәрешев лекция оқитын. Ол лекция оқығанда бәріміз де ұйып тыңдап, елтіп қалғандай болатынбыз. Өйткені қағазға да, кітапқа да қарамай түсіндіріп, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтатын. Институттағы «Жас қалам» деп аталатын үйірмеге өзі басшылық етті. Онда оқып талдайтын кітаптарды да өзі әкеліп отыратын. Оның әдеби үйірмені басқарып, жүргізіп отырудағы тікелей көмекшісі ақын Бүркіт Ысқақов болды.фото(1)Бір күні Айтбай Нәрешев ауырып қалып, институт-қа келмеген соң, Бүркіт екеуміз үйіне бардық. Төсек тартып жатыр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін інісі Рамазанға кітап сөрелерінен бір-екі кітап алғызып берді. Оның жеке кітапханасындағы кітаптардың көптігі бұрын мұндайды көрмеген біздің есімізді шығарып жібергендей болды. Біз көзбен сүзіп, таңдана қарап жатырмыз. Ашық тұрған кітап сөрелерінің қасында құлыптаулы бір шкаф тұр екен. Онда да кітап толып тұр. Оны ашып қарауға бізге рұқсат бермеді. Біз не болса да соны ашып көруге құмарта түстік. Кейіннен ағасының үйде жоқтығын пайдаланып, інісі Рамазанға жалынып, шкафты аштырып көрсек, іші толған «халық жаулары» Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың т.б. кітаптары. Шкафтың ең төменгі түп жағында бізді ерекше қызықтырған арабша әріптермен жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Маса», «Қырық мысал», Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» сияқты кітаптары сақтаулы екен. Бүркіт екеуміз бұл кітаптарды біртіндеп қана білдіртпей алып, ешкімге көрсетпей оңаша оқып шықтық. Өзімізге ұнаған өлеңдерді дәптерге жазып алып, жаттап жүрдік.
Алаш көсемдері жайында түсінік алып, олардың не үшін күрескенін білгеніміз біздерді ерекше рухтандырып жіберді. Алдағы уақытта сол Алаш азаматтарының жолын қуып, туған еліміздің азаттығы, бостандығы үшін күресуге бел будық.
— Махмет аға, сонда неше жастасыздар?
— Он алты-он жеті жастамыз.
Бүркіт екеуміз өзіміздің сенімді деген достарымызға жаттап алған Алаш ақындарының өлеңдерін ауызша айтып жүрдік. Байқасақ, естіп, тыңдағандардың бәрі де сүйсініп, өте ұнататын болды. Екеумізді де бұл жағдай жігерлендіре түсті. Енді Алаш партиясы сияқты халықты сүйетін, тек халық үшін қызмет қылатын жаңа партия құрсақ деп ойлай бастадық. Ондай партияны қалай деп атауымыз керек деген ой көп толғандырды. Әуелі «Жас алаш» деп атамақ болдық. Мұны қойып «Жас қазақ» демек те болдық. Ақыры «Елін сүйген ерлер партиясы», қысқарта айтқанда, «ЕСЕП» деп атадық. Бұл 1941 жылдың бас кезі еді.
Сөйтіп, өзіміз жаңа бір саяси партия құрып алдық деп қуаныстық. Алдағы уақытта оның бағдарламасын да, жарғысын да әзірлеп, қабылдаймыз деп келістік. Оларды тездетіп жазу Бүркіт екеумізге тапсырылды. Осы күннен бастап студенттер, қызметтегі жастар, тіпті жоғарғы сыныптардағы оқушылар арасында үгіт жүргізіп, пікірлестеріміздің санын өсіре беруге талпындық. «ЕСЕП» партиясының мүшелері деп мына төмендегілерді есептедік: Бүркіт Ысқақов (көсемі), Махмет Теміров (орынбасары), Елеш Бимағанбетов, Дәкен Шалабеков, Аманжол Дүйсенбаев, Әшім Сүлейменов, Жанайдар Әубәкіров. Бұлар — институтта оқып жүрген студенттер. Олардан басқа ауылда тұратын пікірлес достарымыз да партия мүшелері деп есептелді. Олар: Рақыш Бұйрабеков, Кәмәли Рахметов, Қажыкен Тінтаев, Аққошқар Мұқанов, Балапан Сәкібаев, Орынбай Сауқанов, Сайдалы Кенжебаев (кейіннен Мақуов), Дәулетбек Әкімбеков, Қыздарбек Әкімбеков еді. Біздің пікірлестеріміз, тілектестеріміз біртіндеп өсе берді.
— Тек армандаумен ғана қалған жоқсыздар ма? Нақты атқарған істеріңіз болды ма? Оның үстіне соғыстың қарсаңы еді ғой ол кез?
— Иә, көп кешікпей соғыс та басталды. Сол кезде өзімізді құртып келе жатқан, тіпті біржолата жоқ қылатын ойы бар қоғамды, мемлекетті не үшін қорғаймыз? Бізге оның аман қалуы емес, күйреп жеңілуі керек, отарлық бұғауда отырған халықтар сонда ғана бостандық алады деген пікірде болғанымыз рас.
Бұл ойымыз жай қиял ғана екен. 1942 жылы қараша айында Бүркіт майданға аттанды. Мен кейінірек еңбек майданында болдым. «ЕСЕП»-тің басқа мүшелері де әскерге алынып, майданға жөнелтілді. Бірақ ұйымның алғашқы мүшелері тарап кеткенмен, «ЕСЕП» идеясын насихаттау соғыстың қызу жүріп жатқан кезінде де әрі қарай жалғаса берген.
1944 жылы Қарағандыда бір топ жастарды Кеңес өкіметіне қарсы жүргізіп жүрген саяси насихаттары үшін қамауға алған. Оларға «ЕСЕП» деген кеңес қоғамына қарсы ұлтшыл ұйым құрды деген айып тағылған. Бұлар Зейнолла Әбділдин, Бейсембай Жақсылықов, Асығат Рүстемов және Жаппар Өмірбеков болатын. Оларды қатты қысымға алып: «Қоғамға қарсы мұндай жат пікірді сендерге кім үйретті?» дегенде бәрі бірдей Бүркіт екеуміздің аттарымызды атаған.
Асығат Рүстемов пен Зейнолла Әбділдин жастау болған соң бірсыпыра қинап, қолдарынан қолхат алып, босатып жіберген. Жаппар Өмірбековті бір жыл бойы түрмеде ұстаған. Бейсембай Жақсылықовты он жылға соттап жіберген. «ЕСЕП»-тің идеясын жалғастырушылар мұнымен тоқтап, тоқырап қалмаған. Азаттық идеясын үгіттеуді саналы студенттер әрі қарай жалғастыра берген.
1960 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарында «Жас қазақ» немесе «ЕСЕП» атты жасырын ұйым құрылған. Бұлар Кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясаты қазақ сияқты ұлттардың тілін де, мәдениетін де құртып жіберу екенін түсіндірген. Ұлттық іскер кадрларға үнемі қысым көрсетіп, оларға жауапты жоғарғы дәрежедегі қызмет атқаруға мүмкіндік бермей, ондай қызметтерге үнемі орыс коммунистерін ғана тағайындап отырғанын, қазақ мектептері жабылып, барлық мектептерде оқу орыс тілінде жүргізіліп отырғанын айтқан үндеу парақтарын таратып отырған. Қазақ жастарының ұлттық намысын ояту мақсатында үндеу парақтары басқа қалалардағы жоғары оқу орындарына да жіберілген. Бұлар қандай бүркеншік ат қолданса да, қолға түсіп, жазаланған. Олар Зейнолла Игіліков пен Кәмел Жүнісов еді. Азаматтарды қатты қысымға алып, қылмыстарын мойындатып, 4 жылға соттап, РСФСР-дің Орал тауындағы саяси тұтқындар лагеріне жіберген. Бұлардан кейін «ЕСЕП» партиясына тілектес болып, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт жүргіздіңдер деп Кәрім Сауғабаев, Мақсым Омарбековті жазалаған.
1951 жылғы 18 қаңтарда Бүркіт екеумізді тұтқындап, абақтыға әкеліп қамады. Алғашқы күндері Алаш ақындарының кітаптарын оқығанымызды да, «ЕСЕП» деген саяси ұйым құрғанымызды да мойындамаған едік. Ақыры өз айтқандарына көндіріп, бәрін де мойындатты. 5-6 айға созылған азапты тергеу жұмыстарын аяқтап, «Бүркіт Ысқақов пен Махмет Теміровтің ісі» деген қалың-қалың 4 папканы толтырып, біздің ісімізді сотқа берді.
1951 жылдың 14-15 маусымында Қазақстанның Жоғарғы соты РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-бабының 10-11-тармақтары бойынша Бүркіт Ысқақов, Махмет Теміров және Айтбай Нәрешевті 25 жылға соттап, қосымша 5 жыл бойы азаматтық құқығынан айыру туралы қатал үкім шығарды. Мұстахым Азанбаевты, Рамазан Нәрешевті, Жекен Қалиевті, Адырбек Аманқұловты 8-10 жылға соттады.
Сөйтіп, біздерді Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйым құрған, ұйымның мақсаты Орта Азия республикалары мен Қазақстанды Кеңес Одағының құрамынан бөліп, Түркияның қолдауымен буржуазиялық ұлттық мемлекет құру болған, Кеңес қоғамына қарсы үгіт-насихат жүргізген, тыйым салынған әдеби кітаптарды көпшілікке таратып отырған деп айыптады.

«Таң шапағы» және ержүрек балалар

Тағы бір батыр ұландардың құрған «Таң шапағы» атты жасырын ұйымы туралы ешбір жерде жазылмапты. Бұл ұйым Павлодар облысы, Көктөбе ауданында 1968 жылы дүниеге келіп, 1970 жылға дейін өмір сүрген. Оны ұйымдастырып, әрі басқарған Асқар Сәрсенбаев деген батыр бала. Ол кезде Асқар 9 класта оқитын. Қазір Асекең зейнет демалысында. Жазушы, журналист, қоғам қайраткері Асекеңнен сол күндерден сыр суыртпақтауын өтіндік.
— Менің әкем Ғабдірашит отызыншы жылдары Алматы қаласында студент болған. Міне, осы кезде әкеме Алаштың көсемдерін көрудің бақытына ие болады. Әкеміз шығармашылықтан құралақан емес еді. Өлең шығарған. Поэмалары бар. Бейімбет, Сәкендермен араласқан. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ағаларының сол кезде-ақ ұлт үшін, Алаш үшін жасаған ұланғайыр еңбектерімен таныс болып, бойына, ойына сіңірген. «Оян, қазақ!» деген жыр оның көкірек сарайында мәңгілікке жаңғырып, кейін ол білгендерін біздің санамызға құйды. Мысалы, мен бала кезімде Нұрлыбек ақынның біздің үйде болған кездегі үлкендердің әңгімесін ешуақытта ұмытпаймын. Нұрлыбек ақынның «Қанды жорық», «Кенесары» поэмаларын оқығанымда қазақ халқының отар ел екенін, Мәскеудің табанында жаншылып жатқанын біз еміс-еміс болса да білдік. Мәселен, Әлихан кім? Ахмет кім? «Маса» деген не? Отызыншы жылдардағы нәубеттен шыбындай қырылған қазақтар… Репрессия… Бұл естігендеріміз, санамызға құйғандарымыз менің көкірегіме отарлаушыларға деген кек болып түйілді.
Өзіңіз ойлап қараңыз, он бес-он алты жастағы бозбалалар. Оның жан-жағын қызыл түнек қоршап тұр. Өзінен он есе, мың есе ғұлама көкелерінің өздеріне «Халық жауы» деген қара таңба басып, ажалдың суық қойнына оп-оңай аттандырып жіберген сталиндік машинаның құдіретін сол кезде біз сезіндік пе? Сезінсек те, уылжыған жастықтың жалыны оған дес берген жоқ. Алаштың рухынан қуат алған мен әлсіз, әлжуаз балаларды сол ілімдермен «улай» бастадым. Төлеген, Ертай, Төлеухан, Қайыржан, Оспан және Боранбай, Дауылбай Мұқашевтер сияқты ержүрек балалар менің соңымнан ерді. Мен сол кездері Арман Қани деген ғажап баламен таныстым. Өзі ақын. Ол біздің құрған «Таң шапағы» ұйымының бағдарламасымен, жұмысымен танысты. Ол сонау жүз елу шақырым жердегі Павлодар қаласынан арнайы келіп тұрды. Қысқасын айтқанда, байланысшы қызметін атқарды. Кейін 1969 жылы бүкіл империяны үркіткен «Жас Ұлан» жасырын ұйымын Павлодарда құрды. Біз ол ұйыммен бірлесіп жұмыс істедік. Бірақ тиісті орындар, оның ішінде МҚК «Жас Ұланды» әшкерелеп, ұйым мүшелерін тұтқындады. Арман жасырын жолмен маған әпкесін жіберіп, ескертіп үлгерді.
1970 жылы қаңтар айында мектеп директоры мені шақырып, МҚК қызметкерлері іздеп келгенін айтты. Мені үш адам он екі сағат бойына кезекпе-кезек тергеп нағыз шындықты білгісі келді. Осылай тексерулер, қуғындау басталды. Бірақ әйтеуір кейін жоғарыдан бұл істі тоқтату жөнінде нұсқау болған шығар, мені бақылау тоқтатылмағанымен, тергеу жалғаспады. Ол күндердің сызы әлі күнге дейін жан дүниемнен кете қойған жоқ. Алайда сол батыр да ержүрек балалардың ерліктерін кейінгі тәуелсіз мемлекетіміз ескермей келеді.

Жазалауға ұшыраған «жасұландықтар»

Қызыл империяға жанкештілікпен қарсы шыққан «Жас Ұлан» атты жасырын саяси ұйым бар болғаны жылға жуық өмір сүрсе де, өзіндік бет-бейнесі бар, батыл ойларымен қаруланған бір топ батыр ұландардың ерлігін ұмытпауымыз тиіс. Біз осы ұйымның жетекшісі, ұйымдастырушысы, қазір қоғам қайраткері, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, облыстық «Ұлт тағдыры» пікірсайыс клубының жетекшісі, «Ертіс дидары» газетінің редакторы Арман Бақтанұлы Қаниды өткен күндерге бір сәт саяхат етуге шақырдық.
— Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Ертістің Кереку өңірі өзге аймақтарға қарағанда Ресей империясының басқыншылығына ертерек ұшырады. Кеңес үкіметі кезеңінде Тың өлкесі құрамына енгізіліп, байырғы тұрғындар орыстандыру саясатының зардабын да өзгелерден гөрі көбірек тартты. Тың игеру басталған 1954 жылдары туған біз — жергілікті қазақ балалары және тың игерушілердің балалары өсе келе ұлттық белгіміз ғана емес, ұлттық мүддеміз бойынша да айырмашылығымыз бар екенін түйсіндік. Кеңес-тік қоғамның  «өркендеген  социализм  кезеңінде»  қазақтардың құқын шектеп, орыстілділердің өмірін көркейту саясаты табандылықпен жүзеге асырылды. Ұлттық теңсіздік білім мен тәрбие саласында, тіл, мәдениет, ономастика, көші-қон саясаттарында айқын байқалды.
Облыс орталығындағы қырыққа таяу орта білім беру мекемелерінің тек екеуі: малшылардың балалары мен жетім балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернат (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернат) және Абай атындағы №10 орта мектеп қана қазақша оқытатын.
«Енді не істеу керек?» деген сұрақ бізді түсініксіз жайттардың сырын ашуға ұмтылдырып, ізденіске жетеледі. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар», Серік Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» романдарынан, Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» тәрізді кітаптарынан Кенесары хан, Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев тәрізді Алаш қайраткерлерінің мұрат-мүддесін аңғарып, олардың күрескерлігін өнеге тұттық. Қарағандыдағы қазақ жастарының «ЕСЕП» («Елін сүйген ерлер партиясы») ұйымы және Мәскеудегі қазақ студенттерінің «Жас тұлпар» ұйымы жөнінде естіп, алдыңғы толқын ағалардың көзсіз ерлігіне тәнті болдық.
Ақыры өзіміз №3  мектеп-интернатта  «Жас ұлан» атты  ұйым құруға бел буып,  жар-ғысын жазып, жоспарын жасадық. Ұйымның «комитет» деген шартты атауға ие басшы органын құрып, құрамын белгіледік, жетекшілігіне Арман Қаниев, яғни осы жолдардың авторы сайланды. Іле жасөспірімдер арасында ұлттық мұрат-мүдде тұрғысынан жасырын үгіт жүргізіп, жұмысымызды бастадық. «Саяси экономиядан» «Отар елдерде ауруханалар мен ұлттық мектептер аз болады» деген анықтаманы оқыған соң, «Қазақстан — Ресейдің отары» деген ортақ пікірге келдік. Отаршылыққа қарсы өлеңдер жаздық.
«Жас ұланның» белсенділері өздері тұратын елді мекендерде ұлтшыл жасөспірімдердің топтарын ұйымдастыруы керек еді. Сембай Құсайынов Ермак (қазіргі Ақсу) қаласында ұйымның бөлімшесін құрды. Рашит Бейсекеев Ермак (Ақсу) ауданының Ленин жолы кеңшарында шағын топ ұйымдастырды. Сондай-ақ, Май ауданының Ақшиман орталау мектебінің 6-7-сыныптарында менімен бірге оқыған Бақыт Бектұрғанов пен менен бір сынып жоғары оқыған Асқар Сәрсенбаев ұйым құрамын кеңейте түсуге атсалысты. Сөйтіп, Б.Бектұрғанов Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумында, А.Сәрсенбаев Белогорье (қазіргі Көктөбе) орта мектебінде оқушыларды ұйым мүшелігіне тартты.
Ақыры, 1969 жылдың желтоқсан айында үндеу дайындадық, мәтінін мен жаздым, машинкаға Сембай Құсайынов басты. Үнпарақтың алғашқы жолы «Сендер қазақ деген ұлы халықсыңдар…» деген сөйлеммен басталып, соңы ұлтты отаршылдыққа қарсы бас көтеруге шақырған үндеумен аяқталатын. Қысқы демалысқа шыққанымызда әлгі парақтарды облыс орталығы мен кейбір ауылдық елді мекендердегі көпшілік орындарға жапсырып кеттік. Мұның алдында 1970 жылғы 1 Мамыр мерекесі демонстрациясына «Қазақ мектептері мен балабақшалары ашылсын!» деген ұран жазулар көтеріп шығуды жоспарлаған едік. Бірақ қаңтар айында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК-КГБ) облыстық басқармасы «Жас ұлан» ұйымын әшкерелеп, ұйым мүшелерін қолға түсірді.

