Quantcast
Channel: Тарих –Қазақстан-ZAMAN
Viewing all 107 articles
Browse latest View live

Әрі батыр, әрі би Тәтімбет елші

$
0
0

001ХҮІІІ-ХІХ ғасырда қазақ даласында алуан түрлі ұрыстар мен соғыстар (бұрындары да болған — Т.Д.) орын алған-ды. Әсіресе кіші жүз қазақтарын бір жағынан Еділ бойындағы қалмақтар мен башқұрттар, екінші жағынан жоңғар қалмақтары, тіпті ара-тұра түрікмендер де шабуылдап отырған. Осынау кезеңде мұндай қиындықтан шығудың бірден-бір жолын Әбілқайыр хан көрші Ресей патшалығынан іздеді. Ол Тәуке ханның жолымен Ресейге елші жіберуге тоқталады. Бұл тұста Қараұлы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібектерге сенім артқан еді.

1710 жылы Кіші Қарақұмда үш жүздің басын қосқан үлкен жиын өтіп, оны Тәуке хан басқарған. Қарақұмда өткендіктен, «Қарақұм съезі» деп аталған. Осында Тәуке ханға серіктес ретінде Қайып пен Әбілқайыр сұлтандар сайланады. Осы съезден кейін Әбілқайыр аға хан болып тағайындалып, ел тізгінін алады. Аса маңызды жиынға Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Табын Бөкенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батырлармен қатар Шөмекей Тәтімбет Бұлғақұлы да қатысыпты.
1727 жылы Бұланты мен Білеуті өзені маңында (бұл жер Қызылорда облысы мен Жезқазған өңірінің шекарасында — Т. Д.) жоңғарлармен кес-кілескен, жан алып, жан беріскен ұрысқа Әбілқайыр бас қолбасшылық жасаған. Осы ұрысқа Сәмеке, Әбілмамбет, Көкжал Барақ, Саңырық, Бөгенбай, Бөкенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тайлақ, Олжабай, Баймұрат, Бақтыбай, Тама Есет, Шөмекей Арыстанбай, Мәмбет, Тәтімбет тағы басқа батырлар мен билер қатысып, ауызбіршіліктің арқасында жоңғарларға күйрете соққы береді. Бұл жер тарихи жазбаларда «Қалмақ қырылған» деп аталған.
1729 жылғы «Аңырақай» шайқасында Қойгелді, Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, табын Бөкенбай, Өтеген, Ақша, Тайлақ т. б. батырлар ерекше көзге түскен. Кейінгі жазбаларда есімдері көрсетілмеген Әлім-Шөмен, Байсары руларының батырлары да белсенді түрде қатысқан.
1731 жылы хан ордасына А.И.Тевкелев келіп, майда сөзбен тарту-таралғысымен хан-сұлтандарды және би мен батырларды ант беруге Әбілқайыр хан бас болып көндіргені тарихтан белгілі. Ант берген 27 бидің ішінде Тәтімбет Бұлғақұлы да болғандығы анық. Өйткені Тәтімбеттің Әбілқайыр хан, Ералы сұлтанмен сыйластығы түрлі құжаттарда көрініс береді.
Тәтімбет Бұлғақұлы шамамен 1698-1700 жылдарда Қорқыт ата мен Қарақтауы өңірінде туған. Қыстауы Жаңадария, Қуаңдария өзендерінің бойы болса, жаз жайлауы — Ырғыз, Кішіқарақұм, Торғай өңірі.
Жалпы, ағалы-інілі Мәмбет аталық пен Тәтімбеттің есімдері қатар аталады. Демек, олар билікке де қатар келген. 1731 жылдың қыс айының бірінде патша елшісі Тевкелевпен табын Бөкенбай батыр жол үстіндегі қосқа келіп тоқтап, ондағы жылқышы-бақташылармен әңгімелеседі. Жылқышылар өздерін Тәтімбет батырдың малшылары екенін, өткен жұтта көп шығынға ұшырап, өлген малдарының орнын бізге толтырғызды дейді. Бұл әңгіме жайлы жазушы Александр Сергеев «Петербургской посол» атты кітабында жазған. Ел аузында «Тәтімбеттің тілі тәтті, тәртібі қатал» деген сөздер орынды айтылған сияқты.
Тәтімбеттің ел жадында, жазба деректерде есімінің қалуы — оның 1732 жылғы Ресейге елшілікке баруы. Осы елшілікке қатысты құжаттардың басым көпшілігінде «Тәтімбет батыр» деп жазылған. Демек, Т.Бұлғақұлы 1727, 1729 жылдардағы қанды шайқасқа қатысқан деуге толық негіз бар. Мұрағат құжаттарында Тәтімбетті би (старшина), батыр, елші деп аталған.
Әбілқайыр хан 1732 жылдың желтоқсан айында патшайым Анна Иоановнаға екінші мәрте елші аттандырады. Басшысы — Ералы сұлтан, елшілікте кіші жүздің батыры Тәтімбет, Баубек төлеңгіт, Нияз сұлтан және үш башқұрт билері, үлкен ордадан Аралбай мен Ырыскелді батырлар болады. Елшілік 1733 жылдың қаңтар айында Уфаға келеді. Патшайымнан рұқсат болғасын, елшілерді А.И.Тевкелев бастап Петерборға алып жүреді. Оларды 1734 жылы Петерборда патшайым (императрица) Анна Иоановна қабылдаған. Осында келген мақсатын, басқа да мәселелер бойынша Ералы сұлтан сөз сөйлейді. Елшілердің көп жатып қалуы мүмкіндігін ескеріп, патшайым осы жылдың 20 сәуірінде Әбілқайырға арнайы грамота жазып жібереді.
Өзінің өмір жолында Тәтімбет батыр Әбілқайыр хан және балаларымен етене араласып, патшайым Анна Иоановна, сонымен қатар бригадир А.И.Тевкелев, вице-канцлер Остерман, обер-секретарь Иван Кириловпен, Орынбор экспедициясының бастығы Татищев, В.В.Урусов, Давыдов, Неплюев, сұлтан Сейдалинмен кездесіп, пікірлескен.
1738 жылдың 23 тамызында құпия кеңесші Татищев хан мен сұлтандардан бастап, 83 адамға сый-сияпат жасаса, 1740 жылы В.Урусовтың қабылдауында 74 рубасылары болған. Осылардың арасында Тәтімбет те болғаны анық. 1742 жылы Неплюев Байсаубиге 10 сом, Тәтімбет биге қызыл түсті гүлді мақпалды шұғыланы сыйға береді. Ал 1748 жылдың 20 қарашасында Бопай ханымға көңіл айтушылар ішінде Тәтімбеттің болғандығы жазылған.
Сыр сүлейлерінің атақтысы Балқы Базар, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет Ізтілеуовтер Тәтімбет-Ерназарға өлең-жырларын арнаған. Балқы Базар (1841-1911):
… Арғы атаң Тәтімбет пен Ерназардың
Дабылы желдей гулеген.
Қаһары келіп кектенсе,
Жебесін тасқа түйреген, — десе, Тұрмағамбет ақын (1882-1939):
… Арғы атаң Тәтімбет пен Ерназарың
Озат өскен бәйтерек.
Қаратамыр Күнтуар,
Енді ондай кім туар? — деп жазған. Осындағы Күнтуар би — Тәтімбеттің немересі. Жалпы, Тәтімбет пен Ерназардан тараған ұрпақтар күні бүгінге дейін билік басында. Бұлғақ биден Тәтімбет, одан Ерназар. Ерназардан Күнтуар, одан Мұрат, Тұяқ, Темір. Мұраттан Пішан мен Ағыбай билер. Пішаннан атақты Төребай би, Ағыбайдан Өмірзақ, Ұзақ болып жалғасса, Ерназардың бір баласынан тараған Қонысбек Қазантаев отыз жыл бойы кеңестік кезеңінің қайраткері болған кісі. Үш рет «Ленин» орденімен марапатталған. КПСС-тің Қазақстан Орталық Партия комитетінің делегаты, депутаты сияқты абыройлы атақтарына ие болды. Демек, билік те, көсемдік те текке тартады деген ұлағатты сөздердің шындығы осы.
Тынышбек Дайрабай,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
зерттеуші, «Құрмет» орденінің иегері.

Қазақтың айбынын асырған Желтоқсан көтерілісі

$
0
0

001(Баспасөз конференциясына қатысушылар толғақты мәселелерді ортаға салды)

Жаңғырығы әлі басылмаған, әрі қазағымызға рух беретін Желтоқсан көтерілісіне биыл отыз жыл толатыны баршаға аян. Осы ұлы күнге қатысты игі, тағылымды шаралар қазірдің өзінде түрлі деңгейде өткізіліп жатыр. «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы қаласында 13 шілде күні «Желтоқсан — Тәуелсіздік таңы, мәңгілік ел мұраты» тақырыбында пресс-конференция өтті.  Желтоқсан мен Тәуелсіздік ұғымын егіз тұтатын, осы ұлы ұғымдарды  піріне балайтын желтоқсаншылар, тарихшылар мен журналистер бас қосқан жиында кешегі тарих термеленіп, біршама толғақты мәселелер талқыланды. Сол орнықты ойлардың, ұтымды ұсыныстардың мәйегін төменде ұсынып отырмыз.

Толыққанды пайымдау — биліктегілерге аманат

Талғат Айтбай, жазушы:
— Желтоқсанды жай ғана оқиға деп бағалайтындар әлі күнге дейін бар. Оған себеп тарихи көтерілістің дәрежесі, ал желтоқсаншыларға мәртебе берілмей келеді. Желтоқсанда үн көтерген қазақ жастары — қазіргі аға буынның рухы одан кеміп қалған жоқ. Әйткенмен биыл Желтоқсан оқиғасына отыз жыл толар қарсаңында оған сай мәртебе беру мәселесін мықтап қолға алған жөн. Бұл іс бір адамның не жеке бір ұйымның шаруасы емес, оған кешегі өршіл жас — қазіргі желтоқсаншылар, тарихшылар мен өзге де ағартушы мамандар, тілшілер мен халық болып тізе қосуы тиіс. Сонда ғана әлі қаны тамшылап тұрған Желтоқсан ақиқатының ажары кіреді.
Бейбіт Қойшыбаев, тарихшы:
— Күні өткен кешегі қызыл империяның қылышынан қан тамған қиын-қыстау кезеңінде қазақ жастарының дәл осылай бас көтеруі Тәуелсіздікке ел қадамын жақындатқан бетбұрыс болды. Себебі тарихи мекенінде қазақты тек қазақтың өзі ғана басқару шындығын ешкім жоққа шығара алмайтын. Қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын да қазақтың өзі. Осы себеп түрткі болып, қазақ жастары ажалдың өзіне қарсы тұрып, өрлікпен іріп-шіріп, күні бітуге таяу тұрған кеңестік жүйеге қарсы тұрды. Бұл ұлт мүддесі үшін өткен ғасырдың соңында әрі соңғы рет жасалған, қан тамған қасіретті әрі құдіретті күн. Оның тарихи, ғылыми, саяси бағасы толық берілмеді. Сонау 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Желтоқсан оқиғасы арасындағы тылсым сабақтастықтың бар екендігін мойындаған абзал. Дегенмен Желтоқсан қазақ ұлттығының, патриоттығының өлшеусіз бір көрінісі болып мәңгілікке қала береді. Оны зерттеу, толыққанды пайымдау — бүгінгіге аманат. Желтоқсан шындығын бүкпесіз күйде ел көлемінде таныту, қала берді халықаралық деңгейде мойындату — бүгінгінің ауыр аманатты ісі.
Асылы Осман, қоғам қайраткері:
— Ата-бабамыз үш жүз жыл бойы аңсаған арманы, қол жеткізген қазынасы — Тәуелсіздікке биыл ширек ғасыр толып отыр. Желтоқсан оқиғасы ұлттық мүдде арқалаған жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетіп, сол ұлы махаббат жолында жандарын қиюдан да тайынбаған жолбарыстығының айғағы болды. Желтоқсан қазақтың қай қоғамында да өшпес орын алады. Ол қазақ жастарының ұлттық идеологияға сусындап, ажалдың өзін тайсалдырғаны —ұлтжандылықтың биік шыңы. Бүгінгі күні Желтоқсан жарасы, қасіреті тиісінше бағаланбай жатыр. Оған республикадағы бүкіл желтоқсаншылардың басын біріктіру мәселесі тұр. Сол қанды қыстағыдай барлық желтоқсаншылар бірлік танытса, Желтоқсан оқиғасының мән-маңызын бағалау, барынша шынайы көрсету мүмкін болар еді. Желтоқсан шындығын шырқыратып тұрып жеткізуге әр тұлға адалдық танытса деймін. Себебі тарих бұрмалауды көтермейді.

Желтоқсан
орталығын ашса…

Болат Шарахымбай, ақын, журналист:
— Желтоқсанның өткені мен бүгінгі келбетіне, бағамдалуына байланысты бұған дейін де айтып жүрген ұсынысым бар. Ол — Астанадағы Мемлекет институты жанынан Желтоқсан орталығын ашу. Мемлекет институты Қазақ мемлекетінің 90-жылдардан кейінгі тарихын саралайды. Осы ретте оның құрамдас бөлігі болып Желтоқсан орталығы ашылса, көп күрмеудің шешімі табылар еді. Жалғыз бұл институтпен шектеліп қалмай, кез келген білім мекемесінен, жоғары оқу орнынан, ғылыми-зерттеу орталықтардан Желтоқсан бөлімшесін ашу қазіргі күні ауадай қажет. Желтоқсан көтерілісі нағыз патриот ұрпақ тәрбиелеуде таптырмас құрал болып қалыптасуы үшін оны әр мекемеде жылдың әр күні насихаттау керек-ақ. Әйтпесе бізде Желтоқсан оқиғасы тек Тәуелсіздік мерекесі кезінде ғана аталып өтіледі, өзге уақыттарда бұл тарихи оқиға мүлде болмағандай сыңай танытамыз. Бұл дел-сал күйден арылатын кез жетті.
Айша Айтжанова, ардагер желтоқсаншы, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының Ақтау қаласы бойынша төрайымы:
— Ақтаудағы барлық желтоқсаншылар бір қолдың саласындай бірлікте қимылдайды. Сондай ынтымақты ұйымдарды барлық облыстар мен қалаларда қалыптастырған жөн. Және бұл ұлт мүддесі үшін бірігу болып табылмақ. Ешкім де Желтоқсан мүддесін қарақан басының қамымен алмастырмауы керек.
Әбдірашит Бәкірұлы, саясаткер, зерттеуші:
— Желтоқсан оқиғасын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал оның бүгінгі қоғамнан алар орны тікелей өзімізге тәуелді. Егер насихаты терең болмаса, ол тарих көмбесіне айналады. Солай тарих тасасында қалып қоймауы үшін, қазіргі ұрпақ оны қастерлейтін шығармашылық топ құруымыз керек. Әдеби топ Желтоқсан оқиғасын бүкпесіз жыр ететін туындыларды дүниеге әкеліп, қалың оқырманына жеткізсе, ол да бір үлкен іс. Деректі фильмдер қатарын көбейту керек. Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жүрегіне тоқылса, сонда ол бағасын алады. Күнделікті күйбең тірлікті баяндаудан аспайтын арзанқол киноларды көбейткенше, тікелей Желтоқсан ерлігі мен қасіретін боямасыз бейнелейтін кинотуындылар болуы шарт. Мұндай шығармашылық топ құру үшін Желтоқсанды бір арнаға ұйыстыратын ұйым болуы қажет. Желтоқсанды уағыздап жүрген барлық ұйымдар бірігіп, меморандумға қол қойса, сонда ғана аталған шығармашылық топ толыққанды дүниеге келеді.
Ғалия Қайдауылқызы, ҚР Білім беру ісінің үздігі:
— Желтоқсан оқиғасы күллі қазаққа тән. Ал желтоқсаншылар — сол бүкілқазақтық майданның сарбаздары. Бұл ұғымды жіктеуге, жіліктеуге болмайды. Ол бар қазақтың айбынын көрсетіп, Тәуелсіздікке қол жеткізген айы оңынан туған қасиеті. Бұл ұлтымыз үшін ұлы серпіліс болды. Сондықтан ол өз мән-маңызын жоймайды. Оған бір дәлел келтірейін, кеше ғана Астана қаласында 5-14 жас аралығындағы балалардың өнер сайысын көрдім. Сонда Зайсан қаласының тумасы, желтоқсаншы қазақ қызының ұлт азаттығы жолында өзі көрген қорлығы мен зорлық-зомбылығынан сыр шертетін сахналық көрінісін тамашалап отырып жыламаған жан қалмады. Бұл — бүгінгі ұрпақ бойындағы Желтоқсан дарытқан ұлттық күш, ұлттық қайраттың қайнаған көрінісі. Сондықтан Желтоқсан бағасын алмай жатыр деп даурыға бермей, сол мақсаттағы нақты әрекеттер көшін түзеу керек.
Серік Сапарғали, қоғам қайраткері:
— Желтоқсан ақиқатын жүйелі түрде қатты айтса ләзім. Бұғып үндемей қалу тарихқа қиянат жасаумен тең. Және қатты айтам деп асырып, ұлттық намысты орынсыз қайрау да қажет емес. Менің айтар ұсынысым — желтоқсаншыларға ұлт күрескері мәртебесін беріп, әлеуметтік жеңілдіктер мен материалдық көмек көрсетілуі тиіс. Желтоқсан сарбаздарының көзі тірілерінің денсаулығы нашар, еңбекке жарамсыз. Сол себептен олар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мәртебесімен теңестірілсе деймін. Бұл ұсынысымды «ұлтым» деген әр қазақ қолдайды деген сенімдемін.

Жастар көтеріліс туралы білуге ынтық

Жанатбек Жақыпов, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің Астана қаласы бойынша төрағасы:
— Желтоқсан көтеріліснің жеңісі һәм жемісі — Тәуелсіздік. Бірақ сол ерлік пен елдіктің туын тік ұстаған қаһармандар ісі жекелеген тұлғаларға таңылып, көпе-көрінеу қиянат жасалып отыр. Бар қазақ үшін Желтоқсан ортақ әрі дара. Ал бұл тарихи оқиға өз дәрежесінде шешілуі үшін билікпен қоян-қолтық араласып әрекет жасау керек. Себебі бүгінгі билік Желтоқсанға қай жағынан да қарсы емес. Сондықтан билікпен тығыз байланыста жұмыс жасаса, сонда ғана қордаланған мәселелері біртіндеп шешілер еді. Бізге Үкіметпен жұмыс тәжірибесін тың сипатта түрлендіру өте қажет. Өз тәжірибемнен алып айтайын, ұсыныс айтып жүріп, Астана қаласынан әкімдіктің қолдауымен Желтоқсан саябағын ашқыздым. Яғни билікпен кеңесе пішкен тон келте болмайды. Ұсыныс бар да, оны іске асыру бар. Ал кез келген идеяны жүзеге асыру үшін қаражат, мемлекеттік қолдау керегі белгілі. Сол себептен де Үкіметпен жұмыс жасағанымыз жөн.
Шолпан Антаева, желтоқсаншы, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының Бостандық ауданы бойынша төрайымы:
— Желтоқсан оқиғасының отыз жылдығы құрметіне орай республика көлеміндегі желтоқсаншылардың басын қосқан бұл жиын зор бастама болса игі еді. Егемен күнге де жеттік-ау деп шүкірлік ете отырып, мәселелердің де жоқ еместігін айту — азаматтық, аналық парызым. Мәселе — отыз жыл болса да ұлт күрескері дәрежесін ала алмай тарихымыздың ақтаңдақ бетіне жазылғанымыз. Бұл ұлт тарихын желтоқсаншылардың көзі тірісінде бұрмалау емес пе? Сондықтан бар қазақ болып, бір Желтоқсанды асқақтата қастерлесе деймін.
Жұлдызай Бейсенбаева, ардагер желтоқсаншы:
— «Желтоқсан ақиқаты» тек желтоқсаншы азаматтардың мүддесін қорғайтын ұйым деп тар деңгейде ойлаудан арылатын кез келді. Бұл бірлестіктің төрағасын халық сайлады. Көтерілісті ағат түсіндіру әлдекімдерге керек те болар, ал біз Желтоқсан ақиқатын келер ұрпаққа боямасыз жеткізуді қасиетті борыш санаймыз.
Айсұлу Кеңесқызы, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының Алматы облыстық төрайымы:
— Тәуелсіздік мерекесі кезінде әсіресе білім бе-ру мекемелері кездесулерге жиі шақырады. Сонда жас буынның Желтоқсан туралы білуге ынтыққан бейнесіне сүйсінемін. Енді айтар ұсынысым — кеше өткен тарихын тірі тұлғалардан білуге құмартқан өскелең өрендермен желтоқсаншылардың жыл он екі ай бойы жүйелі байланыс орнатса. Бұл білім ордаларында Желтоқсан бөлімін ашудан басталғаны абзал.
Ералы Мәмбетбаев, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының төраға орынбасары, Алматы қаласы бойынша төрағасы:
— Мен осы көтеріліске қатысып, тек жақында ғана ақталдым. Билік желтоқсаншылардың ақталып, қажетті делінген мәртебеге қол жеткізуіне оңтайлы жағдайлар туғызса болар еді. Алды жетпісті желкелеп, соңы елуді еңсеріп қалған желтоқсаншылар әлеуметтік қолдауға мұқтаж.
Жортулы Толымбек, желтоқсаншы, ұстаз:
— Тәуелсіздік тарихын тереңнен ала отырып, патриоттық тәрбиені Желтоқсанмен ұштастыру әр ұстаздың ұлттық борышы болса екен. Міндетті тәрбие жоспарына бұл көтерілісті кең сипатта енгізсе, құба-құп. Әйтпесе Желтоқсан оқиғасының қыр-сырынан беймәлім мәңгүрт ұрпақ бабалар аманаты — Тәуелсіздікті қолдан сусытып алмасына кіп кепіл?!
Болат Құрымбаев, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық ұйымының төрағасы:
— Көтеріліске отыз жыл толар қарсаңында біздің ұйым түрткі болып, республикамыздың түкпір-түкпірінде бастамашыл шараларды қолға алып жатырмыз. Оны қалай ардақтап, қаншалықты насихаттасақ та артықтық етпейді. Желтоқсан дарытқан ірі ұлттық мінезді қазіргі жастардың бойынан көру үшін патриоттық тәрбиені нақты осы тарихи оқиғамен ұштастыра берген орынды. Сонда бүгінгі буын да кесек ұлттық мінезге бай болары ақиқат.
Түйін:
Желтоқсанның ызғарлы желі мен зәрлі боранында кеңестік биліктен сауға сұрап төменшіктемей, «қазақ жерін қазақ қана басқара алады» деп қасқая шыққан кешегі қазақ жастарының ерлігі жеміс беріп, тәуелсіз елге айналдық. Жеңіс рухын сыйлаған Желтоқсанның айтар ақиқаты айтарлықтай көп. Жоғарыда аталған келелі кеңесте бас қосқан ұлт жанашырларының Желтоқсан қасіретінің қазақ қоғамында ешқашан қайталанбауын қалайтын үндері биікке көтерілді. Олар жоғары билікке ұсыныс тастап, жүрек түкпіріндегі ойларын ортаға салды. Қазақ үшін елжіреген тілектердің, «ұлтым» деп лүпіл қаққан жүректердің үні тиісті тұлғаларға жетіп, қажетті деңгейде атқарылар айшықты сәттері туар деген сенімдеміз. Әрине, біздің басты өтінішіміз желтоқсаншылардың он шақты қоғамдық бірлестіктері бар. Әрқайсысы әр жаққа тартады. Ынтымағы, бірлігі жоқ. Сондықтан олар бірлесуі қажет. Сонда ғана олар зор күшке айналады, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне көмектесе алады.

