Quantcast
Channel: Тарих –Қазақстан-ZAMAN
Viewing all 107 articles
Browse latest View live

Ата-жауымызды қашанғы ардақтай береміз?!

$
0
0

 

 

 

Шонжыда (қалмақ батыры) тарихи-рухани конференция өтті

Естеріңізде болса, өткен жылы Халықаралық «QAZAQSTAN ZAMANY» газетінде «Қалмақша атаулар қанымызға да, жанымызға да жат» атты мақалам жаряланған болатын. Аты айтып тұрғандай, осы мақаламда қалмақша аталып кеткен елді мекендеріміздің аттарын қазақшалау керектігі жайлы мәселе көтергенмін. Биыл редакциямызға келген ауылдас азамат Дәулет Күнікеев екеуміз осы істі Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы газет көтерген бастама ретінде қолға алғанбыз. Әрине, бұл бастамамызды құптап, конференцияны ұйымдастыруға атсалысқандар өте көп болды. Солардың ішінде, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қызметкерлерінің сіңірген еңбектерінің ерен екенін айта кеткен жөн.
Осының негізінде, жуырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылының аудандық мәдениет үйінде, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған «Батыр бабаларымызды ұлықтау парызы» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға арнайы қатысқан аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлы келушілерге арнап, құттықтау сөз сөйлеп, шара шымылдығын ашса, аталмыш іс-шараны аудан орталығында өткізуге көп еңбек сіңіріп, ұйымдастыра білген әкім орынбасары Деменбаев Дәулетжан Модинұлы жиынды жүргізіп отырды.
Жиынға келген қонақтар арасында: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері, атап айтсақ: директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к,. — Ә.Шашаев; Рһ(D) докторанты — Р.Оразов (баяндама: «Жаркент уезінің құрылу тарихы); ғылыми қызметкерлер — Қуаныш Мырзаходжаев, Аман Дәулетұлы; жазушы, профессор — О.Қауғабай (баяндама: «Әз Тәуке хан және Әлмерек би»); саясаттанушы, қоғам қайраткері — Дос Көшім; ҚазҰПУ доценті, т.ғ.к. — Ш.Тілеубаев (баяндама: «Қалша батыр Мүсірәліұлы туралы тарихи деректер); тарихшы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі — Т.Әлібеков (баяндама: «Қазақ ұлттық тарихи қолжазбалары тарихи дерек ретінде»); ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Б.Айнабеков; БҰҰ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Халықаралық психология академиясының академигі, Халықаралық құқық қорғаушылар бірлестігінің мүшесі, э.ғ.д. — Д.Телбаев; ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Атамұра» баспасының аға редакторы, жазушы — Қайранбай Жұмабай; ҚР ҰҒА президентінің көмекшісі — Темір Апендиев; қоғам қайраткері, философ-саясаттанушы Әбдірашит Бәкір; «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша арнайы тілшісі — Қалмаханбет Мұхаметқали; «Өлке тынысы» ЖШС төрағасының орынбасары Болат Абаған; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының журналисі — Қуаныш Серікханов және «Қазақстан-zaman» ЖШС маркетинг және жарнама директоры, халықаралық «Qazaqstan zamany» газеті бас редакторының орынбасары — Жанбақыт Борантаев болды.


Конференция барысында баяндама жасаған ғалым-мамандар мен жарыссөзге шығып, сөйлеушілер тарих шыңырауында жатқан шындықты, ата-бабаларымыз жүріп өткен жол мен тарих ақиқатын арши отырып, бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы парыз бен міндеттерімізді анықтап берді. Шындығына келсек, қалмақша атауларды арқалап жүрген елді мекендеріміз аз емес екен. Конференция барысында әрі әулие, әрі батыр болған Әлмерек бабамыздың он сегіз жасында қалмақ батыры Шонжымен жекпе-жекке шығып, басын алған жері жергілікті халық арасында «Шонжы өлген» аталып, уақыт өте келе «өлген» сөзі түсіп қалып, «Шонжы» аталып кеткені баса айтылды. Бұл ағаттық Қазақстандағы елді мекендерге тән жүздеген мысалдың бірі ғана. Солардың арасында ерекше атап өтері, тағы да қалмақтардың соғыс талабымен елу бес жасында жекпе-жекке шыққан Әлмерек батырдың Қордайды жер жастандырған жерінің — «Қордай» аталып кеткендігі. Айта берсек, бұдан бөлек, Қаскелең, Шамалған, Боралдай, Нарынқол, Байынқол, Сүмбе, Шошанай, тағы басқа да толып жатқан қаламақша атауларды жалғастыра беруге болады.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ, олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деген болатын. Ендеше сол ата-бабаларымыздың қанымен қорғаған жерін келешек ұрпағы ата-жауларымыздың атымен атауы тиіс пе?! Онсыз да қаншама жылдар, тіпті ғасырлар бойы ағат басып, адасып келдік?! Ойымызда орысша атауларды қазақшалау бар болғанмен, қалмақша атаулар қалтарыста қалып келеді. Ал ол атаулардың ұрпаққа берер мазағынан басқа мәні де, мазмұны да жоқ. Нәтижесінде рухсыз ұрпақ өсіп шығады. Сондықтан біздің газет келешекте қалмақша атауды арқалап жүрген елді мекендердің аттарына байланысты мәселелерді жиі көтеруді алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл тұрғыда, келесі бағытымыз жоғарыда айтып өткен Қордай елді мекені болмақ. Ал Шонжыда өткен конференция жалғасын тауып, өзгелерге үлгі болса игі.

Жанбақыт Мерекеұлы

(228)


Өкіметке жат элементтер қырғыны

$
0
0

Ұлтшыл, алашордашыл, жапон тыңшысы деп сотталғандар

Қазақстанда Кеңес өкіметі толық жеңіске жетіп, билікті өз қолдарына алған соң, ауыл халқын 2-3 бөліп, орталарына жік салып, бірін кедей, бірін орта шаруа, ал енді бірін бай-кулак деп, бір-біріне айдап салып, билік жүргізді.
Кедей шаруалардың басын біріктіріп, «Қосшы» деген одақ құрып, оған большевиктік үкіметті мойындайтын, айтқанына мақұл деп бас изейтіндер бір бөлек болды да, үкіметтің халықты жік-жікке бөліп, бір-біріне айдап салуына қарсы болғандарды ұлтшыл, байдың құйыршығы, зиянды элемент, атқамінер деп айыптап, «Қосшы» одағына жолатпай, жіктеудің соңы сол азаматтардың кейіннен бай-кулак боп кәмпескеге ілініп жер аударылуына, ал біраз бөлігінің ұлтшыл, алашордашыл, жапон тыңшысы деп сотталып, атылып кетуіне әкелді. Мұрағаттардан сол кездегі саяси жағдайды білу қажет болса құжаттарды көтерсеңіз жетіп жатыр. Мысалы, бір ғана Әулиеата уезінде «Қосшы» одағынан аластатылып айыпталғандар жеткілікті. Қарабақыр болысында үштіктің (Таудинов, Далиев, Тұрлыбай және Ағыбаев) шешімімен 10 адамды жат элемент деп одақтан шығарып, болыстықтың мүшелігінен шығарып, болыстық сайлауға араластырмай, шеттеткендер болды. Осы болыстықта Қалдыбек Таяқов, Наурызбай Байтерековті ұрлықшы, іріткі салушы деп соттатып жіберген. Тек 1925 жылы Әулиеата уезінен «Қосшы» одағынан шығарылып, айыпталғандар мол болды. Ақбұлым ауылынан Әбдімәлік Шенгенбай — байдың құйыршығы және зиянкес, Жаманка ауылынан Бокнотов Жүрін, Ердонаев Садық — бірі бай, бірі саудагер, №7 ауылдан Мұхаметқұлов Бейсенбай — барымташы, Елібаев Омар — байдың құйыршығы, Мұртазаев Өмірзақ, Иманқұлов Пернебек, Қалабаев Мырзахан, Юсупалиев Түкбай — зиянкестер, зиянды элементтер, №4 ауылдан — 21 адам бай-кулак, атқамінер деп айыпталады. Олардың ішінде Даулетов Жорабек, Туғанбаев Омар, Тілендиев Байғазы, Бердібаев Шынасыл, Айтбаев Мөңкебай, Орынбасов Қожай, Қалдыбеков Барлыбай және басқалары.
№6 ауылдан Томашев Карну, Қолдаров Асан, Салқымбаев Қожа, Ибраимов Баялды, барлығы 10 адам. №5 ауылдан Құратаев Жапы, Исақов Иманқұл, Телғараев Жұманқұл, Тауасаров Шайтанқұл барлығы 11 адам. №3 ауылдан Баймұратов Қалбай, №1 ауылдан Жұмабаев Мұхамед — атқамінер деп айыпталған. Сонымен қатар ішкі істер комиссариатының арнайы тізіміне ілігіп, бақылауда болғандар: Байсунов Алтай — барымташы, Диханбаев Сапарбай — бұзық адам, Қосшыбаев Жабағалы — бай, Саурыков Жантай — бай, Алесов Байлыбай — бай, Бағысбаев Наурызбай — бай, атқамінер деп айыпталып, бақылауға алынғандар. Осы құжатты дайындаған ішкі істер халық комиссариатының өкілі Добыров, аудандық партия комитетінің хатшысы Батраков. Мұрағаттағы құжаттарды қарап отырғанда жүрегің ауырады. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық кезінде қазақтың тең жартысы қырылып қалғаны белгілі. Ауызға саларға бір түйір нан таппай, иттің етін, одан қалса балаларының етін жеуге дейін барған кезде колхоздар мен совхоздардың қоймасында бидай мен арпа және басқа да азық-түліктер лықа толып тұрса, колхоз-совхоздарда мал басы жерге симай тұрғанын оқығанда, жүрегің қалай ауырмасын. Сөзім дәлелді болу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында сақтаулы тұрған мына құжатты айтса да жеткілікті.