Тергеу

МҚК облыстық басқармасындағы тергеу барысына Алматы мен Мәскеуден арнайы келген республикалық, одақтық Қауіпсіздік органдары қызметінің жоғары шенді өкілдері қатысты. Тергеуді негізінен ұлты қазақ офицерлер жүргізіп, түсініктемені қазақ тілінде жазғызды. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге күш қолданды деп айтпаймын, ара-тұра зілді дауыспен сес көрсету ауанын байқатқанымен, негізінен алдап-сулау тәрізді тәсілдермен жауап алды.
МҚК басқармасы үзеңгілес серіктерімді қолға түсіре бастағанда ұйым мүшелерінің толық тізімі жазылған құжатты өртеу арқылы жойып жібердім және төнген қатер жөнінде жан-жаққа хабар таратып үлгердім. Ал ауылдық елді мекендердегі топтарға қатысты деректер: мүшелердің саны, аты-жөні сол топты құрған жас ұлан мен ұйым жетекшісі маған ғана белгілі еді. Тергеушілер тізімнің қай кезде, қай жерде, қандай әдіспен жойылғанын менен тәтпіштеп сұрап білген соң, сөзіме сенбеске амалы қалмады.
Осындай алдын ала жасалған қауіпсіздік шаралары және дер кезіндегі жедел іс-әрекеттер ұйымның жекелеген мүшелері мен кейбір топтарын жасырып қалуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, белсенді әрекеттер жасауға үлгермеген қатардағы жас ұландарға және ауылдардағы топтарға МҚК қызметкерлері соншалық шұқшиған жоқ. Бұлардың кейбіріне тергеушілердің өздері барып, жарты бет көлемінде түсініктеме жаздырып алумен шектелді. Сөйте тұра, МҚК басқармасы №3 мектеп-интернаттың мұғалімдерінің бірі я жоғары білімді ата-аналардың біреуі ұйымға басшылық жасауы мүмкін деген болжам бойынша жұмыс жасапты, күдік туғызатын адамдардың өмірбаяндық, қызметтік мәліметтерін астыртын тексеріп, өздерін сырттай бақылауда ұстаған екен.
Бұрынғы «Жас тұлпар» ұйымы мүшелерінің бірі Павлодарға арнайы келіп, «Жас ұлан» ұйымын құруы ықтимал деген болжам да жасалғаны байқалды. Өйткені маған: «Алматыдан келген кісі кім, біз оны сенсіз де білеміз. Бірақ өзің айтсаң, қылмысың жеңілдейді» деген қитұрқы сұрақтар қойып, тамырымды басып көрді. Олардың кімді меңзеп отырғанын бірден түсініп «Мұрат Әуезовтың «Жас тұлпар» ұйымы жөнінде естідім және соны үлгі тұтып «Жас ұланды» құрдым, бірақ ол кісіні де, оның жолдастарын да көрген емеспін» деген сыңайда жауап беріп, анығын айттым.
Қалай болған күнде де ұйымның жетекші құрамы басты назарда ұсталынып, тергеудің негізгі бағыты сол шеңберде шоғырланғаны анық. Үндеуді өзім жазғанымды айтқан соң, тергеушілер жауабымның шынайылығын анықтау үшін мәтінді жатқа айтқызды. Соның өзінде де сенбей: «Мынау сенің сөзің емес, үлкен адамдардікі, саған осылай жаз деген кім?» — деп, әрбір сөзді саусақпен түртіп көрсетіп, төпелете сұрақтар қойды.
Үнпарақтағы алғашқы сөйлемді жазушы Жайсаңбек Молдағалиевтің бір кітабынан («Торғай толғауы» болса керек) алғанымды айттым, шындығы солай еді. Тергеушілер аталған кітапты және ұйымның үгіт-насихат жұмысына пайдаланылған өзге әдебиеттерді қарап, анық-қанығына көз жеткізді. Тек содан кейін ғана «Ұйымды ұйымдастырып, жетекшілік еткен өзге біреу емес, осының өзі» деген байламға келе бастаған сияқты. Мұқабаның ішкі бетіне «Мен осы кітаптың осындай бетіндегі мынадай сөздерді үнпараққа пайдаландым» деген сыңайдағы сөздерді жазғызып, қол қойғызды.
Сын сағаттарда жас ұландардың барлығы дерлік өздерін ер-азаматтарша ұстады. Жетекші құрамның белсенділері ауылдық елді мекендердегі қазақ орта мектептерінің орталау мектептерге айналдырылуы немесе мүлде жабылуы, облыс орталығындағы 40 шақты мектептің тек екеуі ғана қазақ мектептері екені, қазақ балабақшасының жоқтығы, көше, дүкен т.б. атаулары негізінен орыс тілінде болуы, ана тілінде сөйлеген қазақтардың кемсітушілікке ұшыратылуы тәрізді жағдайлар ұйымның құрылуына себеп болғанын атап көрсетті.
Компартияның ұлттық саясатындағы көзге ұрып тұрған ұлттық кемсітушілікті айтқанда «Осы мәселені сіздер неге қозғамайсыздар, қазақ емессіздер ме?!» — деп, «үндеместердің» өзіне кәдімгідей қыза сөйлеп, намысына тигеніміз есімде. Алдында сөзімізді басын изеп үнсіз тыңдап отырған олар сол сәтте: «Енді сендер өзгені қойып, бізді де ұлтшылдыққа үгіттей бастадыңдар ма, әй?!» — деп, қолма-қол түсін суытып, ызғарлы үнмен сөз саптауға көшетін. Әйтсе де, әділдік үшін айтайын, коммунистік режимге қарсы шыққан еркін ойлы демократтарды, ұлтшыл патриоттарды ықтиярлы-ықтиярсыз түрде жазалаушы органға айналған МҚК басқармасының қызметкерлері арасында бізге сырттай сұс көрсеткенімен, іштей разы екенін аңдатқан офицерлер де кездесті, бұл — шындық.

Жазалау мен қудалау

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық басқармасындағы тергеу аяқталған соң, мектеп-интернаттың әкімшілігі облыстық партия комитеті ұсынған сценарий бойынша жалпы мектеп жиналысын, комсомолдар ұйымы жиналысын, ата-аналар жиналысын, педагогтар кеңесін өткізіп, жас ұландарға үсті-үстіне морольдық-психологиялық соққы беруді ұйымдастырды. Жиналыстарда сөйлеген мұғалімдер және олар дайындаған комсомол белсенділері жас ұландардың саяси іс-әрекеттерін сынаумен шектелмей жеке бастарын даттап, ата-аналарының да ар-ожданын қорлайтын сөздер айтуға дейін барды. Омаров деген мұғалім тіпті: «Егер маған Сталин заманындағыдай билік берсе, бұл балаларды ата-аналарымен қосып қойып өз қолыммен ататын едім!!!» — деп айбат шекті. Сынып жетекшіміз Ғазиза Рамазанқызы Әбжанова мен тәрбиешіміз Зұлқия Смайылқызы Көшімбаеваны да моральдық-психологиялық соққының астына алды.
Мектеп-интернаттың бастауыш комсомолдар ұйымының ұсынысымен Павлодар қалалық комсомол комитеті «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелеріне түрлі жазалау шараларын қолданды. Атап айтқанда, 1970 жылдың сәуір айында өткен қалалық комсомол комитеті бюросында осы жолдардың авторы, ұйым жетекшісі Қаниев Арман Бақтанұлы, сондай-ақ ұйымның басшылық құрамының мүшелері: Бейсекеев Рашит Арайұлы, Жүнісова Айгүл Әшімқызы, Әлиева Гүлбаршын Қабдыкәрімқызы «Ұлттық саясат мәселесіндегі саяси-идеялық қателіктері» үшін деген айыппен БЛКЖО қатарынан шығарылды.
«Жас ұланның» белсенділері: Болат Какежанов,
Сембай Құсайынов, Қайрат Қабылбеков, Алтын Махметоваға «Мектеп тәртібі мен ережесін өрескел бұзды» деген айып тағылып, қатаң сөгіс берілді, бұл шара комсомолдық есеп карточкасына жазылды. Қатардағы жас ұландарға ескерту жасалды. Сонымен қатар, комсомол мүшелігінен шығарылған Арман Қаниев, қатаң сөгіс берілген Сембай Құсайынов және комсомол қатарына өтпеген жас ұландар Қайролла Кәженов пен Саниял Мусин 9-сыныпты бітірген соң «өз еркімен» оқудан қуылып, оқу-үлгерім табеліне тәртібі «3» деген баға қойылды.
Бейресми дерек көздеріне қарағанда, Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Буров Иван Михайлович ұйым жетекшісі Арман Қаниевті және оның бірнеше серігін бас бостандығынан айыру жазасына кесу жөнінде Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа ұсыныс жасапты, бірақ ол кісі келісімін бермей, біздің өмірімізді сақтап қалған көрінеді.
Жергілікті партия ұйымы басшылығы болса, жасөспірімдердің санасынан азаттық идеясын түбірімен жұлып тастауды көздеп, лас технологияны қолдануға дейін барды. Атап айтқанда, №3 мектеп-интернаттың дәл алдына №35 орыс мектебін салдырып, интернат оқушыларының сол маңайда тұратын орыс балаларынан күн сайын теперіш көріп жүруіне қасақана жол берді! Алайда ауылдан жиналған және жетім қазақ балаларының сағын сындыруға бағытталған әлгі істің соңы жақсылыққа ұласты: сол орыс мектебі бертін, егемендік кезеңінде қазақ мектебіне айналды!
«Жас ұландарды» ресми жазалау аяқталған соң, Қауіпсіздік комитеті облыстық басқармасы қызметкерлері «Осымен істерің жабылды, енді тыныш жүріңдер, әйтпесе сотталасыңдар! Ұйым жөнінде ешкімге тіс жармаңдар, біреулерге айтқандарыңды біліп қалсақ, оңдырмаймыз!» дегендей ескерту жасады. Бірақ «үндеместер» өз сөздерінде өздері тұрмады, құпия қызмет саласына жариялық сәулесі түсе бастаған 1980 жылдардың басында ескі «таныстардың» бірі жұртшылықпен кездесу шарасында «Біз ұлтшыл жасөспірімдердің «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын әшкереледік!» деген сөздерді мақтаныш сезімімен айтты.
Ресми жазалаудың соңы астыртын саяси қудалауға ұласқанын біз кейін сезіндік. «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері: Болат Какежанов, Алтын Махметова, Айгүл Жүнісова мектепте сабақты жақсы оқығанымен, жоғары білім ала алмады. Қайрат Қабылбеков пен Қайролла Кәженов жоғары білім алғанымен, жоғары лауазымды қызмет істеуге өмірбаяндық дерегі сәйкес келмеді. Жас ұландардың төртеуі кейін түрлі жағдайда дүниеден өтті.
Гүлбаршын Әлиева (1955-1975 ж.ж.) Алматыдағы Шет тілдер институтын бітіретін кезінде алты бірдей зорлықшы қарақшының қолынан қаза тапты.
Рәшит Бейсекеев (1954-1990 ж.ж.) Қарағанды кооператив институтын аяқтап, Май ауданындағы Май кеңшары жұмысшылар кооперативінің төрағасы болып істеп жүргенінде жоғары қан қысымы дертінен Семей сынақ полигонының орталығы Курчатов қаласындағы ауруханада көз жұмды. Соңында бір ұл, бір қызы қалды.
Айгүл Жүнісова (1954-1991 ж.ж.) тұрмысқа шығып, бірнеше балаға ана болған шағында жазылмас дертке шалдықты.
Сембай Құсайынов (1954-2005 ж.ж.) Ақсу (Ермак) ферроқорытпа зауытында бірнеше жылдар бойы жұмысшы болып істеді, әрі сырттай оқып, жоғары білімге, сосын лауазымды қызметке де қол жеткізді, сөйтіп абыройлы азамат, білікті кадр санатына қосылды. Ең өкініштісі, отбасындағы балалары ер жете бастаған шағында жол апатынан көз жұмды.
Енді өз тағдырыма тоқталайын, менің білім алу құқыма және баспасөз бостандығыма шектеу қойылды, «КГБ-нің қара тізімінде тұрған саяси сенімсіз адамның өлеңдерін газетке жариялау — саяси қателік» деген «уәж» айтылды. Жария емес жазалау мен қудалаудың өзге түрлерін де бастан өткердім. Кәмелетке толмай қара жұмыстар істеп, түрлі әлеуметтік топтардың тұрмыс-тіршілік қазанында қайнадым, солардың өмір салтымен ғұмыр сүруге дағдыландым. Орта мектепті әскер қатарынан оралған соң, сырттай оқып бітірдім. Еліміз тәуелсіздік алған жылы жоғары оқу орнына сырттай оқуға түсіп, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың филология факультетіне 40 жастан асқанда тамамдадым. Ақыры, үйреншікті қара жұмыспен қимай қоштасып, журналистика саласына келдім.
Коммунистік жүйе еңсемді қаншалық жаныштағанымен, сағым сынған жоқ. 1986 жылы Алматыдағы желтоқсаншылардың талап-тілегіне Павлодарда бір топ серігімен үн қосуға әрекеттендім, «Невада-Семей», «Азат» қозғалыстары, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымдарының негізін құраушы қоғамдық күштердің бел ортасында жүріп, Ертістің Кереку өңіріндегі ұлттық, жалпыхалықтық мүддеден туындаған саяси-қоғамдық оқиғалардың барлығына дерлік белсене қатыстым. Әлі де өңірдің саяси, мәдени, қоғамдық өміріне белсене араласудамын.
«Жас ұлан» оқиғасынан соң, Павлодардағы бір балабақшада қазақ тобы ашылды, кейін сол балалар мекемесі облыстағы «Ақбұлақ» атты тұңғыш қазақ балабақшасына айналды. Алдыңғы күрескер ағалары тәрізді жас ұландар да еліміздің бодандық дәуірінде ұлы Тәуелсіздікке ұмтылып, ұлттық санаға ой салды, отаршылдық саясатының қарқынын сәл де болса баяулатып, оған түзету енгізілуіне ықпал етті деген пікірдемін.

Түйін:

Тәуелсіздігіміз үшін жандарын пида етуге дайын болған жанкешті, батыр ұландарымыздың бұл ерліктері шынында да кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға лайық. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Үкіметіміздің арнайы қаулысымен осы ұландардың ерлік істерін бүкіл мектептерде насихаттап, ұрпағымыздың санасына сіңіруге тырысуымыз қажет. Отанын сүюге, тәрбиелеуге деген бұл таптырмас тірі құрал екендігінде сөз жоқ.

Ертай Айғалиұлы,
Нұржан Айғали


Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығын лайықты атап өтпесек, ұлтымызға сын!

$
0
0

улт азаттык1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне биыл 100 жыл толады. Осының қарсаңында тәуелсіз елімізде атаулы тақырып аясында әлі күнге тарих ғылымы саласындағы мамандарымыз ортасында бірде-бір рет ғылыми конференция ұйымдастырылмапты. Ең алғашқы өтілер конференция Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) тарапынан алдағы маусым айына жоспарланыпты. Әрине, ҚРҰҒА-ның тарих институтының директоры Хангелді Әбжанов мырзаға бұл үшін рақмет айту керек шығар. Өйткені мемлекет бюджетінен бұл тарихи оқиғаны өткізуге бір тиын да бөлінген жоқ. Осындайда тығырықтан жол іздеп, еліміздің тарих саласының марқасқасы Талас Омарбеков мырзаға барып жолыққан едік. Ол кісінің пікірінше, бұл мәселеге байланысты қоғамда қандай да бір қөзқарас әлі қалыптаспаса керек. Сол уақыттағы 3 миллионға жетпейтін қазақтың 100 мыңға жуығы қырылып, Ресейді 300 жыл билеп, іріп-шіріген Романовтар әулетінің тақтан тайдырылуына себепкер болған бұл көтеріліс, арада 100 өтсе де, қоғамда әлі нақты бір қөзқарасқа ие болмапты. Дегенмен, сол көтерілістің негізінде қайта орнаған қоғамға өзіндік үлесін қосқан Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 100 жылдық мерейтойын, еліміз ЮНЕСКО-дан ұялғанынан атап өтуге кейбір алғышарттар жасап жатыр. Ұлы Әлиханды ЮНЕСКО-ға танытқан ұлтжанды қазақ — Сұлтан Аққұлұлы бауырымызға алғыс айтамыз. Талас Омарбеков ағамыз “Ә.Бөкейханов басында, босқа қырылып қалмауды ойлап, көтеріліске қарсы болғанымен, 1926 жылғы қаламынан туған бір еңбегінде 1916 жылғы көтеріліс болмаса, мұндай нәтижеге жетпес едік” деп мойындағанын есіне алады. Кейбіреулердің пікірінше, Қазақстан мен Орта Азияны отарлау саясаты кезеңіндегі болып өткен қатыгездіктермен төгілген қанның өтеуін сұрау болып табылатын бұл көтерілістің зерттеліп, жарыққа шығуы ертең ұлттық кикілжіңдерге апарып соғуы мүмкін екен-мыс. Оның ар жағы Қазақстан — Ресей қарым-қатынасына тиер зияны болуы мүмкін деген баяғы жалпақшешейліктен әлі де арыла алмау бар. Турасын айтқанда, қалыптасқан құлдық сана. Иә, бұл тақырыпты ашу үшін, оның алдындағы болған, кемінде 100 жылдық тарихтың бүге-шүгесіне нақты зерттеу жүргізу керек екенін түсінген көптеген ғалымдар мұны ауырсынып, арқалауға батылдары бармаған. 100 емес, тіпті Алтын Орданың қылышы сынған 14 ғасырдан бастау керек. Арыдан бастамаса да, сол көтеріліс өткен 1916 жылдың айналасын-ақ қаузап, қырғыз ғалымдары екі-үш жыл бұрын іске кірісті. Көршілердің бұл тақырыпқа байланысты әр жоғары оқу орындарына, қалаларына бөліп-бөліп, апта сайын конференциялар өткізіп жатқанының куәсі болдық. Тәуелсіз дәуірімізде жүйелі түрде зерттелуі енді ғана қолға алынған бұл тақырыптың конференцияларсыз, дискуссияларсыз жете зерттелінуі, талқылануы мүмкін бе? 1916 жылы Түркістан аймағындағы 5 облыстың біреуі Жетісу облысының, Жаркент уезіндегі қазақтардан қырылған 40 мыңға жуық көтерілісшінің аруағын сыйлап, тек Алматы облысының бюджетінен, бұрынғы көтеріліс ошағы орналасқан, бүгінгі Райымбек ауданына азғантай қаржы бөлінетіні туралы қуанышты хабар бар. Ал сол кездегі Жетісу облысы аумағына кірген осы күнгі Балқаш, Қаратал, Ақсу, Сарқан, Жамбыл, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ ауданы аумағында құрбан болған бабаларымыздың жоғын жоқтайтын ұрпақ-тары қайда? Іздеушілері жоқ екен деп, ол жерлерді ұмытсақ, тірі жүрген басқалардың арына кір келмей ме? Өсіп келе жатқан саналы ұрпақ алдында не деп жауап береміз? Бұл тақырыпты нақты, жүйелі түрде зерттеп, бүгінгі білім саласының қазанына қайнатып, таза піскен жеміс күйінде мектеп оқушыларының бойына сіңірсек, болашақ саналы ұрпақ қалыптастырудың негізі қаланар еді. Сондықтан бөлінген осы азын-аулақ қаражатты тиімді пайдалану — басты міндет. Елімізде осы тақырып аясында еңбек сіңірген тарих саласы мамандарының маңдайларын тағы бір кезек терлетіп, 1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілісі аясында тереңдетілген зерттеу жұмыстарын жасатып алуымыз керек. Жетісу облысындағы көтерілістің өзге жерлердегі көтерілістерге қарағанда көптеген өзгешеліктері бар. Оқиғаның өткеніне 100 жыл өтсе де, салдары мен зардаптары жергілікті әлеуметтің мінез-құлықтарына кері әсері әлі де бар. Жалпыға бірдей болып көрінетін бұл көтеріліс сол кездегі Әулиеата, Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарынан гөрі, Жетісу облысының халқына алапат зардаптар әкелді. Ең көп зардап шеккен Жетісу облысы түгілі, жоғарыда аталған аймақтардың шығындары әлі күнге нақты есептелінген жоқ. Мысалы, Жетісу облысындағы көтерілістің нақты зерттелмеуі қоғамдағы түрлі әлеуметтік шиеленістерге әсер етіп отыр. Кеңес империясы кезінде ең көп шығынға ұшыраған Жетісу көтерілісі ешбір тарих оқулықтарында жазылған жоқ. Әрбірден кейін, өмір сүріп отырған қоғам өз тарихын білуі міндетті емес пе? Тарих білімінің маңыздылығы жөнінде неміс философы Эрнст Трёльч: «Тарихи білім беруді және тарихты білуді тоқтату — варварлыққа бастар жол», — деп көрсеткен болатын.
Осы көтерілістің әсерінен Ресейде екі бірдей билік ауысып, кейінгілері (большевиктер) өздерінің әрекеттерін ақтап алу мақсатында бұрынғыларын (Николай 2-ші, Уақытша үкімет) қоса жамандап, көптеген тарихи еңбектерді жарыққа шығарып кетіпті. Большевиктер үкіметі кезінде жарыққа шыққан И.Чеканинский, П.Галузо, Божко, Брайнин, Шафиро сияқты мамандардың еңбектері әлі маңыздылықтарын жойған жоқ. С.Асфендияров, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, Г.Сапарғалиевтардың осы тақырыпқа жазылған еңбектерінің мазмұндарынан көп мағлұмат алуға болады. Алайда бұл ғалымдардың ешқайсысы Жетісу көтерілісінің ішкі өзегін ашып көрсете алмаған. Жетісу көтерілісінің жойқын болуының себебі, ол жердегі халықтың, біріншіден, ынтымағында, екіншіден, пан-түріктік, Түркістан идеяларымен біте қайнасып жатуында еді. Сондықтан жазалаушы әскердің негізгі күштері де Жетісуға бағытталды. Жетісу көтерілісін басу үшін әскердің көп тартылғаны соншалық, Орта Азиядағы әскерге қосымша Орынбор, Саратов, Сібір облыстарынан әскер шақыртылыпты. Ал сол Жетісудың шын мәніндегі көтеріліс басшылары зерттелді ме? Азып-тозып арғы бетке — Құлжаға өткен мыңдаған аштарды жарты жыл бағып, 50 тиынға 1 қой сатып алатын уакыттарда, өз қалтасынан 35 мың сом ақша жұмсап, басқаларға үлгі бола білген Хасен қажы Мұсабаев сияқты “Атымтай” жомарттардың ұрпақтарын тауып, бабалары үшін алғыс айта алдық па?
Биылғы жылы тамыз айына белгіленіп отырған Райымбек ауданы Қарқара жайлауында өтетін еске алу шарасына қызу дайындық жүріп жатыр. Шартараптағы алаш баласына сауын айтылады.
1912 жылы Қырғыз жерінде 3000 үй тігіліп өткізілген Шабданның асын бес баласы-ақ атқарыпты.
1916 жылғы құрбандарды еске алу шарасына үлкендеріміз Жалайыр, Қаңлы, Бәйдібек тұқымы, Арғын, Найман, Қоңырат, Керей, Қыпшақ, Уақ, Тарақты, Қожа, Сунақ, 25 арыс Кіші жүздің ақсақалдары түгелдей қалмай намазға тұру — ата-бабалар аруағы алдындағы перзенттік парызымыз. «Өлі риза болмай, тірі байымайды».