Айзат Рақыш

Тарихты ескерткіштер сөйлетеді

$
0
0

Безымянный

Жері шұрайлы Жетісу — өлкесі  сан ғасырлық тарихы бар өңір.   Жасыл  табиғат желегімен   шымылдық құрған,  көгілдір тауларының қойнауы толған шежіре-сыр, көз жетпейтін жазық даласының төскейінде  нәсіп  пен ырыздықтың    жеті өзені сарқырай  ағып, айдыны жарқыраған    Балқашпен барып табысатын  ғажайып өлке. Осы бір өңірдің тағы бір ерекшелігі — талай   ел шетіне жау келгенде алмас қылышын  қолына алып қарсы шапқан  батырлар мен  арынды  ақиық ақындардың, алып тұлғалы  әулие би, бабалардың, ұлы даналардың   кіндік қаны тамған  жері.  Күні кеше ғана  қасиетті Қарқарадағы ашылған ескерткіштің  халық үшін қаншалықты маңызды екенін  көзіміз көрді.

Осындай ұлан-ғайыр Жетісу жерінің  тарихи  ұлы тұлғаларының  есімдерін ұрпақ жүрегінде  сақтау үшін «Мәдени мұра» мемлекеттік ұлттық  бағдарламасы аясында  қыруар шаруалар жасалды. Қазіргі кезде Алматы облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны — 2 338.

2009 жылдан бері Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың директоры болып  Есет Жеңісұлы Дәуренбаев  қызмет атқарады. Өзі сәулетші, өзі суретші-дизайнер, өзі қаламгер   Есет  өңірдегі  ескерткіштердің тұрғызылуына, сақталуына, қорғалуына, насихатталуына   қомақты  үлес қосып жүрген азамат. 2014 жылдан бері ҚР көркем сурет академиясының  корреспондент мүшесі, тарихи-мәдени ескерткіштер жөніндегі вице-президенті, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ҚР  Мәдениет қайраткері, көптеген  марапаттардың иегері.

Есеттің «Абылайхан», «Абай», қазақ поэзиясының құлагері атанған «Ілияс Жансүгіровтың портреті», «Жер жаннаты — Жетісу» және т.б. графикалық портреттері  республикалық және облыстық көрмелерге қойылған.  Осындай талантты азаматтың тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында қызмет атқаруы да  кездейсоқ емес. Біз  Есет  Дәуренбаевты   өңірдегі ескерткіштердің  салыну тарихы және жай-күйі туралы  әңгімеге шақырдық. Жері шұрайлы Жетісу — өлкесі  сан ғасырлық тарихы бар өңір.   Жасыл  табиғат желегімен   шымылдық құрған,  көгілдір тауларының қойнауы толған шежіре-сыр, көз жетпейтін жазық даласының төскейінде  нәсіп  пен ырыздықтың    жеті өзені сарқырай  ағып, айдыны жарқыраған    Балқашпен барып табысатын  ғажайып өлке. Осы бір өңірдің тағы бір ерекшелігі — талай   ел шетіне жау келгенде алмас қылышын  қолына алып қарсы шапқан  батырлар мен  арынды  ақиық ақындардың, алып тұлғалы  әулие би, бабалардың, ұлы даналардың   кіндік қаны тамған  жері.  Күні кеше ғана  қасиетті Қарқарадағы ашылған ескерткіштің  халық үшін қаншалықты маңызды екенін  көзіміз көрді.

Серік Үмбетов — 50-ден астам ескерткіш  тұрғызған басшы

Бұл аңыз сияқты естілуі мүмкін. Алайда ақиқат осы, Серік Әбікенұлы Алматы және Жамбыл облыстарында  әкім болып қызмет атқарғанда ел мен жер тарихын терең зерттеп білген зейінді басшылардың бірі.  Тарихта  қалған ұлы тұлғалардың  есімдерін ел есінде қалдыруға қамқор болып, ескерткіштерінің  бой көтеруіне  үлес қосқан   азамат.  Олардың ішінде  Қазыбек Бек Тауасарұлы, Бәйдібек баба, Райымбек, Қарасай, Наурызбай батырлармен қатар қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев т.б. бар.

Ал Талдықорған  қаласында өз заманында  халыққа қорған болған Ескелді, Балпық, Қабылиса сияқты әулие, билерге  қойылған «Үш ата» ескерткіші,  ғұлама ғалым  Қадырғали  Қосымұлы Жалайырдың, жыр дүлдүлі Сүйінбайдың   ескерткіштері   және  елді жаудан қорғап, дарабоз батыр атанған Қабанбай батыр  ескерткіші де  Серік  Әбікенұлының қамқорлығының арқасында бой көтерді. Халық осы қоғам қайраткерінің өткен  ғасырлардың  ұлы тұлғаларының ұлықталуына  сіңірген еңбегін ерекше бағалайды.  Тағы бір айта кетерлігі,  Астана қаласының 10 жылдығында  жыр алыбы Жамбылдың  ескерткіші қаланың қақ ортасынан орын алуына да Серік Үмбетовтың қосқан үлесі зор. Осындай  ел мен жерге еңбек сіңірген  айтулы  тұлғалар ескерткіштері қазақтың  көне  тарихын  әлемге паш етіп тұр десе де болады.

Жыр сүлейі Сүйінбай  Анкарада, Жамбыл баба  Белградта тұр

«Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай», — деп,  суырып салма ақындығымен, төкпе жыраулығымен «ХХ  ғасырдың Гомері» атанған  Жамбыл Жабаевтың  туғанына биыл 170 жыл толғалы отыр. Осындай мерейтой қарсаңында  Елбасының тапсырмасымен Сербия Республикасының Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың бюсті орнатылып жатыр. Тағы бір қосарымыз, Украинада  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың  еңселі ескерткіші  2012 жылы бой көтерген.    Санкт-Петербург қаласында Жамбыл атындағы көшеде де  ақын-жыраудың  ескерткіші    бар.

Ал  Жамбыл жыраудың ұстазы, жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының ескерткіші Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы ақынның аллеясына тұрғызылып, 18 маусым күні ашылу салтанаты өтті.  Түрік еліне  өткен жылы Сүйінбай атындағы жасыл бақты  ашуға барған облыс әкімі Амандық Баталов  ақынның  ескерткіш-бюстін орнату туралы ұсыныс білдіріпті. Осы  ескерткіштің орнатылуына облыс әкімі өзі  тікелей ықпал етті.  Бұл түрік елінде ұйымдастырылған мерейтойға  Алматы облысының бір топ өнерпаздары қатысып, өнерлерін көрсетіп қайтты.

Жетісудың тарихи тұлғалары 

Біздің Жетісу жерінде  бой көтерген  дара  тұлғалардың  ескерткіштерімен  өткен ғасыр  тарихының  шежіресін  оқуға болады.  Ел мен жерін қорғаған  бабаларымыз Сұраншы, Саурық батырлардың  Жамбыл ауданы  аумағында  орналасқан  еңселі ескерткіштері анадайдан көз тартады.  Әйгілі сазгерлер Мұқан Төлебаевтың,  халық қаһарманы  Нұрғиса Тілендиевтің,  мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтің,  құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтың, әлем таныған  Әнуар Әлімжановтың,  ақын Сараның, ақындар Ғали Орманов пен  Үмбетәлі  Кәрібаевтың  және басқаларының  ескерткіштері мен бюсттері  Талдықорған қаласының төрінен орын алған. Бұл тұлғалардың әрқайсысының еліміздің тарихымен тығыз байланысты  ғұмырнамалары бар. Оны кейінгі жас ұрпақ  білуге тиіс.

Үстіміздегі жылы  Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен бес мемориалды тақта ашылды. Олар: Бақытгүл  Қайсанова, Гұлнұр Хамитова, Әбу Сәрсембаев, Қаттубай Қашағанов, Тәңірберген Қалилаханов сияқты еліне өлшеусіз еңбек сіңірген  тұлғалардың  есімін мәңгі қалдыру мақсатында  арнайы   шаралар  жүзеге асырылды. Бұл адамдардың өмір жолдары кейінгі ұрпаққа  үлгі-өнеге.

Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай әрбір тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау, тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таныту, ескерткіштерге құрметпен қарауға  тәрбиелеу, патриотизмді нығайту мақсатында  Ескелді, Ақсу аудандарында «Мәңгілік елдің тарихи-мәдени мұрасы» атты  мәдени-танымдық жиындар өткізіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.

Ақын Сараның мемориалды мұражайымен  бірге Қапал ауылында   «Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге арналған» ескерткіштің алдына гүл қою рәсімі өткізіліп,  тақырыптық экскурсия жүргізілді.  Бұл іс-шараға мектеп оқушыларымен бірге жергілікті тұрғындар көптеп қатысты.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мәдениет саласында «Астана — Еуразия жүрегі», «Алматы — Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы»   сияқты  өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асыруға байланысты Алматы облысының көрікті тарихи-мәдени ескерткіштері көрсетілген  туристік  картасы  дайындалды.

Көне қалашықтар тарих сырын ашады

Біздің облыс аумағынан орта ғасырлық  көне қалашықтардың орындары табылғаны жөнінде  талай   ақпараттар  таратылған.  ЮНЕСКО-ның талаптарын орындау мақсатында ортағасырлық «Талғар», «Қойлық», «Қарамерген» қалашықтары бойынша сақтау мен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше жылдардан бері  Талғар қалашығында «Қазархеология» ЖШС зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында   осы мәселеге қатысты   ЮНЕСКО-ның сарапшысы Наталья Душкина  арнайы келіп, Талхиз қалашығын көріп,  маусым айында  ИКОМОС өз шешімін шығарып, онда «Талғар» қалашығы аумағымен автокөлік жолы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге мораторий жариялау керек екендігі  жөнінде ұсыныс енгізген.

Еліміздің  көне тарихын қайта жаңғырту және төл мәдениетіміздің озық үлгілерін жұртшылық назарына ұсыну мақсатымен «Ұлы дала елі» деректі фильмдер топтамасы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Кербұлақ аудандарында түсірілді.

Осы орайда шығармашылық топтың аталған тақырыптарды толыққанды ашуына, яғни фильм объектілерінен: «Алтын Емел» ұлттық саябағынан,  «Бесшатыр» қорғандарынан, Есік мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи мұражай қорығынан, Жамбыл ауданы «Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық, музей кешені және басқа да тасқа таңба, тастағы безендірулер (петроглифтер) салынған ескерткіштерден, Сақ қорғандарынан, Талхиз және Қойлық қалаларының көне орындарынан түсірілген көріністер, сөз жоқ, қалың жұртшылықты қызықтыратыны айдан анық.

Талғар ауданы, Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылында жекеменшік жер иесі Талғат есімді азамат өз иелігіндегі жерде үй құрылысы жұмысын бастау барысында заттай жәдігер тауып алған.

Археолог сараптамашы Ж. Смаиловтың пайымдауынша, табылған заттар сақ-үйсін кезеңіне жатады (б.д.д. ІІІ-І ғ.ғ.). Аталған жұмыс бойынша  тарихи-мәдени ескерткішке зиян келтірілмеуі туралы акт толтырылып, Талғар ауданы әкіміне хат жолданды.

ҚР  Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29  желтоқсандағы  «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» №157 бұйрығын  орындау мақсатында қорғау тақтайшаларын орнату үшін, Мемлекеттік тапсырыс заңы бойынша байқау жүргізіліп, ЖК «Аманбаев» пен  біздің орталық келісімшартқа отырды.  Келісімшарт негізінде Алматы облысы, Алакөл ауданы бойынша барлығы 26 жергілікті маңызы бар  археологиялық ескерткіштерге қорғау тақтайша орнату  жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, қазіргі кезде «Жетісулық сақ мәдениеті» тақырыбы аясында Райымбек ауданында археологиялық  қазба жұмысы жүруде. Мемлекет қорғауындағы 2338 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын анықтап, қорғау міндеттемелерін ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1045 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес толтыру жұмыстары Ақсу, Талғар, Көксу, Еңбекшіқазақ  аудандарында жалғасуда.

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие береді

Биыл  еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осы ширек ғасыр ішінде шаң басып қалған тарихымызды түгендеп, ел мен жерімізді қасқайып тұрып жаудан қорғаған батырларымызды,  шындықты жырлаған ақындарымызды, әулие, би, даналарымызды  ұлтымызбен қауыштыру мүмкіндігі туды.  Біз біле бермейтін көне ғасырлардың парақтары ашылды. Қазақ деген ұлттың,  Елбасымыз айтқандай, «Мәңгілік ел» болу идеясы шындыққа айналатын болмыс.

Осы мәңгілік ел  аясында өмір сүретін  жас ұрпаққа  тарихи және мәдениет ескерткіштерінің  беретін тәлім-тәрбиелік мәні өте зор.  Бұл жөнінде біз облыстың барлық аудандары мен қалаларымен, білім ошақтарымен  тығыз қарым-қатынас орнаттық. Жалпы,  Жетісуда бой көтерген кез келген ескерткіш немесе  айтулы тұлғаның бюсті  тарих беттерінен сыр шертері анық. Мысалы,  «Үш ата» деп атап кеткен Ескелді, Балпық би мен Қабан жырау (Қабылисаның)  ғұмыр  жолдары  көне  дәуірдегі тарихи оқиғаларға тікелей қатысты.  Немесе  Талдықорғанның  шығыс жағында бой көтерген  дарабоз батыр Қабанбайдың елді, жерді жаудан қорғаған ерлігі жастарға үлгі-өнеге боларлық. Қала ортасындағы ақын Сараның ескерткіші жас ақын қыздардың жиналатын орнына айналып, әдемі де тартымды өлеңдер оқылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ең бастысы, өткен ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың ескерткіштерімен мектеп оқушыларын  таныстырып,  жанды тарих сабақтарын өткізу де өз нәтижесін береді. Осы жағына келгенде   біраз жұмыстар кемшін қалып жатқанын мойындауымыз керек.  Бізде кейде  науқандық жұмыстар ғана жүргізіледі. Ал ескерткіштердің тарихына терең бойлау тасада қала беретінін айтпасқа болмайды. Біле білсек,  тарихты ескерткіштер сөйлетеді.

Жыл сайын   Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне байланысты,  сәуір айының 10-18 күндері аралығында аудандарда жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастыру апталығы жүргізілді. Осыған орай, барлық ескерткіштерге абаттандыру, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, мәдени объектілерін күтіп ұстау мен қорғау жұмыстары   аудан, қала әкімдіктері тарапынан жүргізіледі.

Үстіміздегі жылы   облыстық тарихи- мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық қызметкерлері Талдықорған қаласында саяси қуғын-сүргін құрбаны, ақын Ілияс Жансүгіровке орнатылған ескерткіш маңында 31 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы жоғары оқу орны студенттерінің  ұйымдастыруымен өткен қаралы митингке қатысып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.   Өткен жылы  ашылған «Жастар» саябағына ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа бюст орнату жұмысы қолға алынды. Алдағы кезде ҚР халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Тұманбай  Молдағалиевке ескерткіш орнату туралы болжам жасалды. Биылғы  жылы Талдықорған қаласында Чернобыль апатының құрбандарына орнатылатын ескерткіш орны анықталып, қазығы қағылды. Яғни алдағы уақытта тағы бір-неше  ескерткіштер  қалада пайда болып, өз заманының тұлғалары туралы сыр шертері анық.

Қазақ халқының рухани мол мұрасы мен салт-дәстүрін халыққа насихаттап, өткен ғасырлардың  алып тұлғаларының  ескерткіштері арқылы   еліміздің тарихын  жаңғырту үшін  облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы  өз жұмысын  жаңа  талапқа сай  жалғастыра береді.

Мұзбалақ ақынға ескерткіш орнатылмақ

$
0
0

Мәденет пен өнер  қызметкерлерін әспеттеген іс-шараға  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, сөз сөйледі. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров  атындағы Мәдениет сарайына бүкіл облыс аумағының  мәдениет пен өнерге қатысты   бетке ұстар қызметкерлері жиналды.  Ұлттық мәдениеттің  бір бөлігі  іспеттес Жетісу  — қасиетті өлкенің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені.  Қабан жырау, Ескелді, Балпық билерден бастау алып, Молықбай күйші, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Ілияс, Сара, Дәнеш, Мұқан  сияқты саңлақтар көтерген өнердің тұғыры әрқашанда  биікте.  Бұл жөнінде өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы кеңінен тоқталып өтті.

Жыл он екі ай  мәдени іс-шаралар  қоғам өміріндегі құндылықтарымен ерекшеленіп келеді.  Үстіміздегі жылы «Әлем таланттары» қорының шақыруымен Мұқан Төлебаев атындағы ұлт аспаптары оркестрі Мәскеу қаласына барып, ұлттық өнерді дәріптеп қайтса, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның бірнеше өнер иелері Қытайдың Үрімжі қаласына барып, ел алғысына бөленді. Облыс бойынша ақын  Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына,  қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына,  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85  жылдығына орай әртүрлі тағлымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Жылдан-жылға  ұлттың қуаты, рухани болмысы, ақыл-ой парасаты болған мәдениет саласына бөлінетін  қаржы көлемі артып келеді. Үстіміздегі жылы мәдениет саласының бюджеті 4,5 млрд. теңгені құрап отыр. Жаңа музыкалық аспаптар және  сахна киімдерін сатып алу үшін   «Алтынай» ансамбліне қомақты қаржы бөлініп, жаңа автокөлік сатып алып берілді.

Үстіміздегі жылы  еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты  ақын-жазушылардың  шығармаларын жарыққа шығаруға 24 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде  Еңбек ерлері  ақын Олжас Сүлейменовтың және  жазушы Әбіш Кекілбаевтың  шығармаларын ағылшын тіліне аударуға қаржы бөлінбекші.

Биылғы жылдың   маңызды іс-шарасы  ақын Сүйінбай Аронұлының ескерткіші Түркияның Анкара қаласында,  Жамбыл Жабаевтың ескерткіші Сербия Республикасының Белград қаласында  бой көтермекші. Ал ақиық ақын Мұқағали  Мақатаевтың  бюсті Талдықорған қаласында ашылған «Жастар»  жасыл саяжайының ортасына орнатылып, жас ақындар мен қаламгерлердің  жиналып,  бас қосатын орнына айналмақшы.

Әрине,  қазіргі кезде  театр өнерінің де да қоғамдағы  ролі өскені белгілі.   Осы  саланы қолдау  мақсатында алдағы маусым айында болашақта  Талдықорғанда бой көтеретін жаңа театрдың  орнын белгілеу салтанатты шарасы өтпекші. Оған  атақты әнші Бибігүл Төлегенова, актер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досхан Жолжақсынов және Талғат Теменов т.б. өнер жанашырларын шақыру жоспарлануда.

Облыста  мәдениет пен өнер қызмет-керлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына  көңіл аударылып отыр.  Өткен жылы  Бикен Римова  атындағы драма театры мен  филармонияға 18 пәтер берілді.  Ал «Алтынай» ән-би ансамбліне 10 штат бірлігі, Қарасай ауданындағы  жаңа ашылған «Анаға тағзым»  мұражайға   9 бірлік, «Үш қоңыр» ансамбліне 35 бірлік  қосымша қарастырылды.  Темірбек Жүргенов атындағы театр институтының 10 жас актері облысқа жұмысқа шакырылды.  Осындай қамқорлықтардың барлығы өңірдегі  мәдениет пен өнердің одан әрі дамып, өркендеуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Өңір басшысы осы  салтанатты шарада  бірқатар өнер адамдарына  Құрмет грамотасын табыс етіп,  мәдениет саласы  ұжымдары мен қызметкерлері арасында 16 номинация бойынша жүргізілген  байқау жеңімпаздарын марапаттады.  «Үздік  мәдениет мекемесі» аталымының жеңімпазы Мұхамеджан Тынышпаев  атындағы облыстық өлкетану  мұражайына  жеңіл автокөліктің  кілтін,  Жамбыл аудандық «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбліне су жаңа шағын автобустың кілтін табыстады.

Мінбеге көтерілген ақын Надежда Лушникова апамыз ойын қара сөзбен емес, өлеңмен жеткізгенді жөн көріпті. Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы Арнұр Садықов  мәдениет пен өнер саласына жасалып жатқан   қамқорлықтарды тілге тиек етті.

Шара соңы «Өнер — өшпес мұра» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

«Кербұғы» Оралхан оқулары қанат қақты

$
0
0

DSC_0036Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІІ облыстық байқауы  Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қанат қақты.  Облыстық Бикен Римова атындағы театрда өткен бұл шараны   аталмыш басқарманың басшысы ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ахмет Кендірбекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыс аумағында кезең-кезеңмен өткен байқауға әр ауданнан келген 18 өнерпаз қатысып, бақ сынасты. Бұл байқауда  қазақтың арқалы ақындарының өлеңдері сахна төрінен  жаңғырып, сырлы шумақтары  тыңдармандардың жан дүниесін тербетті.

Байқаудың әділқазылар  алқасының төрайымы Бикен Римова атындағы театрдың директоры  Ғалия Темірбаева:

— Республикалық байқауда облыстың намысын қорғайтын ерен  жүйрікті анықтау бізге оңай болмады. Көркемсөз оқудың өзіндік қыр-сыры жетерлік.  Бүгінгі  байқауға қатысушылар ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті, — деді.

Сонымен, көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Жүлделі үшінші орынды Кербұлақ ауданынан қатысқан Жоламан орта мектебінің мұғалімі Назгүл Ақбасова, Қапшағай қаласынан Мөлдір Жаңбырбай, Текелі қаласынан Медет Түтеев  иеленді.  Жүлделі екінші орын  Талдықорған қаласынан қатысқан Әділет Серіков пен Қарасай ауданындағы Қаскелең мәдениет  колледжінің  студенті Қырмызы Мұқтарбаеваның қанжығасына байланды.  Жүлделі бірінші орынды  Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің мұғалімі  Айкерім Жадрашова жеңіп алды.  Ал бас жүлдені Райымбек ауданындағы Қарасаз өнер мектебінің мұғалімі Қадыржан Сабырақын  иеленіп, республикалық «Оралхан оқуларына» жолдама алды. Жүлде иелеріне дипломдар тапсырылып, алқызыл гүлдер  ұсынылды.  Көркемсөз байқауына қатысқан барлық өнерпаздар арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Өзі өмірден көшсе де, сөзі өшпеген,  «Кербұғы» атанған  Оралхан  Бөкейдің  шығармасы осылайша Жетісудың төрінде  қарлығаштай қанат қақты.

Бетті дайындаған — Нұрила Бектемірова

Қазақтың соңғы ханы

$
0
0

Реті келіп тұрған соң айта кетелік, Шоқан Уәлихановтың дерегі бойынша, Абылай ханның 12 әйелінен артында 30 ұл, 40 қыз қалған. Қазіргі Абылай әулетінен тараған, төре тұқымдары — солардың ұрпақтары және олар ешқашанда Қазақ Елінен ажырамаған.