Қазақты аштан қырған кім?

Әулиеата ауданының қысқаша экономикалық жағдайы 1933 жылдың 19-27 қараша айындағы тексерудің қорытындысы.

Ауданда 21 ауыл бар. Олар 14 ауылсоветке кіреді. Ауданда 21862 қазақ, 2706 орыс, 350 дүнген тұрады. Ауданда бес орыс колхозы, 16 қазақ колхозы бар. Колхозға біріккендердің ішінде 13300 адам еңбекке жарамды. 449 жеке бас шаруашылықтары бар. Ауданда 4 қой фермасы, онда 2724 қой, тауарлы сүт фирмасында 359 сауын сиыр, 700 тана, жылқы фермасында 970 жылқы және 177 тай-құлын бар. Билікөл ет совхозында 780 адам еңбек етеді, оның 385 қазақ, совхозда 8066 мүйізді ірі қара бар, оның 3185 сауын сиыр. Майтөбе ет совхозында 720 адам еңбек етеді, оның 640 қазақ. Совхозда 2131 сауын сиыры бар. Жылқы совхозында 4667 адам еңбек етеді, оның 3179 қазақ, совхозда 2812 асыл тұқымды жылқы бар. Аудандағы шарап зауытында 108 жұмысшы, спиртзаводта 38 адам, сыра заутында 32 адам еңбек етеді. Қалада бірінші сатылы 11 мектеп, екінші сатылы 6 мектепте 5137 оқушы оқиды. Аудандағы 62 мектепте 4138 оқушы бар. Қалада 1 педтехникум — онда 180 оқушы, оның 100-і қазақ, политехникумда — 180 оқушы, оның 17-сі қазақ, жылқы техникумында — 369 оқушы, оның 121-і қазақ, зооветтехникумында — 200 оқушы, оның 66-сы қазақ.
Егіс көлемі 1933 жылы өткен жылға қарағанда азайған, себебі жоспардың орындалмауы дейді. Ал еңбек ететін адамдардың аштықтан шыбын сияқты қырылғанынан емес, жоспардың орындалмауынан дейді. Аштық туралы бір сөз жоқ. Аудан басшылары ештеме болмағандай, адамдардың қырылғанын көрмегендей, жайбарақат, естеріне де алмайды. Тек егін жинаудан, мал басын өндіруден жоспардың орындалғаны керек. Адамдар өлсе өле берсін. Бәрібір. 1932 жылғы партия конференциясында пленумға мүше болып сайланған 21 адамның 1933 жылы 6-уы ғана қалған. 15 адамның қайда кеткені айтылмайды. Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі Полатбеков — аудандық потребкооперация басшысы, аудан прокуроры Кайболдин, пленум мүшесі Бегишев үшеуі де сотталып кетеді. 1933 жылы аудандық партиялық бақылау комиссиясының шешімімен 159 адам зиянкес, жау элементі деп қуылып, сотталған, арасында колхоз, совхоз басшылары бар. Кінәлары жерді күрекпен саяз жыртқаннан егін шықпай қалған, егіндер кезінде жиналмаған. Қалай жиналсын, еңбек ететін адамдардың қырылып жатқанын сөз етпейді. Ашаршылықтан әбден күйзелген, балалары өлетін болған соң алдындағы отардан бір қозыны сойып, балалары мен әйеліне нәр болар деген үмітпен қазанға салып қайнатып жатқанда үй маңынан түтін шыққанын көрген бір белсенді колхоз бастығына хабарлап, милицияны ертіп шопанның үйіне келгенде қазанда пісіп жатқан етті көріп: «Оо, оңбаған, ұрлықшы, колхоздың малын сойып, жаудың ісін істеп отырғанын қарашы», — деп қазандағы етті итке тастайды. Әйелінің: «сорпасын қалдыршы айналайын, балаларыма нәр болсын», — деп жалынғанына қарамай жерге төгіп, шопанды ұстап алып кетеді. Сол ұл-қыз бен әйелдің келесі күні аштан өлгенін хабарлаған милицияның құжатын оқығанда есің ауып қалады. Қамбада ұн, бидай, өрісте мал жайылып жатқанда, халыққа бір түйір бидай бермей, қырылып жатқанын көріп отырған аудан басшылары, үкіметтегілер қалай ғана дәті шыдап отырған. Қазақтардың үндемей қырыла беруіне жол берген басшыларды жауапқа шақыратын бір адамның болмағанына жүрегің ауырады.

Сотталған, түрмеге жабылған… Неге, неге?!

1933 жылы егін орағы кезінде жиналған астықты сақтамадың деп қызылша совхозының, Сары-қасқа колхозының басшылары түгел дерлік зиянкестер, жаудың элементтері деп, бастауыш партия ұйымының хатшысы Сепкибаев, колхоз бастығы Қошметов, аудандық партия комитетінің уәкілі Баканов, қойма меңгерушісі Турункулов, колхоз комсомол ұйымының хатшысы Утегенов және басқалары партиядан шығарылып, сотталған. «За пятилетку» колхозының басшылары азық-түлікті ұрлағаны үшін түгелдей тағы да сотталыпты. Сельпоның қызметкері Жаманбаев екі әйел алған, зиянкес, ұрлықпен айналысқан десе, бригадир Оспанов ауылдағы елді жинап, үкіметке қарсы жасырын ұйым құрып, қарсылыққа шақырған, ең сорақысы осы ұйымға мүше болып аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы Исмаилов та кірген деп түгел айыпталып, сотталған. Аудандық Заготзерно мекемесінде өңкей зиянкестер, алаяқтар, жау элементтері жиналған деп түгел сотқа берілген. 1933 жылы «Көк өзек», «Свердлов» және Кеңес колхозында егін орағы сапасыз жүргізіліп, көп өнім далада қалған. Аудандық хатшы Сарсеков уәкіл Исмаиловпен келісіп, колхоздарға жоспарды төмендетіп бергені үшін екеуі де түрмеге жабылған. «Металлист» артелінің басқарма мүшесі Кузнецов астықты ысырап еткені үшін сотталса, қызылша-совхоздың директоры Васильевке қатаң сөгіс берілген. Ал сапасыз орылған егісте қалған масақты жинау үшін әйелдер бригадасы ұйымдастырылған, кейбірі бір уыс бидайды ышқырына тығып, үйіндегі балаларына апарып бермек болғандығы үшін тұтқындалған. Ал аудан прокуроры Қаратаев оларды босатып жібергені үшін өзі айыпталып, орнынан алынған. Кеңес үкіметінің жергілікті басшылары жәй колхозшылармен қатар билік басында жүрген біраз азаматтарды ұлтшыл деп айыптап, партиядан шығарып, соттаған. Солардың арасында прокурор Қайбардин, прокурор Қарашев сотта судья Гончаровқа: «Қазақтарды қудалап, жазықсыз айыптап, жұмыстан босатып, жауапқа тартуды тоқтату керек!» — деген сөзі үшін кінәлі болып сотталып кетеді. Сахстрой партия комитетінің хатшысы Сарыбаев завод құрылысына жауапты Лукьяненконы жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған, арақ ішумен айналысады деген айыппен партиядан шығарған. Аудандық партия комитеті Сарыбаевтің өзін ұлтшыл деп айыптап, партиядан шығарып, жұмыстан босатады.
Аудандық оқу бөлімінің бастығы Бельмұхамедов, горсоветтің төрағасы Умурзақов, аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы Полымбеков партиядан ұлтшыл деп шығарылып, сотталған. 1932 жылдан бастап, аудандағы көп істі «Троика» шешкен. 8 айдың ішінде 64 іс қарап, 54 адамның ісін прокуратураға тапсырған, 23 адамды партиядан шығарған. 1933 жылы 9 айда «Үштіктің» шешімімен 83 адам партиядан шығарылып, 23 адам сотталған, оның ішінде 19 адам жау элементі, үкіметке қарсы, 5 адам бай-кулак, 2 адам контреволюционер, екі әйел алған, ұлтшыл, алашордашыл, 36 адам моральдік жағынан азғындаған деген айыппен абақтыға жабылған. Осы үрдіс 1936-1937 жылдары шарықтау шегіне жетіп, халықтың бетке ұстар азаматтары ұлтшыл, алашордашыл, жапон тыңшысы, Рысқұловтың адамы деген айыппен атылды, жер аударылды. Қазақтың белгілі, атақты адамдарымен қатар, Әулиеата уездік алашорда комитетін басқарды деген айыппен Әзімхан Кенесарин, Дінмұхамед Әділов, Еркінбек Ақынбековтер және 7 комитет мүшесі атылып кетті. Сталин өлгеннен кейін ғана айыбы жоқ екен деп ақталып, есімдері елге қайтарылды. Тәуелсіздік алғаннан бері жоғалтқанымызды тауып, арыстарымызды ардақтаудамыз. Бұған да шүкіршілік. 1937 жылы халық жауы болып сотталған қазақтың бетке ұстар азаматтарының құрбан болғанына биыл 81 жыл толып отыр. Алаштың азаматтарының есімдерін ардақтап, еске алып, жастарға түсіндірсек, айтсақ, түрлі іс-шаралар өткізсек Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің орындалуына қосқан үлесіміз болар еді.