Бақытжан Мергенбаев

Шыңғыс хан Қытайға қай тұстан енген?

$
0
0

Развитие этой кочевой аристократии с ее обученной гвардией обеспечивало военную силу, способную к длительной агрессии, которую обипечивал фуражом легион вассалов, пастухов и их пастбища. На этом этапе ударная сила кипчаков (ныне казахов) становилось более эффективной также благодаря изготовлению инструментов и оружия из железа.
Хилда Хукхэм.
(«Властелин семи созвездий»)

Шыңғыс ханның Ұлы Қытайды шабарда (1211 және 1215 жылдар) жолында Жоңғар еліне соғып, оларды өз сарбаздарына қосып алғаны белгілі. Орыстың Географиялық қоғамының құжаттарына қарасақ, жоңғарлар ол кезде Алтайдың бергі беті мен Тарбағатай тауының бауырын, Жетісу жері, сонымен қатар Ыстықкөлдің солтүстік жағалауын алып жатқан екен. 001
Ұлы хан сақтар мен ғұндардан қорғану үшін салынған Қытай қабырғаларынан асып түспеген, қазіргі Үржар ауданының аумағында Қытай шекарасына жақын орналасқан бір жарым шақырымға созылатын «Шыңғыс хан сайы» деп аталып кеткен сайға бір түнеп, ертеңіне ары асып түсіп, ойламаған тұстан соғыс ашқан. Аралап жүрсең, сайда оттың жалынына қарайған тастар, ойық-ойық ошақтар өте көп.
Білетін боларсыздар, Қытайдың Шыңғыс хан туралы көп сериалды фильмінде аспан асты елін шабуға бара жатып, жолында жоңғарларды қосып алатын көрініс бар. Бұл оқиға Ұлы Қағанға арналған барлық кітаптарда да осылай жазылған.
Шыңғыс ханды ақ киізге отырғызып, хан көтеріп таққа отырғызған аумақ — Семей өңіріндегі Шыңғыс тауы. Бұл тау осы рәсімге байланысты аталғаны шындық десек, қателесе қоймаспыз. Әрі осы тауда Хан деп аталатын шың да бар. Қыпшақ — қазақтар мен жоңғарлар бір-бірімен қатар жатқан, қыз алысып, қыз беріскен, көбіне бір-бірінің малын барымталап, қырғи-қабақ ел болған. Дегенмен, қыпшақ-қазақтар жоңғарға қарағанда әлдеқайда саны көп, ұйымшыл, соғысқұмар жұрт еді.
Шыңғыс ханға арналған кітаптарда кездесетін Керулен (немесе Кері өзен, тіпті Терісаққан дейін), Бұрхан — Қалдун таулары Жетісу аймағында бар. Сондай-ақ, суы терең әрі жалпақ Көлденең өзені (Керулен өзеніне аты ұқсас) Үржар өңірінде орналасқан.
Орыстың атақты зерттеушісі, академик В.Федотовтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» деген зерттеу кітабында Шыңғыс ханнан бастап, оның айналасындағы тайпалар мен рулардың түгелі қыпшақ-қазақтар екенін ашып берді. Испандық жылнамашы әрі елші Клавихода өз еңбегінде осылай деп жазып кеткен. Атақты америкалық ғалым Хилда Хукхэм де осы тұжырымда болған.
Ал енді Шыңғыс хан Алтайдың арғы бетіндегі сол кездегі саны өте аз, қалт-құлт етіп тіршілік кешіп жатқан халхалық буряттарға қалай кетіп қалған? Соған келейік.
Патшалық Ресейдің соңғы Премьер-министрі А.Ф.Керенский (Александр Федорович Керенский — Министр-председатель Всероссийского Временного Правительства) өзінің күнделік дәптеріне («Серая тетрадь Керенского». Кейін кітапша болып шыққан) былай деп жазыпты (37 бет): «Сегодня я выступал в Госдуме перед депутатами, по вопросам не хватки продуктов питания, народом проживающих в России. По этому поводу было много вопросов, в мою сторону. Особенно, депутат Инокентий Дьяков, в повышенном тоне сказал: «Когда нашему русскому народу не хватает продуктов, другие проживающие на нашем земле пьют и едят».
«Зачем кормить другие нации, проживающие на нашей земле, особенно кайсаков (қазақтар), когда наш русский народ голодает».
Некоторые депутаты выкрикивали «Нужно уничтожить этих кайсаков!» Они наследники Чингис хана и Бату хана, если не покончить с ними сейчас, потом будет очень поздно»
Тогда я растеренно ответил им: «Эти суровые ханы выходцы из Халкинских бурятов, каторые проживают за Алтайскими горами».
При выходе из Госдумы, мне пришла мысль о том, смог ли я уберечь своими неожиданными словами кайсакский народ, от коварных намерений злых людей.
Но в душе я знал, от рассказов Мустафы (Шоқай) что эти великие ханы, были его земляками, так сказать его предками».
Сонымен, әлемді күркіреткен ұлы хандар және оның ұрпақтары бір ұсақ этносқа кетіп қалды. Олар өмірінде хандық немесе мемлекет құрып үйренбеген әлсіз, әлжуаз жұрт болатын. Ресей Мемлекеттік Думасының хатшылары сол күнгі құжатты осылай толтырды. Бұл 1917 жылдың тамыз айы болатын.
Кезінде Қытайды мың қол болып жиналып, топтасып шапқан қыпшақтар (қазақтар) халхалық буряттар немесе моңғол болып шыға келді. Қол жинау, мың қол болу — бұл тек қазақтың сөзі. Сонда халхалық буряттардың моңғол аталуына 99 жыл болған екен. Әрине, бұған дейін де Қытай жұрты Теміршынды Тимучин, мың қол қыпшақты «Минкол», Еуропа мен орыстар «Мангол» деп жазып тарихта қалдырды.
Ал енді ұлы ата-бабаларымызды, олардың құрып кеткен әлемдік империяларын (Алтын Ордамен қосып) қайтарып алудың жолын іздестіруіміз керек. Ол үшін жалтақтамай, шошымай, аудан, қалаларымызға, даңғылдарымызға, жоғары оқу орындарына солардың атын беріп, ескерткіштерін тұрғызғанымыз абзал.
Енді «Моңғолдың құпиясына» келейік. Бұл жазбада тек Шыңғыс ханның өзі мен оның үрім-бұтақтары, соғыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен стратегиялық жоспарлары жазылған. Мұны «Моңғолдың құпиясы» дегеннен гөрі «Мыңқолдың құпиясы» дегеніміз абзал. Негізінде, о баста атау солай болған. Жазбада көбінесе соғыс жүргізудің тың әрі түрлі әрекеттері сондай-ақ, айласы талданған.
Орыс және Қытай билігіне жалтақтауды, үрейленуді, қорқуды тыюымыз қажет.
Әр халық өзі жасаған ұлы тарихының шын екендігін айта алса, бұл Алланың қолдауы деп түсінуі керек. Шындықты жазу көрінгеннің қолынан келе бермейді, тек Алланың демеуімен болмаса.

Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі

Майданда шыңдалған сарбаз

$
0
0

Соғыс ардагері Балтабай Қазиұлы 90 жаста

Бала боп қызық көрмеген…

Балтабай Қазиұлы 1925 жылы қазан айында бұрынғы Торғай облысы, Аманкелді ауданының Қайғы (қазіргі Науырзым ауданы) жерінде дүниеге келген. Темірдің үшінші ұлы Қазидан тарайды. Қази арабша сауаты бар, дін жолын ұстанған адам болыпты. Замандастары оның бес уақыт намаз бен оразаны қаза қылмай өткенін айтып отырады екен. Дін тарихын жете білетін, құранның барлық сүрелерін жатқа айтатыны ел аузында.
Бүгінгі мерейтой иесі жастайынан аштық пен жетімдіктің кермегін бір кісідей-ақ тартқан жан. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары болған нәубет отбасыға оңай болған жоқ. Балтабай он жасқа келмей анасы Бижаннан айырылды. Дегенмен әкесі Қази балаларын жетімсіретпей, өзі бағып-қағуды мойнына алады. Кейіпкеріміз осындай қысылтаяң шақта 11 жасқа келіп, мектепке бір-ақ барған екен. Ауылдан бес-алты шақырым жерден қатынап білім алған бала Балтабай зеректігімен көзге түсіпті.Балтабай--азиев-2
— 1941 жылы соғыс басталды. Бұл еңсемізді енді жиып келе жатқан бізге өте ауыр болды. Атамыз Темірдің әулетінен төрт азамат майданға аттанды. Өңкей бала-шаға, әйел адамдар қалдық. Мен жаспын. Арттағы қалғандарға қолғабыс ету үшін оқуды тастап, ауылға келуге мәжбүр болдым. Темір әулеті жиналып, Қызбелдегі екі бөлмелі үйде 12 адам тұрдық. Әкем қақпан құрып, аң аулайды. Олардың терілерін илеп, соны азын-аулақ тиын-тебенге сатып, үлкен әулетті асырады. Соғысқа кеткен інілерінің аман-есен оралуын ғана тілеген әкем тыным тапқан жоқ, — дейді сол бір өксігі толы балалық шағын есіне алған Балтабай ақсақал.

Жігіттің жігіттігі майданда сыналады

1943 жылдың жазында жасы он сегізге де толмаған Балтабай әскерге алыныпты. Алғашында Челябі облысының Шұбаркөл жеріндегі 13-полкы сапында екі айлық оқу-жаттығудан өтеді. Сол ұрыс даласына даярлық кезінің өзінде әлсіреп, аштан өлгендер аз болмаған. Осындайда «өлместің суын ішкен» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бір жағы қазақ деген батырдың ұрпағы емеспіз бе, жауынгер Балтабай орысша білмесе де, сол бір майдандағы өмірге бергісіз қатал күндерде аман қалған екен.
Оқу-жаттығудан кейін Шұбаркөлден шыққан әскер Екінші Украина майданындағы 68-ші гвардиялық дивизияның 20-шы атқыштар полкына қосылады. Қарт майдангер адамның өмірі мен өлімін санаулы секундтарда шешетін сол бір ауыр да азапты күндерді ұмытқан емес.
— Мен қатардағы автоматшы жауынгермін. Алғашқы шабуылға кірген шайқаста взводта үш-ақ адам қалған екенбіз. Міне, осындай қауіпті кездер аз болған жоқ. Бастапқыда Дарницы қаласын, Букрин және Лютех плацдармын жаудан босатып, артынан Киевті босату үшін болған ұрысқа қатыстық. 1943 жылдың қараша айында құрамында өзім жүрген Кеңес әскері Украина астанасынан фашистің 15 дивизиясын қуып шықтық.
Балтабай Қазиұлы осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденін кеудесіне тақты. Кейін Житомир, Дрогобыч, Львов, Моршин қалаларын жаудан тазарту ұрыстарынан соң екінші мәрте «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. «Отан соғысы», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарын төсіне қадады.
Кейіпкеріміздің соғыстағы тағы бір ерлігі — суға батып кете жаздаған 50 адамды құтқарып қалғандығы. 1943 жылы Сталин 7 қараша күні қалайда Киевті жау қолынан босату туралы бұйрық береді. Тапсырманы орындау үшін Кеңес әскері ені жалпақ Днепр дариядан өтуге мәжбүр болады. Көп сарбаз ағаш дөңбектерден сал жасап, судан өтіп жатқан кезде немістер оқ жаудырып, содан қорғанамыз деген 50 адам бөренелердің астында қалып қойыпты. Міне, сол жауынгерлерді біздің кейіпкеріміз құтқарып қалады.
1944 жылдың 4 ақпаны күні жаумен кескілескен ұрыстардың бірінде жауынгер Балтабай ауыр жараланыпты. Қатарынан екі оқ тиген, денесіне сынық-жарықшақтар кірген. Тіпті, иегіне кірген сынықтан сөйлеуге мұршасы келмей, жамбасын оқ тесіп өткен екен. Екі қолы жансызданып, сол ауырсынған күйі есінен танып, бірнеше күн жатыпты. Көрер жарығы бар деген осы шығар, комиссия жаралы сарбаздарды тексеруге келгенде қазақ жауынгерінің кірпігінің қимылдап жатқанын байқап қалады. Бір айдан астам тек сұйықтықпен қоректенген Балтабай Қазиұлы ұзақ уақыт Львов, Дрогобыч, Киев, Житомир, Майкоп, Краснодар, Кисловодск қалаларының госпитальдарында жатып емделеді. Шалқалап жату немесе қозғалу да мұң — арқасы, белі жарадан әлі айықпаған.

Артыңда ұмытылмас ісің қалсын

Арада сегіз ай өткенде ғана басын көтерген майдангер тоғызыншы ай дегенде арнайы тіреуіштердің көмегімен қозғала бастапты. Екі жыл үш ай бойы адам төзгісіз ауруды басынан өткерген ол госпитальдан сұранып, екінші топтағы мүгедек болып ауылға оралады. Бұл жақта да жағдай мәз емес. Тамақ, киім деген жоқ, титықтап отырған ел. Сонда да ешкімге арқа сүйеместен, Меңдіқараның орталығына келіп, сондағы училищеге хатшы болып жұмысқа қабылданады. Осы арада бала кездегі үзіліп қалған оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Айтпақшы, денеде қалып қойған снаряд сынығы кейіпкеріміздің жүріп-тұруын қиындата берген соң, Челябі қаласына барып, ота жасатыпты. Денеден ұзындығы 2 сантиметр жарықшақ алынған екен.
1947-1950 жылдары Қостанай ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша тамамдап шыққан майдангер алғашқы еңбек жолын бұрынғы Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданынан бастағанын айтады. Жұмысын мінсіз атқарып, үкіметтің жоспарлаған тапсырмаларын мүлтіксіз орындаған жас маманды аудан басшылары сол кезде экономикасы артта қалған «Коммунизм» ұжымшарына төраға етіп тағайындапты. Балтабай Қазиұлына дейін бірнеше басқарма сотталып кеткен екен. Намысқа тырысқан жас маман айналдырған бір-екі жылда колхозды ауданда озат етіп сүйреп шығарады.
1953 жылы Алматыда өткен ауылшаруашылық озаттарының республикалық кеңесіне қатысып, мол тәжірибе жинақтады. Ал 1954 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінде «Алтын медаль» иегері болғанын зор мақтаныш санайды. 1965 жылдан зейнетке шыққанша Қамысты, Әулиекөл, Қарасу аудандарында түрлі қызметтерді атқарды. 2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерін, Ұлы Отан соғысының мерейтойлық орден-медальдарын кеудесіне таққан.
Қызметін енді бастаған жылдары Алматы зооветеринарлық институтын оқып алғанын айта кеткен жөн. Жұмысына тиянақты, әбден берілген Балтабай 1951 жылы Бәтима есімді бойжеткенмен шаңырақ көтереді. Төрт қыз бен бір ұл сүйген отбасының қуанышы ұзаққа бармады — алпысыншы жылдардың ортасында Бәтима анамыз науқастан көз жұмды. Елге оралып, «Бестау» кеңшарында бас зоотехник болып жүріп, Зағиша есімді қызға үйленген екен. Қазір осы апамызбен елу жыл отасып, бала-шаға, немере-шөбере сүйіп отыр.

«Тектіден текті туады, тектілік тұқымын қуады»

Балтабай ақсақал облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Алланың қалауымен 2008 жылы Мекке-Мәдинаның топырағын басып, қажылық парызын өтеп келді. Ал 2013 жылы «Құрметті қажы» атағына ие болып, алтын төсбелгі тақты. Жоғарыда әкесі Қазидың діни сауаты бар адам болғанын айтып өттік. Арада жетпіс жыл өткеннен кейін баласының қасиетті сапарға барып келуі де тегін болмаса керек.
Бүгінде қажы атаның көптеген игі бастамаларға себепкер болғанын ел біледі. 2002 жылы Науырзым өлкесінде атақты Мұстафа Хазіреттің 190 жылдығы мен Тышқан батыр Өтемісұлының 165 жылдық мерейтойлары кеңінен аталып, даңқты тұлғаларға арналып ас берілген болатын. Зәулім кесене салынып, осы шараны ұйымдастыруда Балтабай ақсақалдың еңбегі зор бағаланды. Бұдан бөлек, мерейтой иесі туған ауылының бүгінгі жай-күйіне бей-жай қарамай, аймақ басшыларына Қайғы елді мекенінің сақталып қалуын, ол жерге көмек-жәрдемдердің қажет екендігін сұрап, талай хат-арыздар жазды.
Қарт жауынгер биылғы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тік жүріп қарсы алатын денсаулығы бар. Әлі тың. Денсаулығының арқасында кейінгі жылдары «Өнегелі ғұмыр», «Орындалған арман» деген атаулармен кітаптар жазып шықты. Ол кітаптарда өмірден көрген-түйгендері жайында біраз мәліметтер топтастырылған. Өзінің ата-тегі, өмірбаяны, өңірдегі игі жақсы жандар жайында кеңінен толғаған. Елге танымал азаматтардың өзі туралы жазылған естеліктері, өлеңдері, арнаулары да бар. Тасқа жазылған бұл өнегелі сөздер кейінгі ұрпаққа қалдырған мұра болып сақталып қалмақ.
Ал биыл Балтабай ақсақалдың «90-ға ризамын» деген атаумен тағы бір кітабы жарық көрді. Қарт майдангер бұл еңбегінде өткен күндерден естеліктер қалдырған екен. 50 жастан бастап, 60, 70, 80, өткен күздегі 90 жасқа толған мерейтойларынан есте қаларлық оқиғаларды қамтыпты. Өмірден көрген-түйгендері мен әр халықтың даналық ойларын, адамның жасы мен денсаулығына қатысты біраз білгендерін тізіп жазған. Әр жылдары баспасөз беттеріне шыққан мақалаларын да топтастырыпты.
Үрім-бұтағы, замандас қауымы, ауылдас ағайыны, елдің азаматтары қарт майдангердің бұдан кейін де талай жыл игі істерге бас болып, ақыл-кеңесін беріп жүретініне сенеді. Соны тілейді.