DwsKlJ3lqzrYskhgMho1f8KTt51H32Абылай ханның ұрпақтарының тағдыры, өзінің қазақ деген халқы сияқты, қай кезде болса да оңай болмағаны анық. Егер қазақ халқын мызғымас Шың (пирамида) деп санасақ, сол Шыңның үш қабырғасы (жүзі) қазақтың үш жүзі десек, Шыңғыс ханның қазақ бұтағы, төрелер, үш жүзге ортақ! Қазіргі күнде ата-тегі хан Шыңғыстан басталатын қазақтың сүбелі руының бірі. Біреуге жиен, біреуге нағашы, яғни қазақ төрелері өзінің қазақ елінен ешқашанда бөлініп көрген жоқ!
Қазақ халқының басынан өткен аумалы-төкпелі күрес кезеңдерді заман қойнауындағы қым-қиғаш тарихи оқиғаларды салыстыра бағамдағанда, еліміздің «маңдайының соры бес елі болған» кезеңдерді көптеп көреміз. Сондай қиын кезеңдердің ойлы-қырлы белестерінің бірі Абылай ханның немересі, Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырып, қолбасшылық жасаған тұстары екендігі белгілі.
Хан Кенесары — Абылай ханның ұрпақтарының бірі емес, бірегейі. Әрине, маған бабам хан Кенесары туралы жазу оңай болмай тұр. Бірер жорналшы азаматтарға айтып едім, менің ұсынысыма тартыншақтап, шын ынтамен иіле қоймаған соң, шамам келгенше, ойым жеткенше өзім жазайын деп тәуекелге бел буып отырмын.
Биыл Хан Кененің шейіт болғанына 170 жыл толады. Осы жайында хан ұрпақтары мен алдыңғы қатарлы елдің ізгі ниетті бір топ азаматтары ой қорытып, өмірлерінің ең соңғы кезеңдерін осы оңтүстік өңірде өткізген жалғыз Хан Кене емес, оның үзеңгілес, бірге опат болған адал серіктері, батыр-жауынгерлерінің рухтарына арнап, қасиетті Тараз қаласында тамыз айының бірінші жартысында Құран бағыштап, ас берсек деген ұсыныс-шешім қабылдаған едік.
Кенесары хан өз ұрпақтарына ғана керек емес, барша қазаққа қажет, тарихи ортақ, ұлы тұлға! Көзі қарақты ел азаматтары соңғы ханымызды ешқашанда ұмытпайды! Қазақ елі егемендік алған соң, Кенесары жайында білгісі келгендер қатары күннен-күнге артуда. Осыған орай, қысқаша ғұмырнамасына тоқтала кетейік.
Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. 1847 жылы Қырғызстандағы, оңтүстік Жетіжал алабындағы «Кекілік-Сеңгір» аңғарында, Тоқмаққа жақын жерде қырғыздармен болған шайқаста қолға түсіп, қайғылы қаза тапқан мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі және қазақтың соңғы ханы (1841-1847). Шежіре бойынша, Шыңғыс ханның 20-шы ұрпағы, Абылай ханның немересі. Атақты Абылайдың қалмақ қонтайшысы Галдан-Сереннің туысы Хошу мергеннің қызы, Топыш ханымнан дүниеге келгені белгілі, Қасым сұлтанның ұлы.
Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды — Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопы және батыр қыз Бопай ханша), екінші әйелінен Наурызбай батыр туған. Үлкен аталарымыздың айтуы бойынша, хан Кенесарының жеке басында, ата-бабадан келе жатқан тектіліктен де басқа, айрықша нышандары мол болған. Солардың суреттеуі бойынша, былай айтылушы еді: «… орта бойлы, денесінде артық арам ет жоқ, құж мойын адам еді. Күн қаққан бетінде танауы желбезек қағып, қыран көздері, ақылының айнасы, жалт-жұлт етіп, шоқ сияқты жанып тұратын, аз сөйлейтін, жүзі сабырлы, езуінде әрқашан мысқыл ұялап тұрғандай сезілетін. Бет-бейнесі қаһарлы болатын, бар тұлғасынан тектілік байқалатын».
Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі-әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай, жастайынан шабандоз, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігерін, оның жетекшілік қабілетін айналасындағылар ерте мойындаған. Ресей империясының күшейе түскен отарлау саясатына наразы болған Кенесары, ағасы Есенгелді, Саржан бастаған азаттық қозғалысына 23 жасынан бастап белсене қатысады. Олар аярлықпен қаза тапқаннан кейін, Кенесары қазақ халқының дербестігін қалпына келтіру жолындағы ұзақ та ауыр күресін бастады. Абылай хан ұрпақтары Кенесарыға дейін де ұлт-азаттық көтерілісіне талай шыққан болатын. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 жылы Қоқан билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауырлары Есенгелді, Саржан бірталай жігіттерімен бірге өлтірілді. 1840 жылы әкесі Қасым төре де солардың қолдарынан қаза тапты.
Міне, содан соң, Кенесары Қасымұлы қолына қару алып, жауынгерлік атқа қонып, Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары, үш жүздің өкілдері бас қосқан арнайы жиында Қазақ халқының ханы болып, ескі дәстүр бойынша ақ киізге көтеріліп, хан сайланды.
1847 жылы 17-25 сәуірде Тоқмаққа жақын жерде қырғыздармен болған шайқаста қаза табады. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде мәңгі қалды. Оның әкімшілік және сот реформаларын жүргізгені, биліктің орталықтандырылуын күшейтуге тырысқаны, өз әскерін заман талабына сай қайта құрғаны, артиллерияны қолданып, әскери тактиканы дамытқаны, қатал тәртіпке бағынған, ұтқыр тәсілдерімен әрекет ететін әскер бөлімдерін құра білгені сол кезде-ақ әділ бағасын алды. Орыс отарлаушыларын шошытты.
Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары — Наурызбай» дастаны, 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. ХХ ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары І.Есенберлин «Қаһар» тарихи романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 жылы «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дереккөз ретіндегі маңызы зор. 1888 жылы Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан, Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған үлкен тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан», М., 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға сотталды.
Кенесары тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, жаңа қарқынмен қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 жылы Кенесарының туғанына 200 жыл толуына орай, халықаралық ғылыми конференция өтті және «Кенесары хан» атты деректі фильм шықты. Астана қаласында ескерткіш қойылды.
Ресейге қарсы күресте Қасым төренің ұрпақтарының, әсіресе даңқты Садық (Сыздық сұлтан) сұлтан Кенесарыұлының орны ерекше. Садық сұлтан саналы түрде өмірінің негізгі бөлігін Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске арнады. Бірақ ұзақ жылға созылған айқаста күш тең болмай, Орталық Азиядан Қашқарға өтті. Садық төре Қашқарда Қытай отаршыларына қарсы соғыстарға да қатысты. Ақыры ауыр жараланып, «барар жер, басар тауы» қалмаған соң, амалсыздан Ресей билігін мойындауға мәжбүр болды. Орыс билігіне «ұсынған басты қылыш кеспейді» деп хат жазып, Пішпек бекінісінде кеңшілік жарияланды. Онда Созақ бекінісі маңына орналасуға рұқсат берілді. Осымен даңқты Қасым сұлтанның аты аңызға айналған ұрпақтарының Ресей отаршыларына қарсы күресі аяқталды. Бірақ осы күрестер белгісіз кеткен жоқ, әрқашанда тәуелсіздікке ұмтылған әрбір қазақтың жүрегінде сақталып қалды.
Осы тұрғыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әкімдері, ханның шейіт болғанына Құран бағыштап, ас берердің алдында, Кенесары ханның қасиетті күресінің мән-мағынасын толықтай тану үшін мынандай мәселелерге көңіл бөліп, көмек көрсетсе екен деген тілегіміз бар:
1) 2017 жылы Кенесары ханның шейіт болғанына 170 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылса;
2) Жамбыл облысының аумағында хан Кенесары атында бірде-бір елді мекен, көше, мәдениет үйі немесе оқу орындары жоқ екен. Осы мәселе қолға алынса;
3) Жамбыл облысының көрнекті бір жерінде Кенесары ханға ескерткіш қойылса;
4) Ғылыми конференцияның материалдары ас берілер алдында жеке жинақ ретінде шығарса деген ұсыныстарымыз оң шешімін табар деп үміттенеміз.
Сөз соңында қайталап айтарымыз, Жаратқан Иеміз бұйыртса, биыл қазақ халқының соңғы ханы Кенесарының шейіт болғанына 170 жыл толады. Осыған байланысты қасиетті Тараз қаласында, тамыз айының бірінші жартысында Хан Кенеге және онымен бірге шейіт болған батырларының рухтарына арнап Құран бағыштап, ас берілсе деген хабар таратып, сауын айтамыз! Осы қасиетті іс-шараға қатысамыз, өткізілетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, мақалалар, зерттеулер жинағын кітап етіп шығаруға көмек көрсетіп, қол ұшын береміз дейтін абзал азаматтар болса, осы іс-шараларды ұйымдастырушы ретінде бізбен хабарласса деген тілегімізді айтамыз.

Мәскеу Нокрабеков, журналист.
Сұлтан, Аман Шота, «Тезек Төре» қорының Төрағасы, «Дүниежүзілік Шыңғыс хан Академиясының» академигі, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Сәмен батыр тумаған Сыпатай батырмен қалай соғысады?

$
0
0

548c58d11bfcb

Филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбаев «Елім деген ерлер» романында (Алматы қаласы, «Самара-Принт» ЖШС баспасы, 2008 жыл, 376-377 беттер): «Қоске атамыз қайтыс болады. Ел арулап жерлеп, бет-бетіне тарайды. Сарыбай атына мініп, ұзап кетіп бара жатқанда Қоске атамыздың бәйбішесі Бәйбике көзіне жас алып, соңынан қарап тұрыпты. Қасындағы үлкен кісілер:
— Көңіліңіз неге босады? — дегенде мұңайып: — Аталарыңның қызыл жолбарысы Сарыбайға ілесіп кетті, — депті», — деп жазады. Шапырашты ағайындардың көпті көрген, көкірегі ояу ақсақалдарынан сұрасаңыз, Қарасай батырға ерген қызыл жолбарысы кейін Сұраншы батырға, одан кейін Сарыбай биге, одан кейін Жамбылға, одан кейін Ораз Жандосовқа ерген деп, айтып та, жазып та жүр. Мамытбек Қалдыбаев, сіз Сарыбай биге қызыл жолбарыс Қоскеден ілескен дейсіз. Сіздікі дұрыс па? Шапыраштылардікі дұрыс па? Дәлелдемейсіз бе?
2013 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі кентінде, 14-15 маусымда өткен ғылыми-практикалық конференцияның материалдары «Сыпатай батыр» деген атпен кітап болып шығыпты (Алматы қаласы, 2013 жыл. ҚАЗақпарат баспасы. Құрастырғандар: Мұхтар Қазбек, Мадет Қожекеев). Осы кітаптан үзінділер келтірейін. Филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Сақауұлы Тебегенов газеттегі, конференциядағы мақалаларында Сыпатай батырды Қапсалаң батырмен (135 б.) бірге жүрді дейді. Сыпатай 1781 жылы туған. Қапсалаң батыр 1785 жылы 57 жасында ауырып өледі. Қалай Сыпатаймен бірге жүреді?
Сол кітапта филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев Сыпатай батырды Сәмен батырмен (100 б.) ұрыстырады. «Осы ұрыста Сыпатай қатты қаҺарланып, жеті бірдей батыры бар Шағатай батырды сабап тастайды» дейді. Сәмен батырдың қалмақтармен болған соғыстарда алған денесіндегі жарақаттары асқынып, 1777 жылы қайтыс болған. Кербұлақ ауданындағы Сәмен ауылына жерленген. Сыпатай 1781 жылы туған. Сәмен батырмен қалай ұрысады? Сыпатай сабаған Шағатай батыр кім? Құрметті доктор, профессор мырза, бұл сіздің бе, әлде құрастырушылардың әдейі қорлауы ма?
«Сыпатай батыр» кітабының 127 бетінде жазушы Нұрдәулет Ақыш Кәдірбек Аманкелдиевтің «Асуда» аты повесінен мынандай үзінді келтіреді: «Ел ағаларының орыстар жайлы күдігі Сәмен батырдың аузы арқылы айтылады» деп жазады. Сәмен батыр 1777 жылы қайтыс болған. Орыстар Жетісу жеріне 1800 жылдардан көп кейін келген. Сәмен батырды керекті-керексіз жерде жазып, Сәмен аруағын қорлау ма бұл?
«Елім деген ерлер», «Сыпатай батыр» деген екі кітапта да Мамытбек Қалдыбаевтың мақалалары «Данышпандық» деген тақырыппен беріліпті. Үзінділер келтірейін: (6 бет).
— Сені болыс Қапсағай (Қапсалаң ба) шақырып жатыр, — дейді.
— Жұртқа мал үлестіріп, қолым тиер емес. Кейін барам, — дейді. Бұған шамданған болыс атпен құйғыта шауып кеп:
— Әй, сен қайдан шыққан тоңмойын, өзімбілерменсің! — деп (152 б.), шылбырына жармасып, қамшымен басынан ұра берем дегенде, Сыпатай шап беріп қолынан ұстап, тақымына басып, шаба жөнеледі деп жазасыз. «Данышпандық» деген мақалаңыздың осы жердегі сөздері де, нүктелері де бірдей деуге болғанымен, сіз көңіл күйіңізге қарай адамдардың аттарын өзгерте салады екенсіз. Жазғаныңыздан үзінділер келтірелік.
«Елім деген ерлер» кітабында (10 б.): «Жас арыстан Сағымбай Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырады», — дейсіз.
«Сыпатай батыр» кітабында (157 б.): «Жас арыстан Ағыбай Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырады», — дейсіз. Қайсысы дұрыс? Сыпатай тақымына басқан Қапсағай ма, Қапсалаң ба? Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырған Сағымбай ма, Ағыбай ма?
2014 жылы «Сыпатай батыр Әлібекұлы» деген кітаптың (Алматы қаласы, «Мирас» баспасы. Құрастырғандар: Жақсымбет Иманбекұлы, Мұхтар Қазыбек және редколлегия мүшелері бар) 16-17 беттерінде Ж. Дәдебаевтың «Сыпатай батыр» кітабындағы басылған қателерді тайға таңба басқандай қайта жазыпты. Ары қарай «Сыпатай батыр Әлібекұлы» кітабына, Қазақстан жазушылары мен журналистер одағының мүшесі Бақтияр Әбілдаұлының №1, 30 мамыр 1991 жылы «Әулие ата» газетінде жаряланған «Сыпатай баба: ісі өнеге, сөзі өсиет» мақаласын қосыпты, 34-бетте (қысқа үзінділер): «Ел арасындағы құйма құлақ кәриялардың, солардың ішінде Мерке өлке музейін алғаш ұйымдастырған Нұрғали Омаралиевтің айтуына қарағанда» деп мынаны жазады: «Талай қорлық көрген Сыпатай бұған шыдай алмай, Қапсалаңды тақымға басып, басына да қолы тиіп, лақтырып кетеді» деп жазылған.
Сыпатай 1781 жылы туған. Қапсалаң батыр 1785 жылы 57 жасында ауырып өледі. Даңқы Алатаудан биік Сыпатай батыр бабамыздың еш кінәсі жоқ. Ағамыз қисынсыз өтірікке қалай барған деген оймен, кітапты ары қарай оқысам, ағамыздың 1999 жылы Шымкентте шыққан «Ботбай шежіресі» кітабынан үзінділерінде (155 б.) Есенбайдан Алатау, Сарман, Жәнібек (Дода). Сарманнан Шағатай, Жаналы дейсіз, Жаналы Шағатайдың әкесі ғой. Үзіндінің аяғында (259 б.): «Сәмен ауылы мен баба бейіті осылайша табылған еді», — дейсіз. Талдау жасап көрелік: Ағамыз зерттесе, Шағатай ұрпақтарымен кезіксе, Сәмен ұрпақтары Кеңес заманының өзінде күмбездің басына барып құран оқып тұратын білетін еді, Сыпатайға өліп қалған Қапсалаңды тақымына басып, қолы тиіп, лақтырып кетеді деп, шикі жандарға ұқсап шикі жазбаған болар еді. 1777 жылы қайтыс болған Сәменді 1781 жылы туған Сыпатаймен дауластырып, Шағатай батырды сабаттырып қойған Ж. Дәдебаев та толық зерттемеген.
Осы кітаптардағы жіберілген түйінсіз түйткілдер жайында Қалақбасов Әділдің «Бала бабасын сабай ма?» деген мақаласы («Абай KZ» ақпараттық порталы, 7 қыркүйек, 2015 жыл.) жарияланған еді. Ол аз болса, Абжатов Жанасбай мырза «Ақ жол» газетіне мақаласын жіберген, Қалақбасов Әділ Мұхтар Қазыбекке де айтқан. Алайда құрастырушылар тарапынан жұмған аузын ашқан жан баласын көрмедік. Сәмен батырдың іздеуі, сұрауы, жоқтаушысы жоқ деп ойласаңыздар керек. Сәмен батырдың ескерткішінің орнын көрсеткен Асанбай ағаның, аты Ботбайға ұран болған Сәмен батырдың әруағынан қалай қорықпадыңыздар? Досқа таба, дұшпанға күлкі болдық емес пе?
Әттең, пендешілік-ай! Олай болса, біз, Сәмен батыр ұрпақтары, сіздерге төмендегідей талап қоямыз:
1. Тарихи шындықпен жанаспайтын, орны толмас олқылыққа жол берілген кітаптарды шұғыл түрде кері қайтарып жинап алу.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Шағатай руының ұл-қыздарынан жариялы түрде кешірім сұрау.
Бұны біз істемесек, қазіргі жастарға не айтамыз? Заң білмедік, ынжық болдық дейміз бе? Істі насырға шаптырмайық, ағайын! Бәрімізге бірлік керек.

Дұғай сәлеммен, Сәмен батырдың жетінші ұрпағы
Естаев Қуанышбек Нұрәліұлы

Алашорда -азаттығымыздың бесігі

$
0
0

Үстіміздегі жылы алғашқы жалпы қазақ съезінің ашылуы мен Алашорда мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толады. Тарихқа көз жіберсек, сол жылдардағы қазақ зиялыларының өз елінің бостандығы үшін еткен ерен еңбектерінің куәсі боламыз. Егемендік қазақ еліне оңай келмегеніне көз жеткіземіз. Енді осыған біраз тоқталайық.

image description

image description

Патшалы Ресей қазақ жеріне баса-көктеп кіріп, қазақ халқының жерін тартып алу арқылы аграрлық мәселені шешуге тырысты. Крепостниктік тәртіпті жойғанымен, аграрлық мәселені шеше алмаған Ресей шаруаларды шығысындағы шет аймақтарға, негізінен Қазақстанға қоныстандыру жолымен шешуге тырысты. Осы жобаны жүзеге асыруды Қоныстандыру басқармасы жүргізді. 1886 жылы қазақ халқының жер көлемін анықтау мақсатымен Ф.Щербинаның басшылығымен экспедиция ұйымдастырды. Щербина малшы қазақтардың жерін алып малсыз қалса, олар қайыршылыққа түсетінін айтты. Алайда патша үкіметі ол ұсынысты тыңдамай, қазақ даласын отарлауды жүзеге асыра берді. Патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы тұрар күші жоқ қазақ халқы амалсыз көнді. ХХ ғ. басында оқыған қазақ интеллигенциясы жетіле бастады. Олардың қатарында Ресей Думасының бірінші шақырылымының депутаты болған Әлихан Бөкейханов бер еді. 1837-1847 жылдардағы Кенесары ханның қарулы көтерілісін зерттеген Әлихан қазаққа бостандық алу үшін Ресейдің өзін түбегейлі реформалау керек екенін түсінді. Ол 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін сол кездегі Ресейдің ең ықпалды Кадет партиясына мүше және 1912-1917 жылдары кадет партиясының Орталық комитетінің мүшесі болды. 1906 жылы Семей қазақтарының атынан мемлекеттік Думаға сайланған. Сол жылы 22 шілдеде Выборг петициясына қол қойғаны және Қазақстанда саяси қозғалыс ұйымдастырушы ретінде сотталып, үш айдан соң босатылған. 1908 жылы қайта ұсталып, 1917 жылға дейін Самарада болып, Қазақстанға келу құқығынан айырылған. Әлихан сонау бірінші орыс революциясы кезінде-ақ саяси партия ұйымдастыру туралы ойластырған. Сол жоспары 1917 жылы іске асады. Осы жылы ақпанда революция болып, патша үкіметі құлап, Уақытша үкімет орнады. Ал большевиктер қазан айында Кеңес үкіметін орнатқан еді. Олар уақытты оздырмай қазақ жеріндегі теміржолды өздеріне қаратып алды. Большевиктердің бұл әрекеті басқыншылық екенін түсінген Бөкейханов Ресей әскерлеріне, матростарына және жұмысшылар мен шаруаларға үндеу жолдады. Үндеу сол кезде барлық баспасөздерде жарық көрді. Қазақ зиялылары 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда алғаш рет жалпықазақтық съезін өткізді. Съезге жеті облыстан және Бөкей ордасынан 20-дай өкіл қатысып, қазақ үшін ең өзекті 14 мәселе қаралды. Бес күнге ұласқан съезде автономия алып, теңсіздік жариялау туралы өзекті мәселе біраз қызу пікірталас тудырды. Ж.Досмұханбетов бастаған Орал облысы мен Бөкей ордасының өкілдері автономияны дереу жариялау керек деді. Ә. Бөкейханов қазақ автономиясын дереу жариялауға қарсы болды. Сол тұстағы қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген Бөкейханов: «Қазақ жерінде қоныстанған басқа ұлт өкілдерінің және Түркістан өлкесіндегі қазақтардың қосылу-қосылмау мәселесін нақты шешу алу қажет. Осы мәселені анықтаған соң барып, тәуелсіздікті жариялайық», — деді. Әлиханның бұл пікірі тактикалық жағынан дұрыс еді. Оның түпкілікті көздегені қазақтың біртұтас мемлекетін құру болатын. Сөйтіп, екі жақтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ ымыраға келді. Келісім шарты бойынша «Түркістан қазақтары бір ай мерзім ішінде Алаш автономиясына қосылмаса, Алашорда халық кеңесі ресми түрде автономия жариялауға міндетті. Қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі» деп шешеді. Әлихан сол жылғы қазан айындағы революциясын қолдағанымен, саяси тұрғыдан қарсы болды. Сонымен қатар большевиктерден сақтануға шақырды. Большевиктердің халыққа қасірет әкелетінін ол сол кезде-ақ білген. Өзінің Ресей әскерлері мен матростарына, жұмысшылары және шаруаларына жазған үндеуінде: «Патша құлағанымен, таққа Лениннің өзі отырғысы келген үкімет демократия емес, буржуазиялық сандырақ!» — деп ашық айтты.
1921 жылы 21 қарашада Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Онда жерді жергілікті халыққа беру, сот ісін қазақ тілінде жүргізу, оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы, сөз бостандығы, дінді мемлекеттен бөлектеу, әскери қызметті өз жерінде атқару және жұмысшыларды заңмен қорғау туралы нақты жазылды. Бодандықтың бұғауынан құтылудың және жерге ие болу үшін мемлекеттік тәуелсіздік керек екенін түсінген қазақ зиялылары, ұлттық автономиялық мемлекет құру жұмысымен айналысты. Оған Ресейдегі ақпан және қазан революциясы Қазақстанда автономия құруға жол ашты.