Москау Ноқрабеков

(14)

«Коммунизмге» барар жолдағы КСРО-дағы көтерілістер

$
0
0

Келмеске кеткен Кеңес Одағында  өмір сүрген 70 жылдан астам уақыт ішінде «1980 жылы коммунизмге кіреміз» деген сеніммен өмір сүрдік. Ол пәлсапаға балабақшадағы сәбиден бастап жоғарғы қызметтегі азаматтарға дейін сендік. «Біз алдыңғы қатардағы елміз, бізде бәрі керемет» деген ұранмен  жастарды тәрбиеледік. Алланың көзі түзу болып 1991 жылы егемендік алған соң өткен тарихтың шындығы ашыла бастады. Сөйтсек шын мәнінде «керемет» емес екенбіз. Шенділер қарапайым халықпен санаспапты.

Сондықтан да шаруалардың, жұмысшылар мен жастардың бас көтерулері жиі болып тұрған. Себепсіз салдар болмайтыны белгілі. Ол кезде бірен-саран айтылып қалатын көтерілістердің салдары ғана айтылып, себептері құпия сақталған. Көтерілістердің қысқаша мағанасы «Кеңес үкіметіне қарсы болған көтеріліс» деп, оның негізгі себептері мен қозғаушы күштері айтылмайтын. Енді осы жағдайларға тоқталайық. Мәселен елімізде 1928 жылы басталған байлардың дүние мүлкін тәркілеу мен жер-су реформаларының жүргізілудегі бұрмалаушылықтар халықтың табанды қарсылығын туғызды. Бұл наразылық 1929 жылдың екінші жартысы мен 1930 жылдың бірінші жартысында өрши түсті. Алғашқы көтерілістер 1929 жылы Қазақстанның құрамында болған Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданы мен Сырдария және Қостанай округтерінде басталды. Билік басындағы Голощекин қалыптасқан жағдаймен санаспай «ауылдағы байлардың қарсылығы» деп қарады. Мәселенің дұрыс шешілмеуі салдарынан 1930 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында көтерілістер кең етек жайды. Солардың ішінде Созақ көтерілісі ерекше болды. Бұл көтерілістің негізгі қозғаушы күші басқа жердегі көтерілістер сияқты орта шаруалар емес, кедейлер мен батырақтар болды. Билік ойына келгенін істеп, қазақтарға иттің терісі мен жылқының құйрығын өткізу салығын салды. Оған қосымшы Ораза кезінде діни әдет-ғұрыпты орындағандарға айып-пұлдың салынуы көтерілісті тездетудің себебі болды. Көтерілісшілер ерекше белсенділік танытып, қолдарына ағаш тоқпақ, аңшы мылтығы, қанжар мен қылыш және балта сияқты қарулармен қаруланды. Шолақ белсенділерді соққыға жығып, кеңес органдарының іс-қағаздарын өртеді. Олардың саны 5000-ға жетті. Үкімет көтерілісті басу үшін Ташкенттен қаруланған 225 әскер жіберді. Оларды ОГПУ басшысы Ольшанский басқарды. Күштің тең болмау себепті көтерілісшілер қатты қырғынға ұшырап шегінуге мәжбүр болды. Соңынан біразы Ташкент жаққа, енді біразы Шуға қарай қашты. Көтерілісшілер жеңілді. Кеңес үкіметі бұл көтерілістен еш қортынды шығармады. Керісінше сол кездегі жұмысшы таппен санаспауды күшейтті. Мәселен 1959 жылғы Теміртаудағы жағдайды алайық. Осы жылы салынған Бүкілодақтық мәртебеге ие болған «Магнитка» металлургиялық зауытына Республикадан тыс социалистік мемлекеттерден де жұмысшылар келген еді. Барлық жұмысшыларға пәтер жетіспей олардың көпшілігі вагондар мен брезент шатырларда тұрып жатты. Оның сыртында оларға мәдени-демалыс орындары мен дүкен және асханалар жеткіліксіз болды. Мұндай келеңсіз жағдайларды тез арада түзетудің орнына осындай қиыншылықтардың барлығын өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Ұйымдастыру жұмыстарының өте нашар болуы салдарынан өндірісте дағдарыстар одан әрі тереңдей түсті. Осының әсерінен жұмысшылар арасында наразылықтар туа бастады. Жұмысшылардың жағдайына жете көңіл бөлінбеудің салдарынан олар мен жергілікті өкіметпен қақтығысы орын алды. Оған 1 тамыз сенбі күні кешкі жұмыстан шыққан жұмысшылар тамақ ішетін бірде-бір асхананың ашық болмауы төзімнің жібін үзіп жіберді. Асханалар мен дүкендерді талқандап, ойран салу әрекеті басталды. Жергілікті милиция келіп бұзақы деп ұстап кеткен екі жұмысшыны әріптестері келіп босатуын талап етеді. Оған милиция қызметкерлері көнбейді. Оған ыза болған көтерілісшілер милиция ғимаратын талқандайды. Бүлікшілерді басу үшін милиция мен әскерлерді жұмылдырылды. Жұмысшылардың көтерілісін қару қолданып басу кезінде көптеген адам шығыны болды. Солтүстік Кавказдан әдейі әкелінген Дзержинский атындағы дивизия жауынгерлері зауыттың жазықсыз жұмысшыларын оққа ұшырды. Осы оқиға туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Онда қанша адамды қырғанын әлі күнге дейін ешкім білмейді. Кісі өлімі өте көп болды, оның ішінде сотталып, атылды… Ол кездегі көп мәселені біз білмейміз. Тоталитарлық жүйеге қарсы шықсаң, күшпен жаншып, күшпен құрту болды», —деді («Егемен Қазақстан» 05.07.1997ж.).
1962 жылы Новочеркасскінің электровоз жасайтын зауытының жұмысшылары азық-түліктің бағасы 20-30 пайызға көтерілуіне және жасалған өнімдереріне төленетін жұмыс ақысының үштен бірін қысқартылуына қарсы шығып, ереуіл ұйымдастырды. Ереуілшілер «ет пен колбаса неге сонша қымбаттайды?» — деген сұрағына кәсіпорын басшысы: «Ет пен колбасаға ақшаларың жетпесе ливерный колбаса жеңдер», — деген жауабы жұмысшылардың ашуына тиіп жаппай ереуілге шығады. Ереуіл жалғасып ертесі күні партия комитетінің ғимаратын басып алады. Ереуілдің аяғы көтеріліске ұласып, шенділер қалаға танкілер кіргізіп, оларды атқылай бастайды. Сонымен өздерінің азаматтық құқығын пайдаланып, ұсыныстарын айтамыз деген жұмысшылардың 24-і өліп, 30-ы жарақат алады. Сотқа тартылған 14 адамның 7-еуі өлім жазасына кесіледі. Барлығы 105 адам әртүрлі жауапқа тартылады.
Ал 1967 жылғы маусымның 13-15 жұлдызы арасында Шымкент қаласында болған оқиға да адам шығынымен аяқталды. Милиция қызметкерлерінің жасағы 29 жастағы Василий Осторуховты мас болып жатқан жерінен медициналық айықтырғышқа жеткізген. Ертесінде сағат 6-дағы кезекті тексеру кезінде оның өлі екені анықталады. Мәйітті тексерген сараптама ажал миына қан құйылудан болуы мүмкін деген қорытынды жасайды. Оған разы болмаған туыстары: «оны милициядағылар ұрып өлтірді», — деп Мәскеуден комиссия шақыртуды талап етеді. Халық арасына «милиция адамды ұрып өлтіріпті» деген қауасет тарап, автопарк ұжымы ұйымшылдық көрсетіп көтеріліске шығады. Оларды қолдағандар көбейіп, ішкі істер бөлімін қоршап, ғимараттарын қиратады, өртейді. Қақтығыс ұлғайып 20 милиция қызметкері, 2 жауынгер, 3 партия-кеңес шенеунігі әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алады. Өкімет көтерілісшілерді басу үшін әскер күшін пайдаланып, соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 50 адам оқтан жарақат алады. 34 адам қылмыстық жауапқа тартылып 3-еуі ату жазасына кесіледі.
Қазақта жер мәселесі дегенде құлақтары елеңдемейтін қазақ болмайды. 1979 жылғы бұрынғы Целиноградтағы «Неміс автономиясын» құру жөніндегі Орталық Комитеттің қаулысына қарсы болған ереуіл соның нақты мысалы. Осы қаулыны басшылыққа алған жергілікті басшылар 1979 жылы мамырдың 31 күні орталығы Ерейментау қаласы деп, Целиноград, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар облыстарының құрамына кіретін бес ауданнан тұратын неміс автономиясын құрады. Осы шешімге қарсы болған қазақ жастары 16 маусымда бірнеше жүздеген адам ереуілге шығады. Ал 19 маусымда ереуілге шыққандар саны бірнеше мыңға жетеді. Мұның соңы жақсылыққа апармайтынын білген шенеуніктер облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Морозовты жастардың алдына жіберіп, автономия болмайтынын хабарлайды. Бірақ өз дегенін істетпек болған КОКП ОК-нің нақты шешімі 1980 жылы ақпан айында тағы шығарылды. Алайда қазақ жастарынан қауіптенгендіктен бұл қаулының орындалуын кешіктіре берді. Ал 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі бұл қаулыға түпкілікті нүкте қойды. Қазақ жастары «отпен ойнауға» болмайтынын дәлелдеді. Бұл көтерілістер Кеңес Одағының жүргізген саясатының дұрыс емес екенін көрсетеді.