Қыдырбек Қиысханұлы

Ескерілмеген ерліктер, еленбеген ерлер: ҚИСЫМНЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҒЫ

$
0
0

(Ұлы Отан соғысында елдің, ұрпақтардың болашағы үшін өзін саналы түрде құрбан еткен атыраулық қаһарман Қисым Мырзағалиевтің ерлігі хақында)

2010 жылдың қараша айының басында облыстық мұрағатқа алыстан хат келіп түсті. Оны шығысқазақстандық Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты Кітапбаев Бошай аға жазған екен. Енді хатты оқып көрелік: «Атырау (бұрынғы Гурьев) облыстық мұрағаттар департаментінің директоры Әжіғалиева Рабиғаға!01 copy
Қымбатты қарындасымыз Рабиға! Мен Кітапбаев Бошай деген соғыстың, еңбектің қарт ардагерімін, жасым қазір 87-де, 66 жыл болды бір аяқсыз — протезбен жүремін. Ақтөбе қаласында қалыптасып, дайындалған қазақтың 101-бригадасында болып, соғысқа барғанбыз. Минометный дивизионда политрук-комиссар Мырзағалиев Қисым деген ақылды, парасатты (сіздердің Бақсай ауданының тумасы) ағаларыңыздың тәрбие-қамқорлығында болғанбыз… Ақын, халық жазушысы Әлімбаев Мұзафар комиссар Қисым ағаға замполит болып жүріп, политрук болып қалыптасқан.
Сол Қисым аға бір жыл соғысқаннан кейін Москваға военно-политическая академияға оқуға барам деп, майдандағы бізден кетіп еді. Облыстық партия комитеттерінің көп жылдар І-ІІ-ІІІ хатшылары болған Жармұхамедов пен Жарқынбековтермен соғыстан кейін 4-5 рет кездесіп, құшақтасқанымызда Қисым аға туралы жүректен қан жылатып хабарлар айтып еді. Ол мынадай:
Соғыста «Катюша» деген өте күшті құрал болған. Оның құпиясын да, өзін де немістер қолдарына түсіре алмай, арманда кеткен… Сол «Катюша» қарулы дивизионына Қисым аға саяси басшы болып, соғыстың соңғы жылдарында қайта майданға оралыпты. Қиян-кескі қырғын соғыстың бір тұсында «Катюша» дивизионы қоршауға түсіп, жау қолына түсерлік қауіп туыпты. «Катюшаның» өзін де, ондағы тірі (оның тетігін, сырын білетін) жанды да жау қолына түсірмеу Қисым аға басқарған дивизионның Отан алдындағы серті-анты екен. Дивизионның техникасы да, жауынгер жандары да жарылысқа беріліп, асқан ерлік жасап, қаза тауыпты.
Қисым ағамыз Советтер Одағының Батыры атағына ұсынылған екен. Осы қағиданы Мұхатай Жармұхамедов (Жамбыл обл. партия комитетінің І хатшысы) пен Жарқынбеков Қаржаубек (Шымкент, Қызылорда обкомдарында хатшы болған) іні-достарының кездескенде көздеріне жас алып айтқаны әлі есімде. Құдайға анық!»
Осы бір абзал ағамыз хатпен бірге халық жазушысы М.Әлімбаевтың «Алматы ақшамында» жарияланған «Тарихи тарлан» атты өлеңін де жолдапты. Ақын аға былай дейді:
…Бір күні «Катюшаны» жау қоршаған,
Атойлап шартараптан қаншама адам.
Экипаж дереу, шұғыл мина жарып,
Жауды да, жан достарды боршалаған.

Тарихта аты қалды Қисымдардың,
Сүйсінді адай, жаппас, үйсін, арғын.
Ұрпақтар аңыз қылып айта жүрсін,
Кітап арнап, жыр жазып, күй шығарған.
Сөз жоқ, тамаша хабар берген хат екен. Оны менің құрдасым, облыстық мұрағаттың сол кездегі директоры мұрағаттың жиі қонағы ретінде қатынасып жүрген менен бір күні осы жәйттегі кісіні білетін-білмейтінімді сұрады. Ал біз Қисым Мырзағалиевті (1916-1944) білетін бе едік? Иә, білетін едік. Мен 2005 жылы өзім 1970 жылдан бері жинақтап келе жатқан Кіші жүздегі Таз руының шежіресіне орай атыраулық қарындасым (Қисекеңнің қарындасы) Жұмасұлу Нығметтен алғаш рет дерек алған болатынмын, оның Бақсай аудандық және Атырау облыстық комсомол комитеттерінде хатшы болғандығы, Ұлы Отан соғысына аттанып, хабарсыз кеткендігі туралы «Тастүлек. Байсары атасы» атты 2006 жылғы шежіре кітабымда, 2009 жылы жарық көрген «Ақиық-арман» екі томдығының бірінші томында жазған едім, ал екінші томда шағын ғұмырнамасын жария еттім. Қисым ағадан туған жалғыз ұл Камал Мырзағалиев ұзақ жылдар бойы «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамында жұмыс жасап, зейнеткерлікке қалған-ды, бүгінде өзі де, орыс зайыбы да дүниеден озып кетті. Атырау қаласында олардың қызы тұрады, балалы-шағалы.
Бошай ағаның өтінішіне байланысты Қисым ағаның облыстық партиялық мұрағаттағы жеке ісі табылды, ол деректер ағаның абзал досына жолданды да. Біз бұлардан батыр ағаның соғыстан бұрын Семейдегі жұмысшылар факультеті мен Алматыдағы партия-кеңес мектебін тамамдағандығы, бір жылдары облыстық атқару комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болғандығы жайлы қо-сымша деректерге қанықтық. Ал атыраулық «Боздақтар» кітабының екінші томындағы 116-бетте мынадай жазбалар бар екен: «Мырзағалиев Қасым Жұмағазиұлы, капитан. 1914 ж. туған. Әскерге Атырау ҚӘК арқылы шақырылған. 1944 ж. 5 ақпанда майданда қаза болған. Витебск обл., Городок ауд., қалалық зираттың батыс жағындағы 43-қабірге жерленген».
Кітапта «Қасым» деп жазылса да, біз іздеген қаһарман осы болар деп ойлаймыз, себебі оған «Жұмағази» есімі жақындата түскендей, бұл — дұрысындағы «Жұмағазы» — Қисымның әкесі Ахметтің екінші інісі («Ақиық-арман», Бірінші том, 114-бет). Мүмкін, Қисымды Жұмағазының бауырына салған болар ағайындары.
Мұрағаттың хабарына риза болған Бошай ағамыз сол 2010 жылы республикалық «Қазақ» газетінде арыс ағамыз туралы арнайы мақала жариялапты. Біз Бошекеңе қатты разы болдық.
Сонымен, Қисым ағаның қандай ерлікпен қаза болғандығы анықталды. Ол сол өз өмірін қиған, жауға сыр бермеген, сөйтіп, талай мыңдарды мезгілсіз ажалдан, қыршын өлімнен сақтап қалған азаматтығы үшін бірге опат болған жолдастарымен бірге «Кеңес Одағының Батыры» құрметті атағына ұсынылған да екен. Әттең, ол мүмкін болғанда, атыраулық оныншы батыр қалыптасатын еді-ау! Тағы да баяғыша талай-талай тарлан қазақтарымыздың жолын кескен ұлы державалық шовинизм оны болдыртпай тастапты. Осы ретте біз қаһарманымызды атаусыз қалдырмауды, ерлігін қастерлеуді ұсынар едік: осындай елеусіз қалған көп сарбаздармен бірге жерлесіміз Қисым Мырзағалиевқа да «Халық қаһарманы» атағын беруді жоғары органдардан сұрайық. Отаны үшін өзін отқа орағандардың аруақтары риза болсыншы!!!

Аманғали Әміржанұлы,
ҚР Мәдениет қайраткері, Атырау қаласы

Ескерілмеген ерліктер, еленбеген ерлер: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ АДМИРАЛЫ

$
0
0

02 copyҚазақстанның тұңғыш адмиралы Лев Анатольевич Владимирскийдің (1903-1973) кіндік қаны 1903 жылы Жылойдың Рәкөшінде — балықшылардың кентінде тамған. Мұны бұдан былай дұрыс ескеріп жүрсек, игілікті іс болар еді.

«Владимирский — үздік теңізші»

Жастық шағын Орынборда өткізген Владимирский есейген соң Кеңес өкіметіне қызмет етті. Орта Азиялық университеттің әскери факультетіне түскен соң, Орта Азиядағы басмашылармен күресті, осы кезде өзінің туған жері атауының құрметіне орай атаған «Жайық» деген жауынгерлік аты болды. Басмашыларды жеңген соң курсанттарға елдің әртүрлі әскери училищелерінде оқуға ұсыныстар жасалынды. Әскери теңізші болуды біржола қалап алған Лев 1922 жылы қолбасшылық құрамның Петроградтағы әскери-теңіз училищесіне оқуға түседі. Оны сәтті аяқтаған жас қызыл командирді 1925 жылы Севастополь қаласына қызметке жібереді. Владимирский «Лейтенант Шмидт» миноносецінің вахталық бастығы болып жұмыс жасай бастады.

Теңіздің төл түлегі теңізге қарап өседі

Бір жылдан соң үздік маман болып танылған жас жігітті «Червона Украина» крейсері капитанының аға көмекшісі етіп ауыстырады. Осы уақыттан бастап Лев Н.Г.Кузнецовпен бірге қоян-қолтық қызмет етеді.
1927 ж. ол «Шаумян» эсминецінің аға зеңбірекшісі, кейін капитанның аға көмекшісі болады, осы кемеде жүріп 1928 ж. өзінің тұңғыш шетелдік жорығын жүзеге асырады — Түркияға барады. Мәрмәр теңізінде өткен желкенді қайықтардың жарысында Лев басқарған шлюпка жеңіске жетеді. Бұл үшін оған Ауғанстан патшайымының жүлдесі — күміс кубок тапсырылады. 30-жылдары жерлесіміз Владимирский қаратеңіздік кемелер жасағының құрамында Италия мен Грекияда болады. Екі жылдан соң озат теңізшіні кеңестік күзет кемелерінің жаңа тұрпаттысы — «Шквал» кемесінің командирі етіп тағайындайды. Ал 1933 ж. ол тағы да өзінің үздіктігін сөзсіз дәлелдейді: Севастопольде болған кемелер байқауының қорытындысына қаратеңіздік күштердің бастығы И.К. Кожанов оны — жалғыз ғана жеңімпазды құттықтап тұрып: «Рақмет, командир!» — деді де, Владимирскийдің қолын қысты. Тәжірибелі командирге 1935 ж. «Петровский» эсминецін басқаруды тапсырады, ал екі жылдан соң Лев Қара теңіздегі эсминецтердің бірінші көшбасшысы — «Харьковтің» командиріне айналады. Мұндай сенімді және сыннан өткен капитанға 1938 ж. өте маңызды тапсырма жүктеледі: Владимирский Испан республикасына қару-жарақ жеткізеді. Соғыс қарсаңында оған үлкен үміт танытылып, Қара теңіз флотының эскадрасын басқаруға жіберіледі, бұл жерде ерекше айтатын мәселе бар: бұл жылдары мұндай тұрпатты эскадра бүкіл кеңестік флотта екеу ғана болатын: біреуі Қара теңізде, екіншісі Балтикада еді.

Отты жылдардың от-жалынында шыныққан

Бұған дейін және кейін болған әлемдегі соғыстардың ең зұлматтысы — 1941-1945 жылдардағы соғыс басталғанда біздің жерлесіміз контр-адмирал шенінде қызмет етіп жүрген-тін. Алапат уақытта, жинақтап айтқанда, Лев Анатольевич Қара теңіздегі және Балтық теңізіндегі эскадраларды, Қара теңіз флотын басқарды. Севастополь, Одесса, Керчь қалаларын қорғауда көзге ерекше түсті. Одессадан кеңестік әскерлерді көшіру операциясын табысты өткізгені үшін ол Қызыл Ту орденімен марапатталады.
Қазақстанның тұңғыш адмиралы сонымен бірге теңіздік Новороссийск-Тамань шабуылдау, Керчь-Эльтиген десант операцияларын жүзеге асыруға белсене қатынасты. 1941-1942 жж. Керчь-Феодоссия операциясында жағалауға түсірілген отряд кемелерін шеберлікпен басқарды. Әскери-теңіз өнері тарихында бірінші болып 1943 жылғы Новороссийск-Тамань шабуылдау операциясы барысында жағалаудағы бекіністерді жою үшін торпеданы қолданды.

Қара теңіз флотының қолбасшысы

Л.А.Владимирский 1943 ж. 24 сәуірінен 1944 ж. 10 наурызына дейін Ұлы Жеңіске осы флот-тың қолбасшысы ретінде де өзіндік қомақты үлесін қосты. Соғыстың осы кезеңі біздің қаһарманымыздың ғұмырнамасындағы ең даңқты беттер болып табылады. Аталмыш уақытта дұшпанның коммуникациясы бойынша жасалынған соққылар едәуір артты, жаудың шығыны тоннамен есептегенде төрт есеге көбейді. Вице-адмирал флот авиациясының, сүңгуір қайықтары мен жеңіл күштерінің біріккен соққыларын шеберлікпен қолдануды мүмкін етті. Оның басшылығымен қаратеңіздіктер шабуылдау мен десант операцияларын күшейтті.
Владимирский бір жыл ішінде қыруар жұмыстарды атқарды, Азовтық әскери флотилиямен бірге сегіз тактикалық және үш оперативтік десантты дайындап, ұйымдастырды, бұлар өз кезегінде Керчь түбегінде плацдарм жасауда, Азов теңізінің сол жағалауын, Тамань түбегін және Таганрог, Сариуполь, Темрюк, Тамань қалаларын азат етуді жеңілдетуде үлкен рөл атқарды. 1943 жылдың 11 айы ішінде кавказдық айлақтар арасында 330 мыңға жуық жауынгерлер мен ширек миллион тонна әскери және басқа жүк тасымалданды. Оның кемелері әскер мен жүк тиелген көліктерді күзетіп жүру үшін 4,4 мыңға жуық жорықтар ұйымдастырыпты. 1943 ж. сүңгуір қайықтар 139 рет жауынгерлік жорықтарға шығып, жаудың жалпы сыйымдылығы 67 мың тонна болатын 26 көлігін суға батырды, флот авиациясы белсенді әрекет етті.
Флоттың қолбасшысы 1944 жылы да табыспен шайқасты, Қырымды азат ету шабуылына дайындалды. Бұл тұста оның қарамағында 429 жаңа тұрпатты ұшақ болатын. Алайда оны 1944 ж. наурызда аяқ астынан Балтық флотына аударып жібереді.

Балтық үшін күресті

Соғыстың соңғы екі жылында Лев Анатольевич эскадраға басшылық жасай жүріп, Балтық флотында басқыншы жауға қарсы шайқасты. «Эскадра» деп кеңестік әскери-теңіз флотында белгілі бір аумақта — теңіздік (мұхиттық) соғыстық қимылдар аймағында әрекет етуге арналған суүсті кемелерінің оперативтік-тактикалық құрамасын айтатын. 1944 жылдың қыркүйегіне дейін бүкіл КСРО-да екеу-ақ болған (үшінші болып Солтүстік эскадрасы қосылды) мұндай әскери топтың екіншісінде — Балтық флоты эскадрасында екі линкор, жеті эсминец, алты күзеттік кемелер бар еді («Великая Отечественная война. 1941-1945».Энциклопедия. М.,1985 г., с.819). Біздің қаһарманымыздың қолбасшылық дарыны мұнда да ерекше көрінді және бұл ретте лайықты бағаланды. 1944 жылдың маусымының аяғында Карель мойнағында жауды талқандауға қатынасқаны үшін ол КСРО-ның екінші дәрежелі Ушаков орденімен марапатталды. Атақты теңізші жеңісті Фин шығанағында қарсы алды.

Әскери-ғалым

Соғыстан соң да (1946-1959 жылдары) жерлесіміз КСРО Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері жөніндегі Бас инспекторының орынбасары, Әскери-теңіз флотының Жауынгерлік дайындық жөніндегі Бас басқармасының бастығы, Әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының кеме құрылысы жөніндегі орынбасары лауазымдарында жүріп, КСРО флотының дамуына үлкен үлес қосты. 1954 ж. ол адмирал шенін алды.
Лев Анатольевичтің бұдан кейінгі тағдыры ғылыми және оқытушылық жұмыспен ұштасты. 1956 ж. Теңіздік ғылыми-техникалық комитеттің төрағасы болды, оны 1959 ж. Әскери-теңіз академиясы бастығының орынбасары етіп тағайындайды. 1968-1970 жылдары мұхиттарды зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған теңіздік экспедицияларға басшылық етті, бұл бағдарламалар да табыспен аяқталды. Осы еңбектерінің нәтижесінде адмирал 1970 ж. ғылыми диссертация қорғап, әскери ғылымдардың кандидаты атанды. Ленин ордені оған соғыстан соңғы еңбектері үшін берілген болатын. Абзал азамат 1970 жылдан бастап құрметті еңбек демалысында болды. Оның туған жерін де ұмытпай келіп тұрғандығына Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақталып отырған жекелеген суреттер куә болғандай. Даңқты қолбасшы 1973 жылғы 7 қыркүйекте өмірден озды.

Аманғали Әміржанұлы,
ҚР Мәдениет қайраткері, Атырау қаласы

Ескерілмеген ерліктер, еленбеген ерлер: ҰЛАНЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДА ҰЛЫЛЫҚ

$
0
0

Қазақтың қаһармандығы қай қырғында да қалмаған!

Аты исі қазаққа мәшһүр болған ғалым Манаш Қозыбаев ағамыздың Ілияс Қозыбаевпен бірігіп жазған, жалпы білім беретін орта мектептің 10-сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында мынадай жолдар бар: «…ал Орал өңірінің жас офицерлері К.Мәденов пен Р.Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушасының төбесіне тікті…» (Алматы, 1993, 203-бет).

Томағасын сыпырған тастүлек

Рақметолла Естебайұлы Қараманов 1909 жылы есімі Жем-Атырау өңіріне кеңінен таныс болған белгілі би, атақты Дәден бидің шәкірті, Мәтжан сынды билердің замандасы Естебай би Елемесұлының жанұясында, қасиетті Жылой жерінде дүниеге келді. Оның туған жерін ескіше «Жем-Атырау болысындағы 13-ші ауыл” деп атаушы еді. Рақметолла 1923-1929 жылдары сонау Ойылдағы мектепте оқып, алты сынып көлемінде білім алып шығады. Жас жігіт өзінің еңбек жолын осы 1929 жылы бастауыш мектептің мұғалімі болып бастады. Аталмыш жұмыста 1931 жылға дейін болған ол сонымен бірге үлкендердің арасында сауатсыздықты жою ісіне де үлкен үлес қосты. Бұдан кейін Рақметолла әскер қатарына шақырылып, 1937 жылға дейін әскери қызметте болды. Тоғыз айлық полк мектебін бітіріп, кіші командир атанған Р. Қараманов 1935-1937 жылдары КСРО-ның Моңғолиядағы сауда өкілдігінің бақылаушысы болып, жұмыс жасайды. Осы жылдардың фотосуреттері балаларының қолында бар. 1937 жылы әскери қызметтен босаған ол туған жеріне оралып, 1942 жылға шейін Жылой аудандық қаржы бөлімінде аға инспектор болды.