Ә.Бөкейханов — Алашорда басшысы

Сонымен, 1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезін өткізеді. Съезге делегат болып Тұрағұл Абайұлы, Кенесары ханның немересі Әзімхан, Мұстафа Шоқай бар, барлығы 300-дей делегат қатысады. Съезде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылайды. Талқылауда Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясына бірігуге ұсыныс жасайды. М. Шоқай 1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының М.Тынышбаевтан кейінгі төрағасы болатын. Білімді және саяси сауатты М. Шоқай 1914 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша Ресей мемлекеттік думасы жанындағы мұсылман фракциясында жауапты хатшы болған. Съезд осы мәселені талқылай келе қаулы қабылдайды. Қаулыда Орал, Торғай, Бөкей елі, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқан облысындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы, сондай-ақ, Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, Қазақ-қырғыз ұлттық автономиясын құруға шешім қабылдайды. Съезд Алаш Автономиясын Алашорда (Алаштың ордасы немесе үкіметі деген сөз) деп атады. Сондай-ақ, Қазақ облыстарын сол кездегі бүліншіліктен қорғау мақсатында Ұлттық Кеңес құрылсын, Алашорданың тұратын орны уақытша Семей қаласы болсын (шын мәнінде, Семей қаласы 1917 жылғы шілдеден 1927 жылғы қазан айына дейін Алаш қаласы деп аталған) деп қаулы қабылдаған. Алашорданың өкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашорда автономиясының Алашорда аталған ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Олардың қатарында Халел Досмұханбетов, Уәлихан Танашев, Халел Ғаббасов, Сыдық Аманжолов, Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұханбетов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжановтар болды.
Сонымен бірге, милиция жасақтарын құрып, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті киім мен қару-жарақ түрлерімен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Алашорданың басшылығына дауысқа үш адам түскен. Дауыс қорытындысы бойынша Әлихан Бөкейханов — 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев — 20 дауыс, Бақтыгерей Құлманов 19 дауыс жинап, көп дауыс алған Әлихан Бөкейханов қазақтың алғашқы автономиясына төраға болып сайланады.

Ленинмен айтысқан Ә.Ермековтың ерлігі

Сол кездегі Алашорда авто-номиялық мемлекетінің жері Ресей империясының бес әкімшілік құрамында еді. Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына,Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Ресей мемлекетінің құрамына кірген болатын. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә. Ермековтер Ленин және Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі туралы келіссөз жүргізген. 1920 жылы 17 тамызда Лениннің төрағалығымен өткен Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралады. Сол мәжілісте Қазақстанның жер жағдайы туралы Әлімхан Ермеков баяндама жасап, Қазақстанның жері және оның шекарасы туралы мәселелерді толық қамтып, Ресейдің өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдерімен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін жан-жақты бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Оның дәлелдерінен кейін Лениннің басшылығымен Қазақ автономиясына Ресей иемденіп алған Семей мен Ақмола облыстарын, Каспий теңізінің теріскей жағалауындағы жерді, Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Қазақ еліне қайтарылды. Сөз арасында Әлімхан Ермеков туралы айта кетейін. Қазақ елінің бостандығы үшін күресе жүріп, ғылыммен айналысқан Әлімханға 1937 жылы Бүкілодақтық Аттестациялау Комиссиясы математика және теоретикалық механика саласындағы еңбегін жоғары бағалап, профессор атағын береді. 1938 жылы оны 58 статьямен соттап, 1947 жылы босатады. Осы отырғаны аздай, 1948 жылы қайта ұстап, 1955 жылы шығарады. Қазақ автономиясын құрудағы Әлімхан Ермековтың еңбектері өлшеусіз, әсіресе жер мәселесін шешудегі жетістігіне кейінгі ұрпақ мәңгі қарыздар. Алашорда осыған дейін болып келген ұлт-азаттық көтерілістердің және әлеуметтік теңсіздікті жақсарту үшін болған қозғалыстың жалғасы болды.
1918 жылы 22 қаңтарда «Сары арқа» газетінде: «…желтоқсанның 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды» деген Әлімхан Ермековтың мақаласы шықты.

Алдау мен арбаудың кесірі

1918 жылы наурыздың соңында Алашорда мемлекеті Мәскеуге Ленинмен жолығуға Жаһанша Досмұханбетов пен Халел Досмұханбетовты жібереді. Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізген Досмұханбетовтер оларға 1917 жылғы желтоқсандағы қаулыны таныстырады. Большевиктер оларға «Кеңес үкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етті. Олар қазақтар шоғырланған жерлерді толығымен қазақтарға қайтару, Кеңес үкіметі тұтқындаған Алаш қайраткерлерін түрмеден босату және қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді қоя білді. Сонымен қатар Кеңес үкіметі жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді. 1918 жылы сәуірде Ленин мен Сталин Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов пен Халел Досмұханбетовпен телефон арқылы сөйлеседі. Сталин: «Егер сіздер Кеңес үкіметін мойындасаңыздар, біз де сіздердің Алашорда мемлекетін мойындаймыз», — деп уәде береді. Уәдеге сенген Алашорда мемлекеті 1918 жылдың 11 маусымынан бастап тәуелсіздік жолындағы қызметін бастайды. Өз территориясын облыстық және уездік кеңестер арқылы басқару, Жаппай білім беру, ғылымды жан-жақты дамыту, Алаш әскери ұйымын құру және жабдықтау, Алаш үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынастар жасау, Алашорда үкіметі және қазақ соты сияқты өзекті мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жаңадан құрылған Алашорда үкіметіне өте күрделі жағдайда қызмет атқаруына тура келді. 1918 жылдың көктемінде Ресейде Азамат соғысы мен шетел интервенциясы басталды. Азамат соғысы қазақ даласын да қамтыды.Сол 1918 жылы Алашорда үкіметінің Батыс және Шығыс бөлімдері құрылды. Батыс Алашорданың орталығы Жымпиты ауылында орналасып, оны Жаһанша Досмұханбетов, Семейде орналасқан Шығыс бөліміне Әлихан Бөкейханов жетекшілік етті. Алашорданың әскери бөлімінің бастығы капитан Х.Тоқтамышев Омбыда орналасқан Сібір үкіметімен Алашорда әскерін құруға көмектесу жөнінде келіссөз жүргізді. Ә. Бөкейханов Сібір үкіметіне «Алашорда мен Сібір үкіметі арасындағы уақытша қатынастар орнату туралы» ұсыныстар жасайды. Сібір үкіметі алашорда үкіметін жартылай мойындағанымен, өз уыстарынан шығарғысы келмейді. Кеңес үкіметімен жасаған келісім бойынша олар Қазақстанның әрбір облыстық кеңесінде тұтқындалған алаш қайраткерлерін босатуға нұсқау береді. Сонымен қатар Мәскеу Алашорда сұраған 40 миллион рубльдің 12 миллионын береді. Бірақ орта жолда Саратов қаласында Орал облыстық депутаттар кеңесінің мүшесі, большевик Д.Яковлев күтіп отырып, ақшаны тартып алады.
Бұл оқиға большевиктер құрған Кеңес билігіне деген алаштықтардың сенімсіздігін күшейте түсті. Алашорда басшылары большевиктік күштермен және Қазақ елімен шекаралас аймақтағы сол кездерде құрылған уақытша үкіметтермен ымыраға келгенде ұлттық мүддені қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізді. Алашорда басшысы Бөкейханов Қазақ елін дамытуды Батыс Еуропа және Жапония елдерінің тәжірибесін пайдалануды жоспарлаған. Осы орайда феодалдық артта қалған Жапония мемлекетін әлемнің жетекші еліне айналдырған «Мейзи исин» бағдарламасы десек, соның қазақша бағдарламасын пайдалануды ойластырған. Сондай-ақ, Батыс Еуропаның да даму үрдісін үлгі етіп алғысы келді. Бұл Алаш бағдарламасының бірден-бір стратегиялық мақсаты болатын. Әлекеңнің бұл бағдарламасы, өкінішке орай, орындалмады. Кеңес үкіметі Алаш автономиясын мойындағанымен, кейіннен өз уәделерінен тайып кетті. Алашорда сол кездегі Колчак, Ақгвардияшылар мен Ресейдегі құрылтай үкіметтерінің қыспағында қалған соң, автономияны сақтап қалу үшін амалсыз Кеңес үкіметінің қарамағына өтеді. 1919 жылы көктемде Қазақстандағы Кеңес үкіметінің мүшесі Ә.Жанкелдин Ә. Бөкейхановты Ленинмен жолықтырады. Бұл кезде алаштықтардың саяси көзқарастары екіге бөлінген еді. Бірінші жағы — таза алаштық үлгідегі элита, екіншісі — партиялық-мемлекеттік номенклатура түріндегі ұлт зиялылары. Олар Алашорда мүшелеріне қарсы болды. Нәтижесінде Алашордаға Ленин сенімсіздік танытты. Сол жылы 10 шілдеде Ленин «Қазақ революциялық Комитетін» құру туралы декрет шығарады. Оның төрағасы етіп Станислав Пестковскийді, оның орынбасарлығына Әлихан Бөкейхановты тағайындайды. Алашорданың ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдары, 5 мың әскері, мектептері, сот мекемелері және «Қазақ» газеті мен «Сарыарқа» газеттері толығымен революциялық комитеттің құзырына беріледі. Сөйтіп, Алашорда автономиясы өз жұмысын 2 жыл 3 ай атқарып, большевиктердің қысымымен 5 наурыз 1920 жылы тоқтатады. Сол жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин Қырғыз (қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиясын құру жөніндегі декретке қол қояды. Сол күннен бастап Қазақ революциялық Комитеті таратылды. Патшалы Ресейден қудалау көрген Алаш зиялыларын 1919 жылы Алаш зиялыларына амнистия жариялағанына қарамастан, Кеңес үкіметі қудалай бастайды. М.Шоқай Түркияға, Х.Тоқтамышев пен Р.Мәрсеков Қытайға кетуге мәжбүр болады. 1920 жылы Ә.Бөкейхановты тұтқындайды. Оның «Қазақ баласы бұл жолы тәуелсіздігін алмаса да, келешекте өз тізгінін өзі ұстайтын бөлек мемлекет болады» деген көрегендігі шындыққа айналды.
Алаш идеясы неге іске аспады деген сұраққа Мұстафа Шоқай «… орыс демократтарына сеніп, алданып қалдық. Өзге ұлтқа сеніп, өз бостандығымызды ала алмаймыз», — деді.
Алаш партиясы мен Алаш автономиясының тарихи маңызы өте зор. Олардың бағдарламасының саяси негізі қазақ елінің тәуелсіздігі еді және қозғаушы күші сол кездегі қазақ зиялылары болды. Большевиктер Алаш үкіметін жойғанымен, Алаш идеясын жоя алмады. Ел тәуелсіздігі өмір ақиқатына айналды. Алаш зиялыларының армандаған ойлары іске асты. Алаш автономиясы құрылмаса, КСРО-ға дербес мемлекет болып енбес едік. Дербес Қазақ республикасы болмасақ, бүгін егеменді мемлекет болмас едік. Кезінде бастарын өлімге тігіп, Алаш автономиясын құрған сол кездегі қазақ зиялыларына бүгінгі ұрпақ бас иеміз.

Беркін Әкебаев, Республикалық «Алтын қалам» әдеби байқауының жүлдегері.

(25)

Сәмен батыр тумаған Сыпатай батырмен қалай соғысады?

$
0
0

548c58d11bfcb

Филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбаев «Елім деген ерлер» романында (Алматы қаласы, «Самара-Принт» ЖШС баспасы, 2008 жыл, 376-377 беттер): «Қоске атамыз қайтыс болады. Ел арулап жерлеп, бет-бетіне тарайды. Сарыбай атына мініп, ұзап кетіп бара жатқанда Қоске атамыздың бәйбішесі Бәйбике көзіне жас алып, соңынан қарап тұрыпты. Қасындағы үлкен кісілер:
— Көңіліңіз неге босады? — дегенде мұңайып: — Аталарыңның қызыл жолбарысы Сарыбайға ілесіп кетті, — депті», — деп жазады. Шапырашты ағайындардың көпті көрген, көкірегі ояу ақсақалдарынан сұрасаңыз, Қарасай батырға ерген қызыл жолбарысы кейін Сұраншы батырға, одан кейін Сарыбай биге, одан кейін Жамбылға, одан кейін Ораз Жандосовқа ерген деп, айтып та, жазып та жүр. Мамытбек Қалдыбаев, сіз Сарыбай биге қызыл жолбарыс Қоскеден ілескен дейсіз. Сіздікі дұрыс па? Шапыраштылардікі дұрыс па? Дәлелдемейсіз бе?
2013 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі кентінде, 14-15 маусымда өткен ғылыми-практикалық конференцияның материалдары «Сыпатай батыр» деген атпен кітап болып шығыпты (Алматы қаласы, 2013 жыл. ҚАЗақпарат баспасы. Құрастырғандар: Мұхтар Қазбек, Мадет Қожекеев). Осы кітаптан үзінділер келтірейін. Филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Сақауұлы Тебегенов газеттегі, конференциядағы мақалаларында Сыпатай батырды Қапсалаң батырмен (135 б.) бірге жүрді дейді. Сыпатай 1781 жылы туған. Қапсалаң батыр 1785 жылы 57 жасында ауырып өледі. Қалай Сыпатаймен бірге жүреді?
Сол кітапта филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев Сыпатай батырды Сәмен батырмен (100 б.) ұрыстырады. «Осы ұрыста Сыпатай қатты қаҺарланып, жеті бірдей батыры бар Шағатай батырды сабап тастайды» дейді. Сәмен батырдың қалмақтармен болған соғыстарда алған денесіндегі жарақаттары асқынып, 1777 жылы қайтыс болған. Кербұлақ ауданындағы Сәмен ауылына жерленген. Сыпатай 1781 жылы туған. Сәмен батырмен қалай ұрысады? Сыпатай сабаған Шағатай батыр кім? Құрметті доктор, профессор мырза, бұл сіздің бе, әлде құрастырушылардың әдейі қорлауы ма?
«Сыпатай батыр» кітабының 127 бетінде жазушы Нұрдәулет Ақыш Кәдірбек Аманкелдиевтің «Асуда» аты повесінен мынандай үзінді келтіреді: «Ел ағаларының орыстар жайлы күдігі Сәмен батырдың аузы арқылы айтылады» деп жазады. Сәмен батыр 1777 жылы қайтыс болған. Орыстар Жетісу жеріне 1800 жылдардан көп кейін келген. Сәмен батырды керекті-керексіз жерде жазып, Сәмен аруағын қорлау ма бұл?
«Елім деген ерлер», «Сыпатай батыр» деген екі кітапта да Мамытбек Қалдыбаевтың мақалалары «Данышпандық» деген тақырыппен беріліпті. Үзінділер келтірейін: (6 бет).
— Сені болыс Қапсағай (Қапсалаң ба) шақырып жатыр, — дейді.
— Жұртқа мал үлестіріп, қолым тиер емес. Кейін барам, — дейді. Бұған шамданған болыс атпен құйғыта шауып кеп:
— Әй, сен қайдан шыққан тоңмойын, өзімбілерменсің! — деп (152 б.), шылбырына жармасып, қамшымен басынан ұра берем дегенде, Сыпатай шап беріп қолынан ұстап, тақымына басып, шаба жөнеледі деп жазасыз. «Данышпандық» деген мақалаңыздың осы жердегі сөздері де, нүктелері де бірдей деуге болғанымен, сіз көңіл күйіңізге қарай адамдардың аттарын өзгерте салады екенсіз. Жазғаныңыздан үзінділер келтірелік.
«Елім деген ерлер» кітабында (10 б.): «Жас арыстан Сағымбай Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырады», — дейсіз.
«Сыпатай батыр» кітабында (157 б.): «Жас арыстан Ағыбай Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырады», — дейсіз. Қайсысы дұрыс? Сыпатай тақымына басқан Қапсағай ма, Қапсалаң ба? Сыпатай батырды жекпе-жекке шақырған Сағымбай ма, Ағыбай ма?
2014 жылы «Сыпатай батыр Әлібекұлы» деген кітаптың (Алматы қаласы, «Мирас» баспасы. Құрастырғандар: Жақсымбет Иманбекұлы, Мұхтар Қазыбек және редколлегия мүшелері бар) 16-17 беттерінде Ж. Дәдебаевтың «Сыпатай батыр» кітабындағы басылған қателерді тайға таңба басқандай қайта жазыпты. Ары қарай «Сыпатай батыр Әлібекұлы» кітабына, Қазақстан жазушылары мен журналистер одағының мүшесі Бақтияр Әбілдаұлының №1, 30 мамыр 1991 жылы «Әулие ата» газетінде жаряланған «Сыпатай баба: ісі өнеге, сөзі өсиет» мақаласын қосыпты, 34-бетте (қысқа үзінділер): «Ел арасындағы құйма құлақ кәриялардың, солардың ішінде Мерке өлке музейін алғаш ұйымдастырған Нұрғали Омаралиевтің айтуына қарағанда» деп мынаны жазады: «Талай қорлық көрген Сыпатай бұған шыдай алмай, Қапсалаңды тақымға басып, басына да қолы тиіп, лақтырып кетеді» деп жазылған.
Сыпатай 1781 жылы туған. Қапсалаң батыр 1785 жылы 57 жасында ауырып өледі. Даңқы Алатаудан биік Сыпатай батыр бабамыздың еш кінәсі жоқ. Ағамыз қисынсыз өтірікке қалай барған деген оймен, кітапты ары қарай оқысам, ағамыздың 1999 жылы Шымкентте шыққан «Ботбай шежіресі» кітабынан үзінділерінде (155 б.) Есенбайдан Алатау, Сарман, Жәнібек (Дода). Сарманнан Шағатай, Жаналы дейсіз, Жаналы Шағатайдың әкесі ғой. Үзіндінің аяғында (259 б.): «Сәмен ауылы мен баба бейіті осылайша табылған еді», — дейсіз. Талдау жасап көрелік: Ағамыз зерттесе, Шағатай ұрпақтарымен кезіксе, Сәмен ұрпақтары Кеңес заманының өзінде күмбездің басына барып құран оқып тұратын білетін еді, Сыпатайға өліп қалған Қапсалаңды тақымына басып, қолы тиіп, лақтырып кетеді деп, шикі жандарға ұқсап шикі жазбаған болар еді. 1777 жылы қайтыс болған Сәменді 1781 жылы туған Сыпатаймен дауластырып, Шағатай батырды сабаттырып қойған Ж. Дәдебаев та толық зерттемеген.
Осы кітаптардағы жіберілген түйінсіз түйткілдер жайында Қалақбасов Әділдің «Бала бабасын сабай ма?» деген мақаласы («Абай KZ» ақпараттық порталы, 7 қыркүйек, 2015 жыл.) жарияланған еді. Ол аз болса, Абжатов Жанасбай мырза «Ақ жол» газетіне мақаласын жіберген, Қалақбасов Әділ Мұхтар Қазыбекке де айтқан. Алайда құрастырушылар тарапынан жұмған аузын ашқан жан баласын көрмедік. Сәмен батырдың іздеуі, сұрауы, жоқтаушысы жоқ деп ойласаңыздар керек. Сәмен батырдың ескерткішінің орнын көрсеткен Асанбай ағаның, аты Ботбайға ұран болған Сәмен батырдың әруағынан қалай қорықпадыңыздар? Досқа таба, дұшпанға күлкі болдық емес пе?
Әттең, пендешілік-ай! Олай болса, біз, Сәмен батыр ұрпақтары, сіздерге төмендегідей талап қоямыз:
1. Тарихи шындықпен жанаспайтын, орны толмас олқылыққа жол берілген кітаптарды шұғыл түрде кері қайтарып жинап алу.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Шағатай руының ұл-қыздарынан жариялы түрде кешірім сұрау.
Бұны біз істемесек, қазіргі жастарға не айтамыз? Заң білмедік, ынжық болдық дейміз бе? Істі насырға шаптырмайық, ағайын! Бәрімізге бірлік керек.

Дұғай сәлеммен, Сәмен батырдың жетінші ұрпағы
Естаев Қуанышбек Нұрәліұлы

(4)

100 жыл бұрын көтерілген дабыл

$
0
0

Жақында қолыма «Оян, қазақ!», «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» деген үш ақынның шығармашылығынан құралған кітап тиді. Өткен ғасырдың әдебиетінен сыр шерткен бұл еңбектер туралы кітапты құрастырған филология ғылымының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Төрәлі Қыдыр мырзамен сұхбаттасқан едік. сканирование0005