Әкебаев Беркін,
Республикалық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері

(20)

Садық ахунның 5 түрлі емі

$
0
0

Сыр еліне Садық ахун Қодарұлының есімі кеңінен танымал. Ол 1860 жылы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында дүниеге келген. Туа бітті емшілік қасиет қонған ол жастайынан білім қуып, Бұхарада оқып, терең діни білім алған. Садық 32 жасында «Көгелташ» медресесіне барып ілім алуды бастаған (Тажитдин ақсақал дайындаған «Қодарұлы Садық» атты естелік кітабынан).Өткен ғасырдың 1890 жылы Сыр елінің атақты Қалжан ахун, Ораз ахундардың көмегімен Қармақшыда мешіт ашып, онда бала оқытып, науқастарды емдеген. Бойына біткен ерекше емшілік қасиетінің арқасында талай ауыр дертті жандарды емдеп, жазып, елге зор көмегін тигізген.

Садық ахунның алдына келген науқастар, ол кісінің емінен кейін құлан таза айығып, дерттеріне дауа тапқан. 1920 жылы емші өзі туып-өсіп, кіндік қаны тамған Ақжарма ауылына келіп, өмірінің соңына дейін елге емшілік қызмет көрсетіп, бар алған білімі мен игі істерін халыққа арнап, бала оқытып, көптеген тәрбиелік жұмыстар атқарады. Ауылының өсіп-өркендеуіне, ауылдастарының денсаулығын сақтауға зор үлес қосады. 1938 жылы Садық ахун қайтыс болғанда Сыр елінің дүлдүл ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов өлеңмен көңіл айтып, хат жолдаған. Өзі аға санап, пір тұтқан Садық ахунға арнаған қоштасу өлеңінде ол ахунның бойындағы барлық игі, асыл қасиеттерін жан-жақты ашып көрсеткен.
О, дарих, өткен Сәкен азиз еді,
Халықтың нарқы қымбат гаухары еді.
Ғылымға он екі пән болған мәшһүр,
Ұлықпандай заманына дәркәр еді.
Дауасы дұғасымен болып қабыл,
Аурудың көңілін табар қуатты еді.
Шарпыға қысылғанда жол табатын,
Ағзамның орнындағы нәбиі еді.
Дін Ислам жолындағы талиптарға
Көңіліне сүйеу етер құрал еді.
Тәусипін қанша айтса да ада болмас,
Қалай да заманының құтпы еді…
(1937 жылдың тамыз айы. Өлең Тәжитдиннің жеке мұрағат құжаттары-нан алынды.)
Осы өлеңнің бірінші қатарында «Сәкең азиз еді» деген сөз бар. Араб тілінде «азиз» деген сөз Аллаһ Тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі делінеді. Әрине, Тұрмағамбет ақын Садықты Аллаға теңеуді ойламаған. Бұл сөздің тура мағынасы «теңдесі жоқ, ең ұлы, құдіретті» деген ұғымдарды беретіні белгілі.
Онан әрі «Ғылымға он екі пән болған мәшһүр» деген тіркестегі он екі пән сөзінің мағынасы өз алдына бір төбе. Діни ғылымды игерушілердің ішінде он екі пәнді игергендер деп Құранды дін тарихын терең түсінген, оның мән-мағынасын, қасиетін білетін, тура ай-тылмаған идеялық ұғымдарын талдап, танып, түсіндіре алатын ғұламаларды айтады екен. Садық ахун Құран Кәрімнің мағынасын өте терең білген және соны өз өмірінде орнымен қолдана білген (ахун атағы діни жоғары білім алғандарға шатырхатпен бірге беріледі).
«Ұлықпандай заманына дәркәр еді». Бұл жерде «дәркәр» деген сөздің арабша мағынасы «қажет» деген ұғымға келеді екен. Сонда Садық ахунды заманына Ұлықпандай қажет десе де, дәрігер ретінде керек десе де түсінікті. Деректерге сүйенер болсақ, Садық ахун Көкалташ медресесінің 4 жылдық оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін, осы медресенің жанындағы Иранның екі жылдық дәрігерлік білім беретін курсын бітірген. Сонан 1898 жылдан бастап, өз еліне келіп, дәрігерлік жұмыс атқарған. Ол төрт жүзден аса түрлі шөптерден дәрі жасап, адам емдеген. Емдеудің 5 түрін қолданған. Олар: бірінші — шөп-дәрілермен емдеу, екіншісі — қан алу (екі тәсілі бар: теріні тесіп, қан алу, екіншісі вена тамырын жарып қан алу), үшіншісі — қарпу (иглотерапия), төртінші — үзу (уқалау), бесіншісі — дұғамен емдеу. Ал бүгінде шығыс медицинасының мүмкіндіктері баршаға аян. Ендеше, Ибн Синаның ғылымын игерген Садық ахун аурудың барлық түрін емдей білген.
Онан әрі «Ағзамның орнындағы нәби еді» дегенде, «ағзам» деген сөз арабшада «ұлық» деген мағынаны білдіреді екен. Ал қазақшада «дене» дегенге келеді. Ал нәби — пайғамбардың сипатын білдіретін анықтауыш сөз делінеді. Ал жеке сөз ретінде мағынасы хабар жеткізуші. Енді осы сөзді пайғамбар образына қолданғанда пайғамбардың Аллаһ Тағаладан хабар жеткізуші деген ұғымға саяды. Сонда біз атаған екі сөздің арабша мағынасымен айтар болсақ, адам арасындағы ұлықтардың пайғамбарындай деп түсінуге болады. Орынсыз емес, ақындық пафос осылай көрініс берген.
Бір-екі дерек келтірейік. Бұрын ел жайлаудан қайтқанда қыстауларын сыпырып, жуа салып кіре беретін болған. Ал оны жаздай жайлаған зиянды, залалды жәндіктер түрлі аурулар тудыратынын Садық ахун біледі. Сол кезеңде ел ішінде оба, сүзек, құрт аурулары сияқты жұпалы індет көп болған. Осының алдын алу үшін, білімді емші профилактика жасаған. Елде өсетін сілтіні өртеп, соның түтінімен жәндіктерді жоюды көрсеткен. Мұны Сыр елі жаппай қолданған. Бұл «жаңалық» «отқа табыну» деген желеумен Бұхар әміріне жетіп, ол осы Қармақшы-Қазалы уезінің діни өкілі қызметін атқарушы Қалжан ахунды «өзге дінге жол бердің» деген айыппен айдап әкетеді. Сонда Садық ахун әмірге өзі барып, мән-жайды түсіндіріп, Қалжан ахунды ақтап алып, еліне алып қайтқан екен. Бұл — Садықтың балалары Әбжан мен Тәжитденнің аузынан талай айтылған нақты шындық.
Онан әрі «Тәусипін қанша айтса да ада болмас, Қалайда заманының құтпы еді» деген жолдарды түсініп көрелік. Тәусип — арабшада өсиет, ақыл деген мағынаны береді. Ал құтпы — ақылгөй, рухани басшы деген мағынаны білдіреді. Демек, Садық ахун ақыл-өсиет айтатын заманының рухани басшысы болған дегенді меңзейді.
Тұрмағамбет ақынның арнайы дұғасы да жазылған екен. Сонда:
«Мақсұмдар-Әбжан, Мақсұт,
Тәжитдин,
Сіздерге ақсақалдық құтты болсын!
Өздерің ілпі тәліп, тіпке қанық,
Тұрыңдар, халыққа істеп, пайдалансын!» деген сөздер бар. Бұл дұға тікелей қабыл болды десе болады. Үлкен баласы — Әбжан Қармақшы мен Қазалы аудандарында емшілігімен елге белгілі болған. Бір ғана мысал, соғысқа алып кетейін деп тұрғанда Тереңөзек аудандық әскери комиссары өзінің шешесін емдетіп, Әбжанды еңбек майданына алып, елде қалдырған көрінеді. Ал Тәжитдин күні кешеге дейін, бүкіл Қызылорда облысына аты мәлім болған дәрігер, тәуіп. Ол Кеңес үкіметі кезінде «Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» медалін иемденген. Облыстық дәрігерлер консилиумына тұрақты мүше болған кісі. Бүгінде Садық ахунның ұрпақтарынан өрбіген кәсіби дәрігерлердің ұзын саны он бестен асады. Олардың ішінде үшеуі медицина ғылымдарының кандитаты.
Туғанына биыл 150 жыл толғалы отырған Садық ахунның өмірде қалдырған ізі осындай. Ахунның дүние салуы да ерекше. Көзі тірісінде Қармақшы төңірегіндегі мешіт жанынан өзіне қабір салдырып қойған. Соған орай өлерінде өсиет қалдырыпты. Шығыс медицинасын Сыр еліне осыдан бір ғасыр бұрын әкеліп, халқына қырық жылдай қызмет жасаған тәбип, Садық ахуынды әлі де зерттей түссек артық емес.
Ағайын елі өсиетті орындады. Бүгінде Садық ахун бейіті Ақжарма ауылының үстінен өтетін күре жолдың бойында үлкен бір рухтар ауылы болып жатыр.