Майдандағы мехнат

Рақметолланың бұдан кейінгі төрт жылы тағы да әскер қатарында өтті. 1942 жылдың маусым айында Ұлы Отан соғысының майданына шақырылған Р.Қараманов 1943 жылдың ақпан айына дейін Оңтүстік-Батыс майданда атты әскердің қылышкерлер взводында командир санатында ерлікпен шайқасты. Осындай бір шайқаста ауыр жараланған жас командир мамыр айына дейінгі уақытта Тарасовка қаласындағы госпитальда емделеді. Қайтадан жауынгерлік сапқа тұрған Рақметолланы енді майдан талабына орай жаяу әскерлер қатарына қосады да, оны 4-Украин майданындағы атқыштар ротасының старшинасы етіп тағайындайды. 03 copy
1943 жылдың қазан айында батальондық партиялық ұйымдастырушылардың үш айлық курсына жіберіледі. Оның бұдан кейінгі өмірі 1944 жылдың қаңтар айынан бастап 1946 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта алғашқыда 3-Украина майданының, кейін 1-Беларусь майданының құрамында ерлік күрес жүргізген 266-атқыштар дивизиясының 1008-полкындағы 2-батальонның өмірімен біте қайнасты. Алғашқысында ол осы батальонның взвод командирі болып тағайындалған-ды. Ал, 1943 жылғы қазан айындағы бір ұрыста батальонның партиялық ұйымдастырушысы қаза болады да, енді Рақаң осы батальонның партиялық ұйымдастырушысы болып тағайындалады.
1944 жылы Қызыл тулы Запорожье дивизиясы атанған атқыштар дивизиясының Одердегі ерлігі сол заманның ұлы қолбасшысы, маршал Г.К. Жуковтың «Естеліктер мен ойлар» кітабында ерекше атап көрсетілген болатын.
Осы Одердегі ұрыста көрсеткен ерен ерлігі үшін Жылой батыры І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды. Айтпақшы, бұл жерде оның жоғарыда маршал көрсеткен қырғыз перзенті, батыр майдангер Құлинұр Үсенбековпен дос болғандығын атап өткен дұрыс.

Батырлығын бағалауды байыптаған

Полк командирі Царевтің аса құнды ұсыныс-хатында оның «266-шы атқыштар дивизия-сына қарасты 1008-ші полктағы атқыштар батальонының партиялық ұйымдастырушысы» екендігі, Қазақ КСР-інде 1909 жылы туғандығы, ұлтының қазақ екендігі, БК(б)П-ның мүшесі екендігі, майданға Жылой әскери комиссариатының шақырғандығы, Қызыл Әскер қатарында 1942 жылдың желтоқсанынан бері жүргендігі, Отан қорғау шайқастарына 1943 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатынасып келетіндігі, 1943 жылғы 10 ақпанда жеңіл жараланғандығы, бұған дейін КСРО-ның Қызыл Жұлдыз, бірінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталғандығы жазылыпты. Ең бастысы және маңыздысы сол — бізді қуантқан құжаттың басында және соңында тайға таңба басқандай етіп, «Ленин ордені мен Алтын жұлдыз медалі қоса тапсырылатын ретпен Кеңес Одағының Батыры атағын беруге ұсынылады», «Ленин ордені мен Алтын жұлдыз медалі қоса тапсырылатын ретпен Кеңес Одағының Батыры атағын беруге» толық лайық» деп жазылыпты. Полк командирі подполковник Царевтің адалдығына шын риза боласың.
Міне, осы бүгін біз әңгімелеп отырған құнды құжат батырдың бірінші ерлігі былайша баяндалыпты: «Қараманов жолдас 1945 жылғы 17 сәуірде Ной-Харденберг селосының тұсында Альти-Одер өзенінен шабуылмен өту кезінде жауынгерлік тапсырманы жеке құрамға нақты түсіндіре отырып, батальонды тіке шабуылға көтерді және аса шапшаң қимылмен дұшпанды алдыңғы жақтағы әскери орларынан түре қуып шықты. Өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, дұшпанның нөсерлете жаудырған оғының астымен жер бауырлай жылжи отырып, ДЗОТ-қа жетті де, оған бірнеше гранатасын лақтырды, оның ішіндегі тоғыз неміс солдатының көзін жойды, сөйтіп, батальонның одан әрі табысты шабуыл өрбітуін қамтамасыз етті».
Ал Р.Қарамановтың келесі бір қаһармандығы былайша суреттеліпті: «1945 жылғы 23 сәуірде Берлин қаласына жасалған тіке шабуыл кезінде жау оқшашардың оғының және фауст патронның көмегімен ротаның жылжуын тоқтатқан ұрыстың қиын сәтінде Қараманов жолдас жеке өзі фауст патронмен дұшпан бекінген үйдің қабырғасын жарып жіберді, сол арқылы оған кіріп барды да, граната лақтырып, жеті неміс солдатын құртып, он бесін тұтқынға алды».
Марапатқа ұсыну құжатындағы үшінші ерлік іс те оны оқушыны бей-жай қалдырмасы анық. «1945 жылғы 26 сәуірде ротаны жауынгерлік жағдайға келтіре отырып, бір топ жауынгерлермен бірге неміс автоматшылары орналасқан үйге басып кірді және тең емес ұрыста немістің он жеті солдатын жер құштырды. Оның батальоны жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап келеді», — деп жазыпты подполковник Царев.

Берлинді алған батырлардың бірі

Ең ақырғы, шешуші шайқасқа батальон командирі мен партиялық ұйымдастырушы жауынгерлерді жан-жақты дайындады. Ол кезде әсіресе үгіт пен насихат мәселесіне жете мән беретін-ді. Н. Бобылев пен Р.Қараманов та қапысыз әзірленді.
«Ратушаға шабуылға біздің батальон және Алексеев бастаған 1-батальон әзірленді… Таңертеңгі сағат 7-де артиллерия Ратушаға оқ атты, танктерге еріп біз де шабуылға шықтық… Екі сағатқа созылған көше ұрысынан кейін батальонның екінші ротасы Ратушаға лап қойды, бірінші болып төменгі этажға Мәденовтің взводы енді. Полктың 1-батальоны да көше беттен шабуылға шықты. Біздің батальонның жауынгерлері түгелге дерлік ішке еніп, бірінші этажды босаттық. Әр бөлме, бұрыш үшін қызу ұрыс жүрді… Комбат Бобылев екеуіміз бірнеше солдатпен бір бөлмеге ене бергенімізде іштен немістер оқ жаудырып, дүрсе қоя берді. Менің ординарецім жараланды. Комбаттың бір құлағын оқ жұлып кетті. Бобылев оған қарамастан қарсы келген неміс офицерін жағасынан алып, жерге басып жатты, біз қалғандарын жайғастырдық. Бұл мекемені қорғаушылар СС армиясының таңдаулы бөлімдері екен. Қатты қарсыласты… Ратушада бір генерал, үш полковник және басқа көптеген офицерлер қолға түсті. Ратушаға ту тігілді…», — деп еске алды 1970 жылы отставкадағы гвардия аға лейтенанты Қараманов.
Міне, ғалым-тарихшы М.Қозыбаев сүйсіне жазып жүрген тамаша ерлік осылай жасалып еді. Аталмыш батырлығы үшін Рақметолла 10 мамыр күні Қызыл Ту орденін алды.

Бейбіт өмірдің де қаһарманы болып еді

1946 жылы әскерден босаған майдангер Р.Қараманов туған жері — Жылой ауданына оралып, абыроймен еңбек етті. 1954 жылы ауыл шаруашылығын көтеруге жіберілген отыз мыңшылардың қатарында Сталин атындағы ұжымшарға жіберіліп, оның алға шығуын мүмкін етті. Жылой, Есбол, Мақат аудандық қаржы бөлімдерінің бастығы, жоспарлау комиссиясының төрағасы, ірі шаруашылықтың кемел басшысы болған Рақметолла Қараманов өмірінің ақырына дейін халық құрметіне бөленіп өтті. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ол 1986 жылы қайтыс болды. Бүгінде қала атанған Құлсарыда оның атын алған көше бар, жыл сайын осы ауданда оның атындағы спорт турнирі үзбей өтіп келеді.
Рақметолла Қараманов өнегелі әулеттің де басшысы болып еді. Жары, шөберелерін көріп кеткен Сұлтанқызы Секер апамызбен бірге Мұрат, Жалғас, Темір, Еркін, Кенжеғали, Мақсат атты арыстай алты ұлды тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда оны осылардан өрбіген немере-шөберелер де зор мақтаныш тұтады. Рақаң ондай мақтанышқа толығымен лайық азамат, тарихи тұлға!
***
Осындай батырлық көрсеткен азаматымыз әлі күнге шейін Ресейдің тарапынан лайықты бағаланбай келеді. Ендеше, оны өзіміз неге дербес республикалық «Халық қаһарманы» атағымен марапаттамасқа?! 2004 жылға дейін асқан ерлік істері еленбей келген жауынгер апамыз Хиуаз Доспановаға Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жарлығымен осындай ең жоғары ерекше атақ беріліп, бүкіл халқымыз зор қуанышқа кенелмеп пе еді?! Мұндайын тамаша абзал істің тағы бір реті келіп тұрғандай. Сонда тағы да тарихи әділеттілік салтанат құрар еді! Лайым, солай болсыншы!!!

Аманғали Әміржанұлы,
ҚР Мәдениет қайраткері, Атырау қаласы

Қазақтың тарихы қазаққа ғана керек немесе тарихи жәдігерлерімізді қалай қорғаймыз?

$
0
0

001Ашық аспан астындағы ландшафті мұражай дегенді естуіңіз бар ма? Білмесеңіз, мектеп қабырғасында өткен тарих пәнін бір сәт еске түсірсеңіз археологиялық ескерткіштер, балбал тастар, көне орындар көз алдыңызға келеді. Міне, солар еліміздің, жеріміздің тарихынан сыр шертетін ескерткіштер. Көпшілік білетін және музейлерден көріп жүрген ежелгі заттар жоғарыда айтылған тарихи кешендерді қазу кезінде табылған. Ал, ашық аспан астындағы көне жәдігерлерді түгелдей бірден мұражайға әкелген жөн бе? Әрине, бәрін емес. Еркіндікті аңсаған бабалардың мұрасы бейбіт заманда да бұзылмай сақталуы үшін не істеу қажет? Кең-байтақ даламыздың төсінде күрек ұстап жүргеннің бәрі археолог па? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Ұлттық мұражайының “Халық қазынасы” ғылыми-зерттеу институтының мамандары жауап береді.
Аталған институттың мамандары жақында Ақмола облысының Мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен бірігіп Ерейментау ауданы әкімдігі мен аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Ерейментау ауданының тарихи-мәдени мұрасы: сақтау, зерттеу мен насихаттау мәселелері» атты семинар өткізді. Астанадан арнайы барған топ құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барын айта кеткен жөн. Насихат тобы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты далалық семинар кезінде Құмай түрктік археологиялық-этнографиялық кешені, Қосбатыр түрктік кешендерінің бүгінгі жай-күйіне көз жүгіртті. «Бұл кешендердің зерттеу жұмыстарын жүргізуде тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаеваның еңбегі ұшан-теңіз»,-дейді тарихшы-археологтар. Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапқан семинарда аудан әкімі Ермек Нұғыманов сөз алып, қонақтарға алғысын білдірсе, Ақмола облысының мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директоры Талғат Ыбыраев Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы бойынша атқарылған жұмыстары мен мәселелері жөнінде кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, семинардың негізгі ұйымдастырушылары ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы ғылыми ізденістерінің нәтижелері мен перспективаларына қысқаша тоқталып, сөз кезегін әріптестеріне берді. Институттың Археологиялық мұра бөлімінің жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты Талғат Мамиров Ерейментау ауданы жөнінде Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мен сақтау мәселелерін сөз етсе, тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімінің жетекшісі, PhD докторы Айбар Қасенәлі «Қазақстанның тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнама: ескерткіштерді қалай қорғаймыз?» тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш мамандардың жәй ғана баяндама жасап қана қоймай өз тақырыптарында кеңінен зерттеу жасап, халыққа түсінікті етіп жеткізгенін ерекше атап өтуге болады. Өз сөзінде ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғарұлы: «Біз халқымыздың байлығы дегенде мұнайменен, газбенен шектелмеуіміз керек. Ата-бабамыздың табаны тиген жердің астында да, үстінде де мол мұра бар. Соған ие болу маңызды. Ландшафтлеріміз, тарихи кешендерімізді туризм саласына пайдалансақ экономикамыздың да дамуына үлес қосқан болар едік. Ұстағанның қолына, тістегеннің аузына кетірмей тарихи мұрамызды ел болып жұмылып қолға алу керек. Онымен тек қана мемлекеттік органдар мен музей қызметкерлері, тарихшы-мамандар айналысуы тиіс деген жаңсақ пікірден аулақ болайық»-, дейді. Сондай-ақ, қолында бір бума қағазы бар жетпіс жеті жастағы әуесқой тарихшы, ауданның білікті ақсақалы Бөкеш Мейрам Сәрсетұлы да экран арқылы Ерейментаудың ашық аспан астында орналасқан ескерткіштерін көрсетіп, солардың көбі лайықты деңгейде қорғалмай жатқанынан хабардар етті. Айта берсе археологияда да көкейтесті мәселе көп. Ал, соны заң жүзінде қалай шешу керектігін бәрінен жақсы білетін маманның бірі археолог, PhD докторы Айбар Қасенәліні сөзге тартқан едік.

СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 80 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

— Айбар мырза, “Халық қазынасы” ғылыми-зерттеу институтындағы өзіңіз жетекшілік ететін тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімінің негізгі атқаратын қызметін атап өтсеңіз?
— Біздің бөлім негізінен үш бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар: Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық және заңнамалық талдау, ҚР археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды сараптау және Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасының мәліметтер базасын құру мен геоақпараттық картографиялау. Семинар барысында тарихи-мәдени мұра саласындағы заң бұзушылықтар, заңсыз археологиялық жұмыстар және оған қатысты жазалар мен археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарға рұқсат беру мәселелерін баса назара аудардық.
— Құпия болмаса, өзіңіз айтып отырған заң бұзушылықтарға кеңінен тоқталсаңыз…
— Оның жасыратын түгі де жоқ. Керісінше, халық тарихи-мәдени мұра төңірегіндегі түрлі келеңсіздіктерді білгені жөн деп есептеймін. Өйткені, ұлан-байтақ даланың иесі болған бізден басқа ешкімге де тарихи ескерткіштеріміздің қажеті жоқ. Нақты деректерге сүйенсем, соңғы үш жылда, яғни, 2013-2015 жылдар аралығында Бас Прокуратура органдарымен тарих және мәдениет нысандарына қатысты 80 заң бұзушылық анықталған. Оларды облыстарымызға бөлетін болсақ, Жамбыл облысында – 33, ШҚО – 26 және БҚО – 14 заң бұзушылық анықталса, қалған облыстарда бірен-саран ғана жағдайлар орын алған. Солардың ішінде жиі кездескені – ескерткіштердің құжаттамасының болмауы, олардың қорғау тақталарының болмауы және ескерткіштердің жойылуы.

ТАРИХИ МҰРАМЫЗҒА ӨЗ МҮЛКІМІЗ СЕКІЛДІ ҚАРАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

— Тарихшыларымыздың бірінен шетелде қазба жұмыстарымен айналысып жүрген біреуді байқаса оны сұрақтың астына алып, керек болса лицензияларын сұратады дегенді естідік. Бізде бұл жағы қалай?
— Елімізде Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N1488-ХІІ Заңы бар. 40-бапта көрсетілгендей «Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу» лицензиясы бар адамдарға ғана қазба және барлау жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етіледі. Өзің айтқандай, шетелдегі азаматтар секілді біздің де қандастарымыз тарихи жәдігерлерге өз мүлкіндей қарап, бөтен біреуді байқаса не істеп жүргенін сұрап, қазбамен айналысып жүрген болса лицензиясын сұрағаны жөн. Сонда ғана жоғары айтып өткендей 80 заң бұзушылықтың бірі де болмайды деп сенемін.
— Осы уақытқа дейін қанша лицензия берілді?
— Архелогия саласында 2007 жылдан 2015 жылдың соңына дейін жалпы саны 200-ден астам лицензия берілген. Бір айта кететіні, лицензия иелері мемлекеттік мекемелермен қатар жеке тұлғалар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де бола алады. Олардың бұл саладағы үлесі шамамен 70 пайызға жетіп отыр.
— Заң бұзған азаматтарға арнайы жазалар бар ма?
— Әрине бар. Қылмыстық және әкімшілік жаза археология саласында да қарастырылған. Мәселен, Қылмыстық Кодексте көрсетілгендей – 294-бап. Тағылық (вандализм); 295-бап. Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу; 193-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру және Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу 196-бап. Аталған баптар бойынша кінәсі дәлелденген күдіктілер қылмыс ерекшеліктеріне қарай 50 айлық есептік көрсеткіште айыппұл арқалайды немесе 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңында бекітілгендей – 124-бап. Үгіт материалдарын орналастыру, 145-бап; ҚР тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу; 156-бап. ҚР мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу; 447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу; 448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі; 472-бап. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу және 510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу. Бұл баптар бойынша кінәлі деп танылған азаматтар мемлекетке 30 бен 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
— Жергілікті атқарушы билік органдарына қандай міндет жүктелген?
— Иә, олардың да тарихи-мәдени мұраны қорғауда тиісті міндеттері мен құзіреті бар. Ол да заңымызда айқын көрсетілген. 18-бапта аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:
– Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;
– уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;
– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, — делінген. Тағы да баса айта кетейін, тарихи мұраларымыз, ескерткіш-жәдігерлеріміз бізге ғана керек. Сондық-тан, міндеттің бәрін мемлекетке және тарихшыларға ғана жүктеп қоймай, есі кірген баладан бастап дана қарияларымызға дейін ашық аспан астындағы сан ғасырлар сақталған кешендерімізді қорғаса екен.
— Әңгімеңізге көп-көп рахмет! Еңбегіңіз жемісті болғай!