— Әрбір қазақ баласының құлағына Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы!» сіңісті десек, қателеспейміз. Ал енді, «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» деп ұрандатқан ақындардың өздерін де, осы сөздерін енді естіп отырмыз. Қолымыздағы сиясы кеппеген осы кітапқа арқау болған екі ақынды оқырманға өзіңіз таныстырсаңыз..
— Міржақыптың «Оян, қазағы!» алғаш рет 1909 жылы Орынборда шыққан. Таралымы қанша екендігі туралы мәлімет жоқ, тек ол кезде кем дегенде 1000 данамен шығатыны мәлім. Сол 1000 дана қазақ арасында тез тараған, сосын 1911 жылы екінші рет басылған. Міне, сол «Оян, қазақ!» көптеген қазаққа ой салған. Арада 3 жыл өткен соң, 1914 жылы Байбатыр Ержанұлы деген ақын «Тұр, қазақ!» атты кітабын шығарған. Б.Ержанұлының Міржақыппен аралас-құралас таныс болып-болмағандығы туралы деректер жоқ. Бірақ шығарманың ішінде өзі де атап өткендей «Оян, қазақты!» оқыған. Әрі «Тұр, қазақтың!» алғашқы өлеңі «Ояну» деп басталады.
«Тұр, қазақ!» атты кітаптың 1914 жылы Қазан қаласында басылғанын айттық. Қазанда ол кезде екі баспахана жұмыс істеген. Соның біреуі Домбровский атындағы университет баспаханасы еді. Бұл кітап сол баспаханада басылған. Сонымен, «Оян, қазақ!» шықты, оның соңын «Тұр, қазақ!» жалғаған. Ал осы екеуінің ізін ала 1917 жылы Ташкентте «Жатпа, қазақ!» жарық көрген. Бұл кітаптың авторы — Әбілқасым Арғыни. Бір өкініштісі, бұл кісі туралы мәліметтеріміз өте аз. Бүгінгі қазақ әдебиеті саласында өзінше бір тосын ақын ретінде де зерттеліп жатыр. Ол кісі де «Оян, қазақты!» оқыған. Автор кітаптың соңғы жағында «Міржақып Дулатов ағаларым, Сізді һәм бірнешеге санар едім. Қанатыңды жайдың да әрі-бері, «Ояннан» бергі жерде паналадың» деп, Міржақыптың «Оян, қазақ!» шығармасымен таныс болғандығын жазады. Бір сөзбен айтқанда, «Оян, қазақ!», «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» деген үш кітаптың үшеуінің де идеясы, мақсаты халықты ояту болған. Үш кітап та өлең түрінде басылған. Қазақ арасына өлеңмен өрілген дүние кеңірек әрі тезірек тараған ғой. Жұрт жаттап алып, бір-біріне айтып отыратын болған. Негізінде, тек біздің әдебиетімізде емес, түркі халқы, жалпы шығыс мұсылман әлемінде XX ғасырдың басы «Ояну дәуірі» деп аталады. Соңғы үш ғасыр бойы ұйықтап қалған мұсылман әлемінің XX ғасырдың басында жан-жағына қарап, етек-жеңін жия бастағаны осы жинақтарда көрініс берген. Парсы, араб әдебиеттерінде де, кіші Азияда тұрған біздің түрік бауырларымызда да, татар бауырларымызда да, өзбектерде де осы сарындас еңбектер жазылған. Сол кезеңдерде «Халықты қалай да ояту керек? Біз батыстан не үшін қалып бара жатырмыз? Олардан біздің кемшілігіміз неде?» деген мәселелер барынша қарастырылған. Үш кітап та солардың сарынымен, қазаққа ой салу мақсатымен дүниеге келген болып тұр.
— Көпшілік атынан айтпайын, жеке өзім үшін Байбатыр Ержанұлы да, Әбілқасым Арғыни да әдеби жаңа есімдер. Әйгілі «Оян, қазақтың!» идеясын жалғаған бұл авторларды қоғамға таныстыру, үшеуін үндестіріп кітап жасау идеясы қалай туды? Жалпы біріктіріп кітап етіп ұсынудағы о бастағы мақсатыңыз не болды?
— Жаңа айтып өткендей, барлығымыз да «Оян, қазақпен!» жақсы таныспыз. Кез келген кітаптың жарыққа шығуына бір нәрсе себепкер болады. Осыдан 15 жыл бұрын Қазан қаласындағы Н.И Лобачевский атындағы өте бай кітапханада іссапармен болдық. Бәрімізге белгілі, Қазан революциясына дейін негізгі кітаптардың басым көпшілігі Қазан қаласында шыққан. Сол кітапханаға барғанымызда «Бізде араб әрпімен басылған көптеген кітаптар Қазанда жарыққа шыққан. Енді осылар туралы мәліметтер бар ма?» — деп, картотекасын қарағымыз келді. Сол ойымызды білдірсек, кітапхана басшылығы: «Бізде қазақ кітаптары туралы ешқандай мәлімет те, картотека да жоқ», — деді. Сосын біз кітапхананың директорына жолықтық. Оның да хабары жоқ болып шықты. Ақыры «қазақ кітаптарының картотекасы қайда жатқандығы туралы бір білсе, сол біледі» деп, сол кітапханада көптеген жыл жұмыс істеген ақсақалды сілтеді. Әлгі ақсақал қазақ кітаптарына сұраныс болмағандықтан, барлығын жертөлеге (подвалға) жібергендігін айтты. Сонымен, біз қазақ кітаптарының картотекалары тізілген жертөлеге түсіп, картотекаларды жүйелеп қарай бастадық. Бір кезде «Оян, қазақты!» таптық, артынша «Тұр, қазақ!» шыға келді. Бұл бізге күтпеген жаңалық, тосын сый ретінде көрінді. «Оян, қазақты!» білеміз, «Тұр, қазақ!» деген де кітап шыққан екен ғой деп таңданыстық. Бәрі араб әріптерімен басылған. Қызыға түсіп, ары қарай үңіле келе, «Жатпа, қазаққа!» тап болдық. Бұл бізге бір ой салды. Сол кездегі біздің іссапарымыз басқа тақырыпқа байланысты болды, мақсатымыз да басқа еді. Кейін араға 6-7 жыл салып, 2010 жылы сол кітапханаға белгілі жазушы Құлбек Ергөбек екеуміздің қайтадан жолымыз түсті. Осы жолғы сапарда сол кітаптармен танысуға қол жеткіздік. Елге келгеннен кейін Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында да осы үш кітаптың барлығына көз жеткіздік. Мұндағы нұсқалармен танысуға осы қордың жетекшісі Абикова Гүлшат көп көмектескенін ерекше атап өткім келеді. Содан үшеуін бір кітап етіп шығару көптен ойымызда жүрді. Түрлі жиындарда насихаттап, XX ғасырда тек «Оян, қазақ!» қана шыққан жоқ, «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» та шыққан, үшеуі қазақтың ұранындай болған деп айтып жүрдік. Нәтижесінде, «Асыл мұра» өнер орталығының директоры, кәсіпкер Абзал Тұрсынбайұлының демеушілігінің арқасында осы кітапты оқырманға ұсынып отырмыз. Қысқасы, кітап оқырмандардың қолына тиіп жатыр. Оқырмандар бұл авторлар туралы да, қолыңыздағы кітап туралы да енді-енді хабардар болып жатыр. Әлеуметтік желілерде де сол кезде халықты рухани оятуға осындай талпыныстар болғандығы насихатталып, айтылып жатыр. «Оян, қазақ!» 1909, 1911 жылдары Орынборда екі мәрте кітап болып басылған. 1914 жылы Б.Ержанұлының «Тұр, қазағы!» Қазан қаласында шыққан. «Жатпа, қазақ!» кітап қалпында Ташкентте жарық көрген. Үшеуі үш шаһарда, қадым үлгісінде басылған. Кітаптың үшеуі де қолжазба емес, тасбаспа кітап. Литографиялық кітаптарды тасбаспа деп атаған. Кітаптың артқы бөлігінде үшеуінің де түпнұсқасынан аздаған үлгілер бердік. Бұның себебі — сол екі кітаптың сол жылдары халық арасында кітап қалпында тарағандығын көрсету. Ал екеуінің де ішкі мазмұны тұтастай халықты оятуға арналған. Бұл кітаптардың соңғысы «Жатпа, қазақтың!» жарыққа шыққанына биыл 100 жыл толып отыр. Бірақ біздің мақсат — сол кезеңде айналдырған жеті жылдың ішінде үш кітаптың шығуы, үшеуі де қазақ халқын оятуға арналғандығын паш ету.
— Б.Ержанұлы мен Ә.Арғыни туралы, олардың шығармашылықтары, өмір сүрген жылдары мен туған жерлері туралы қандай мәліметтерге қанықсыздар?
— Екеуі де Міржақып сияқты ірі саяси тұлға болған деп айта алмаймыз. Б.Ержанұлы Орталық Қазақстанда өмір сүрген. Ұрпақтары да бар көрінеді. Оның «Тұр, қазақтан!» басқа да еңбектері бар екен, мұны бізге осы кісінің шығармашылығын біраз зерттеген ғалым Ажар Зекенова айтты. Ал Әбілқасым Арғыни туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек арғыннан шыққан мықты ақын екенін біліп отырмыз. Ә.Арғынидың шығармасын оқысаңыз, діни сарындар көбірек көрініс тапқан. Себебі діннен жақсы хабардар болған. Ал оның Қазақстанның қай өңірінде өмір сүргендігі, басқа қандай еңбектері бар екендігі туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бүгінгі әдебиеттанушылар осы туралы енді зерттей бастаулары керек. Мүмкін, оның ұрпақтары бар шығар. Оның басқа да шығармалары қолжазба күйінде көне сандықтарда сарғайып жатқан болуы мүмкін.
— «Тұр, қазақ!» пен «Жатпа, қазақ!» қазір өзімізге таныс әліпбимен қолымызға тиіп отыр. Бұл кітаптардың аудармасын қалай жасадыңыздар?
— Қос кітаптың тілі араб әліппесі негізінде басылған. Араб әліппесінің өзі екіге бөлінеді. Біріншісі «қадым әрпі» деп аталады, кейде «қадымшылдық» деп атайды. Ескішілдік деген ғой. Екіншісі — А.Байтұрсынов негізін қалаған төте жазуы. Өзіңіз білесіз, төте жазу Қытай қазақтарында кеңінен таралған. Енді қадымша мен төте жазудың айырмашылығы не деген заңды сұрақ туындайды. Қадымшада 32-ақ әріп болған. Бүкіл түркі даласының бәрі, тіпті парсылар да осы 32 әріпті кеңінен қолданған. Арабтың 28 әрпіне парсының төрт әрпін қосты да, соның негізінде 32 әріп болды. Солай қадымша жазылып келді. 1000 жыл бойы қолданылған, орта ғасырда Қ.А.Ясауи, С.Бақырғани, Б.Рабғұзи, М.Кердерийлер жазған әліппе осы. Кейін оны XX ғасырдың басында күн тәртібінде ұлт болып қалыптасу мәселесі тұрғанда Ахмет Байтұрсынов сол әріптерді реформалады да, қазақта қанша дыбыс бар, соның барлығына жеке-жеке әріп қойды. Оны біз төте жазу деп атаймыз. Бұларды айтып отырған себебім, мына үш кітап та қадымша, яғни араб, парсы сөздері қалай жазылады, бізде де тура солай жазылған. Бірақ қадымша жазылғанмен, үшеуінің де мағынасы қазақша. Сондықтан да біз бұны аудармадық, тек бүгінгі әріпке, кирилл әліппесіне бейімдеп, сөздердің ұйқасы қалай тұрса, солай бердік. Себебі бұл кітап көркем аударма емес, ғылыми басылым. Ғылыми басылымның бір әрпін болса да өзгертіп, көркемдеуге ешкімнің құқы жоқ. Біз ғалым болғаннан кейін не көреміз, соны береміз. Үш кітапты басқан Орынбор, Қазан, Ташкент баспаларының полиграфиясы үш түрлі. Бізге қиынға түскені Ташкент басылымы болды. Яғни Ә.Арғынидың «Жатпа, қазағы!» Ташкентте жарық көрген. Бұл баспахананың каллиграфиясы ерекше болған. Қазан, Орынбор баспаханаларына қарағанда қиындау оқылады. Сосын, бұл еңбектерге біз ғалымның көзілдірігімен қараймыз, енді ақындық көзбен қарасын деп, кітапты шығармас бұрын С.Қамшыгер, С.Хасан, Д.Байтұрсынұлы сияқты үш ақынымызға бердік. Олар қарап шығып, өздерінің пікірлерін айтты. Олардың да пікірлеріне құлақ астық. Кітап өткен ғасырда басылғандықтан, бүгінгі қоғамға сәл түсініксіздеу, қазіргі уақыт үшін әдеби стилі «томпақтау» келіп жататын жерлері болуы мүмкін. Бірақ біз соның барлығын сол кезеңнің әдеби тынысын толық ашып көрсету мақсатымен түпнұсқаша қалдырдық.
— Оқырман ретінде мына нәрсе менің назарымды аударып отыр. Мәселен, Әбілқасым Арғынидың өлеңдерінің тақырыптары «Насихат балаларға», «Насихат аталарға» немесе «Насихат ағаларға» деп басталады. Яғни, неге біз білетіндей «Балаларға насихат» немесе «Аталарға насихат» емес, керісінше? Бұл да тілдік ерекшеліктері ме?
— Мен осы сұрағыңызға маман ретінде тереңірек тоқтала кетейін. Бұл үш кітап та Шағатай әдебиетінің үлгісімен жазылған. Бізде орта ғасырда кеңінен қолданған мың жылдық Шағатай әдебиеті бар. Сонау Ж.Баласағұн, М.Қашғаридан бастап, кешегі Шәді Төренің, тіпті Абайдың да алғашқы өлеңінде кездеседі. Шағатай әдебиеті дегеніміз араб, парсы, түркі сөздерінен құралған. Мысалы, орта ғасырлық әдебиетті біз ислами әдебиет деп атаймыз ғой. Ислами әдебиет араб, парсы, түркі кеңістігінде таралды. Парсы кеңістігінде араб сөздері көп болса, түркі кеңістігінде араб һәм парсы сөздерінің ықпалы қатты болды. Қазақтың қазіргі өлеңі буын ұйқасына құралған ғой, мысалы, бізде қанша дауысты бар, сонша ұйқас, жеті буынды ұйқас, он бір буынды ұйқас болып шығарылған. Ал енді орта ғасырда бұл ұйқас та жойылды орнына аруз ұйқасы келді де, әлгі буын ұйқасын ығыстырып шығарды. Айта кететін жәйт, кейін ғылымда «Шағатай тілі — ескі өзбек тілі» деген де түсінік, жаңсақ пікір болған. Олай болса бүкіл орта ғасырлық жауһарларымызды Қ.А.Ясауи, С.Бақырғани — бәрін-бәрін өзбекке береміз ғой. Тіпті Абайдың алғашқы өлеңдерін де береміз. Бұл орыстардың арнайы бір европоцентризмдік көзқараспен жасалған консепциясы болған.
— Бұл кітап қазақ даласында неге таралмаған?
— Қазақ даласына жеткен болуы әбден мүмкін. Бірақ бізде 2-3 рет сүзгі өтті ғой. Арабша жазылған еңбектердің барлығы бізде Құран есебінде, діни кітап есебінде болды да, оларды өртеді. Сол өртеуден аман қалғандары әлі күнге дейін бір әжелердің, үлкен ақсақалдарымыздың сандығында өздері білместен Құран деп есептеліп жатқан болуы да мүмкін. Себебі басымыздан ондай жағдайлар көп өтті. Біреулер бізді «үйде ескі Құран бар» деп үйлеріне апарған, ашып қарасақ, Қазан, Орынбордан шыққан қисса, дастан болып шығады. Сол кездері әліппе ауысқандықтан, халық сауатсыз болып қалды да, осындай дүниелерге сауаттары жетпей қалды. Айтайын дегенім, бұл өлеңдер халықтың арасына жеткен болуы мүмкін. Бірақ коммунистік, атеистік қоғам 2-3 рет сүзгіден өткізгеннен кейін көбісі өртеніп, жоғалып кеткен де болуы әбден ықтимал.
Біз кітапты қоғамға жібердік. Халық қандай баға береді, қандай пікірлер айтылады, енді ол халықтың өз еншісіндегі дүние. Біздің міндет тек жариялап шығару болды. Енді бұдан бөлек біздің басқа да жоспарларымыз бар. Осы сарында жазылған еңбектерді ары қарай зерттеп, қарастырып, циклдық дүние ретінде шығара беру мәселесі тұр. Біздің басқа ақындарымыздың да ояту сарындағы өлеңдері болды ғой. Кітаптың мазмұны басқаша болған. Келешекте соның бәрін жинақтап, жеке бір кітап етіп, халықтың санасына ой салатындай етіп шығару. Бұл кітапты шығарудағы мақсатымыз бір ғасыр бұрын айтылған ұрандар бүгінде қаншалықты іске асты? Қазақ қоғамы бүгінде қай деңгейде оянды? Бір ғасыр бұрын тұтынушы мемлекет едік, әлі де тұтынушымыз ба, әлде жұртқа өз үнімізді шығаратын деңгейдеміз бе? Қаншалықты деңгейде дами алдық деген мәселелер арқылы қоғамға ой тастағымыз келді.
— Сүбелі сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан —
Нұргүл Жамбылқызы

(4)

Біз осы «түрікпіз» бе, «түркіміз» бе?

$
0
0

Осы күні түркітанушылар арасында «түркі» терминін жоққа шығарып, «түрік» терминінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысқан пікірлер мен уәждер көп. Жалпы, «түрік әлемі» немесе «түркі әлемі» деген сөздердің қайсысы дұрыс?

Түркология ғылымы екі сөздің қайсысын ғылыми тұрғыдан растайды? Бұл үшін мамандар пікіріне жүгінбес бұрын, сәл шегініс жасап, тарих таңбаларына зер салсақ, Алаштың бетке ұстары, Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханов сөзін «Біздің түрік текті қазақ халқы…» деп бастаған болса, Алаш мемлекетінің гимні «Арғы атам — ер түрік, Біз — қазақ еліміз!» болған. Ал ұлы Мағжан «Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой» деп жырлаған. Сол секілді «Сонау, сонау со бастан, көк түрік едік көк алмас, қара жер мен көк аспан жаралғанда ең алғаш» деген сынды арғы-бергі тарихымыздағы өлең жолдары да түрік/түркі тектес ұлттарды сипаттайтын қазіргі қолданыстағы «түркі халықтары» немесе «түрік халықтары» деген тіркестің тілдік қолданысымыздағы нақты атауын бірыңғайлайтын кез келгенін аңғартады. Негізінен, еліміздің түрколог мамандары арасында бұл туралы түрліше пікірлер айтылғанымен, газет-журнал мен басқа да ғылыми жұмыстарда, жалпы халық арасында бір ғана «түркі» атауы бұлжымастай боп тілдік айналымға түсіп кеткен.

Ораз Сапашев, ф.ғ.к., түрколог: «Мынау дұрыс деген нақты пікір жоқ»

«Түрік» және «түркі» этнонимдерінің арасынан мен үлкен айырмашылық көрмеймін. Негізгі мағынасында, әрине, «түрік» атауы тұр. Совет түркологиясында Түркиядағы түріктер мен Орта Азиядағы түріктерді тілдік, этникалық жақтарынан ажырату қажеттілігінен туындаған бұл екі атау Түркия түріктері үшін «турок — турецкий язык»; Орта Азия түріктері үшін «тюрк — тюркские языки» деп ажыратылған. Осының негізінде Еуропа, Америка ғылымында да Түркия түріктері үшін «Turkish — Turkish language», біздер үшін «Turkic — Turkic languages» деп түстеп беретін болды. Алғашында патшалық Ресей ғылым академиясының зерттеулерінде де барлық түркі халықтарының тілі мен тарихы «Турецкие наречия», «турецкие народы» деп зерттелінген. Кейіннен бұл Осман империясының орнына жаңа Түрік демократиялық республикасы бой көтеріп, олардың тарапынан «түрік» этнонимі республика және ұлт атауы ретінде ресми қабылдануына байланысты, Советтік ғалымдар бізді «тюрки» деген атауға көшіргені белгілі, оның Орта Азия түріктерінің тіліндегі баламасы «түркі/түрки». Бұл жердегі «і/и» жұрнағы ескіде біздің ортақ әдеби тілімізге енген арабтың қосымшасы, түркі тілдерінде «-лық/лік» жұрнағының баламасы болып табылады. Бұл жұрнақ қазіргі біздің көптеген атау, термин сөздерімізде әлі де белсенді қолданылады, мысалы, «әдеби», «тарихи», «мәдени», «қазақи» тағысын тағылар. ХХ ғасырдың басына дейін келіп жеткен біздің ортақ әдеби немесе кітаби тіліміз де «түрки» деп аталғаны белгілі, ол атауды да кейіннен орыс-совет ғалымдары «шағатай тілі» деп атап жіберген. Сонда қарасаңыз, «түрік тілдері», «түрік халықтары» деген сөз бен «түркі тілдері», «түркі халықтары» деген сөздердің арасында үлкен айырмашылық жоқ. Сондықтан да түркологияда нақты осынысы дұрыс деп нақтыланған пікір жоқ. Меніңше, «түркі халықтары», «түрік тілдері» дегеніміз жөн».
Түркия мамандары туысқан халықтарды «түрікше сөйлейтін елдер» немесе «түрік халықтары» десе, (ал олар өздерінің халық әндерін «түркі» деп атайды) жасыратыны жоқ, өз басым үркіп қаламын. Кеңестік күштің құрсауынан әзер босаған біздің психологиямыз үшін бұл қорқыныштың себебі түсінікті. «Түркі» халықтарының ортақ тілі, ортақ телеарнасы және тағы да басқа ортақтық пен бірлесу мәселелері көтерілгенде, «бір ағадан әзер құтылдық, бізге тағы бір ағатайлық керек емес» деп, қазірден қауіптенгендер аз болмады. Шынымен-ақ, біз «түрік халықтары» атауына өткісі келген мамандардың ығына жығылып, газет-журнал немесе ғылыми жұмыстардағы, тілдік қолданысымыздағы «түркі» атауын «түрік» етіп түрлендірсек, ақыр соңында өзіміз «түріктеніп» кетпейміз бе? «Егер де түркология саласына қалам тартып жүргендер мен басқа да мамандардың ұйғарымындағы «түрік әлемі» атауын енгізер болсақ, бұл иісі түркі (немесе түрік халықтары) басқа халықтардың Түркияның ықпалында қалып қоюларына жол ашпайды ма?» деген заңды сауал туындайды.
«Түрік әлемі» деген атауға келер болсақ, оның да мағыналық тұстарын ескергеніміз жөн болар. Жоғарыда айтқанымыздай, «түркі/түрки» сындық, сапалық мағына беретінін ескерсек, бұл атау негізінде «Түрки әлем» болып қалыптасуы керек. Біз, мәселен, «әдеби кеш», «қазақи мінез», «тарихи роман» дейміз ғой, ал Түркия түріктері үшін дара «түрік әлемі», қазақтар үшін «қазақ әлемі» қолданылсын. Түрік атауынан қорқу, оны тек Түркия ұлтымен байланыстыру — Кеңес кезеңінен қалған фобия. Қазіргі жаһандану кезеңінде түркітанушылардың тарапынан ортақ түрік терминологиясының кешенін қалыптастыру, ортақ түрік тілін қалыптастыру өзекті мәселе ретінде күн тәртібінде тұр. Орта Азия түрки халықтары өздерінің ортақ «түрки» әдеби тілін жоғалтқанына да жүз жылға таяды. Ұзақ ғасырлар халық қазынасының алтын сандығы болған ортақ тіліміз жоғалғалы біздің бірлігіміздің де жоғалып, бір-бірімізбен аудармашы арқылы сөйлесудің мүшкіл халіне дейін жетуіміз осының салдары», — дейді тағы да ф.ғ.к., түрколог Ораз Сапашев.

Мұхтар Мағауин, жазушы: «Түркі деген халық та, мемлекет те болмаған»

«Қазақ тілінің ішкі үйлесімі бойынша, «түркі» сөзі зат есім емес, сын есім. Кәдімгі «қазақы» деген тәрізді; адами, кәсіби, ғылыми — осы сөздердің бәрі бір орайда. Сондықтан «түркі» мүлдем басқаша ұғым бермек. (Осыған қарайлас «түрки» бар, яғни «түрік тілі»). Тарихи тұрғыда негізі жоқ, теріс қана емес қисынсыз: «қазақ» этнонимін «қазықа» немесе «қызақ» деп түрлендірген сияқты. Тарихта «түркі» дейтін халық та, «Түркі қағанаты» дейтін мемлекет те болмаған. Сонымен қатар, бүгінгі, түп негізі бірлес, тілдері үйлес, ағайын жұрттардың ортақ атауы да «түркі» емес. Бұл жер астынан жік шыққан барлық «түркінің» ақиқат түбірі — «түрік». Ерте ме, кеш пе, түзетілуі шарт. Өткен мың жарым жылдық тарихта — «түрік», «Түрік қағанаты», кейінгі бес ғасырда аралары ажырап, әрқайсысы өз дербестігін тапқан қауым жұрттың ортақ атауы — «түрік халықтары». Егер Осман империясындағы жұртшылық өздерінің арғы бабаларының есімін сақтап қалса, бұл — тек сүйінішті жағдай, ұлттық сананың биік көрінісі. Ал «түрік халықтары» дейтін анықтама сені Түркиямен қосақтап, Ресей сияқты басыбайлы құлға айналдырып жібермейді».
P.S: Бауырлас елдердің бірлігін нығайтуға бағытталған түрлі шаралар атқарылып, сол халықтардың тұтастығын сақтап, әлемдік ықпалын күшейтеміз деп, жалпы түркология ғылымын дамытамыз деп жатқанымызбен, әлі осындай піспеген, ортақ мәміле жасалмаған мәселе көп. Ал бұл жай ғана орағытып, бетін жаба салатын мәселе емес. Алдымен нақты атауын жөнге салғанда ғана қай нәрсе де ілгерілейді емес пе? Ал сіз бұл пікірлерге қалай қарайсыз?