Қосылған Әбжанұлы,
филология ғылымдарының
кандидаты,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті

(2)

Жошы Хан және Қазақ

$
0
0

Қазіргі күнде төл тарихымызды түгендеуге көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушы, зерттеушілеріміз зор үлестерін қосып жатыр. Қуанамыз! Алайда Қазақ тарихындағы Шыңғыс бейнесі, оның ұрпақтары — Қазақ хандары, сұлтандары, қазіргі уақытта қазақтың бір руына айналған «Төрелер» туралы айтылғанда кейбіреулердің кежегесі кері кететіні де жасырын емес. Ондайлар қанша байбалам салғанымен тарихты өшіре алмайды.
Атақты түркітанушы Мурад Аджидің бір айтқаны бар, «…сендер қазақтар қысымды көп көрдіңдер. Өз елдеріңді таптаған Россияның Грозныйын, Ермагін, Кутузовын мақтадыңдар, ал өз хандарың Кенесарыны даттадыңдар. Грузиндер, Армяндар өз патшаларын дәріптеді, ал сендер өз хандарыңды қараладыңдар…». Бұнысы, ойлансақ, тура шындық қой. Тура соның жалғасындай, Ғафу Қайырбеков ағамыз да, сонау кеңестік кезде-ақ: «Басқалардың хандары ақылды боп, Неге біздің ханымыз жаман болған» деген екен. Бұған алып қосарымыз жоқ.
Біздің қазақтың көпшілігі сол кездің өзінде-ақ, ауызекі әңгімелерінде, Шыңғыс Хан туралы ешқашанда жаман айтпайтын, қайта, оны «атақты ханымыз, қасиетті ерекше киелі, әулие кісі» деп санайтын.

90 қамалды бұзып, 200 қаланы бағындырған

Қалай болғанда да, Шыңғыстың үлкен ұлы, әлемдік тұлға — Жошы Хан, Дешті Қыпшақ ұлысының ханы екені және оның жатқан жері бізде екенін әрбір қазақ жақсы біледі. Олай болса мемлекетіміздің қалыптасуын содан бастасақ дер едік. Жошы Ханға ие болсақ дер едік. Ал бұл атақты, дүниежүзілік тұлғаның қайтыс болғанына 2017 жылы 790 жыл толды.
Ол туралы бірер тарихи-әдеби деректерді келтіре кетелік. Жошы хан (1187-1227) Шыңғыс Ханның, «Қоңырат» қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ұлы қолбасшы, аса ірі әскери көсем, Шыңғыс Империясын құрған, барлық соғыстарға қатысқан, өзі де ересен күшті, ержүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар, батыр адам болған. Ең бастысы — Қағанның бекітіп тапсыруымен Жошы Ұлысын құрған атақты ханымыз. Ол жорық жолында әлемнің 90 қамалын бұзып, 200 қаланы, сан елдерді бағындырған әскери стратег, тактик, ірі әскери қолбасшы.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейінірек (біреулер 4 айдан соң деседі) Шыңғыс әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырылдың көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның «ұлы емес» деген алып-қашты сөздер осы оқиғадан кейін тараған. Осы қисынсыз, «әңгіме» де Жошының белгілі өмірбаянымен бірге қатарласып келеді. Бұған қарсы айтатын бір-ақ уәжіміз — бұл әңгімесымақтар Шыңғыс Қаған мен Жошы Ханның даңқына көлеңке түсіру үшін қызғанышпен оның жауларының, жау тыңшыларының әдейілеп таратқан көптеген қауесеттерінің бірі ғана деп қараған жөн және оған ерекше тоқталып жатудың қажеті де шамалы.
Әрине, анығын Бір Алла ғана біледі. Осыған қосарымыз, қашанда ұлылардың соңынан өсек-аяңдар қалған емес. Шыңғыстың Жошыны керемет құрметтеп, үміт күткен, үлкен жорықтарды, мемлекеттік істерді сеніп тапсырып отырғаны анық. Тағы бір дәлел ретінде, кейінгі, басқа Шыңғыс ұрпақтары да Жошы ұрпақтарымен қатты санасып, негізгі жол-жоралғы солардікі болып отырғанын (Қаған сайлаудағы Батудың ролін ұмытпаңыз) келтіреміз. Егер де «түбінде бір шикілік бар десек, осылай қалыптасар ма еді» деген сұрақ туындайды емес пе?!
Ұлы Қағанның сенімінің, қолдауының арқасында Жошы 1207-12 жылдары батысқа қарай бағытталған бірқатар үлкен жорықтарды басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласын, Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген ел-тайпаларды өзіне бағындырып, Жетісу өңіріне жеткен. 1211-15 жылдары Қытайды жаулау, бағындыру соғыстарына қатысты.
1218 жылы Жошы жасағы ежелгі жауы «Меркіттерді» қуалай отырып, Қыпшақ даласы, Ырғыз өзенінің бойында Хорезм шахы Мухаммедтің 60 мың әскерімен кездесіп, бетпе-бет келеді. Соғыс жарияланбағанына қарамастан, өз әскерінің анағұрлым көп екеніне сенімді болған шах бірінші болып шабуылға шығады. Алайда Жошының үлкен қолбасшылық дарыны арқасында әскері анағұрлым аз болғанына қарамастан ұрыс тең аяқталады. Бұдан қатты үрейленген шах әскері шегініп кетуге мәжбүр болады. Осыдан соң, шах әскері Жошыға қарсы ашық шайқастарға шыға алмай, қорғандарын паналай берген. Жошы Жетісудағы бар қалаларға ие болды. Бұнымен тоқтамай, 1220-22 жылдарда Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент, Түркістан т.б. қалаларды алуды басқарды, сонымен Хорезм мемлекеті құлады.

Хан туралы аңыздың ақиқаты

1223 жылы Шыңғыс Қағанның шақыруымен Сайрам-Таластың аралығында, «Құланбасыда» Ұлы Құрылтай өткізілді. Осы құрылтайда Қаған көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі (бәйбішесі) Бөртеден туған төрт ұлына енші ретінде бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, «моңғол атының тұяғы жеткен» төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Басқалар Қара Қорымға қайтқанда, Жошы Дешті Қыпшаққа қарасты түркі тілдес тайпалар құраған өз ұлысында қалған. Міне, біздің қазақтың да алғашқы мемлекеті осыдан бастау алады. Бұл жерде аса назар аударатын үлкен мәселе — Жошы Ханға шығыстан бірге келген әскерден төрт мың ғана қол қалдырылғаны. Міне, осыдан-ақ жергілікті түркі, оның ішінде қазақ тайпаларының Жошыны ерекше құрметтегендіктері өз Ханы санағандықтары бірден көрінеді.
Жошы да өзінің түркі-қазақ жұртын ерекше сүйген, бағалаған. Тарихшы Жужанидің айтуынша («Табанат-и-Насири» 1260): «Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді…» делінген! Дербес, тәуелсіз мемлекет қалыптасты, осыған байланысты, тарихшылардың: «…бұл саясат әке мен бала арасында араздық тууына себепкер болуы әбден мүмкін. Бірақ баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген…» деген сияқты жаулары шығарған пікірлердің бірі. Бұл деген, ұлы адамдар емес, қарапайым қатардағы адамдардың ойына келе бермейтін «кісәпір» ойлардың бірі. Сонда дейміз-ау, қандай әке баласының өзінен артық ақылды, ержүрек батыр болғанына қызғанышпен қарауы мүмкін? Мүмкін емес.
Осы тектес түрлі-түрлі, мүмкін, көбінесе кейінірек, белгілі бір мақсат мүддені көздеп шығарылған алып-қашпа пікірлер Жошы қазасының себептеріне де күдік, көлеңке түсіру үшін сан алуан себептер туындатып, Шыңғысханның «қанішерлігін» асқындатып, Жошыны әдейі арандатуға қажет болған тәрізді. Ондай берекесіз әңгімелерге тоқтамай-ақ қоялық, олардың біразы оқырман қауымға белгілі. Мысалы:
— Жошы қазасы туралы біздің қазақ арасында да керемет аңыз-әпсаналар сақталған. Соның бірегейі, бәріміз де білетін, атақты «Ақсақ Құлан, Жошы хан» күй-аңызы. Бұның бір нұсқасында белгілі күйші-жыршы Кетбұқаның Қағанға Жошы өлімін күймен жеткізді делінсе, екінші нұсқасында күй тартылып болған соң түркі жырымен естіртті делінеді;
— Мұндай суық хабарды Шыңғысханға жеткізу де оңайға түспесе керек (Түрік шежіресі), яғни, қайғылы хабарды естіртуге ешкімнің батылы бармай, бұл міндет ұлы жыршыға жүктеліпті. Шыңғысхан жыр «жырла» деп әмір берген сәтін пайдаланған ұлы жыршы:
— Тенгиз баштын булғанды, ким тондурур, а ханым?
Терек тубтын жығылды, ким тургузур, а ханым? — дегенде, Шыңғысхан:
— Тенгиз баштын булғанса, тондурур (тундырар) олум Жучи дүр,
Терек тубтын жығылса, тургузур олум Жучи дүр…;
Бұл мысалдардан басқа пікірлерді мұқият қарасаңыз, келіспейтін жерлері көп екенін байқайсыз: біріншісінде Қаған «қанжар тығып өлтіріңдер» деп арнайы адамдар жіберген болса, ол бұйрық неге орындалмаған (орындалмауы мүмкін емес қой)?! Өзі өлтірткен болса, Қағанның сонша өкінуі қалай? Тарихтан Бөртеге естірту үшін арнайы бұйрық шығарылғанын да білеміз, олай болса бұндай дабыралар не үшін қажет?! Сондықтан саралай келгенде, ежелгі қазақ аңызы шындыққа өте жақын екенін байқаймыз.