Сұхбаттасқан —
Ермұрат ШОПАН


Алаштың бір көкжалы Елдес деген

$
0
0

Әділетсіздікпен арыстандай алысқан, жолбарыстай жұлысқан біртуар тұлға Елдес Омарұлы Қостанай өңірінің Тобыл болысында, қазіргі Таран ауданына қарасты Қожай ауылында 1892 жылы туған. Елдес ағаның тікелей ұрпағы Марат Шуақаев мұрағат материалдарынан (қор.95, бума.2, іс.170) оның жеке куәлігін тауып алған. №40 куәлік, 1907жылы 19 июль күні берілген. Онда оның Омар Тиесовтың ұлы екені, Дамбар болысына қарасты №2 ауылда 1893 жылы 1 наурызда (ескі стиль бойынша) туғаны жазылған. Яғни, Елдес Омарұлы жаңаша жыл санау бойынша 1893 жылдың 14 наурызында туған.
2
3
Әкесі Омар ерте хат таныған, ауылдағы сауатты кісілердің бірі болған. Елдес әуелі Ыбырай Алтынсарин ашқан Қостанайдағы екі жылдық қазақ-орыс мектебінде білім алып, кейін Орынбордағы мұғалімдер институтын үздік бітіріп шығады.
Елдес Омарұлы Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды, кейін Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп шығады. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облысы азаматтық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Бірінші және екінші жалпы қазақ съездеріне қатысады. Қостанай уезінде Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықтың Алаш автономиясын қолдауға шақырады. 1922-26 жылдары Қазақ халық ағарту комиссариатының академиялық орта-лығында, Қырғыз (қазақ) халыққа білім беру институтында қызмет істейді. 1926-29 жылдары Ташкент педагогикалық институтында, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді. 1934-35 ж. Қазақ мемлекеттік медицина институтында қазақ тілінен сабақ береді. 1935-37 жылдары ҚазМУ-да қазақ тілі кафедрасының доценті болып қызмет істейді. 1
Аңдаған адамға ағаның өмір жолы да тар жол, тайғақ кешуден құралғанын байқау қиын емес. Елдестің сүйіп алған жары Эльза Адамовна Берте (кей дерктерде Вертэ немесе Верта деп те жазылған) Ташкенттегі неміс консулының қызы екен. Олар тұңғыш ұлдарының атын Кенехан қояды.
Елдес ағаның қазақ тарихында алтын әріптермен жазылып қалуға тиісті үлкен еңбегі оның Ахмет Байтұрсыновпен бірге 1926 жылы Әзірбайжанның астанасы Бакуде өткен тюркологтардың, яғни, түркітанушылардың бірінші құрылтайына (съезіне) қатысуы. Мұнда ол қызықты баяндама жасайды, баяндамасы мамандар тарапынан жақсы бағаға ие болады. Елдес аға оқу комиссиясының мүшесі болған жылдарда да өнімді еңбек етеді, қазақ мектептері үшін арнаулы оқулықтар жазып, бірқатар кітаптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударады. Ғалымның көптеген кітаптары Орынбор, Ташкент, Қызылорда қалаларында жарық көреді. Бұл кітаптардың біразы тілтануға, қазақ тілінің грамматикасына арналса, енді біразы хрестоматиялық негізде құрастырылған. Қалай болған күнде де ғалым қазақ мектебі үшін ауадай қажет оқулықпен қамтамасыз етуге өзі де жан аямай кірісіп, өзге кісілерді де осы мақсатқа жұмылдыра білген. Қазіргі уақытта кейбір тілші-ғалымдарымыз бен аудармашылар орыс тіліндегі көптеген сөздердің баламалары мен қазақша атауын дәл таба алмай, бас қатырып жүрсе, әрі ұстазы, әрі досы болған Ахмет секілді Елдес аға да көптеген қазақ сөздерін ұтымды әрі шебер қолданады. Мәселен, Ақаң публицистиканы көсем сөз, афоризмді ділмар сөз деп атаса, Елдес аға ана тілінде жарық көрген геометрия оқулығын пішіндеме, тригонометрияны кескіндеме деп аударған. Ал математиканы есеп-қисап деп атаған.
Евней Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сәрсенғали Әбдіманапов: «Ана тілі» газетінде (доңыз жылы, шілденің 20-ы) жарық көрген «Математика қазақшалауға көне ме?» деген мақаласында кезінде математикадан алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын жасаған Елдес Омарұлы еңбегіне үлкен баға беріп, оның «Пішіндеме» оқулығында теорема – түйін, биссектриса – жарма, радиус – өре, хорда – керме, параллелограмм – қиықша, пропорционал – құрылымдас, фигура – пішін, трапеция – қостабан деп аталып, қазаққа өте түсінікті тілде жазылғанын атап көрсетеді.
Елдес ағаның өз қолымен жасаған «Әліппесі» баспадан кітап болып шығып үлгірмеген. Оны кезінде ауыл ақсақалы Асылбек Тәшбаев оқып көріп, «бұл кітапта қазақтың бірыңғай байлары мен билерінің сөздері мысалға келтірілген екен, мына күйінде кітап болып шығуы екіталай ғой!» дегенінде, ғалым: «болашақта бізге осындай кітаптар қажет болады, жата берсін, керек тастың ауырлығы жоқ!» деп жауап беріпті. Қолжазба күйінде қалған тағы бір оқулық әдебиет танытуға арналған. Онда ғалым Өтебайдың «Ақ алтын», Қалқаманның «Сырдария», Ілиястың «Құлагер», Сәбит Мұқановтың «Өмір ертегісі» және «Теміртас», Бейімбеттің «Бекберген мектебі» секілді шығармаларынан үзінділер келтіреді.
Ғалымның шешендік үрдісі де оның сөйлеген сөздері мен жазған мақалаларында анық байқалады. Мәселен, «Араб таңбасы» туралы еңбегінде «Ескішілдік деген не?» деген сауал қойып алып, іле-шала: «Ескішілдік деген бұрыннан үйреншікті болып, бойына сіңіп қалған әдет. Үйренген әдеттен бұрылып шығуға болмайды. Бұрын орысша оқып, үйреніп қалған қазақ жігіттері қазақша жаза алмайды. Пішіндемеде кездесетін түрлі атауларды қазақ әрпімен белгілесек, олар бұрын түйе көрмеген жылқының түйеден үріккеніндей осқырынып қарайды… Міне, ескішілдік деген осы. Өзінің үйреніп қалғанынан басқаға осқыра қарайтындық», – дейді. Осынау сөздер күні бүгін де мағынасын жоймаған, біздің қазақ қауымына арнап айтылған сөз секілді әсер етеді. Кезінде қазақ зиялылары осындай сөздерге құлақ қоймағаны өкінішті, әрине!
Қазақша жазу туралы жаңа ережелерді де Елдес аға дайындап, оған Қазақстан Республикасының сол тұстағы оқу комиссары Нұғыман Балаұлы, Қазақ комиссиясының бастығы Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ комиссиясының жаршысы (хатшысы) Елдес Омарұлы қолдарын қойған. Ғалымның орыс тілінде жазған «О сочетании звуков казахского языка» деп аталатын еңбегінде қазақ тіліндегі 43 дыбысқа, соның ішіндегі 9 дауысты және 34 дауыссыз дыбысқа терең талдау жасалған.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында Елдес Омарұлы қазақтар араб жазуын қолданғаны дұрыс па, әлде латын әрпіне көшуі қажет пе деген пікірталаста сөйлеген сөзінде араб таңбасының артықшылығын ғылыми деңгейде дәлелдейді.
«Тағы да жазуға келгенде, біздің оңнан солға жазуымыз әбден дұрыс, – деп жазады ғалым, – өйткені, адамның табиғаты жаратылысында солай. Мәселен, жіп иіргенде қазақтың әйелдері оңнан солға қарай иіреді. Солдан оңға қарай иіруге олардың табиғаттары көнбейді, ыңғайлары келмейді. Жазу да осы сияқты. Тек біздің орысша жазып үйреніп қалғандарымыз ғана оңнан жаза алмайды. Сонан соң солдан жазуды мақтап, жорта жылдам жазылады деп, тәжірибесіз демагогтікке салынады».
Елдес Омарұлы: «Мәскеуге барған қазақтың жігіттері мен әйелдерінен қай ұлттан боласың деп сұрасаң, қазақпын деуге арланып, жапонмын дейді», – дей келіп: «Бұл не?! Қазақтан жиренгендік. Ақылы соған өлшенгендік. Латын әрпін аламыз деушілер де қазақтың қазіргі әрпінен жиренеді. Ол олардың орысша үйреніп қалған әдеттерінен шыға алмай, сырты сұлуға еліктегенінен шыққан әдет» – деген қорытынды жасайды.
«Еңбекші қазақ» газетінің 1931 ж. 24 шілдедегі санында Бахтияр деген ақын «Жаңа әліп жолында» деген өлеңінде:
«Арабшы, жаңа әліпші
Екі жақ боп тартысты.
Ахмет,Елдес, Мұхтарлар
Арабқа жұмсап бар күшті» – деп жазғанында да сол кездегі саясат пен уақыттың табы бар.
Елдес: «Біз латынның әрпін аламыз дегенше Иауропаның (Еуропа дегені) мәдениетін қалай аламыз деп кеңесуіміз керек. Мәдениетсіз біреудің іші қуыс тонын киюден пайда шамалы. Біз не нәрсенің де сәніне қызықпай, дәніне қызығуымыз керек… Орынсыз латыншаны ортаға салғанша өз әріптеріміздің кемшілігін толықтыралық, соны қолданалық. Бізді мәдениетке жеткізбей жүрген түрік әліпбиі емес, сондықтан оны жазықсыз құрбан қылудың орны жоқ» (Қазақ білімпаздарының түңғыш съезі. Бірінші қырғыз ғылыми съезінің еңбектері. Қазақ мемлекеттік баспасы. Орынбор, 1925 ж.) – деп пайдасыз айтысты тоқтатуға шақыр-ған.
Асыл ағаның бірбеткейлігі, ел үшін қоң етін кесіп беруге дайын мінезі, әрине, сол тұстағы жағымпаздар мен «шолақ белсенділерге» ұнай қоймағаны анық. Журналист Шәрбану Бегімқұлова «Қазақстан әйелдері» журналында жарық көрген арыстарымыздың бірі Телжан Шонановқа арналған мақаласында Елдес ағаның Телжанмен достығын баяндап, оның осы достығы үшін күйгенін де ашып жазады:
Ел басына қара бұлт үйірілген ауыр жылдарды Елдес Омарұлы өзінің жан аямас достары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтармен бірге өткізеді. Осы бесеуіне ашылған №6 іс бойынша 1929 жылғы 16 тамызда Біріккен саяси басқарманың Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Саенко Қылмыстық кодекстің 207 статьясын басшылыққа алып, қаулы шығарады. Мәскеудің атышулы Бутыр түрмесіне де Елдес аға өз әріптестерімен бірге түседі. Ал 1929 жылы 24 қарашада Біріккен саяси басқарманың Шығыс бөлімінің бастығы Міржақыпты 14-ші камераға алып кеткеннен кейін бұған дейін бір камерада отырып келген Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Елдес және тағы бірнеше адамды бір-бірінен бөлектеп, жеке камераға отырғызуды сұраған құжат та архив деректерінде сақталған.
Елдес Омарұлы қызық күндерді де достарымен бірге көріп, қысылтаяң заман қияметін туған даланың аяулы перзенттерімен, алаштың ардақты ұлдарымен бірге тартады. Елдестің Мағжанмен, Ахметпен және басқа қазақтың біртуар ұлдарымен түскен суреттері де табылды.
Дүкенбай Досжановтың 1992 жылы Қазақстан баспасынан жарық көрген «Абақты» деп аталған кітабында ғалым туралы нақты деректер келтірілген. Жазушы архивтен тапқан деректерге қарағанда, 1930 жылы 4 көкекте Біріккен саяси Бас басқарманың алқасы Ахмет, Міржақып, Жүсіпбекке қоса барлығы он үш кісіге ату жазасын қолдану туралы қаулы қабылдайды. Кейінірек Мағжан, Елдес және Дамулла Битілеуовке ұйғарылған ату жазасы концлагерьде он жыл отыруға алмастырылады. Елдес бұл мерзімді Мағжан және Міржақыппен бірге Қиыр солтүстікте, Карелия орманының ішінде өткізеді.
Тағдыр тәлкегі ме, мақсат бірлігі ме, әйтеуір, Алаш асылдары қайда да бірге жүргенге, өмір тауқыметін бірдей көргенге ұқсайды. Орынборда бас қосқан қазақ зиялылары ұлтты аман сақтау үшін жалпы қазақ съезін шақырайық деген пәтуаға келгенде, Алашорда мүддесі үшін құрылған ұйымдастыру алқасындағы бес адамның бірі Елдес Омарұлы.
Жалғасы бар

Ақылбек Шаяхмет,
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры

…БАҚЫТЫҢДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫНАН ІЗДЕ!

$
0
0

Біздің тарих атадан балаға ауызша беріліп келе жатқан шежіреден және таңбалы тастағы бітік жазуынан бастау алады.
Алайда, азаттық алғанымызға ширек ғасыр толса да, ішімізде қазақтың сол ата тарихына ертегідегі диюдың жалғыз көзімен қарап, оған бағаны да біржақты беріп жүргендер бар. Олар кімдер? Олар- орыс мұжығының қарашекпенінің астынан шыққан құлдық саналы қандастарымыз, шаталар!
Алаш арысы Халел Досмұхамедұлының: «Ит өзінің айнадағы бейнесіне үрген кезде, оны бөтен ит деп ойлайды» дегеніндей, олардың да біздің тарихымызға қатынасы дәл солай: ұлтымыздың өткенін білгісі келмейді, оны біреудің тарихы ретінде қабылдап, ит сияқты үре береді.
Қасиетті хадисте: «Бақыт деген жүректің тыныштығы» дейді. Ал, қазақтың жүрегінде тыныштық жоқ, неге? Өйткені, бізді әлі күнге дейін сол шаталар билеп отыр. Олар «бөлшекте де, билей бер!» деген сұмпайы қағидаға сүйеніп, қаймана қазақты мына беймарал тыныш заманның өзінде-ақ, біресе шала қазақ, я орыс тілді қазақ, оралман қазақ, осы жердің қазағы деп жіктеп бөліп қойды. Бәлкім содан болар, қанша жерден Тәуелсіз ел болсақ та, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімі және жанашырлығы әлдеқашан жоғалған. Бізді мұндай жағдайға душар еткендердердің түп-тұқиянын білуіміз үшін, әуелі олардың қайдан келгеніне, кімдер екеніне үңілуіміз керек және бүгінгідей қуатқа қандай жолмен жеткеніне де талдау жасауға міндеттіміз! 18XIX ғасырға дейін ешқандай құқы болмаған крепостнойлық правода өмір сүріп келген орыстың сарытабандары 1861 жылы бастарына әупірімдеп бостандық алғаннан кейін-ақ, сол кездегі Ресей қоғамын теңселтіп жіберген. Қожайынының айтқанымен ғана жүріп үйренген және соған еттері әбден өліп кеткен бейшара-міскіндер өз беттерімен не істей алушы еді? Олар ұрлық-қарлық, тонау-зорлау және т.б.сияқты толып жатқан қылмыстарды жасауды әдетке айналдырып, патшалық Ресейдің басына ақыры бәле болып жабысты. Сол кезде орыс билігі тарапынан осы бір азған тобырдан құтылудың жолдары да қарастырыла бастаған еді. Содан барып империалистік-шовинистік саясат ұстанған Ресей оларды қазақ даласына және оның ең шұрайлы өзен, тоғайлы жерлеріне қоныстандыруға білек сыбана кірісті. 1896-1901 жылдары Ф.Щербина және 1902-1903 жылдары П.Швецовтар басқарған Ресейлік жаратылыстану қоғамдарының ғылыми-экспедицияларының басты мақсаты да Орта Азия мен Сібірді отарлау саясатын жүргізуге ғана бағытталды. (Бұлардың екеуіне де Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан қатысқан). Нақтырақ айтқанда, қазақ жері, Ресеймен шекаралас өзге жерлердің құнарлылығын анықтап, қазақ даласын отарлағанда қай жағында мал өсіру немесе егін салу қолайлы деген сияқты ғылыми-танымдық мәліметтерді жинау еді. Бұл экспедициялардың қорытындысы 1903-1905 жылдары 13 том болып жарыққа шыққаннан кейін-ақ, патшалық империя Ресейдің қарғылы төбеттері — атты казактардың күшін қолдану арқылы 1907-1917 жылдар аралығында қазақ жеріне қарай қылмыскерлер мен құлдарды малша айдай жөнелді. Осылайша, орыстардың даламызды түпкілікті отарлау науқаны жедел қарқынмен басталып кете барды. Патшалық Ресейден мұраға алған бұл әдісті кейіннен Советтік Ресей де құлшына қолға алды да, 1954-1958 жылдардың өзінде «целинный край» дегенді сылтауратып, 2 000 000 (екі миллион) тозған тобырды көшіріп әкелді.
Адамзат тарихына қарап отырсаң, жер бетіндегі мемлекеттердің барлығы да құлдардың билікке келуінен өлердей қорыққан. Өйткені, олардың билеп-төстеуінің соңы қанды қасап қырғынға ұласып кетіп отырған. 1917 жылғы қазан революциясында құлдардың қолына ғайыптан тайып билік тиіп, олар Совет өкіметін құрып алды да, оның арты жантүршігерлік геноцидке айналып кетті емес пе? (Құлдар-дың билігінен кейін пайда болған халықты — «ВАТНИК» деп атайды!) Мәселен, 1927-1953 жылдардың арасындағы қызыл террор кезінде КСРО-да 40 000 000 адам қуғын-сүргінге ұшырады. «Революцияға қарсы әрекет» дегенді білдіретін Қылмыстық кодекстің 58- ші бабы бойынша 3 000 770 адам сотталды. Оның ішінде: 642 980 адам ату жазасына кесілді, 2 669 000 адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, Қазақстанда: 1926-28 жылдары «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген әсіреқызыл ұранмен жазылып қалған шолақ белсенділік тұсында 2 000 000-нан астам адамның мал-мүлкі тәркіленді; 1921-1922-1932-1933 жылдарда жаппай ашаршылық жасап, ұлтымызды ұлттық апатқа ұрындырған зұлматта қазақ халқының 42%-ы аштықтан қырылды, яғни, адамының басы екі есеге, малының басы сегіз есеге кеміп кетті (сол кезде қазақтардың саны 4000 000-нан астам еді (негізінде 1896-1901 жылдардағы санақ бойынша 6 млн. 200 000), ал олардың малы 40 млн.-нан асатын); қазақтың жартысын жұлып кеткен бұл ашаршылықтар оның санын опырып жіберсе, 1937-1938 жылдардағы саяси репрессиялар оның сапасына қатты әсер етті. Осы 1927-1953 жылдардың арасында 1 млн. 200 000 қазақ жат жерлерге ауды; оның есесіне 1 200 000 адам қазақ жеріне күшпен әкелінді; 103 000 адам сотталды, 20 500 адам ату жазасына кесілді. (Мұның өзі де әлі толық емес тізім). Одан қалғанын Ұлы Отан соғысы жалмады. Совет өкіметі қазақтың өр мінезді батыр халық екенін жақсы білді де, оны апарып Мәскеу, Курск, Сталинград секілді және т.б ең ауыр, қанды шайқастарға салды. Басқасын айтпаған күнде Қазақстанда жасақталған 101-ші, 102-ші ұлттық дивизиялардың жеке құрамының 90%-ға жуығы майдан даласында қалды…db543e3a57c31411e5b08e560a7148d6
Ұлт азасын қалай ұмытамыз? Тағдыры тәлкекке түскен қазақтың обалын кім көтереді? Қалай десек те, халқымызды қорлап, мазақ еткендерді қабақпен ықтырып, сеспен жынын қағатын айбар мен қаҺар керек, қазаққа!
Айтып-айтып ақ жемі шыққан әңгіме болса да бұл шындықты жасырып қалуға әсте болмайды. Ортамызда сол ВАТНИКТЕР құрған Совет өкіметінің салпаңқұлақтары әлі де жүр. Қазіргі билік басында отырғандардың басым көпшілігі де сол бұрынғы құлдар билеген замандағы орысшыл, Мәскеушіл- қызыл коммунистер, лениншіл – қызыл комсомолдар екені де баршаға аян. (Бір кездері осы Сәбеттің (Советтің) туының түсі қызыл екенін көргенде, ел бірден: «…қан көп төгілетін сияқты-ау» деп іш жиған көрінеді). Және олардың ана тілі орыс тілі болғандықтан да, қазақтың ұлттық құндылықтарын еш мойындамайды, қайта «Қазақстан көп ұлтты ел!» деп, мемлекет құраушы қазақ ұлтына да көптің бірі ретінде ғана қарап келеді. Былайша бәрі де қазақ, бірақ, қазақты менсінбейтіндер. Кейде маған, осылар Қазақстан Тәуелсіздігін — Ресей Тәуелсіздігімен шатастырып алғандай көрінеді. Бұлар қазақтың ұлттық тарихын да Ресей өлшемімен ғана бағамдайды, сол себептен де біздің бүгінгі тарихымызда өтірік көп. Өйткені, біз 1991 жылдан бастап жеке ел болған соң да, осы ВАТНИКТЕРДІҢ кесірінен өз тарихымызды өз көзқарасымызбен жаза алмай, еріксіз орыс тарихының ізімен кеттік. Ал, орыс тарихында шындықтан бұрын саясат жүрді, орыстардың ыңғайымен бізде де солай болды.
Енді, жаман-жақсы болсын ғылыммен айналысып жүргеннен соң, жоғарыдағы данышпандарға анда-санда (баспасөз арқылы) қазақтың тың тарихы жөніндегі пікіріңді айтсаң, онымен санаса алмай, сені жау деп ойлайды. Бұл әрине, Советтік кезеңнен қалған дерт қой. Яғни, бір ізді ойлау — қоғамның дамуын тежейтінін ол пақырларың сезбейді де, сезсе де, сенің пікіріңе бола шала бүлініп, піскен қауындай шарт-шұрт жарылып жатады. Ал, керісінше, дәрежесі өзінен сәл-пәл жоғары біреу ескерту жасаса, «ләппай, тақсыр!» деп шыбындаған аттай бас шұлғи береді. «Құл жиылып бас болмас!» дейтін атам қазақтың: «Суды қанша сапырсаң да май болмайды» деген сөзі де осындайларға қарата айтылған-ау, шамасы.
Бұлар бір кездері өз ұлтын басқаларға жығып беріп келгенімен, қазіргі күндері де қазақты қызыл сөзбен арбап, бұлбұлдай құйқылжыта сайрап, абырой, атақтың үстінде де мығым отыр. Гиена дейтін не ит тұқымдасқа, не мысық тұқымдасқа жатпайтын бір жыртқыш аң бар ғой, міне, бұлар да сол сияқты. Олар еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де, орынтақтарын жоғалтқан жоқ, керісінше, ешқайсысының да мұрттары қисаймай, тондарын теріс аударып қана кие салды. Яғни, 1991 жылға дейін, Қызыл тудың астында Қызыл шапан жамылып ұрандатқан болса, 1991 жылдан кейін, Көк тудың астында Көк шапан жамылып алып ұрандатып жүр. (Осылайша, Тәуелсіздік ұранын бүркеніп, өзінің жеке бас мүдделерін көздеген билік басындағылар болашақта азаттығымызға да қауіп төндіруі мүмкін). Сырт көзге білімді, білікті, қазақшыл сияқты көрінгенмен, бір-біріне қызмет жағынан да, білім жағынан да, адамдармен жұмыс істеу жағынан да қатты ұқсайтын біздегі бүгінгі биліктің шынайы бет-пердесі де осылар. Бұлардың арасында бүкіл болмысы орыстанып кеткен, өздерін орыс санайтындар бар. Олар орыстың дүниетанымымен өмір сүреді. Бұл пақырларды басқалардан ажыратып тұратын басты белгілері мынадай: орыс мінезді, қазақша ежіктеп сөйлегенімен, орысша түс көреді, орысша ойлайды, балаларын, немерелерін орысша оқытады. Ал, орысша ойлайтындар қайдан қазақ болып жарытсын, қазақ болмаған соң, қазаққа жаны қайдан ашысын?! Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының: «Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды» дейтіні содан ғой. Ең сорақысы да сол, олар сүйектеріне әбден сіңген ескі әдеттерін тастай алмай, бұрынғы қожайынының алдында және өзінен шені жоғарылардың алдында жөнсіз жағымпазданып, құлдай жорғалайды. Қожайынының қабағын бағуда құлдан сұңғыла бар ма екен, сірә? Оларда – дін, тіл, тек деген болмайды. Өкінішке қарай, бұлар Советтік басқару жүйесінің тағылық саясатын да әлі күнге дейін тұмардай кие тұтып, жарғыдай ұстанып келеді. Шаш ал десе, бас алатын мұндай жандайшаптар – Тәуелсіз Қазақстандағы басқару аппаратының барлық сатыларында да қонжиып отыр және бұл топ — қазақ үшін өте қауіпті топ. Олар қара басының қамы үшін кез келгеннің сойылын соғып, «орынтақ» үшін ғана өмір сүруде. Әмбе, уақытша болса да ойларына келгенін жасап, төбемізде тайраңдап жүргендердің әулеттік статустарын сақтап-қорғауы үшін де, бір-бірімен құдандалы болып алғандығы бүгінде ешкімге құпия емес! «Жамансыз жақсы болмас!» дегендей, бізде кешегі құлдық жүйеден шыға алмай келе жатқан бүгінгі Қазақстан билігін реформалау ғана жетіспей тұр, мұның бар сыры да осында!? Сөзіміз дәлелді болу үшін жоғарғы биліктің бір-ақ сатысына ғана тоқталып көрейікші: Президенттің нотариалдық кеңсесінің қызметін атқарып жүрген парламенттің түрі анау, депутаттарымыз мемлекеттің тағдырына қатысты білдей-білдей 59 заңды 2 айға жетер-жетпесте асығыс-үсігіс қабылдай салады да, егер өздері қаламаса: «…біз парламенттік барлық үш фракцияның өкілдері, парламент мәжілісін мерзімінен бұрын тарату туралы бастама көтеріп отырмыз!» — деп, бейне бір психикалық күйзеліске шалдыққан адамдай кетіп қалады, ал, қаласа сол құраммен сап-сау қалпында қайта келіп алады, масқара ғой! Иә, айтып-айтпай не керек, бүгінде кімнің-кім екені көрініп қалып-ақ жатыр. Бірақ, шынтуайтына келгенде де бұлардың бәрі халықтың қалаулылары емес, партияның қалаулылары емес пе? Оның үстіне бізде ұлттық негізде құрылған бірде-бір партия жоқ, тек саяси технологиялардың кейіпкерлері ғана бар. Мүмкін содан болар, үлкен саясаттан олардың жасанды түрде орын алып отырғандары. Әйтеуір, елде қордаланып қалған мәселелерді шешуге келгенде ешқайсысы ынталылық танытпайды.
Осындайда, Алаш арысы Мәннан Тұрғанбаевтың: «Қазақты салғаннан көпшіл қылам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек!» дегені ойға орала береді. Ал, «Кекшіл болма, көпшіл бол!» деген Советтік кезеңнің шекпенінен шыққан жасанды мақалсымақ, біздің орыспен жанасқанда жоғалтқан мінезіміздің көрінісі емес пе? Әйтпесе, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның: «Ұлтқа қызмет ету, білімнен емес, мінезден» деуі де бекер емес еді-ау!
Қаз дауысты Қазыбек бидің 14 жасында-ақ жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенге:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзасына жылқының қылын таққан елміз…» — деп, айтқанындай, сен құлдың тұқымысың ба, не төренің тұқымысың ба, тіпті айдаһардың не аюдың баласы болсаң да бақытыңды қазақтың тыныштығынан ізде!!!!!