(163)

Ноғайлар қазақтың бір бұтағы еді ғой…

$
0
0

C-nqu5r_HBsАуылымызда менің бала кезімде қалың қазақ ішінде жалғыз ноғай апамыз болды.
Әкемді жақсы танушы еді және әкемнен көп жас үлкен болатын. Үйі өзеннің бойында әрі сол арада өзеннің арғы бетіне шығатын аспалы жол болатын. Әкем жұмысқа бара жатқанда, қыс болса: «Әй, Әмірбек, Бейсенғазыны жіберсеңші, үйдің қарын күреп берсін», — дейтін. Көктем болса бақшасын салуға көмектесуші едім. Сабақтан кейін күрегімді арқалап барып, үйінің төбесінен бастап, есігінің алдын кеңейтіп күреп тастайтынмын. Сонан соң, ноғай апамыз келіп, үйіне кіргізіп сүт қосып қоюлап шәй беретін.
Үйі тап-таза, бөлмелердің көп жерін өзі тоқыған шілтермен, кестелермен көмкеріп қоятын. Мені өз баласындай жақсы көретін. Өзі аппақ адам еді. Жас кезінде өте әдемі әйел болғаны білініп тұратын.
— Апа, сіз тек қазақ тілінде ғана сөйлейсіз. Ноғайдың өз тілі жоқ па? — дейтінмін. 6-7 сынып оқушысымын ғой. Әр нәрсеге қызығып, білгім келіп тұратын.
— Балам-ау, ноғай дегеніміз қазақтың бір бұтағы емес пе, біз де осы жұрттың руына жататын елміз.
Шынымен де, ноғай дегеніміз кімдер? Қазақтың найман, қоңырат, керей секілді бір тайпасы ма, әлде дәстүр, тілі бөлек орда ма? Найманның барлас руынан шыққан атақты Темірланның үш рет күйрете жеңген соққысынан есеңгіреп қалады. Кезінде Батыл хан (Бату) құрған қыпшақ-қазақтардың Алтын Орда империясы ХІV ғасырдың соңына таман ептеп ыдырай бастады. Оның есесіне сол тұста Алтын орда әскерінің қолбасшысы Ноғай батырдың (зерттеуші ғалым М.И Артамановтың кейбір жазбаларынан) әскерлерінің құрамына енген біраз тайпалардан құралған мемлекеттік бірлестік пайда болды. Ноғай батырдың атымен аталған бұл шағындау қағанат, сонау Еділден Ертіске дейін, сондай-ақ Каспийден бастап, солтүстіктегі Түмен (Тюмень) қаласы аралығындағы аса кең өлкеде көшіп-қонып жүрді. Астанасы Жайыққа жақын орын тепкен Сарайшық қаласы болғаны белгілі.
Кезінде қытайлардан қырғын тапқан жоңғар хандығының аз ғана бөлігі қазақ даласын басып өтіп, 1632 жылы Еділ жағасына келіп бас сауғалады. Олар ақырғы бар күшін салып ноғайларды ығыстырып шығаруға тырысты. Қалмақ хандығы құрылып, оны торғауыт тайпасының Дайшын тайшысы биледі және Ресейге ресми түрде бағынышты болды.
Әсіресе қалмақтың Аюке ханының тұсында Ноғай ордасына тыныштық бермеді. Олар шегіне-шегіне Қара теңіз солтүстік жағалауындағы жазық далаға қоныс тепті. Кіші Ноғай және Үлкен Ноғай Ордасы бірігіп, бұлар да Ресей мемлекетінің құрамына өтті. Дегенмен, көшпелі орда өз дегенін істейді ғой, Ресейдің шеткі қалаларына шабуылдап, алым-салық алып, тонап кетіп отырды. Ақыры Ақ патшаның бұйрығымен Суворов әскері Ноғай ордасының тас-талқанын шығарды.
Миллионнан аса халық қырылды. Ешқандай аяушылық жасалмады. Ноғайлардың қалған-құтқаны (150 мыңдай түтін) түріктерге барып тығылды. Азшылық бөлігі қазақ даласына қашты. Сөйтіп, олардың осы бөліктері түріктер мен қазақтарға сіңіп кетті.
Ордасын Дәшті-Қыпшақ жеріне тіккенде ғой, мұндай мүшкіл халге түспес еді. Әйтпесе, Алтын орда империясының құрамындағы бір тіл, бір дәстүрдегі қоңырат, қият, найман, үйсін, керей, қаңлы, дулат, арғын, жалайыр, алшын тағы басқа тайпалар секілді, қазіргі уақытта бірігіп қазақ елі болып отырар еді-ау. Зерттеуші ғалым М. Артамановтың «Они были туркоязычными. Если честно говоря, они тоже были одной частью казахской национальности» деген сөзі шындыққа саяды. Атақты «Едіге» жырын шолып отырып ноғайлардың қаншалықты қиын кезеңдерден өткендігін елестетесің.
Бала кезімде ноғай апамның «біз де қазақтың бір бұтағы емеспіз бе?» дегені әлі күнге дейін құлағымда тұр.

Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

(11)

Қазақтың соңғы ханы

$
0
0

Реті келіп тұрған соң айта кетелік, Шоқан Уәлихановтың дерегі бойынша, Абылай ханның 12 әйелінен артында 30 ұл, 40 қыз қалған. Қазіргі Абылай әулетінен тараған, төре тұқымдары — солардың ұрпақтары және олар ешқашанда Қазақ Елінен ажырамаған.

DwsKlJ3lqzrYskhgMho1f8KTt51H32Абылай ханның ұрпақтарының тағдыры, өзінің қазақ деген халқы сияқты, қай кезде болса да оңай болмағаны анық. Егер қазақ халқын мызғымас Шың (пирамида) деп санасақ, сол Шыңның үш қабырғасы (жүзі) қазақтың үш жүзі десек, Шыңғыс ханның қазақ бұтағы, төрелер, үш жүзге ортақ! Қазіргі күнде ата-тегі хан Шыңғыстан басталатын қазақтың сүбелі руының бірі. Біреуге жиен, біреуге нағашы, яғни қазақ төрелері өзінің қазақ елінен ешқашанда бөлініп көрген жоқ!
Қазақ халқының басынан өткен аумалы-төкпелі күрес кезеңдерді заман қойнауындағы қым-қиғаш тарихи оқиғаларды салыстыра бағамдағанда, еліміздің «маңдайының соры бес елі болған» кезеңдерді көптеп көреміз. Сондай қиын кезеңдердің ойлы-қырлы белестерінің бірі Абылай ханның немересі, Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырып, қолбасшылық жасаған тұстары екендігі белгілі.
Хан Кенесары — Абылай ханның ұрпақтарының бірі емес, бірегейі. Әрине, маған бабам хан Кенесары туралы жазу оңай болмай тұр. Бірер жорналшы азаматтарға айтып едім, менің ұсынысыма тартыншақтап, шын ынтамен иіле қоймаған соң, шамам келгенше, ойым жеткенше өзім жазайын деп тәуекелге бел буып отырмын.
Биыл Хан Кененің шейіт болғанына 170 жыл толады. Осы жайында хан ұрпақтары мен алдыңғы қатарлы елдің ізгі ниетті бір топ азаматтары ой қорытып, өмірлерінің ең соңғы кезеңдерін осы оңтүстік өңірде өткізген жалғыз Хан Кене емес, оның үзеңгілес, бірге опат болған адал серіктері, батыр-жауынгерлерінің рухтарына арнап, қасиетті Тараз қаласында тамыз айының бірінші жартысында Құран бағыштап, ас берсек деген ұсыныс-шешім қабылдаған едік.
Кенесары хан өз ұрпақтарына ғана керек емес, барша қазаққа қажет, тарихи ортақ, ұлы тұлға! Көзі қарақты ел азаматтары соңғы ханымызды ешқашанда ұмытпайды! Қазақ елі егемендік алған соң, Кенесары жайында білгісі келгендер қатары күннен-күнге артуда. Осыған орай, қысқаша ғұмырнамасына тоқтала кетейік.
Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. 1847 жылы Қырғызстандағы, оңтүстік Жетіжал алабындағы «Кекілік-Сеңгір» аңғарында, Тоқмаққа жақын жерде қырғыздармен болған шайқаста қолға түсіп, қайғылы қаза тапқан мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі және қазақтың соңғы ханы (1841-1847). Шежіре бойынша, Шыңғыс ханның 20-шы ұрпағы, Абылай ханның немересі. Атақты Абылайдың қалмақ қонтайшысы Галдан-Сереннің туысы Хошу мергеннің қызы, Топыш ханымнан дүниеге келгені белгілі, Қасым сұлтанның ұлы.
Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды — Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопы және батыр қыз Бопай ханша), екінші әйелінен Наурызбай батыр туған. Үлкен аталарымыздың айтуы бойынша, хан Кенесарының жеке басында, ата-бабадан келе жатқан тектіліктен де басқа, айрықша нышандары мол болған. Солардың суреттеуі бойынша, былай айтылушы еді: «… орта бойлы, денесінде артық арам ет жоқ, құж мойын адам еді. Күн қаққан бетінде танауы желбезек қағып, қыран көздері, ақылының айнасы, жалт-жұлт етіп, шоқ сияқты жанып тұратын, аз сөйлейтін, жүзі сабырлы, езуінде әрқашан мысқыл ұялап тұрғандай сезілетін. Бет-бейнесі қаһарлы болатын, бар тұлғасынан тектілік байқалатын».
Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі-әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай, жастайынан шабандоз, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігерін, оның жетекшілік қабілетін айналасындағылар ерте мойындаған. Ресей империясының күшейе түскен отарлау саясатына наразы болған Кенесары, ағасы Есенгелді, Саржан бастаған азаттық қозғалысына 23 жасынан бастап белсене қатысады. Олар аярлықпен қаза тапқаннан кейін, Кенесары қазақ халқының дербестігін қалпына келтіру жолындағы ұзақ та ауыр күресін бастады. Абылай хан ұрпақтары Кенесарыға дейін де ұлт-азаттық көтерілісіне талай шыққан болатын. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 жылы Қоқан билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауырлары Есенгелді, Саржан бірталай жігіттерімен бірге өлтірілді. 1840 жылы әкесі Қасым төре де солардың қолдарынан қаза тапты.
Міне, содан соң, Кенесары Қасымұлы қолына қару алып, жауынгерлік атқа қонып, Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары, үш жүздің өкілдері бас қосқан арнайы жиында Қазақ халқының ханы болып, ескі дәстүр бойынша ақ киізге көтеріліп, хан сайланды.
1847 жылы 17-25 сәуірде Тоқмаққа жақын жерде қырғыздармен болған шайқаста қаза табады. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде мәңгі қалды. Оның әкімшілік және сот реформаларын жүргізгені, биліктің орталықтандырылуын күшейтуге тырысқаны, өз әскерін заман талабына сай қайта құрғаны, артиллерияны қолданып, әскери тактиканы дамытқаны, қатал тәртіпке бағынған, ұтқыр тәсілдерімен әрекет ететін әскер бөлімдерін құра білгені сол кезде-ақ әділ бағасын алды. Орыс отарлаушыларын шошытты.
Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары — Наурызбай» дастаны, 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. ХХ ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары І.Есенберлин «Қаһар» тарихи романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 жылы «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дереккөз ретіндегі маңызы зор. 1888 жылы Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан, Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған үлкен тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан», М., 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға сотталды.
Кенесары тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, жаңа қарқынмен қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 жылы Кенесарының туғанына 200 жыл толуына орай, халықаралық ғылыми конференция өтті және «Кенесары хан» атты деректі фильм шықты. Астана қаласында ескерткіш қойылды.
Ресейге қарсы күресте Қасым төренің ұрпақтарының, әсіресе даңқты Садық (Сыздық сұлтан) сұлтан Кенесарыұлының орны ерекше. Садық сұлтан саналы түрде өмірінің негізгі бөлігін Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске арнады. Бірақ ұзақ жылға созылған айқаста күш тең болмай, Орталық Азиядан Қашқарға өтті. Садық төре Қашқарда Қытай отаршыларына қарсы соғыстарға да қатысты. Ақыры ауыр жараланып, «барар жер, басар тауы» қалмаған соң, амалсыздан Ресей билігін мойындауға мәжбүр болды. Орыс билігіне «ұсынған басты қылыш кеспейді» деп хат жазып, Пішпек бекінісінде кеңшілік жарияланды. Онда Созақ бекінісі маңына орналасуға рұқсат берілді. Осымен даңқты Қасым сұлтанның аты аңызға айналған ұрпақтарының Ресей отаршыларына қарсы күресі аяқталды. Бірақ осы күрестер белгісіз кеткен жоқ, әрқашанда тәуелсіздікке ұмтылған әрбір қазақтың жүрегінде сақталып қалды.
Осы тұрғыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әкімдері, ханның шейіт болғанына Құран бағыштап, ас берердің алдында, Кенесары ханның қасиетті күресінің мән-мағынасын толықтай тану үшін мынандай мәселелерге көңіл бөліп, көмек көрсетсе екен деген тілегіміз бар:
1) 2017 жылы Кенесары ханның шейіт болғанына 170 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылса;
2) Жамбыл облысының аумағында хан Кенесары атында бірде-бір елді мекен, көше, мәдениет үйі немесе оқу орындары жоқ екен. Осы мәселе қолға алынса;
3) Жамбыл облысының көрнекті бір жерінде Кенесары ханға ескерткіш қойылса;
4) Ғылыми конференцияның материалдары ас берілер алдында жеке жинақ ретінде шығарса деген ұсыныстарымыз оң шешімін табар деп үміттенеміз.
Сөз соңында қайталап айтарымыз, Жаратқан Иеміз бұйыртса, биыл қазақ халқының соңғы ханы Кенесарының шейіт болғанына 170 жыл толады. Осыған байланысты қасиетті Тараз қаласында, тамыз айының бірінші жартысында Хан Кенеге және онымен бірге шейіт болған батырларының рухтарына арнап Құран бағыштап, ас берілсе деген хабар таратып, сауын айтамыз! Осы қасиетті іс-шараға қатысамыз, өткізілетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, мақалалар, зерттеулер жинағын кітап етіп шығаруға көмек көрсетіп, қол ұшын береміз дейтін абзал азаматтар болса, осы іс-шараларды ұйымдастырушы ретінде бізбен хабарласса деген тілегімізді айтамыз.

Мәскеу Нокрабеков, журналист.
Сұлтан, Аман Шота, «Тезек Төре» қорының Төрағасы, «Дүниежүзілік Шыңғыс хан Академиясының» академигі, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

(23)

Ұстаздың оралуы

$
0
0

Алаш қозғалысының тарихын, оның жетекшілерінің қызметін қорыту процесі кеңестік кезеңде басталып, биліктегі идеология тапсырысы бойынша жасалынған тұжырымдардың біразы ғылыми әдебиетте осы кезеңде орнықты. Сол сияқты батыстық тарихнама да Алаш қозғалысына қатысты өзінің тұжырымдарын басым түрде орыстілді деректік материалдар (патшалық және советтік басқарушы аппарат қойнауынан шыққан) негізінде жасады. Міне, осы жасалынған тұжырымдарда ең кем дегенде мынадай екі дерек көзінің көрсетулері есепке алынған жоқ.  Олар,  біріншіден, революциялық өзгерістерге (1917 ж.) дейінгі және советтік билік тұсында өмірге  келген Алаш зиялыларының шығармашылық мұрасы, екіншіден, ОГПУ және НКВД тарапынан алаштық топқа байланысты жүргізілген сот процестерінің материалдары.

Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары Алаш қайраткерлері мен шығармашылық иелерінің мұралары ешқандай кедергісіз кітап түрінде жарық көрді. Алаш қозғалысын зерттеу ісіне байланысты үлкен жетістіктердің бірі осы. Мұндай жағдайды, өкінішке орай, сот материалдарына байланысты айта алмаймыз.
Түрлі желеулермен осы уақытқа дейін, яғни Алаш қозғалысының өмірде орын алған уақытынан бері жүз жылдан астам уақыт өтсе де, ОГПУ және НКВД тарапынан ұйымдастырылған сот процестерінің материалдары әлі де құпия және жабық мұрағат қорларында сақталуда. Соның салдарынан Алаш қозғалысы қайраткерлері мен оның белсенділеріне байланысты совет мемлекеті атынан жасалынған қылмыс соңына дейін ашылмаған күйде қалуда.
Совет өкіметінің өткен ғасырдың 20-30-ыншы жылдардағы өз халқына байланысты жасаған қылмысына баға беру бағытында жүргізілген бұл жұмыс біздің елде 1991-1992 жылдары басталып, осы мақсатта құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары мен ұсыныстары «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрді. Комиссияның қорытындысында жоғарыда аталған мезгілде «Қазақстан бұрынды-соңды болып көрмеген әлеуметтік тәжірибе (эксперимент — авт.) жүргізетін алып полигонға айналдырылды» деген тұжырым жасалынып, совет үкіметінің бұл әрекеті халыққа қарсы жасалынған қылмыс ретінде бағаланып, «ал оның алғышарттары режим өмір сүре бастаған кездің өзінде-ақ» туғандығы айтылды.
Қазақстан халқын, қазақ этносын бұрын-соңды болмаған апатқа ұрындырған бұл трагедияның алғышарттарының бірі Совет үкіметі тарапынан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан бастаған қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының қазақ мәселесін шешуге байланысты жасаған балама (альтернативтік) ұсыныс-бағдарламасының қаперге алынбауы еді.
Адамзат өз тарихында қатыгез диктаторлық режимдердің талайын кездестірген. Солардың ең дүлейі және мейірімсізі советтік билікпен салыстыруға келмейді. Қазақ тарихына байланысты осы тұжырымға негіз бола алатын біраз фактілік материалдарды келтіруге болады. Мақала көлеміне байланысты біз ондай әдіске бармай-ақ қояйық. Дегенмен, осы ретте мәселені тура түсінуге жол ашатын мынадай жағдайды ескерген жөн.
Ең алдымен, біз, тарихшы мамандар, өткен тарихымызды қорыту ісінде заман сұранысына лайық жаңа әдіс-құралдарға сүйенгеніміз дұрыс. Мұндай талап бірінші кезекте қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарихына қатысы қойылуға тиіс. Осы ретте, мәселен, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы тарихы кезінде идеологиялық орталықтардың тапсырысы бойынша советтік тарихнама ұстанымы тұрғысынан қорытылғандығы мәлім. Осы мақсатта том-том кітаптар жазылды, диссертациялар қорғалды, осы негізде зерттеуші кадрлар буыны қалыптасты…
Ендігі уақытта осы арнада қалыптасқан методологиялық әдіс-құралдар біздің өткен ғасырда жүріп өткен жолымызды тура қорытуға мүмкіндік бере ала ма? Әрине, жоқ. Не істеу керек? Бұл ретте зерттеушілердің алдында советтік идеология тұрғысынан қорытылған тарихтың методологиялық постулаттарын еңсеру міндеті тұр. Яғни, советтік кезеңде ел өмірінде орын алған тарихи процестерді жаңа әдіс-құралдар арқылы қайта қорыту ісі жүргізілгені дұрыс. Онсыз біз алыстағы емес, кешегі жүріп өткен жолымызды тура түсіне алмаймыз.
Осы ретте қоғам ұлттық тарихнамадан мынадай мәселелерге байланысты жауап күтуге әбден хақылы: елде большевиктер партиясы орнатқан пролетариат диктатурасы қазақ қоғамының ішкі сұранысынан туған билік түрі ме еді? Бұл, біріншіден. Ал, екіншіден, социалистік идея, оның ресейлік варианты қазақ қоғамы үшін жайлы жүйе бола алды ма? Қысқа болса да осы толық негізде сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Әлихан Нұрмұхамедұлы советтік билік орнаған сәтте-ақ, яғни 1917 жылы 1 желтоқсанда Торғайдан «Шаруа, жұмысшы және солдаттарға үндеу» жазып, оның мәтіні империялық орталықтарда таратылды. Үндеу «Ульянов — Ленин, Халық Комиссарлар Төрағасы, Николай патша сияқты жеке өзі бұйрықтар шығарып, ешкімнің де алдында есеп бергісі жоқ. Оның түсінігінде халықтың басқарушылар қабылдаған шешімдер үстінен бақылау орнатуы буржуазиялық сандырақ.
Николай патша тұсында биліктегілердің жауапсыздығын көргенбіз. Большевиктік төраға Ульянов — Ленин Николай патша сияқты жеке өзі билемек. Ульянов — Ленин Николай сияқты халыққа үнсіз хайуан ретінде қарайды», — деген сөздермен басталатын тарихи құжаттан оның авторының жаңа орнаған пролетариат диктатурасы аталған билікті қабылдамайтындығын, тіптен мұндай билік жүйесіне үзілді-кесілді қарсы екендігін аңғару, әрине, қиын емес.
Бұл саяси ұстаным тек Ә.Бөкейханға ғана тән емес, Алаш партиясы бағдарламасы төңірегіне біріккен ұлт зиялыларына тиесілі ортақ ұстаным еді. Қазақ зиялыларының империядағы өзгерістерден күткені пролетариат диктатурасы емес, қазақ қоғамының басым бөлігін қанағаттандыра алатын, қазақ халқына өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін шынайы демократиялық билік жүйесі еді.
Шоқан Уәлиханов сияқты Әлихан Бөкейхан үшін де негізгі іргелі мәселе ресейлік биліктің қазақ қоғамында жүргізген реформалық шаралары мен басқару жүйесінің ішкі мазмұны еді. Түптеп келгенде, ұлттың тағдырын шешетін де, оның ішкі сұраныстарына жауап бере алатын да заман сұранысына лайық шараларды іске асыруға ықыласты билік жүйесінің орнығуы еді. Осы тұрғыдан алғанда Ә.Бөкейханның ұстанымы мен әрекеті өзінен бұрынғы қазақ ойшылдары мен қайраткерлері (Абай Құнанбайұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы т. б.) қызметінің жаңа тарихи жағдайдағы логикалық жалғасы болатын.
Әлихан Нұрмұхамедұлына Алла Тағалам екі бірдей қасиетті, яғни білім мен мінезді молынан берген тұлға еді. Патшалық билік тұсында-ақ ол бүкіл қазақ жұрты мойындаған саяси қайраткер дәрежесіне көтерілді. Оның халық арасындағы беделін байқаған замандас ағасы Бақытжан Қаратаев Оралдан жазған хатында (1910, 30.ІХ):
«Сүйікті Әлихан! …Қазақта ауызбірлік жоқ, бет-бетімен кеткен, оқығандары болса өз жұртын қадір тұтқанымен, бас қосып, пайдалы іс бітіруге құлықсыз, бір-бірінің қызметіне қызғанышпен қарайды, яғни олар да өзара алауыз.
Қазақ арасы дүйім елдің ықыласы мен сеніміне ие оқыған азаматқа тапшы. Тек сен ғана халықтың ықыласына бөленген. Тек сенің ғана ел үшін қызмет жасадым деп айтуға хақың бар», — деп жазды.
Әлихан Нұрмұхамедұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасына зер сала қарайтын болсақ, онда мынаны байқаймыз. 1896-1905 жж. аралығында өзі қатынасқан ғылыми экспедиция құрамында қазақ ауылдарының өмірімен жақын таныса жүріп, ол қазақ шаруашылығын және оны заман сұранысына лайық бейімдеуге (реформалауға) байланысты іргелі де концептуалды тұжырымдарға келеді. Тура сол тарихи кезеңде қазақ елі үшін бұдан маңызды істі атау да мүмкін емес-тін. Сонымен, аталған мәселеге байланысты Әлихан Нұрмұхамедұлы жасаған тұжырымдарға қысқаша тоқталып өтейік.
Біріншіден, Ә.Бөкейханның дәлелді атап көрсеткеніндей «жердің көп-аздығына қарамай, жердің һауасына қарай адам баласы мал баққан, иә егін салған… Қазақ жері мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан. Ғұсмания түркі тарихынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы. Һауасы, жері келісті Европаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр… Қазақ жеріне келген мұжық мал бағып, малдың басын көрші қазақтан асырып отыр…».
Жерінің ерекшелігіне қарай бейімделіп, мал өсіруді негізгі кәсібіне айналдырған жұрт жалғыз қазақ емес. Мәселен, «Австралия жері біздің қазақ жері сияқты шөл, топырағы жасық болған соң, Англия (ағылшын — М. Қ.) жұрты қой бағып, мал шаруасын қылып отыр… Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр».
Австралияға ұқсас тиімді мал шаруашылығын Швейцария елі де жүргізіп отыр. Жері қар кетпейтін биік таулы, малға жайлы да, егіншілікке жайсыз. «Жері аз болған соң, малдың басын азайтып, сүйегін асыл қылып, мал бағып тіршілік қылып отыр. Қадағын 80 тиын, бір сом 20 тиын біздің орыстың қаласында сатылатын ірімшікті осы Швейцария шығарған болады».
Әлекеңнің пікірінше, мал басын асылдандырып, тиімді мал шаруашылығына көшу қазаққа да жат емес.
Екіншіден, Ә.Бөкейхан алдымен патшалық биліктің, кейінірек кеңестік биліктің қазақ елін тез арада отырықшы тұрмысқа аудару жобасына үзілді-кесілді қарсы шықты. «Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын», — деп жазды ол.
Өкінішке орай, қайраткердің бұл пікіріне аталған екі билік те көңіл аударған жоқ.
Әлихан Бөкейхан 1937 жылы 26 шілдеде Мәскеуде соңғы рет қамауға алынып, сол жолы 6 тамызда тергеушіге берген көрсетуінде «Мен — Бөкейханов Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің төрағасы болдым, сондай-ақ Совет билігіне қарсы әрекеттерді түгелдей өзім басқардым. …Мен Совет билігінің жақтасы болған емеспін және бола да алмаймын. Өйткені көзқарастық ұстанымым бұл билікті мойындаумен мүлдем үйлеспейді. Мен Советтік билікке қарсы күреске алып шыққан алаштық идеямда қаламын!» — деген тұжырымын білдіріп, өзіне берілген соңғы сөзін «Мен ешуақытта совет билігін жақтырған емеспін!» деген сөйлеммен аяқтайды.
Кез келген теориялық ұстанымдардың дұрыс немесе қате екендігінің жалғыз өлшемі, ол — практика. Әлихан Бөкейхан мен оның серіктерінің саяси курсының қазақ мүддесінен алшақ емесін көп ұзамай-ақ советтік шындықтың өзі-ақ көрсетіп берді. 20-30-ыншы жылдары жүргізілген жедел түрде «отырықшыландыру» мен күштеп коллективтендіру шараларының нәтижесінде 1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстандағы колхозшылар шаруашылықтарының 87 пайызы және жекеменшік шаруашылықтарының 51,8 пайызы өз малдарынан түгел айырылып қалды.
1928 жылғы 27 тамызда қабылданған бай шаруашылықтарды тәркілеу туралы қаулыға сәйкес 696 шаруашылық тәркіленіп, олардың 619-ы өздері тұратын округтен тыс жерлерге жер аударылды. 1930-1931 жылдары «Кулактық жер аударуға» жіберілген шаруалардың саны толық емес деректер бойынша 6765 адамға жеткен. Бұл іс жүзінде билік тарапынан жүргізілген ірі және орта шаруашылықтарды жою шарасының көрінісі еді. Сондай-ақ, бұл ірі және орта шаруашылық иелерін әлеуметтік топ ретінде қоғам өмірінен біржола аластау болды.
Ленин — Сталин орнатқан диктатуралық режимнің жүргізген реформалық шараларының нәтижесінде қазақ халқы бұрын-соңды болмаған ашаршылықты басынан кешірді, өзінің жартысына жуық бөлігінен айрылды. Сталиндік билік қазақтың ұлттық интеллигенциясы мен саяси басқарушы тобына, сондай-ақ дін қызметкерлеріне қарсы перманентті жазалау шараларын жүргізіп, алғашқы және келесі буын саяси элитаны, ықпалды дін адамдарын әлеуметтік және саяси күш ретінде жойды.
Әлекең 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында айтқан «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! Алаштың баласы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» соң 200 жылда басыңа бір қиын іс келді», — деген сөзі расқа айналды.
Қорыта айтқанда, Ресей империясы көлемінде большевиктер партиясы орнатқан диктатуралық билік жүйесі сырттан таңылған социалистік идеяның Ресейлік варианты қазақ халқы үшін қисапсыз мол азап әкелді. Ал бұл жүйеге балама ретінде өмірге келген Алаш идеясы неге өмірлік шындыққа айнала алмады? Алаш қозғалысының өмірі неге қысқа болды?
Бұл сауалдарға жауапты біз Ресейлік империялық биліктің, оның мұрагері Совет өкіметінің табиғатынан іздегеніміз жөн. Осы ретте орыс халқының ұлы ойшылы А.Герценнің мына жолдарына көңіл аудару артық емес: «Адамның игілікке толы ұмтылыстарына оны азаптаумен ғана жауап беретін, ізін ала қинау үшін алдымен оятып алатын осы мемлекетті қайсымыз бойымызды ашу-ыза кернеген шақта жек көрмедік? Біздің қайсымыз жер шарының төрттен бір бөлігін алып жатқан осы абақтыдан біржола құтылып шығуды ойламадық?».
Эмиграциядағы орыс философы И.Ильин большевизмді әзәзіл, азғы-рушы ағым ретінде атаған. Большевизм қазақ халқының басым бөлігін, оның енді ғана бас көтерген тәжірибесіз, сенгіш, жас зиялылар тобын алдап, арбап соңына ертті. Бірақ көп ұзамай-ақ, билікте біржола орнығып алған соң, әлгі соңына ерген аз ғана топты да дарға асуға бұйырды. Өйткені сталиндік жүйенің биік адамгершілік пен парасатқа сүйенген ішкі өзегі жоқ-тын.
Әлихан Нұрмұхамедұлы бастаған ұлттық зиялылар буыны қазақ қоғамына ағартушылық идеясын жаюшы, сол арқылы оны жаңа сапа және сатыға көтерген буын болды. Сондай-ақ, олар әкелген ағартушылықты еуропалық және орыстық ағартушылыққа еліктеуден туған құбылыс ретінде қарастыру оның табиғатын тура түсіне алмауға ұрындырар еді. Қазақ топырағындағы ағартушылық идеясы ескі феодалдық тәртіп пен қоғамдық қатынастарға, діни фанатизмге қарсы бағытталуымен бірге, ресейлік отарлық езгіден құтылуға, заман сұранысына лайық білім мен ғылымды игеруге үндеді. Ұлт азаттығы үшін күрес басшылары бұл негізгі мақсатқа жетудің жолы қазақты ұлт ретінде біржола қалыптастырып, оның ұлттық мемлекеттігін жаңғырту арқылы жүретіндігін жақсы түсінді. Басқаша айтқанда, қазақ ағартушылығының идеясы ақын, жазушы, философ ғалымдарының шығармашылық ізденісі арқылы жалпы ұлттық жобаға айналды.
Қалыпты да бейбіт даму жағдайында ағартушылық қызмет ұлттық тілдің, білім жүйесінің, жаңа сападағы ұлттық мәдениеттің, ұлттық бірегейлік пен сананың біржола қалыптасуымен аяқталуға тиіс-тін. Бұл барлық қоғамдарға тән құбылыс. Басқаша айтқанда, ағартушылық ұлт үшін ұйытқы элемент міндетін атқаруға тиіс.
Сол сияқты ағартушылық идеясымен қатар жүретін қоғамдық ой мен қызметтегі ұлтшылдық ұстанымының өзіне тиесілі мақсат-мұраты бар. Отарлық тәуелділік жағдайындағы елдер үшін ол ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту немесе оны қалыптастыру арқылы өз міндетін орындамақ. Ал өз ретінде ұлттық мемлекеттілік азаттық жолына түскен елдің территориялық тұтастығы мен еркін дамуының кепілі.
Қазақ ағартушылығы мен қазақ ұлтшылдығының тағдыры оларды өмірге әкелген алғашқы буын қазақ зиялыларының тағдыры сияқты қайғылы қалыптасты. Олар көздеген мақсатына жете алмай, бар болғаны 20 жылға жетер-жетпес уақытта тарих сахнасынан ығыстырылды. Совет өкіметі қазақ ұлт-азаттық қозғалысын, оның ұлттық идеясын гуманизмге, өркениеттік ұстанымдарға мүлде жат әдіс-құралдар арқылы басып жаншыды.
Бүгінгі таңда советтік тарихнаманың Алаш қозғалысы, Ә.Бөкейханның қызметіне байланысты жасаған тұжырымдары өз күшін жойды, ескірді деп айту жеткіліксіз. Өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, біз кезінде советтік тарихнама жасаған тұжырымдар идеологиялық конъюнктурадан туындаған ғылымға жат құбылыс болғандығын мойындай отырып, оның ықпалынан алдымен өзіміз арылып, ал жас буынды алаштық таза да биік, заман сұранысына лайық рухта тәрбиелеуге міндеттіміз.

Мәмбет Қойгелді, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті,т.ғ.д., профессор

(13)

Елге құнды қолжазба нұсқасы әкелінді

$
0
0
egemen.kz сайтынан

Ұлттық кітапхананың директоры Үмітхан Дәуренбекқызы: «Жуырда Ұлттық академиялық кітапхана қорына қыпшақ ескерткішіне жататын көне қолжазбаның электронды нұсқасы жеткізілді. 1618 жылы басылып шыққан «Ал­ғыш бітік» деп аталатын бұл көне шығарманың жалғыз данасы осы Арменияның ұлттық кітапханасында сақтаулы. Армян əліпбиінде араб жа­зуындай емес, дауысты, дауыссыз дыбыстар толық таңбаланып отыруы себепті, қыпшақ тілінің өзін­дік дыбыс­тарын белгілеуде аса бір дыбыстық өзгерушілікке ұшырай қоймаған.  Ар­мян-қыпшақ ес­керт­кіштері және түркі мұраларын зерттеп жүрген ғалымдар қолжазбаны қыпшақ тілінен қазіргі қазақ тілінің қалпына түсіретін болады. Жалпы, армян жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеу Қазақстанда ғана емес, əрісі əлемдік түркологияда, берісі Кеңес Одағында кенже қалып келе жатқан ғылым саласы. Қазір кітаптарды әркім өз біл­генінше аударып, түрлі баспахана­дан шығып жатыр. Осы істі бір жүйе­ге негіздеп, аударма орталығын ашу­ды ойлас­тырудамыз. Бұл ұсыны­сымызды Мәдениет және спорт министрлігі де қолдап отыр»— десе, Ұлттық кітап­хананың ғалым-хатшысы Талдыбек Нұрпейіс: «Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінде не жазылғанын біле­тін болсақ,  талай тарихымыздың жыртығы жамалған болар еді. Жал­пы, Арменияда сақталған ескі құжат­тар­дан деректер жинауға әлем ғалымдары құлшынып отыр. Өйткені, қолжазба қорында орта ғасырға жататын 17 мыңнан астам көне құжат, 3 мыңнан астам құнды дерек сақ­талған»,— дейді. Қазақстан мен Армения ара­сындағы мәдени байланыстар екі ел президенттерінің бастама­лары бойынша 2006 жылдың қарашасында Ас­танада қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ар­мения Республикасы Үкіме­тінің мә­дениет саласындағы ынты­мақ­тастық туралы келісімімен бекітілген бо­латын.

(14)

Кейкі қылышының киесі (деректі әңгіме)

$
0
0

«Астаналық» базарының батыс жақ сыртындағы жатаған үйде Тәтім тұрады. Жалғызбасты. Көршісі Сыртаннан басқа тірі пенде есігін ашпайды. Сыртан жұмыссыз, тірлігі қалта қағуға, біреудің бірдемесін жымқырып кетуге шебер. Арақ ішетіні, наша тартатыны бар. Кейде Тәтімнен қарызға ақша алып тұрады. «Бейнетпен алған зейнетақымды сұрап, қылқылдай бересің, қашан әкеліп бересің?» — деп қиналса да, тиын-тебен береді. Өйткені дені сауында бөтелкелес болды. Ені де, көлденеңі де тар, қысаң бөлмеде одан-бұдан тапқан бір жартыны бөліп ішіп, сәтті күндерін еске алса да, Тәтім ішкі сырын ашып айтқан емес. «Қысқа ғұмырда ешкіммен қысастанған жоқпын», — десе де, кейде қабырғадағы ілулі тұрған қылышқа көз тастайды… «Оқиға жұмбақ боп өтті. Куә, дерек жоқ», — деп, қысық көзін сығырайтып қарап, ойсыз отырады. Сөйтсе де, сол оқиға түсіне енеді. Бәріне қоғамның қысымы кінәлі деп ақталғысы келеді. Қайтейін, үстемдіктің тұтқыны болдым… Көз алдынан жүгіріп өтетін сол кезең суреттері… Есек мінген алба-жалба киімді диуана Кейкінің ауылында ашыққан жоқ, қарнын тойындырды. Әр үйде адамдардың басы қосылса, сөзін тыңдап біраз жүрді. Кейде Кейкінің ерекше ерлігін, құралайды көзінен ататындай мергендігін таңдайының суы құрып, сыбыр-күбірмен аңыз етеді.

— Үңгірге атымен, қару-жарағымен кіріп-шығатын көрінеді.
— Әйелінің айы-күні жақын қалған шығар. Көмек керек.
— Үңгірден қылышын аузына тістеп, екі мылтығын екі қолымен ұстап шығады деседі.
— Қайран, батыр-ай!..
— Аты да «ақылды» ғой. Батырдың сөзін жылқы түсіне ме екен, жау қуып келе жатқанда қалың қау арасына батыр үн қатып белгі берсе болды, аты төрт аяқтап жата кетеді де, батыр ысқырып белгі бергенде қасына жетіп барады, аты иесінің тілін тауып, ұға білетін «ақылды» екен деседі.
— Есіл ер жазықсыз қуғынға түсіп безіп жүр. Қатты обал, қандай қорлық!
— Амангелдінің сенімді қол мергені аталған батыры еді, Амангелді тірі болса, бас сауғалап, кінәлі делініп, елден кетпес еді. Үстемдіктің тізесі батқанынан сынбаған, зәлімдерді жыға танып, одан қорқып, үрейленбеген Кейкі:
Ойсызды қылышпен түртіп оятам,
Патша жендеті қарсы келсе,
Қанын шашып семсерімді боятам.
Сондықтан жүремін ылғи күтініп,
Көкірек күпті, тілегім елге бүтіндік!
Дұшпаным қалың, жанымда
жүр жұтынып.
Мергендікпен аман жүрмін құтылып.
Қылышыма мұң шағамын,
Намыссыздар сезінсін
Жаулық ойлы, қылышты
көріп,
Маңайымнан безінсін!
Қылышым қында, бөгет жоқ-ау жолыма.
Бұлты тарқар, жамандық
торыған.
Қиын кезең, түсініксіз уақыт.
Тап болды ма маңдайымның
сорына.
Қылышымның жүзінде байқағанға
Елдігімнің алынбаған кегі бар.
Батыр болсаң, жекпе-жек,
Көрейін кәне, жеңіп ал! — дейтін өлеңін де жансыз жұрттан естіді. «Әйелін қимай жүр ғой немесе саяси ақылшысы Әліби Жангелдинді күтіп жүр ме? Сарыторғайдың тау қуысын қашанғы паналайды?» деген сөзді естіп, диуана-жансыз қатты қуанды. Ізіне түсе алмаспын деп, беті қайтып, жүні жығылып, қанша айларды өткізді. «Сарыторғай», «Құлжығылған» деген сөздерді естіп, әкесі тірілгендей еді. Әкесі Бәтір Қостанай өңіріне танымал атақты бай Кәкімжанның малын тәркілеймін, өзін Ақмолада өтетін бай-кулактарды жазалаудың жалпы жиынына әкелемін деп жүріп еліріп, аттан құлап, жұлыны үзіліп өлді. Оны милициялар қызметкерімізді бай атып өлтірді деп, Шаған байды бірден атқанын естіді. Шаңырағын қырсық шырмады ма, Тәтімнің інісі Кәтім аузы-мұрнынан қан кетіп өлді, анасы Сыным құсадан о дүниелік болды. Әкенің ескі үйінде Тәтім жалғыз қалды. Бірде милиция шақырып алып:
— Тарығып жүрсің, қолтығыңнан демейтін біз ғана. Әкең талай бандыны құртып еді, қылдан тайғанды қылпып тұрған қылышпен қиып түсетін еді. Қарсы болмасаң, өзіңді жұмысқа аламыз. Кейкі деген үкіметтің жауы бар, ұстатпай қашып жүр, талай милицияны атып өлтірген. Еліне барып, жұрттың сөзін бағып жүресің, жасырынып кім тамақ апарады, байқайсың. Сосын бізге хабар бересің, Кейкінің басына тігілген 2 мың рубль бар, шен-шекпенің өз алдына, — деп майын тамыза үгіттесін.
— Құп болады!
— Жаман-жұман киім киесің, есек көлігің болады. Оны Амангелді ауданындағы бір милиция қызметкері ұйым-дастырып береді. Сенің міндетің — Кейкінің жасырынған жерін анықтап беру. Жұрт сөйлескенде Кейкі туралы аузыңды ашпа! Аңқау жұрт «жауына қырғидай тиетін батыр еді» деп өздері айтып қалады. Соны аңдисың.
…Тәтім айлар жүрді, жылдарды өткізді. Күндердің бір күнінде Кейкінің ізін адаспай тауып, хабарын Ақмолаға жеткізді… Ақырында, бір топ милициямен Кейкінің 1925 жылдың сәуірінде қырғын атысын көрді. Әйелі Ақжан да мерген екен, атқанын тыраң еткізіп жатты. Кейкінің оғы таусылды… Оққа ұшты, жазалаушылар оның екі қолын қылышпен шауып, басын кесті. Батырдың көз алдында әйелінің ішін жарып, сәбиін шырқыратып найзаға шаншыды. Сонда: «Әттеген-ай, танымайтын Кейкіге неменеге қысастандым? Екі мың рубльге ме?» — деп, сол сәтте өзінен-өзі шошынғаны бар-ды. Қайдан біледі, батырдың азаттық үшін күрескенін, басшылары Амангелдіге Әбдіғапарды айдап салып, айтпағанын айтты деп, ұлт бірлігін сатты деп, қызылдарға сонысымен жақты деп, хан өзің болып тағыңда отырғанда, жаныңдағылар атақ-даңқты ерекше тапты деп, бірді-бірге өшіктіріп қоймай, Амангелдіні өлтірді. Түрменің билік кілті орыс шовинистерінде болғасын кімді аясын, біреуін біреуі баққа таласып атты деп құлақтандыра салады. Қызылдарға тапсырыста бар, елді тазарту, бай, батыр, еліне елеулілерді түгелдей құртып, нағыз пролетариат басшылығына өткізу. Мәскеудің айтқанын орындамаса, өздерінің жанына ажал төнеді… Сонымен, Тәтімге милиция басшысы: «Екі жүз рубль алдың, жетеді. Екі мың деген сан қате түсіп кеткен, бірақ еңбегің бар», — деп Кейкінің қылышын берді. Қылыш қиянатының құнына тұрар ма? «Ей, қысылшаң кезде бәріне көнесің», — деп, өзін ақтап, милиция шекпенін киіп, біраз жыл жүрді. Жаратқаннан бала тіледі, бір емес, үш рет үйленді, кезерген ерні жібімеді. Тілегіне қорлықты жазды. Зарықтырды. Денесіне қышыма қотыр қаптапты, ем қонбады. Жұқпалы деп жұмыстан шықты, ешбір жер жұмысқа алмады. Ләйліп қалды, тірі өлікке айналды. Ақырында төсекке біржолата жатқызды. Ауруын қыл өңеш дейді. Атау-кересіне аңсары ауып, бір жұтым су ішуге мұң болды. Жұтады, қайта төгеді, батпайды. Анда-санда Сыртан келіп су береді… Біраз отырып қылышты ұстап көреді. «Онда нең бар?» — деуге Тәтімде әл жоқ. Ескі диван тұсында ілулі тұрған жүзі болаттан істелген семсер қылыштың қынабынан кейде Тәтім сипаушы еді. «Күнәмді кеш, батыр, сатқынмын, жаназама жан келмес…» — деп күбірлей ме екен? Ертеректе Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романының басты кейіпкері Кейкі батыр дегенін, Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» драмасындағы Кете батыр Кейкі екенін естіді, іші мұздай боп, жүрегінің басын жылан шаққандай күйреді. Бірақ сатқын емес пе, ешкімге сездірген жоқ… Енді міне, жылдар өте белгісіз қаусаған дене қара жерге көмілгенше жаны шықпай көзіне қара шыбын үймелеуде. Кейкінің қылышының киесі оңдырар емес…
***
Ертеректе жол сапармен Герман жеріне барғанымда Захсенхаузен концлагеріндегі тұтқындардың бас сүйегінен күлсалғыш, терісінен қолғап, әйел-дердің қол сөмкесін істеген фашистердің адам шошырлық қылмысын көріп, түңіліп едім. Кенесарының, Кейкінің және басқаларының жау деп танып, бас кесуін фашистер қызыл жендеттерден үйренгені ме? Дала даналығында қастандықпен бас кескендер батырдың денесіне басы қайта әкеліп жерленбесе, елінде, жүрген жерінде неше түрлі апаттан көздері ашылмайды деген бар. Кейкінің басы туған топырағына оралғанымен, Кенесарының басы Ресейден әлі күнге қайтпай келеді. Орынбор архивінде Кенесарыны тергеу құжаттары сақталып отыр. Оны да түгел көшіріп әкелу — бүгінгі ұрпақтың парызы. Тәуелсіздік, еркіндігімізге байланысты өткен қоғамдағы солақай саясат үшін ешкімді кінәлаудан аулақпыз. Тарихымыздың ақтаңдағын түгендей алсақ, басқа тілек тілемей, ұрпаққа шындықты айтсақ деген ой. Арман-тілек, бүгінгі еркіндіктің шуағы теп-тегін келген жоқ.
— Атам қазақ сыйлағанды сыйлап, келісіп, кеңесіп өмір кешкен ғой, — деп, милиция генералы Өмірзақ Болсынбеков мұражайларындағы қылышты көріп ойға шомғанымды бөліп. — Бір ғажабы, дала даналары жас ұрпағына: «Ата-анаңды құрметте, кісіні өлтірме, ұры болма, ыржақай болма, жалған куәлік берме, өзге кісіні күндеме, өз бауырың — адамды сүй, бойкүйез болма, күншіл болма, өкпелегіш, қызғаншақ болма, еріншек, мешкейлік жаман, көңілшектіктен сақтан, арызқой болма», — деп аталарымыз институтты бітірмесе де, «Кодекс куманикустың» шежіресін қалай жаттап, қанға сіңірді деңіз? Осыны түсінсе, ешкім бұра тартып, қылмысқа ұрынбас еді…
— Кейбір қателігіміз тәрбиеден бе?
— Қоғамдық үстемдікті қайда қоямыз? Батырды жау санап, кінәлаған — қоғам.
«Ақталған кезде көз жасын тыя алмай егілген ақын — Әубәкір Қылышбайұлы» деп, қылыш туралы новелламызға нүкте қоямыз…