Оның ұрпақтарын бүкіл әлем біледі

Қазақ «төрелері» бастау алатын Жошы ұрпақтарына келсек, оның артында көптеген бала-шағасы (Рашид ад-дин 40 ұлы болған деп, 14-ін атайды: 1-Орда; 2-Бату; 3-Береке; 4-Беркечар; 5-Шибан; 6-Тангкут; 7-Бувал; 8-Чилаукун; 9-Шингкур; 10-Чимпай; 11-Мухаммед; 12-Удур; 13-Тука-Тимур; 14-Сингкум), көптеген немерелері қалған. Жошы ұлдарының әрқайсысының тарихтан алатын өзіндік орны бар, олардың ішіндегі атақтылары ретінде Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан тағы басқалары аталады.
Жошы өлгеннен кейін, Шыңғыс Қағанның мақұлдап, бекітуімен, оның екінші ұлы — Бату, такқа отырды және барлық батыстағы әскер мұны мойындады. 1237-56 жылдар аралығында 19 жыл хандық құрды, өзі бастаған жорықтар кезіндегі қаталдығына қарамай «Сайн хан» немесе «Қайырымды хан» атанды. Орыс жеріне, Шығыс Европаға ұлы жорықтар басталды, бұл енді өзінше айтылатын, жекеше үлкен тарих, Ұлы мемлекет Алтын Орда тарихы.
Жошының мазары Жезқазған өңірінде, қаладан 50 шақырымдай жердегі «Кеңгір» өзенінің бойында. Бар қазаққа киелі Ұлытауда.
Қазақ халқының сүбелі руларының бірі болып саналатын төрелер өздерінің Ата-Тегі, Шыңғыс-Жошыдан басталатынын ешқашанда ұмытқан емес және оны Алла Тағаланың өздеріне берген қасиетті дәрежесі санайды.
Жошы ұмытылған жоқ. Осыған байланысты 2015 жылы маусымның 6-да Ұлытауда, нақты айтқанда Жезқазған қаласында көптеген ел азаматтары бас қосып, ұлы хандардың ұлысы — Шыңғыс Қаған мен оның тұңғышы Ұлы хан Жошының рухына арнап құран бағыштап, «Кеңгір» мейрамханасында «ас» берді. Сол ұлы Асқа Жезқазған қаласының әкімі Б.Ахметов қол ұшын беріп, үлкен азаматтық танытты. Өткен 2017 жылы 18 қарашада қасиетті Түркістанда Шыңғыс қаған мен Жошы ханның қайтыс болғанына 790 жыл толуына байланысты «ас» беріліп, құран бағышталды. Жалпы Шыңғыс-Жошы ұрпақтары — Төрелер әулетінің қазақ Мемлекетінің негізін қалауда, оның тәуелсіздігі жолында және мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда мәңгі өшпестей із қалдырды. Бұл қазақ тарихында алтын әріппен жазылған шындық. Олардың қазіргі ұрпақтары да еліміздің өркендеуіне барынша үлес қосатынына сенеміз.
Кесене туралы көп айтылғандықтан аса тоқталмай-ақ, бірер мәліметтерді келтіре кетелік: мазар жайлы алғашқы жазба хабар Бұхар билеушісі Абдаллахтың 1582 жылы Ұлытауға барған кезіне байланысты пайда болды. Онда «Осы айдың 6 жаңасы, сенбі күні хан, Жошы ханның мазары алдындағы сарайға тоқтады» делінген. Ал ауызша деректі қазақ баласы ежелден айтып келеді. Мазар туралы Ю.Шмидт, В.Бартольд, және Ш.Уәлихановтар жазды.
Археологиялық қазба жұмысы қазақ аяулысы Әлкей Марғұланның басшылығында 1946 жылы жүргізілді. Екі бейітті тексеру қазба жұмысының нәтижесінде табылған сүйек сұлбалары және материалдық заттарға сүйеніп, алғашқы қорытындылар жасалды. Ә.Марғұлан бірінші бейіттен табылған адам қаңқа сүйегінің бір қолы жоқ болғанына байланысты, оны «Жошы хан», ал екінші бейіттен табылған әйел адамның сүйегін оның бәйбішесі Керейт Тогорил Уан ханның қызы Бектұтмыштың (Бектұрмыс) табыты деп пайымдапты. Қабір астына төселген қалақ кірпіштерде араб әрпімен «ықпал» деген сөз бірнеше қайтара жазылған.
Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда күмбез 1228 жылы салынған болу керек. Кесене порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары — күйдірілген кірпіш, ғаныш, әкімшілік Жобаның аумағы 9,55х7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе — салтанатты порталы.
Жошы күмбезінен басқа қасиетті Ұлытауда Алашахан және Домбауыл күмбездері бар. Міне, бұлардың да тылсым, құпиялары әлі күнге ашылған жоқ.
Алашахан мазары туралы құпия сырлар мүлде көп: Қашан салынған; Кім жерленген; Қазақта сондай хан болған ба? Неге мазар көлемі, салтанаты атақты Жошының мазарынан да үлкен және сапасы жоғары? Мүмкін, Шыңғыс Қағанға арналған болар. Әлде, бұл мазар емес тарихи белгі ме? Бұл сұрақтардың нақты жауабы әлі күнге дейін белгісіз.
Жошы күмбезі туралы да пікірлер өте көп: Жерленген адам нақты Жошы ма? Тәңіршіл-көшпелілер мазар салмаған ғой. Мүмкін, кейінгі бір ұрпағы мұсылман дәстүрінде салған болар.
Осы жерде біздіңше, зерттеушілер бірер үлкен нәрсені ескермейтін тәрізді: Жошының түркі-қыпшақ жұртын қатты жақсы көргені және өз баласына Мұхаммед деген есім бергені. Яғни, елі де өз Ханына ерекше құрмет көрсетіп, күмбезіне тамғаларын (таңба) салған, ал баласына Исламға ең құрметті ат бергені, өзінің де сол дінде болғанын көрсетпей ме?

Бұл тұлғаны дәріптеу қазаққа не береді?

Ойымызды қорытындылай келе, «Жошы Ханды дәріптеу Қазақ баласына не береді?» — деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Алдымен, біз «қазақта бұрын мемлекет болмаған, құрама халық» деген сияқты ұшқары пікірлерге нық жауап береміз. Қазақтың да іргелі, тұнған тарихы бар ел екенін дәлелдейміз. Бауырлас қырғыздарымыз «Манас» жырына сүйеніп, екі мың жылдық тарихымыз бар деседі, өзбек бауырларымыз самарқандық деп Ұлы Әмір-Темірді иемденеді. Ал біз ше, атақты Жошымыз бар екенін біле тұрып, мақтануға кежегеміз кері кетіп тұратыны несі?
Дәл осы жағдай бізден басқа бір елде болса әлдеқашан дүниеге жар салып, өз елінің алдыңғы қатардағы «бренд-символына» айналдырар еді. Сондықтан қазақ баласы тарихтың өзі ұсынған жәдігеріне жанындай мақтанышпен қарауы керек!

Профессор, сұлтан Аман Шота,
Әзкен Алтай Жетісулық

(2)

БІЗГЕ КІМ ЖАҚЫН: ОТАРЛАУШЫ МА, ОТАН ҚОРҒАУШЫ МА? немесе тағы да Қайырханға ескерткіш тұрғызу мәселесі хақында

$
0
0

…Үйіңізге тұтқиылдан бір қарақшы басып кірді делік, не істейсіз? Қандай қадамға барасыз? Екі қолыңызды желкеңізге қойып отыра бересіз бе, әлде бір әрекет жасайсыз ба? Біз сөз еткелі отырған ойтірестің негізгі өзегі осында жатыр. Болдым, көндім деп мойыныңызды салбыратып, әрекетсіз отыра берсеңіз, онда қорқақ болғаныңыз. Әйгілі Конфуций «Қорқақтар — қоғамның қалдығы» дейді. Оған біздің алып-қосарымыз жоқ. Егер қарақшыға есігіңізді өзіңіз ашып берсеңіз, онда сатқын сұмырай болғаныңыз. Ал сатқындар әуелден адам емес. Енді жан амандығы үшін үйдегі мүлкіңізді алып шығып, қарақшыға өз қолыңызбен табыстасаңыз, онда сіздің кім болғаныңыз? Басыбайлы құл болғаныңыз. Қоғамтанушылардың дәлелдеуінше, құлдар құлдығын жасамай тұрмайды. Айтпақшы, әлгі үйіңізге басып кірген қарақшы қазақтың баласы болуы да мүмкін ғой. Қарақшы кім болса да мейлі, бойында еркіндігі, қажыры, адамгершілігі бар адам ғана отбасын қорғауға ойланбастан тұрады. Шаңырақты кие тұту, отбасын, отан-анасын қорғау әрбір ер адамның қасиетті борышы. Міне, ХІІІ ғасырда монғол шапқыншылары тұтқиылдан лап беріп, туған қаласы Отырарға басып кіргенде, оны ойланбастан қорғауға тұрған Қайырхан сондай иманы берік, борышына адал, еркін жан еді.