Айдын Ырысбекұлы

«Туған қалам — Семейім!» ҚҚ президенті, Алаштанушы

БҰҰ-ға ПЕТИЦИЯ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫЛДЫ?

$
0
0

«ОЛ ЖАҚТАН ТІРІ ОРАЛМАУЫМЫЗ МҮМКІН»

1994 жылы қазан айының басында «Невада-Семей» қозғалысының «Аттан» жорық штабының жетекшісі Амантай қажы Хантемірұлы бір күні мені үйіне жеке шақырды. «Ораз інім, саған Америка сапарына қатысты айтуға тиіс құпияны есіңе салуым керек. Онда баратынымыз рас. Бірақ, ол жақтан оралмай қалуымыз да мүмкін. Өйткені, АҚШ-та атомға қарсы шеру-акция өткізу оңай болмайды. Ал, Біріккен Ұлттар ғимараты алдында ұрандап, АҚШ-тағы атомдық сынақтар тоқтатылсын!» деп онда жар салу тәуекелді талап етеді. Бір сөзбен айтқанда мұхиттың арғы жағына «басымызды бәйгеге тігіп барамыз», — деді. Сөйтіп, алда-жалда оқыс оқиғаға тап болып, ол жақтан оралмай қалған жағдайда өз еркіммен кеткенімді айғақтайтын «ант-қағазға» қол қоюды өтінді. «Шешінген судан тайынбас» деген «бәрі өз ерік-қалауым бойынша» деп қауіпті-сапардың «ант парағына» қол қойдым. Яғни, өміріме қауіпті «жорық акциясына» журналист әрі сарбаз ретінде қатысып, қандай қиындық, кедергі болса да қыңқ етпеуге келістім. Ертеңінде елге келіп, (Райымбек ауданы) екі-үш күн аруақтарға құран оқып, үлкендерден бата алдым. Алматыға келсен, Амантай қажы: «Құдай қаласа, үшінші қазан күні «Отырар» қонақ үйі жанындағы кассадан «Алматы — Ыстамбұл — Нью-Йорк» бағыты бойынша ұшаққа билет аламыз» деді.011111
1994 жылдың жетінші қазан күні әуежайда «Невада-Семей» қозғалысының белсенділері сырт көзге «Бейбітшілік маршы» деп плакат көтеріп, шерулеткен бізді «Елге аман-есен оралыңдар!». «Жер бетіндегі барлық полигон жойылсын!», «Атомдық ақырзаманға жол жоқ!» деп ұрандатып шығарып салды.
Алғашқы кедергі, тосын жағдай әуежайда болды. Бас-аяғымызға дейін тексерді. Құжаттары дұрыс болмағандықтан аудармашы қыз бен тағы бір-екі топ мүшесі қалып қойды. Ыстамбұлға бізден бұрын жүктеріміз бен қапшықтарымыз кетті. Соңында өзіміз ұштық. Ыстамбұлда «Сунай» мейманханасына жайғасып, екі-үш күн осы қалада атомға қарсы акция – шеруді бастадық. Қала полициясы басында ескерту жасады. Соңында Қазақстандағы ядролық жарылыстардың қасіретін біліп, атом құрбандары жөнінде хабардар болған соң обалы нешік түрік бауырлар бізді түсінді. Тіпті, кейбіреулері шеру-акцияға қосылып, «ұрандап» кетті. Арамыздағы түрік журналсі Енес Жансүйер оларға Қазақстандағы «Атомдық аждаһа» жөнінде айтып, Семей полигоны туралы түсіндірді. «Сунай» мейманханасы төңірегіндегі шеру қоғамдық көліктердегі «акция-қарсылық» екі күнге созылды.
Қазанның 10-ы күні Ыстамбұлдан Нью-Йоркке ұштық. Ұшақ ішінде мен Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылында экология мәселелерімен айналысатын қазақшаға судай американдық ғалыммен танысып, Семей полигоны жөнінде әңгімеледім. Құдай өзі кездестірген американдық азамат Нью-Йоркке қонарда әуежай тәртібін түсіндіріп, ағылшынша декларация қағазын толтырып берді.
Нью-Иорк әуежайында толық тексерілдік. Ұран, плакаттардағы жазулар оқылды. Ағылшынша «Бейбітшілік маршы» деген жазулар онша күмән келтіре қойған жоқ.

ШЕРУГЕ ДАЙЫНДЫҚ «ШАРАНСКИЙ» АЛАҢЫНАН БАСТАЛДЫ

Әуежайда қарсы алған қазіргі Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ол кезде (1994) АҚШ-та БҰҰ-дағы Қазақстан өкілеттілігінде жауапты қызмет атқаратын. Ағылшынша судайлы қарапайым азамат Ерлан Нью-Иорктегі тәртіпті, Біріккен Ұлттар ұйымындағы халықаралық мәселелерді түсіндірді. Нью-Иоркке біз маңызды әрі күрделі үш мәселемен келген едік. Бірінші БҰҰ ғимараты алдында қырық жыл қырғын салған Семей полигонындағы жарылыстардың қасіретін әлемге әйгілеу үшін шеру-акция өткізу. Екінші, БҰҰ-ға осы мәселе бойынша арнайы Петиция тапсыру. Үшінші, жер бетіндегі жойқын атомдық сынақтар жасалатын АҚШ-тағы «Невада», Қытайдағы «Лобнор» және Англия, Франциядағы полигондардағы жарылыстарды тоқтатудың қажеттілігін БҰҰ-Қауіпсіздік комитетінің назарына салу болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихында БҰҰ ғимараты алдында бұрынды-соңды митингі, шеру өтпеген екен. Тек Шаранский деген еврей саясатқа байланысты аштық жариялаған. Сондықтан ол жердегі кішкене алаң «Шаранский алаңы» деп аталып кеткен.
Бас кеңесшіміз Ерлан Ыдырысов ағылшынша, орысша, арабша жазылған плакаттардағы жазуларды, Петиция құжатындағы мәлімдемелерді оқып, кейбір жерлерін түзеп, әбден «сүзгіден» өткізді. Сондай-ақ, Семей полигонындағы жарылыстардың залалынан кемтар болып туылған, кескін-келбеттері бұзылған балалардың суреттері мен бүлінген жер-судың көріністері бейнеленген буклеттер мен жазуларды қалай көрсетудің жолдары қарастырылды.
Акция-шерудің яғни, тәуекел етіп, БҰҰ ғимараты алдына барудың амал жоспары жасалатын «штаб пәтер» американдық қазақ, түбі алтайлық Әбдухахиттің үйі болды. Осы үйде басқосу үш-төрт рет өтті. БҰҰ ғимараты алдында күзеттің өте қатаң, тәртіптің ерекше екенін Ерлан әбден түсіндірген болатын.
Жаңылмасам қазан айының 13 күні сәске түске жақын асай-мүсейлерімізді буып, түйіп, плакат оралған қапшықтарымызды көтеріп, БҰҰ ғимараты маңына жақындадық. Мұздай қаруланған, бесқаруы сай күзетшілер бір-бірімен ұялы телефон арқылы өзара сөйлесіп жүр екен.
Жолай бізге орысшаға судай, ұзын бойлы бір американдық кездейсоқ кездескен. Кім екенімізді біз оған толық айттық. КСРО-ның күйрегеніне қуанған ол аудармашы болатын болды. Акция аман-есен өтсе қала сыртындағы үйіне апарып, қонақ ететінін айтты. Ол бізден «Кеңес үкіметі құлады, енді елде не болып жатыр?» дегенді қайта-қайта сұрай береді. Бәрін білгісі келеді, ақпарат алғысы келеді. Мен бұрын бұл кісі Кеңес Одағында болған адам ғой деп ойладым. Бірақ сұрамадым…
БҰҰ ғимаратының Шаранский алаңына келгенде, асай-мүсейлерімізді шығарып, «Бейбітшілік маршы» өрнектелген ұзындығы 50 метрге жуық ақ матаны жазып, буклет суреттерді шығарып, іске кірістік. Қаруланған екі күзетші қасымызға келді. Құдай жолай өзі кездестірген әлгі американдық азамат күзетшілерге Амантай қажының сөзін аударып, біздің мұнда шатақ шығару үшін емес жер бетінде тыныштық, бейбітшілік орнасын деп келгенімізді түсіндірді. «Тиісті орындардан рұқсат бар ма?» деп сұрады. Не айтарымызды білмей абдырып қалдық. Амантай қажы Алла жолында жүрген, Меккеде болған, әлемде бейбітшілік үшін күресуші белгілі тұлға екенін айтып, полигон зардабынан қасірет көрген халықтың мұң-зарын жеткізу үшін демократиялық ел Америкаға келгенін айтқанда күзетшілер сеніп, тергеуді қойды.

БҰҰ ҒИМАРАТЫ АЛДЫНДАҒЫ ЖАРТЫ КҮН

О баста БҰҰ ғимараты алдында жарты сағат өткізсек — осы да жетеді деп Құдайдан тілеген біз – Алла-Тағала қолдауының арқасында жарты күн тұрып, Семей полигоны қасіретін халықаралық беделді ұйым алдында әлемге әйгіледік. Осы да бізге жететін еді. Ертеңінде Амантай қажының «арқасы қозып» екінші күні тағы келіп, жетпіс қабатты БҰҰ ғимараты алдында акцияны бұл жолы батыл әрі ұрандап жалғастырдық. Қайдан шыға келгені белгісіз бір полиция машинасы келіп, ішінен шыққан екі әскери киімді адам ай-шайға қарамай, тіл білмейтін біздермен сөйлеспей, ілінген плакаттардың жіптерін қиып, акцияны тоқтатты. Әйтеуір, өзімізге тиіскен жоқ. «Жетеді енді, жайларыңа кетіңдер» дегенді меңзеді. Қатты дауыстаған полицияның ерекше ескертіп, әбжіл қимылындағы әрекеті әлі көз алдымда тұр. Атам қазақ «Тәуекел, нар тәуекел» деп текке айтпаған. Нью-Иоркте сөйтіп, тәуекелге барып, халықаралық ұйым БҰҰ ғимараты алдында бұрын-соңды тарихта болмаған, «атомға қарсы» акцияны өткіздік. Соңғы жұмыс БҰҰ ғимараты ішіне кіріп, қауіпсіздік комитетінің кеңсесіне жер бетіндегі атомды жарылыстарды тоқтату туралы маңызды құжат – үндеу Петиция тапсыру болатын. Бұл шаруа сәтімен болды. Үшінші күні мұнда таксимен келіп, БҰҰ ғимараты кеңсесіне кіріп, Петиция мәтіні жазылған «пакет-конвертті» арнайы бөлімге тапсырдық. Түрі арабқа ұқсайтын әйел «Петиция – хатты» тіркеп, Амантай қажы екеумізге біртүрлі таңдана қарағаны есімде. Осы күні БҰҰ ғимаратында бір мәдени шара өтіп жатқан болатын. Осында суретке түстік.
БҰҰ ғимаратына жақын жерде Түркия елшілігі бар екен. Ондағы қандас бауырлар сырттан бәрін көрген ғой. Бізге тілеулес болды.
Жерді осінен тайдыра жаздаған полигондардың бірі Қытайдағы «Лобнор» аждаһа ошағы еді. Нью-Иорктегі Қытай консульдігі алдында акция у-шусыз өтті. Атақты «Азаттық» ескерткіші маңында өткен акцияны әр елден келген туристер көрді. «Бейбітшілік маршы» кейін теракты құрбаны болған Дүниежүзілік сауда орталығында жалғасты.
Атлант мұхиты жағалауындағы акциялар қалың көпшіліктің ортасында жалғасты. Нью-Иорктің маңында КСРО-дан келген еврейлер, орыстар, тағы да басқа ұлт өкілдері бізді қолдады. Амантай қажы «Америка дауысына» сұхбат берді.
Брайтин-Бричте Құдай өзі сақтап қалған бір оқиғаны айтпауға болмас. Ұран-сөздері жазылған плакат-матаның бір шеті бөренге ілінген еді. Құйын соғып, бөрене құлап, оның астында отырған әйелдің басын жарып кете жаздады. Егер бөрене қарақұстан тигенде әйел тіл тартпай кетер еді. Сөйтіп, біз ұсталып, Америкада жазаланар едік. Бұл жолы да құдай өзі сақтады. О баста Амантай қажы сапарда қауіп-қатердің болатынын текке ескертпеген екен. Америка сапары алдында Мәскеуде Қызыл Алаңда болған акция кезінде тұтқындалған «жорық штабы» мүшелерінің басынан не өтпеді. Шетелде орта жолдан қайтқан кездеріміз де болды. Әсіресе, қазір соғыс болып жатқан Сирия шекарасындағы болған оқиға кері қайтуға мәжбүр етті.
1996 жылы қыста Ыстамбұл-Анкара-Антакия қалаларына акция жалғасты. Ол кезде мен «Халық конгресінде» емес «Қазақстан-Zaman» газетінде болатынмын. Түркиядан өтіп, Сирияға барып, одан Иордания арқылы Сауд Арабиясында «Атом аждаһасы» жөнінде мұсылман елдеріне үндеу тастау еді. Өйткені мұсылман елдері үшін жер бетінде сыналып келе жатқан атом бомбасы ақырзаманды елестетті. Өзі де солай болатын. Егер ядролық соғыс болса жердің осінен тайып, әлемде тіршіліктің тоқтайтындығын ғалымдардың өзі дәлелдеп, халықаралық «телекөпірде» мұны көзалдымызға әкелген болатын. Бес ұлы держава АҚШ, КСРО, Англия, Франция және Қытай жер шарының әр түкпірінде сексенінші жылдары жойқын атом қаруларын сынап жатты. Оның ішінде КСРО-ның ядролық қаруы қазақ жерінде, Семей өңірінде сыналып, жарылыстар тоқтамады. Жер уланып, аймақ бүлініп, тұрғындар ауру-сырқауға шалдығып, қасіретке душар болды.