Табыл Құлыяс

(36)

Соңғы ханның батырлары

$
0
0

Қазақ тарихында азаттық, тәуелсіздік үшін күрес бір күн де тоқтаған емес. Жоңғарларға қарсы күрес, Қоқан хандығына қарсы күрес, осындай күрестердің ең маңыздысы — көп жылға созылған, Кенесары бастаған қазақтардың орыс патшасына қарсы күресінің тарихтан алар орны ерекше. Орыс патшасының саясатына әкесі Қасымхан мен ағалары Есенгелді мен Саржанның көтерілісіне қатардағы жауынгер болып қатысқан Кенесары әкесі мен ағалары жау қолынан қаза болған соң, патшаға қарсы күресті өзі бастайды. Кенесары 1837 жылы қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін халықты батыл күреске шақырды.
— Ата-бабамызға тиесілі жерге салынған бекіністерді талқандап, өртеп жіберемін! — деп, өкіметке сес көрсетті. Кенесары ұлы жүздің жерлерін Қоқан хандығынан қайтаруды мақсат етті және сол жерлерді қазақтарға бөліп бермекші болды. Кенесары «ежелгі тәуелсіздікті қалпына келтіреміз, тәуелсіз қазақ мемлекетін құрамыз» деген ұранмен күрес жүргізді. Сонымен қатар, қазақтарға салық салуға да үзілді-кесілді қарсы шықты. Кенесары әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінен аса беделді, аты жұртқа әйгілі батырлар болды. Атап айтқанда, Шұбыртпалы Ағыбай батыр, Қыпшақ Иман Дулатов, Табын Бұқарбай батыр, Жоламан Тіленшиев, Тама Құрман, Шапырашты Бұғыбай, Арғын Меңдібай, Атығай Аңғал, Қыпшақ Басықара, Арғын Жеке батыр, Дулаттан Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Шәуір Толыбай батырлар сияқты үзеңгілес жолдастары болды.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан батырлармен қатар Кенесарының жауынгерлерінің арасында аты әйгілі Сұлтан Наурызбай, Табын руының биі Жоламан Тіленшиев, Сұлтан Сарман Тұрсынханов, Саржан сұлтанның баласы Ержан, Сұлтан Құдайменде, ірі феодалдар мен билер Шоң Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов, Кенесарының туыстары Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Босалқа Тоқтамысов және басқалары болды. Кенесары көтерілісіне алғашқы күндерден бастап, көптеген ұлт өкілдері қатысты. Орыстар, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер, қырғыздар болды. Олар Кенесарыға кеңесші, көбі қару-жарақ дайындаумен айналысты. Татар Әлім Жагудин әскери кеңестің мүшесі болды. Өзбек Сайдаққожа Османов Кенесарының сенімді көмекшісі болды. Ол орыс Малкин хатшысы болса, Наурызбайдың жеке көмекшісі орыс Николай Губин деген адам еді.
Кенесарының негізгі мақсаты елінің бостандығы, тәуелсіздігі, қазақтың басқа елдер сияқты дербес мемлекет болуы еді. Осы жолда Кенесары мен оның інілері, қазақтың айтулы батырлары мен билері, ру басылар осы мақсатта соңғы демі қалғанша күресті. 1840 жылдары Кенесарының әскерінде 20 мыңға жуық жауынгер болған. Қазақ жеріне кіріп келе жатқан патша әскерлеріне қарсы халықты ұйымдастырып, Ақмола бекінісін быт-шыт етті. Әрине, Кенесары әскерінің жауынгерлері көп жылғы соғыста шыңдалған, жаужүрек жауынгерлер болғанмен, мұздай қаруланған орыс әскерлеріне, айбалтамен, қылыш-найзамен, садақпен қарсы шыққанымен, табан тіреп, жеңіске жете алмады. Одан басқа, Кенесарыны қазақтың сұлтандары, оның ішінде өзінің жақын ағайындары — Абылай ханның басқа немерелері қолдамай, қарсы шыққанын айтпасқа болмайды. Сұлтандар: Маман Абылаев, Қоңырқұлжа Құдаймендин, Күшік Айшуақов, Дайыров, Ахмет Жантурин және басқалары қарсы шығып қана қоймай, кедергі келтірді. Мысалы, М. Әуезовтың «Хан төре» пьесасында Кенесарының Мұса биге айтқан сөздері — «Арзаннан табылатын бақ іздейсің, мен бақ пен шен іздесем, сендер сияқты ақ патшаға жағынар едім, Жаманбай, Қоңырқұлжа, Баймағанбет алған орынды мен де алар едім. Мен соны ойлап жүрмін бе? Мен қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін ғой. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүрмін ғой. Бүлінгені бүтінделер деп, бас қамын ұмытып жүрген жоқпын ба? Сол ел үшін сүйенгенім сенбісің, сен өлтіруге де тұрмайсың. Бар, кете бер», — дегені қандай?!
Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресі 1837 жылы басталып, он жылға созылып, 1847 жылы Кенесары мен інісі Наурызбайдың және қазақ батырлары мен сарбаздарының жау қолынан қаза болуымен тоқтап қалған жоқ, баласы Сыздықтың көп жылға созылған күресімен жалғасты.

Жамбылдың Сыздық сұлтанға айтқаны:
Сен бір қалған көз едің
Кенесары асылдан.
Сыздық атың жайылды,
Бұл өңірге жасыңнан.
Айбатыңды көргенде,
Дұшпандарың бас ұрған.

Ал, Нысанбай жырау:
Наурызбай төре кеткен соң,
Бастан ауды бағымыз.
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз, — деп жырлаған еді.
Әлемді жеңістермен тітіркендірген реакцияның күре тамыры ролін атқарған, шаруа қозғалыстарын таптаған Ресей империясының өктемдігіне тайталаса қарсылық көрсеткен Кенесарының ісі ізсіз кеткен жоқ. Отаршылдық езгінің тереңдеуіне қарсы болған 19 ғасырдағы қазақ халқының азаттық үшін күресі ары қарай жалғасып, 1916 жылғы күреске және 1986 жылғы желтоқсан күресіне сабақтасып, өткен жылы 25 жылдығын тойлаған Тәуелсіздігіміздің басы десе болғандай.
Биыл осы ұлт-азаттық көтеріліске 180 жыл, Кенесары мен оның жауынгерлерінің қайтыс болғанына 170 жыл, Кенесарының туғанына 215 жыл толып отыр.
Осы Кенесары бабамыз бен шейіт болған сарбаздарды еске алып, патриоттық тәрбиелік іс-шаралар өткізіп, ерлердің рухтарын паш етсек, аруақтары риза болары сөзсіз.

Москау Ноқрабеков

(32)

Кенесары үңгірі

$
0
0

bnews.kz

Кенесары. Кенесары сарайы, Кенесары үйі дейтіндей, алтынмен апталып, күміспен күптелген еш нәрсе жоқ. Есесіне Кенесары жазығы, Кенесары аралы, Кенесары асуы, Кенесары үңгірі деп бабамыздан қалған тәберік ретінде әспеттеп, ұрпақтан ұрпаққа айтып, қастерлейтін жерлер мол. Осы айтылған жерлердің барлығы да Кенесары хан бейнесін көз алдымызға келтіреді. Сондай шынайы түсінікті жылы қабылданады. Осы есімді есту, жүріп өткен жорық жолдарын көру арқылы еңсеміз көтеріліп, тынысымыз кеңейеді. Кенесары хан өз елінің шекарасын қанымен сызған алып тұлға. Кезінде жарты әлемді билеп, жер көлемі жөнінен бірінші орынды иеленген ата-бабаларының жолын лайықты жалғастырған ұлы қайраткер. Нешеме қиян-кескі шайқастардан өтіп, өзен боп аққан қандардың, қыршыннан қиылған жандардың өтеуімен келген мемлекетіміздің жерін жетінші орынға тоқтатқан қолбасшы. Мен бұл орынды ойдан алмадым, Кенесары опат болған жылдардағы Қазақстанымыздың иелігіндегі жерлер сол көлемде болғанын меңзеп отырмын. Кенесары хан, соңына еш жері кертілмей, асты-үсті байлыққа тұнған, орманы нулы, өзені сулы, Каспий мен Аралдай теңізі, Балқаштай көлі, көк тіреген таулары бар шұрайлы жерді аманаттаған көсем. Әбден мастанып, отарлап алған жерлеріне еркін түрде білгендерін жасап, бекіністер сала бастаған патша өкіметінің озбыр саясатына қарсы тұрған тірі қалқан. Ешкімге ешқашан алым-салық төлеп көрмеген елімізге, түрлі салық түрлерін ойлап тауып қанап, тіпті жол салығымен, тұз салығына дейін төлетуге мәжбүрлеген зұлымдықтан құтқарушы. Патша үкіметінің әпербақан әскерлерінің бейбіт жатқан отандастарына шабуыл жасап, тонауына қорланып, атқа мінген ұлтшыл, ер жүрек батыр. Бабаларының қанымен иленген топырақты өр көкірек келімсектерге басқызбаймын, бір түп жусаны мен сынық қурайын да таптатпаймын деп атқа қонған дарабоз. Патша үкіметінің баяғы жымысқы саясатын қойып, қазақ даласына дендеп еніп, білгенін істей бастаған тұсына, тағдыр талайымен тап келіп, сүйген халқының тал түсте озбырлық көріп тоналуына қаны қарайып, кеудесін оққа байлаған арашасы. Жұртының арызы мен қайғысына, ауыр аманатына арқасын тосқан толағай. Тарихтағы өз орын-дәрежесін дәл анықтап, жіті барлаған қырағы. Жеңілетінін білсе де, халқы үшін шалынған құрбандық. Екі басты аждаһадан шыққан бұлтты қанатымен серпіп сейілткен қыран.

bnews.kz

Кенесары хан — тарих сахнасынан ойып тұрып орын алған ұлы бабаларының ерлікке толы істерін жалғастырушы ретінде тарихтың өзі таңдаған кемеңгер.
Кенесары хан бабамыз туған жерін, өскен елін ерекше қастерлегені, жан-тәнімен сүйгені ол кісінің іс-әрекетінен-ақ көрініс табады. Өне бойы, бүкіл саналы ғұмыры ат үстінде өткендіктен, жер жағдайын жетік білуі жауға қарсы ұрыс қимылдары кезінде өз нәтижесін беріп, талай жеңістердің бастауы болғанын білеміз. Бабамыз қасына еріп, серік болған намысты халқының найзасының ұшы, қылышының жүзі, бетіндегі ары, жүректегі намысы болды.
Соңына ергендер де шетінен намысты жаужүрек қазақтың талай шайқастарда шыңдалған нағыз халық батырлары еді. Атынан ат үркетін топырақтастары сенімді серік бола білді. Солардың батасымен демеуі, өзінің атадан балаға мирас болған дарыны, биік ұйымдастырушылық қасиеті бабамыздың бойына қанат бітіріп, жауының алдында үстем етті. Мұның арты мұндай қарсылыққа ұшырау ойы түгіл түсіне де кірмеген патша үкіметінің сескенуіне әкеліп соқты. Бұл халықтың иесі барын ұқтырды. Мақсат-мүддесі, ой-тілегімен санасуға мәжбүрледі.
Кенесары бабамыздың мектебі өмірдің өзі болды. Бабамыздың халқы үшін істеген қызметі тарихтың ең көрнекті сөрелерінен ойып тұрып орын алатынын мойындауға мәжбүрміз.
Кенесары ханды белгілі бір руға телу ұят. Олай ету — қиянат. Кенесары атымен байланыстырылатын жер-су аттарын әлі де болса зерттеп, кейінгі ұрпаққа аманаттау — сіз бен біздің намысымызға сын. Қазіргі көңілі ояу, көзі ашық, білімі ешкімнен кем емес, біздердің бұған жол бергеніміз ұлтымыздың алдындағы ең үлкен сатқындық болар еді. Әйтсе де былтырғы жылы өз басым куә болған бір жағдай көңіліме қаяу салғанын несіне жасырайын? Талай шырын сөзді ақын-жазушыларымыздың жырына арқау болған сұлу Көкшенің топырағына табаным тигеннен «Жеке батыр», «Бурабай», «Абылай хан» алаңы, «Жұмбақтас», «Әулиекөл», атақты «Оқжетпес» сияқты табиғаттың өзі мүсіндеген мақтаныштарымызды аралап, көңілім тоғайғаннан соңғы іздегенім Кенесары үңгірі болды. Мені таңқалдырғаны — өзім жалдаған көлік жүргізушінің көруге болатын барлық жерлерді сондай түсінікті етіп баяндап жүргенімен, Кенесары үңгірі туралы мүлдем хабары жоқ болып шыққаны. Содан, жергілікті халықтан сұрасам, олардың көпшілігінің, әсіресе жастардың білмейтіндігі байқалды. Естігендерінің өзі дәл қай жерде екенін тап басып айта алмады. Ақыры «осы тұс» деген жерге түсіп қалып, жаяу тарттым. Үш-төрт шақырым жерді артқа тастап, бабамыздың үңгірі деп аталатын қасиетті мекенге де жеттім. Үңгірге жақын жердегі жолайрықтарға жол бағыттаушы тақтайшалар қағылған екен, солардың көмегімен барар жерді бағдарлауға болады енді. Арнайы жол салынбаған, баяғы жүк көліктері қатынайтын екі ізді қиыршық тас жол. Ол еш жөндеу көрмеген, кейбір жерлері орылып кеткен. Бұл нені білдіреді? Ілуде бір арнайы бас бұрғандар болмаса, жалпы көпшіліктен оқшау жер екендігін көрсетеді. Етекке қойылған белгітас та ертеректе бір жеке тұлғаның қойған ескерткішін елестеді. Үкімет тарапынан ешқандай жәрдем көрсетілмегені, күтімсіздігі мен мұндалап көрініп тұр. Қай жылдары орнатылғаны белгісіз, етектен басталатын баспалдағы әбден ескіріп, қиыршық тас басып қалған. Биік жартасқа шығатын жерінде екі жақтауы бар ағаш баспалдақ бар. Жекелеген адамдарға көтерілуге ыңғайлы, ал топ болып келетін қалың жұртшылыққа төтеп беруі неғайбіл. Осылардан өтіп, үңгірге жақындасаңыз, қасиетіңнен айналайын бабамыздың жамбасы тиген жер сізді қамығып, бір түрлі жатырқай қарсы алады. Түсінікті. Иесін ардақтамаған, ұмытқан, Құраннан шет қалдырған, рақметі жоқ, жақсысын сыйлап, тануға әрекет ету ойы түгілі түсіне кірмейтін мәңгүрт ұрпақты қалай қарсы алу керек? Жаназасы оқылмай, дұшпан қолымен қорланып, бір шұқырға тасталған денесін іздемегендерге кешіріммен қарауға бола ма? Әзіз басын дер кезінде тауып, денесіне қосып, ақ жуып, арулап көмуді де білмегендерге қалай іш тартуға болады? Мансап үшін, қу құлқын үшін көрсетпеген қорлығы жоқ, келімсектердің табанын жалаған, тілін, дінін сатып, шоқынуға дейін барған жетесіз ұрпақтың жылы қабақ дәметуі қалай болады? Текті көрсе жабылып тепкілеп, елім деп еңірегендерін елсізге айдатқандардан не опа?! Ұлттық мүдде, ұлттық намыс деп аталатын қасиеттерден мүлдем адыра қалған, төресін төрден қуып, елінің құты болған байларды тонап алып, өздерін итжеккенге айдатқан өресіздерге қалай мойны бұрылмақ? Қасиетті басын әжуалап, мұрағат қорына айналдырған кәпірлердің мазағына көніп, қорлығына төзген, әлсіздерге дұрыс пейіл көрсетудің өзі теріс емес пе? Тектісін аямау, патшасын қорлау жөнінен әлемдік деңгейдегі сорақылыққа барғандардан жерінбек түгілі, қос өкпесінен теуіп, иттен әрмен қорласа да жабысып айырылмайтын намыссыздарға қалай жібімек? Көсемінің денесін қабылдауға жер-ананың өзі тітіркенген, әруақ атқырлардан безінсе, соры қайнайтындай болатын миқұрттарға не десін? Әлі күнге жаны жай таппаған бабамыз сол баяғы ірі күйінде қалды. Кеудесі өксікке толы ұрпағын қапысыз таныды. Әбден шерін тарқатып алуына мүмкіндік берді. Даусы қалтырап оқыған дұғасын тыңдады. Баяғы өзі ешкімді кіргізбей Аллаға мінәжат етіп, екі-үш күн жатып алатын қасиетті орынның ішін аралатты. Тасын сүйгізді. Жамбасы тиген жердің жұпарын жұтқызды. Кеудесін өксіктен арылтып тынысын кеңейтті. Жатқан жеріне аунатты. Барлық іс-әрекетін үнсіз бақылады. Кінәламады. Тағдыр талайы, өмір сүру уақыты кешегі «Құдай жоқ» деп өрекпіген тексіздердің тұсына келіп, рухы сынғандардың ұрпағын қалай кінәласын?! Адамдық құқығынан айырылған, ар-ожданы жоғалып, жігері жасыған, өз өксігіне өзі тұншыққан бейшара хәлдерін сезеді. Өз елінде өгей баладай барлық жағдайлардан шеттетілген ұрпақ қой бұл. Оу, айналайындар! Бойымызда әділеттілік, адами қасиет дегендерден шаңның тозаңындай бір белгі болса, жасаған қызметіне тәнті болып, тағзым ететін адамымыздың біреуі осы Кенесары хан!

Оралхан Қожамжар, Түркістан университетінің оқытушысы

(17)

Туған жердің тарихын білу — ұлттық рухтың қайнар бұлағы

$
0
0
Қазақ үні

Төріңдегі көк сандықты ашып қалсаң, атыс-шабыс, босқын халық, адамдардың өз қолымен жасалып жатқан қанды қырғын. «Мейірімді болмағанға мейірім бұйырмаған» тас жүрек пенде, еш нәрсеге селт етпейтін тас бауыр қоғам. Төрткүл дүниені астан-кестенін шығарып жатқан табиғи апаттар. Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыстан төбе шашың тік тұрады. Осының бәрі жер бетін мекендейтіндердің рухани азып-тозуының салдарынан болар, бәлкім. Біздің еліміз де осы дерттің салқынын сезіне бастағандай. Жаман әдет тез жұғатыны тағы бар.
Тарихтан білетініміздей, кез келген ел қиналғанда елін тығырықтан алып шығар, көш бастайтын көсемдерінің жанынан табылып, ұйыса білген. I Петрдің — орыстарды, Ататүріктің түрік елін қай деңгейге көтергенін білеміз. Көрші Иран елінің басшысы да, қосшысы да Аятолла Хомейиді рухани көсем ретінде таниды.
Батыс пен Шығыстың озық мәдениеті, әдебиеті рухани қазынасының кәусарынан қанған, әлем мойындаған Абайды рухани көсем деп танып, Абай іліміне ілесуіміз керек сияқты. Абай «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп» дегені, айналада болып жатқан дағдарыстардың себебін көріп, білуіміз үшін Абайға жүгінсек болар еді. Өйткені Абай «Құдай Тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз» деген иманы кәміл жан. Бір ғасыр бұрын «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел», — деген Абайдың түзу сөзінен ғибрат алайық, түсінейік. Абай ілімін мектеп, жоғары оқу орындарында оқытылатын негізгі пәндердің біріне айналдыратын уақыт жетті. Әлемді ерекше дарынымен тамсандырған Димаш Құдайбергеннің «сүйікті кітабым — «Абай жолы» деген жауабынан кейін бұл кітаптың қытай тіліндегі таралымы күрт өсті.
Димаш орындаған «Дайдидау» қытай көрермендерінің көзайымына айналған компьютерлік ойынға айналды. Қазақ баласының өнеріне тәнті болған бір жарым миллиард халықтың қазақтың қара домбырасы мен қазақы аспаптарға, қазақы киімге деген қызығушылығын арттырды.
Қазіргі заманда да айла-тәсілімен жолын тауып, ұлттық рухты көтеруге болатындығына дәлел бола алатын бұндай талай жақсы жобалар жоқ емес, бар.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыртудағы» «Таяу жылдардағы міндеттер» бөліміндегі «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасында «патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқытудан көрініс тапса игі», — деп, ұлттың рухын көтерудің қайнар көзі тарихты білуде екендігін ашып көрсетті.
Қазақтың кең байтақ жерінің әр төбесі, ескі көң жұртында тарих жатыр. Әлемде жанды-жансыздың бәрінің рухы бар. Рухта тіл жоқ. Бедер, белгі бар. Сол белгінің кілтін тап та, сөйлете біл. Мен тұратын ауылдың кіре берісінде сылдырлап аққан сұлу өзен «Тораңғылсай» бөктерінде «Бұхартөбе» құмы ауылға жолы түскен кез келген жолаушыны ыстық ықыласы мен қонақжай пейілімен қарсы алып тұрған абыз ақсақалдай елестейді. Келген қонақ, ауылын сағынып жеткен әрбір жан төбенің басына шығып, айналаға көз салып, оның баурайындағы ел туралы білуге құмартары сөзсіз.
Бұхара, Хиуа жағынан сатып алынған бір байдың түрікмен інгені ботасы аяқтанған соң, еліне қашып кетеді. Ағыны қатты Сырдың суына үріккен бота түспей, табандап тұрып алады. Ботадан айырылып, аруана еліне тартады. Інген қашқан соқпақ жол «Мая жолы» деп аталып кетеді. Бұхара, Хиуа, Үшқұдыққа Сыр қазақтары төрт түлік мал, тең-тең тері-терсек, жүнін пұлдау үшін сапарға аттанар алдында қазіргі Бесарық ауылының іргесіндегі бүкіл атырап түгел көрінетін құм төбеге жиналатын бекеті болған төбе Бұхартөбе аталып кетеді. Бұхартөбе — тарихи орын. Ауыл мұражайында жинақталған жәдігерлер — соның айғағы. Бұхартөбеден үш бірдей құмыраның табылуы бұл төбенің көне тарихты қойнына бүккен тарихи орын екенін әйгілей түсті. Кейін археологтар зерттеуі бойынша, бұл құмыралардың сыйымдылығы екі, екі жарым куб текшеметр. Өзеннен шығыр арқылы су шығаруға арналған ХV-ХVІІ ғасырда саз балшықтан күйдіріп жасалған баға жетпес байлық екенін атап өту керек.
Сөйтіп, әр ауыл-аймақ Елбасы көрсеткен міндеттерді орындау арқылы заманына сай дамыған жаңалық пен өшуге айналған ескіні жаңғыртып, үйлесім тапқан рухани дамуға жол ашар еді.
Қолында билігі бар, іс басындағы азаматтар мен қаражаты бар ұлтжанды кәсіп иелері «Бұхартөбе» этно ауылын жаңғырту жайлы дайын жобаны жүзеге асырып жатса, құба-құп. Ауыл музейінде жинақталған құнды жәдігерлер, Бесарық ауылы тарихы жайлы жазылған тарихи кітаптарды ауыл мектебіндегі оқушыларға оқу бағдарламасына енгізіп, оқыту қажет. Тек бұл ынта болса, орындалуы оңай, оңтайлы іс болар еді.

Жұмабай Байзақұлы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Бесарық ауылы

(4)

Viewing all 107 articles
Browse latest View live