Шыңғысхан басқыншы ма, әлде түркілерді
біріктіруші ме?

Ал Шыңғысхан кім еді? Шыңғысхан — басқаның мүлкіне көзін алартқан (бұл жерде қазақтың жеріне), оны күшпен тартып алу үшін тұтқиылдан тап беріп, баса көктеп кірген, сөйтіп бейбіт жатқан халықтың ошағын ортасына түсірген, адамдарды мың-мыңдап қырғынға ұшыратқан қанқұйлы «қарақшы» болатын. Яки, Отырарға басқыншылық ниетпен бас салған жау, ұлыңды — құл, қызыңды — күң еткісі келген жауыз еді. Жауыздық пен айуандықты «өркениеттік шапқыншылық болды» деп ізгілік тұрғыдан ақтамақ болып әуреленіп жүргендердің іс-әрекеті құр эмоция, бос мақтаннан басқа ештеңе де емес.
Бұл күнде жұртшылықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Оларға жеке пікіріңді күштеп тықпалай алмайсың. Мемлекет деген не, Отан мен мемлекеттің қандай айырмашылығы бар, отаншылдық немесе отаршылдық деген ше, жер, ел ұғымдары қандай мағына береді, мемлекеттер не үшін соғысады, оның артында кімдер тұрады, жерді бөлшектеудің астарында не жатыр — бұны түсінуге әркімнің де білім мен білігі жетеді. Сондай-ақ бүгінде әлемді жеке дара билегісі келетін мемлекеттердің түрлі саланы қамтыған құйтырқы геосаяси ойындарынан да біршама хабардар деп ойлаймыз. Айтайын дегеніміз, кейбір айырмашылықтары мен өзгешеліктеріне қарамастан дәл осындай геосаяси ойындар Шыңғысхан заманында да жүрді. Оны ұлы жаулаушы өз пайдасына тиімді шеше білді. Бірақ кейбір шыңғысханшыл зерттеушілер мәселенің тап осы тұсына келгенде түсінбеген сыңай танытып, қияс тарта беретіні қайран қалдырады. Біздіңше, мұны түсіну үшін көп білімнің керегі жоқ, онсыз да бәрі айдан айқын. Дегенмен ұмытшақтар үшін тағы бір рет еске сала кетудің артықтығы болмас.
Отырар — ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны ғана емес (ғалымдар бұл шаһардан әлемге әйгілі 30-дан астам әл-фарабилердің шыққандығы туралы айтып жүр), Қазақстан мен Орта Азияның орта ғасырлық дәуірінде маңызды рөл атқарған қаланың бірі. Көне дерек көздері Отырар шаһарының ұзақ жылдар бойы байырғы түркілердің, қадыми Түркістан өлкесінің астанасы қызметін атқарғандығынан хабар береді. Қазір де осы аймақтағы Түркістан қаласы бүкілтүркі әлемінің тәу ететін киелі мекені, рухани астанасы ретінде мойындалады. Бұл нені білдіреді? Отырар — көне түркілердің сыйынатын, әулие тұтатын киелі мекені болғандығын білдіреді. Бұл — бір.
Екіншіден, көне Отырар — геосаяси тұрғыдан өте тиімді географиялық аймақ, әскери-стратегиялық тұрғыдан аса қолайлы плацдарм болды. Шыңғысхан бұл аймақты «Батысқа шығатын қақпа» деп қарады. Оның үстіне тоғыз жолдың торабында — Ұлы Жібек жолының күретамырында жатты. Осындай сулы да нулы, байлығы көл-көсір шұрайлы аймаққа кім қызықпайды? Кім көз тікпейді?! Бұла күші бойында тасыған қаһарлы әміршінің мұндай аста-төк байлыққа көз тікпеуі мүмкін бе? Мүмкін емес. Бұл жерде аяр да айлалы әлем жаулаушысы әрі қарай «Батысқа жорық жасауды» ойластырған үлкен геосаяси мүдде көздегені анық. Ал Қайырхан еш себепсіз өлтірді деген саудагер-елшілер үшін «өш алу», «кек қайтару» мәселесіне келсек, бұл жалаулатудың астарында кез келген кісі түсіне бермейтін үлкен саяси ойын жатқаны анық. Яғни, «өш алу» — алысты көздеген Шыңғысханның өз геосаяси мүддесін жүзеге асыру мақсатында өзі ойлап тапқан сылтау ғана болды деп нық сеніммен айтуға болады. Осы мәселеге өз болжамдарын айтқан көптеген зерттеушілер дәл осындай пікірде. Сондай-ақ «Шыңғысхан Отырарды хорезмшахтар езгісінен құтқарғысы келді» немесе «бет-бетімен бытырап жүрген түркі халықтарын бір тудың астында біріктіруді көздеді» деп уәж кесушілердің бәрінікі, бейнелеп айтқанда, ойдан шығарылған аңыз. Шыңғысханшыл кейінгі буын өкілдерінің зұлымдықты, жантүршігерлік жауыздықты ақтаудан туған теріс түсіндірмесі.
Тарихтан белгілі, монғолдар Алтай тауының ар жағындағы Керулен даласында (Монғол үстірті) ХІІІ ғасырда пайда болған тайпалар одағы. Шамамен қазіргі Тува автономиялық республикасының жері. Бастары бірікпей топ-топ болып жүрген монғолдар алдымен өзара аяусыз қырқысқа түсті, сосын біртіндеп күшейіп, кейін бүкіл әлемге әкелік әмірін жүргізуге жанталаса ұмтылды. Бұл көпке мәлім тарих, біз оған тоқталмаймыз. Тек осы мүмкіндікті пайдаланып, мынадай бір уәж айтқымыз келеді.
Шын мәнінде, Алтай да тамыры терең түркілердің бір тарихи отаны, киелі атамекені. Оған ешкімнің таласы жоқ. Кейін әртүрлі себептермен «ұлы қоныс аударулар» заманында олар әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашырап кетті. Түркілердің негізгі ұйытқы тобы тұс-тұсқа жаппай жөңкіле көшкенде, көшке ілеспей атамекенде тұрақтап қалғандары да көп болды. Сондықтан Алтай аймағында бізбен тарихы ортақ, тегі бір түркі халықтары әлі күнге дейін ғұмыр кешіп жатыр және олар аз емес. Олар сонау ғұн, көктүріктер, кейінгі монғол замандарында да осы бір құнарлы жерді мекен еткен, қазір де сол киелі қонысты алтын бесік қылып тербетіп отыр. Енді мынадай бір қиялға ерік беріп көрейік. Осынау өр Алтайдың арғы бетінде жасап жатқан бір түркі халқы (мысал үшін хакас, саха, тобан, қанты-мансы, т.б) аяқ астынан күшейіп, жаугершілікпен қазіргі Қазақстанға лап қойса, не істейміз? Қарсылық көрсетпей, шаһарларымыздың қақпасын ашып, беріле саламыз ба, әлде басқа бір әркет жасаймыз ба?! Міне, ХІІІ ғасырда монғолдар Алтайдан бері асып түсіп, Отырарға тұтқиылдан тап бергенде Қайырханның да қатты қиналып, осы секілді таңдау жасауға мәжбүр болғаны анық. Ақыр соңында басқыншының аяғына жығылып, бас ұрғаннан ақтық демі таусылғанша жаумен айқасып өтуді артық көрді. Сөйтіп, отаршылдыққа, ұлттық езгіге қарсы күресуге бел байлады. Ендеше елдің тәуелсіздігі, ұлттың азаттығы үшін қайсарлықпен күрескен нағыз отанқорғаушының ерлік ісін әр саққа жүгіртіп, қадірсіз айтыс-тартыстың «көкпарына» айналдырып жатқанымыз қалай? «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартадының» керін істегеннен не ұтамыз?
Ал жауға өз үйінің қақпасын кімдер ашып береді? Бейшара қорқақтар. Дұшпанының алдында кімдер жер тізерлейді? Опасыз сатқындар. Қорлыққа, зорлыққа кімдер көнеді? Өз еркіндігі жоқ құлтектілер. Олай болса басқыншылықпен келген, адамдарды мың-мыңдап қырғынға ұшыратқан, көптеген өркениет ошақтарын қиратып, күлге айналдырған, бейбіт халыққа өлшеусіз қайғы-қасірет әкелген соғысқұмар Шыңғысханға неге асқақ етіп ескерткіш тұрғызамыз да, өркениетті қорғаған, елінің ертеңі үшін өлімнен де тайсалмаған Қайырханның ерлік ісін неліктен өнбес таласқа айналдырып, есімін тасада қалдыра береміз?