АҚЫРЗАМАН ҚАРУЫНАН БАС ТАРТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

1989 жылы құрылған Невада-Семей қозғалысы полигон қасіретін әлемге паш етті. Соның нәтижесінде 1991 жылы Елбасы Семей полигонын жабу жөнінде жарлық шығарды. Осы қозғалыс құрылғаннан бастап аяғына дейін оның шерулері мен акцияларын, ұрандары мен талаптарын баспасөзде насихаттаған мен талай құпияға көзім жетті. Алматыда өткен бірнеше (1993, 1994) халықаралық ядролық конгреске қатысып, қазақстандық қозғалыс жөнінде көп жаздым. Жазғандарым тіпті кітап болып дайындалды. Өкініштісі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыс кезінде «Атомға қарсы» акция еңбегім жарыққа шықпады.
Қырық жыл қырғын салған Семей полигонын тоқтатып, әлемге қауіп төндірген АҚШ, Қытай және Англия, Франциядағы ядролық жарылыстарды болдырмау жолында жанқиярлық көрсеткен «Невада-Семей» қозғалысының әрекеті, оның «Аттан» жорық-штабының ерлігі ұмытылуға тиіс емес.
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ядролық қаруларды таратпауға байланысты өткен әлемдік саммитке қатысты. Егер жанкештілердің қолына ядролық қару түссе, сойқан сонда болады. Сондықтан Қазақстан ақырзаман қаруынан бас тартқан және аждаһа апандарындағы сынақтарды тоқтату үшін күрескен ел ретінде бұған қарсы тұрады, бұл жолда аянбайды. Ол үшін «Невада-Семей» қозғалысын қайта жаңғыртып, атомға қарсы жаңа ұйым құрылса деген ой мазалайды. Ядролық қаруға қарсы о баста көш бастаушы болған Қазақстан әлемдік мәселеде қашанда лидер болуға тиіс. Биыл Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады. Осы датаға орай осылай ұсынысымды да айтуға тура келді.

Ораз ҚАУҒАБАЙ,
«Невада-Семей» қозғалысының ардагері,
бұрынғы «Халық конгресі» газетінің
АҚШ-қа барған (1994) арнаулы тілшісі,
БҰҰ-ға Петиция тапсырған жетеудің бірі.
4 сәуір, 2016 ж.

Бұл зобалаңды ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс!

$
0
0

31 мамыр — Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

аааа1921-1922 жылдардағы аштық кезінде 1 млн. 700 мың адам қаза тапты.
• 1932-1933 жылдары 2 млн. 200 мың ашаршылықтан көз жұмды.
• 1920-1930 жылдар аралығында аштықтан, кәмпескелеуден, қуғын-сүргіннен қазақтар 4 миллионға жуық адамынан айырылды.
• Ашаршылық жылдары Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыстанов, Ғ.Тоғжанов, Б.Айбасов, О.Жандосов сынды зиялылар 1933 жылдың 24 ақпанында Сталинге елдің ауыр халі баяндалған, тарихта «Алтаудың хаты» деген атпен әйгіленген хатты жолдаған. Осы хатта: «800 мың қазақ шаруашылығынан, яғни 4 млн. 800 мың адамнан 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылығы, 2 млн. 25 мың ғана қазақ қалды» деп атап көрсеткен.
• Репрессия жылдары, тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937- 1938 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген.
• 1937-38 жылдары 135 мың қазақ интелли-генциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды.
• КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылы ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессиясының азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде, аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған.
• Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып
3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642 980 адам өлім жазасына кесілді.
• 2 369 220 адам 25 жылдан төмен мерзімге түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды.
• 776 180 адам жер аударылып, қуғын-сүргінге ұшырады.
• Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып, жапа шекті.

Уақ Бармақ — қазақтың хас батыры

$
0
0
Уак Бармак авторы

Қуандық Нұршин

1723 жылы қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы тұтқиылдан басталғанда Бармақ небәрі 20 жас-та екен. Бірақ оның қалмақтармен кейбір ірілі-ұсақты ұрыстарға қатысып, әртүрлі ерліктер көрсетіп,  жекпе-жектерге шығып, батыр  атанып, елге танымал бола бастауы 17-18 жасынан бері  болуы керек. Бармақ батыр  ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысының басынан аяғына дейін, яғни 1723 жылдан 1757 жылға дейін  қатысқан деп айтуға толық негіз бар.

40 жыл жоңғармен шайқасқан

Осы соғыс өтінде үнемі ат үстінен түспеген батыр бабамыздың бойында ерен ерлігі мен жойқын күшінен басқа бірнеше ерекше қасиеттер де көрініс берген екен. Ол, өз замандастары айтып кеткендей, көріпкел, болжағыш, әулие, орнықты, істің адамы болған. Сол кездегі шайқастар туралы дастандар шығарған найман руынан шыққан атақты Кәрібай ақын:
Қабанбай, ер Бөгенбай, батыр Барақ,
Уәлі, сүйегі Уақ, батыр Бармақ,
Уәлі, болар істі абайлайтын
Ерекше атап өтем Бармақты алып, — деп, Бармақты қолбасылық өнері мен асқан ерлігіне қоса ойлы, тиянақты, уәлі әулие, көріпкел, шарапатты батыр деп ылғи жырлаған екен. Оның ерекше батыр болғанының дәлелі — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысын зерттеуші және шежіреші М. Тынышбаевтың «Бармақ батыр Уақ тайпасының ертеден келе жатқан «Жаубасар», «Қамбар» «Ер Көкше» деген айбынды ұранын ХҮІІІ ғасырда «Бармақ» деп қайта жаңғыртты» дегені. Шежіреші Ғ.Мұқатов та «Жаубасардан кейін Уақтардың ұраны — Қамбар, Еркөкше, Еркосай, Бармақ» дейді.
Осы мақаламызда біз Бармақ батырдың сол замандағы соғыстың жекпе-жектік, қолбасы-сардарлық және барлаушылық тұстарына ерекше жетік, табиғи дарынды адам болғандығы туралы баса айтпақпыз. Ол әсіресе жау батырларымен жекпе-жек айқастарда еш жеңілуді білмеген. «Қостанай таңы» газетінде (2014 жылы) жарияланған «Уақ Бармақ батыр» атты мақалада кіші арғын Жәнібек батыр қазақ жерін бұрыннан жайлап отырған қалмақ ауылдарына өз елдеріңе көшіңдер деген қатаң талап қояды. Көшкісі келмеген қалмақтар, алдын ала сөйлескенде, өздерінің әйгілі батыры Садырбалаға қатты сенім артып «қырғын қантөгіске жол бермейік, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шықсын, қай жақтың батыры жеңсе, сол жақтың дегені жүрсін» деп келісімге келген екен. f05f8541efa5623d68cb619af9f4357e
Шақшақ Жәнібек батырдың шақыртуымен келген жас берен Бармақ қалмақтың атақты батырымен екі рет айқасқа шығып, соңғысында оны найзамен түйреп өлтіреді. Алғашқы жекпе-жекте Садырбала шайқаспай, өз жағына қашып барып: «Қоштасқалы келдім, осы жолы менің ажалым жеткен сияқты, қарсыласым қазақтың өте күшті жас Бармақ батыры боп шықты», — деген екен. Жекпе-жекте батыры жеңілген қалың қалмақ өз жеріне ауған көрінеді. Ел арасына кең тарап кеткен осы аңыздың тарихи оқиға екендігі анық аңғарылады. Ал 17-18 жастағы Бармақтың күшті батыр екендігі сол кездегі қалың елге де, қазақ пен жоңғардың батырларына да белгілі болғандығын көрсетеді. Шақшақ Жәнібек батыр өрімдей жас батырдың жеңісіне риза болып, оған өз елі маңынан жер берген, ол жердің аты кейін Уақтың Қызылжары атанып, жекпе-жек өткен төбе Қарсақбасыда қазір де Садырбала деген сай бар екен. Батырдың Торғай жерінде өз отауын тігуі Уақ руының қоныстануына себеп болған деседі ел. Торғай өңірінде қазір де қоныстанып отырған алты-жеті әулеттің Ереншінің Қазы руына жататын Есмұрат, Есбол, Сарымсақ, Тұрсынбай есімді және Бармақ бабамыздың өз ұлдары Күшік пен Жаманқараның ұрпақтары екені анықталды.
1727 жылғы Бұланты — Білеуті ұлы шайқасында, Қабанбай баҺадүрдің түменінде мыңдық басқарған Бармақ батырға, сыналған батыр ретінде, жау батырымен жекпе-жек айқасы, Қабанбай батырдан кейінгі екінші кезекте тиген еді. Ол жоңғар жағынан ақжал шабдарымен алға ұмтылған бір батырын көп ұзатпай, тар қолтығын сөге ақ сүңгімен түйреп өтіп, көк желкесінен шауып түсірген-ді. «Жаубасар! Еркөкше! Бармақ!» деген айбынды дауыс-тар қазақ қолынан қайта-қайта жаңғырып шығып жатқан.
Ізденістен табылған біраз мағлұматтар мен естеліктерді пайымдай отырып, Бармақ батырдың жоңғарларға қарсы «Ақтабан шұбырынды» кезеңінен бас-тап, 1750 жылдардың орта шеніне дейін созылған көптеген ірілі-ұсақты шайқастарға қатысқаны анықталды. Олардың ішінде қазақ тарихында маңызды орын алатын, халқымыз бен жеріміздің ауыр талқыға түсіп, тағдыры шешілген Шұбартеңіз, Бұланты — Білеуті, Аягөз, Ақшәулі, Шаған, Шорға, Көкпекті және басқа шайқастары бар.
Бармақ батыр қиян-кескі шайқастардың көбінде қатардағы сарбаз емес, орта жүздің екі бірдей үлкен тайпасы керей мен Уақ қолының қолбасшысы болған. Керей-Уақ әскерінің бас сардары етіп оны 1723-1725 жылдарғы Ақтабанның қуғын-қырғыны кезінде-ақ қазақ әскерінің бас сардарлары Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай батырлар жанқиярлық ерлігі, жасы кіші болса да уәлі болжағыштығымен танылған және сарбаздар арасындағы зор беделіне орай ұйғарған екен. Өзінің қолбасылық қасиетінің де мол екенін ол жоңғардың алғашқы тұтқиыл шабуылдары кезінде-ақ, жаппай қырғынға ұшырап көшкен елді жаудан қорғағанда көрсете білді. Сол кезде Бармақ батыр Арқадағы Қанжығалы Бөгенбай мен Алакөлдегі Қаракерей Қабанбай батырлармен хабар алысып, үріккен ауылдарды қорғаштай, жоңғарлармен қаша соғысып, шегіне бастады. Уақтың қолын қауымдаған Бармақ батыр Керейдің Шақабай бастаған аз ғана қолын қосып, бар-жоғы бір мыңға жетер-жетпес ерлерді зорға жинап үлгерген болатын. Шығыстан құйылған жаумен тоса ұрыс салып, адам мен малды аман алып қалуды ойластырып, босып көшкен елді қорғаштап, жекпе-жекке көп ұрынбай, Сыр мен Ұлытауға, Нұра мен Сарысуға, Тобыл мен Обаған арасы, Ор бойына орнықтырған Бармақ батыр еді.

Жаудың бас сардарын жер соқтырған

Бармақ батырдың көріпкел, болжағыштығы 1723-1730 жылдардағы шайқастардың өзінде-ақ сарбаздар мен әскер басшыларына мәлім болған. Бұланты шайқасында қазақтан ойсырай жеңілген жоңғар жасағын өкшелей қуып жүрген бір мезгілдерде ол бір күні түнге қарай қобалжып, елегізіп, бірнеше сарбазды қарауылға қойып көп толғанады. Батыр сөйтіп сезіктеніп, ұйқыға бой алдырмай, жүзбасыларын шақыртып, сарбаздарын да ояттырып, ұрысқа дайындалады. Бармақтың осындай болжағыш, көріпкелдігінің арқасында, тосыннан шабуыл жасамақ болған жоңғардың бас сардары Чоно Лувсанның пиғылы іске аспай қалып, жау қолы Қабанбай мен Бөгенбай сарбаздарының құрсауына түсіп қалады, қазақ қолы аз шығынмен жеңіске жетеді. Сөйтіп, Бармақ батырдың сол түнгі көріпкел уәлілігіне талай жұрт сүйсінеді.
Соғыстың соңғы елуінші жылдарында Бармақ батыр өзінің көріпкел, болжағыш қасиеттерін молынан пайдаланып, көбіне түменнің алдыңғы ертауыл мыңдығын басқарып, барлау қызметінде жүрген. Оның осындай қасиеттері көбіне қазақ қолының жеңісіне жетелеп отырған. Бармақтың барлаушылық мүмкіндіктері мен көрегендігі Шыңғыс тауының сыртындағы Шаған өзенінің бойындағы қиын да ұзаққа созылған шайқаста үлкен жеңіс әкеледі. Осы соғысты Қытайдағы қазақ жазушылары Зейнолла Сәнік пен Бейсенғали Садықан өздерінің «Қаракерей Қабанбай» атты кітабында баяндайды. Қабанбай батырдың қолы жоңғар әскерімен жеті күндей шайқасып, оң нәтижеге жете алмаған. Жоңғарлар Шыңғыс тауының терістігіндегі өздеріне оңтайлы сай-сала мен тау-тасқа бекініп алып, шабуылдаған қазақ қолын ілгері бастырмай, шығынға ұшырата берген. Қабанбай батыр Бармақты аз ғана қолмен жау жасағының саны мен орналасуын байқап келуге барлауға жібереді. Бармақ екі күндей тау бөктерлерін айнала бұлтара шауып, оқ жетпейтін жерге дейін жақындай келіп, Қоңырәулие үңгіріне тығылған жаудың негізгі күштерінің орналасу тәртібін аңғарып, біліп алады. Барлаудан қайтып келген соң, ол кейін үлкен жеңіс әкелген, тосын ұсыныс жасайды. «Бұл табылмайтын ақыл екен» деп Қабанбай батыр ұсынысты толығымен қабылдап, алдағы шабуыл ретіне өзгеріс жасаған. Оның бұйрығы бойынша екі жүзден сарбаз алған Бармақ батыр, ақылшылары Сүбебай батыр, Ер Жәнібек, Есенгелді батыр, Боранбай батыр, Байғозы батыр Ақпантай батыр және Бұрат батырлар жауға кезек-кезегімен шабуылдап, қаша ұрыс салып, жауды ұясынан шығарып алғанда, тасада тұрған Қабанбай мен Баян батыр жасақтары жауды сыртынан қоршап, бөлшектеп соғып, көп шығынға ұшыратқан. Бармақ батырдың мүлтіксіз орындаған барлауы осы «Шаған» немесе «Қоңырәулие шайқасында» оң нәтижеге жеткізген маңызды, шешуші рөл атқарған екен.
Абылай хан өз тарапынан атақты батырларына ерекше ықылас білдіріп, аса құрмет ретінде ат қойып атайтын болған. Ол Қанжығалы Бөгенбайды «Үкібатыр», Қаракерей Қабанбайды «Дарабоз», Абақ Керей Жәнібек батырды «Ер Жәнібек» деп дәріптеп, Бармақ батырды да, Уақтың Еркөкше батырын есіне ала отырып, ерлігі сол батыр бабасына ұқсайды дегендей, ерекше құрметтеп «Саркөкше» деп айтып жүреді екен. Батырдың өңі де сары болса керек.

Шорға соғысы

Соғыстың соңғы жылдары шамасында өткен, тарихта үлкен орын алған, сексен күнге созылған, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен асыра қуып салу жолында маңызы зор болған Шорға соғысы ірі шайқастар қатарына жатады. Осы қырғын соғысқа қатысқан 27 батырдың қатарында Бармақ батыр да болып, жеңіске өзінің қомақты үлесін қосқаны жөнінде жазушы Зейнолла Сәніктің жазып қалдырған естелігін аса құнды дүние деуге болады. Кәрібай ақын өз жырларына қосқан атақты Бұқар жыраудың Шорға соғысы туралы жырында да Бармақ батыр есімі аталады.
Бармақ бабаның өз кіндігінен тоғыз ұлы болған дейді. Бүгінгі таңда солардан тараған төрт ұрпақ, шежірелері анық та, түгел, өскен, өркен жайған ел Ақтөбе мен Алматыда, Батыс Қазақстанның Тайпақ ауданында және Торғай жері мен Арқалықта тұрып жатыр екен. Уақ Бармақ батырдың тағы үш ұрпағының іздері қазір шығып жатқан сыңайлы. Сол іздер іздестіріліп, сұрау салып жатырмыз.
Батырдың дүниеге келген және дүниеден озған жерлері мен жылдары туралы зерттеулеріміз қазір жүріп жатыр, бірақ әлі толық анықталып бола қойған жоқ. Кейбір зерттеушілер, соның ішінде әдебиетші Шәміс Құмарұлының Бармақ батырды 1703 жылдан көп ілгеріде туған деуіне келіспеушілік білдіруге болады. Оған дәлел: тарихшы, профессор Талас Омарбековтың зерттеулері бойынша Бармақ батыр 1730-40 жылдардан кейінгі соғыстарда Абылай ханның жас батырлары қатарында болған екен.
Ал батырдың тарихи шындыққа жақын, дүниеден озған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы болып есептеледі. Бұл жөнінде сол аудан орталығы — Көкпекті ауылынан елу шақырым жердегі Биғаш ауылдық округінде тұрған «Уақ Бармақ батырдікі» делінетін үлкен шошақ төбелі мазар куә болғандай (1-сурет). Екі жарым ғасырдан аса тұрған осы бейітті жергілікті халық өздері тұрғызып, «Уақ Бармақ батырдыкі» деп үлкен сеніммен айтады. Батыр осы Қалба тауында, Шорға соғысынан кейін, 1757 жылы жоңғарлармен болған «Қызылбұлақ» деген шайқаста қаза болған көрінеді. Бармақ батырдың ақырғы шайқасы мен қазасы қысқаша былай өрбіген көрінеді[: 1757 жылдың ерте көктемінде Қабанбай батыр әскерінің алдында жүрген Бармақтың ертауыл мыңдығы шегініп жатқан жоңғар қолының бағдарын білуге Көкпектіге жақындайды. Бірақ жау жансыздары Бармақ батырдың барлаушы мыңдығының келе жатқанын күні бұрын біліп отырған екен. Күн шайдай ашық еді. Жоңғарлардың арасында «Бармақтың басынан бұлт айналып жүреді дейді» десіп, аз ғана шоғыр бұлт көрсе болды «Бармақтың бұлты, ол сейілмей жорыққа аттануға болмайды» деп ырымдайды» деген әпсана қауесет тарап кеткен-ді. Оның мына келген мыңдығына «бүгін күн ашық, Құдай сәтін салды» десіп, жоңғардың бір түмендей әскері аяқ астынан тосыннан шабуыл жасады. Анағұрлым басым күшті тойтаруға шамасы келмеген қазақ қолы қаша соғысып, бұлтара қашып, қуып жеткендерін қағып түсіріп отырса да, біраздан соң жау Бармақтың алдын орап, қоршайды. Бармақ қолы амалсыздан жау жасағымен араласып кетеді. Бармақты танып, ортаға алған топ ішінен түйедей торала атты жоңғар басқаларынан бұрын ұмтылып найза салған. Оның найзасын дарытпай шыркөбелек айналған Бармақ қарсы келгендерін жау жапырақтай түсіріп, алға ұмтыла бергенде аяғын суырдың ініне тығып алған аты Қанаткер етпетінен түскен. Жануардың алдыңғы мінер жақ аяғының жіліншігі үзіліп кеткен екен, неше ұмтылса да тұра алмады. Атынан секіріп түсіп жаяу қалған Бармаққа жаудың әскерлері қаптап жабылып кеткен. Оның ту ұстаған батыры мен атқосшысы екі жағынан қанша қорғаштаса да, жоңғар найзасы Бармақтың тар қолтығының көбесі жыртылған тұсынан қадалып үлгереді. Сөйтіп, өзі өлсе де, аты өлмеген батыр Жау-басар, Қамбар, Еркөкшеден соң Уақтың тағы бір ұраны болып, есімі ел жүрегінде қалды.

Қуандық Нұршин

Viewing all 107 articles
Browse latest View live