Қайырхан Шыңғысханның көлеңкесінде қалғандай

Жасыратын ештеңесі жоқ, біз адасып, абдыраған қоғамда өмір сүріп жүрген секілдіміз. Көп нәрсені аңғармайтын, көп жағдайдың байыбына бара бермейтін болдық. Көзіміз соқыр, көңіліміз бітеу. Тіпті, бүгінгі қазақ ұлты үшін қайсы құндылықтар төл, қайсысы бөтен айыра алмайтын дәрежеге жеттік. Өзімізді ізгіниетті гумманист жұрт санаймыз, бірақ нағыз ізгіниеттіні дәріптеуге келгенде, ондай құрметті лайық көрмейміз. Есесіне адамзат баласына сұмдық қайғы-қасірет әкелген соғысқұмар титандарды дәріптеуге келгенде (Мысалы, Кир, Ескендір Зұлқарнайн, Юлий Цезарь, Напалеон, Ганнибал, Бірінші Петр, т.б.) алдымызға жан салмаймыз. Өзгенің жеріне басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратқан жаулаушыларға асқақ етіп ескерткіш қоямыз да, ал еліне қалқан болып, туған жерін зұлым күштен қорғаған отанқорғаушыларға ондай ескерткіш тұрғызуды міндет санамаймыз. Ол — ол ма, басқыншы жеңімпаздарға арнап том-том кітап жазамыз, ғылыми конференциялар ұйымдастырамыз, есімдерін ардақтап көшелерге, мекемелерге береміз, есесіне басқыншыларға жанкештілікпен қарсы тұрып, еркіндік үшін жанын пида еткен күрескерлерге ештеңе бұйырмайды. Сонда біз кімді үлгі тұтуымыз керек — отарлаушыны ма, отанқорғаушыны ма? Басқыншыны ма, күрескерді ме? Міне, біздің түсінбейтініміз — осы. Күрескер болсақ дейміз, бірақ кімге еліктейтінімізді, кімді үлгі тұтатынымызды білмейміз. Парадокс! Мысалы, жаулаушы Шыңғысхан құрметіне арнап тұрғызылған екі бірдей зәулім ескерткіш белгілі. Біріншісі — Монғолияның астанасы Ұлан-Батырда 1990 жылы орнатылған (тоғыз әскербасымен қоса) болса, әлем жаулаушысының айбат шеккен екінші ескерткіші — лордтардың астанасы Лондон қаласының орталығында 1997 жылдан бері асқақтап тұр. Одан басқа монғолдар Шыңғысхан атындағы ең жоғарғы мемлекеттік орден тағайындаған. Ал туған жерінің бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен Қайырханға мұндай құрмет көрсетілмек түгелі, жасаған ерлік ісін сан-саққа жүгіртіп, елді әбден адастырып болдық. Өзіңіз ойлаңыз, осылардың қайсысы бізге жақын — отарлаушы ма, отанқорғаушы ма? Осы сұрақты кез келген қазақ баласына қойып көріңізші, бірден отанқорғаушыны жақын тұтып шыға келері сөзсіз. Алайда дәріптеу мәселесіне келгенде отанқорғаушы Қайырхан отарлаушы Шыңғысханның «көлеңкесінде» қалып қойған. Бұл неліктен? Бұл, сірә, ұзақ уақыт басқыншылардың рухани тоқпағының астында ғұмыр кешкендігімізден. Кімнің қызметінде жүрсең, соның мүддесіне қызмет ету, кімнің тілінде сөйлесең, соның тілінде сөйлеу — құлдық психологияның тікелей нәтижесі. Сол секілді өз ұлттық тарихымызға өзгенің (яғни, жеңімпаз басқыншының) көзімен қарап, пайымдау, баға беріп, түсіндіру де осы ұзақ жылғы бодан психологияның жемісі. Бодан психология дегеннен шығады, осы жерде мынадай бір жайтқа тоқталып өтпесек болмайды. Әгәрәки, ұлттық тарихымыздағы басқадан көрген қисапсыз қиянатымыз бен қорлығымызды осы қисыннан пайымдап, түсіндіруді доғармайтын болсақ; әгәрәки, отаршылардың бізге жасаған зорлық-зомбылдығы мен зұлымдық істерінің байыбына бармай ізгі құбылыс ретінде баға беріп, «олардың елімізге жорық жасағаны, қырып-жойғаны, жаулап алғаны дұрыс болды, соның арқасында біз көп жетістікке жеттік» деп шындықтың өңін теріс айналдырып, дәріптеуді тоқтатпайтын болсақ; әгәрәки басқыншылықты — бейбітшілік, отаршылықты — өркениетке жетелеген тарихи заңдылық, жауыздықты — ізгілік деп ұлықтауды ұрандатып, жалғастыра беретін болсақ, онда көп кешікпей кешегі үш жүз жылдық орыс отаршылдығының тоқпағын да гуманистік тұрғыдан ақтауға тура келтінін ұмытпау керек. Ол русофильшіл қоғамтанушылар үшін түк те қиындық тудырмайды, қайта тиімді. Керек десеңіз, олар осындай бір мүмкіндікті күтіп жүруі де ғажап емес. Ал көп қайталанатын осындай өтіріктерден соң, өзіміздің отанқорғаушыдан басқыншыға қалай айналып кеткенімізді өзге түгелі өзіміз байқамай қалуымыз бек мүмкін.
Сондықтан тарихта әр нәрсені өз атымен атауды үйренуді үйренуіміз керек. Басқыншыны — басқыншы дейік, отанқорғаушыны — отанқорғаушы деп атайық. Сонда кімнің кім екенін оңай ажыратып, кімнен үлгі алу, кімнен үлгі алмау керектігін тез аңғаратын боламыз. Бәрінен бұрын тарихи ақиқатқа бір табан жақындай түсеміз. Әйтпесе, өзіміз де адасамыз, басқаны да адастырамыз.

Отырар билеушісі  жеңілді, бірақ неге «мәңгі жеңімпаз»?

Философия классиктерінің көрсетуінше, Отан, мемлекет пен билік — қондырма, олар өзгеріп отырады. Мемлекет — жағдайға қарай түрліше өңін өзгертіп, мүмкіндігінше жаңарады. Ол тиісінше тоталитарлық, монархиялық, фашистік, демократиялық, парламенттік сипат алуы мүмкін. Билік те осыған ұқсас жолмен дамиды. Алмасып, ауысып, жаңарып, өзгеріп отырады. Тұрақты, өзгермейтін билік жоқ. Түріктердің «Сұлтан келеді, сұлтан кетеді, Түркия қалады» деп мақалдайтыны сол себептен. Кейде бір билік сахнаға шықпай жатып кетеді, екінші бір билік сол сахнаға үйреніп ұзақ жылдар отыруы мүмкін. Мысалы, Ливия, Египет, Тунис, Куба, Солтүстік Корея, керек десеңіз Қазақстанда да билік ұзақ жылдар өмір сүрді. Бірқатары шетелдің арнайы орындарының араласуымен күшпен құлатылды. Жапония, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Францияда билік белгіленген конституциялық мерзім бойынша ауысып отырады.
Ал Отан — базистік ұғым. Ол билік ауысса да, мемлекет өз сипатын өзгертсе де, Отан тұрақты. Тұрақты, тұрлаулы Отан қасиетті, киелі ұғым. Ол бәрімізге ортақ құндылық, мәңгілік мақтаныш. Сондықтан да, отанды сүю, туған жерді аялау, жаудан қорғау — әр пенденің толысу деңгейінің моральдық кемелділігінің, адами келбетінің басты көрсеткіші болып табылады. Қазақстанның Ата Заңының 36-бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы әрі міндеті» деп бекерге жазылмаған. Әр азаматтың отаншылдық сезімі осы парызы мен міндетін ақыр аяғына дейін қаншалықты мүлтіксіз және адал орындау көрсеткішімен өлшенеді.
Мінеки, Отырар әкімі Қайырханның аңызға айналған ерлік ісін осынау Отан алдындағы азаматтық борышы мен міндетін қаншалықты мүлтіксіз орындады, қаншалықты адал атқарды деген өлшемде пайымдап, бағалайтын болсақ қана, оның қасиетті ісін мейлінше терең түсінетін боламыз. Әйтпесе, бәрі бекер.
Осы ретте айта кету керек, қазақстандық патриотизм мен отаншылдық тәрбие бүгінгі өмірден оқшау тұрған ұғым емес, қайта жаңа өмірмен қауышып, ұлттық тәрбиеге жаңаша мән-мазмұн береді. Ұлттық тәрбие дегеніміздің өзі өткенді жоққа шығару емес, керісінше өткеннің үздік үлгілері мен бүгінгінің прогрессивті жақтарын қабылдап, ненің озық, ненің тозық екенін тани білу, талғам өрісі, дүниетанымы кең патриоттарды тәрбиелеуге мүмкіндік беру болса керек. Олай болса, біздің негізгі міндетіміз — қазақ болу. Қазақ болу — тек қазақша сөйлеу ғана емес, Қазақ елін жүректен өткізу, оның барлық ұлттық құнарын, ұланғайыр ұлы даласын, тау-тасын, орман-суын, өзіндік қайталанбас мәдени-дәстүрлік қолтаңбасы мен өзгешеліктерін көре білу, кеудеңде тербете білу және қастер тұту. Елдің ертеңіне түлткісіз сену, болашағына қалтқысыз қызмет істеу. Керек болған жағдайда, жаныңды пида ету. Олай болмаған жағдайда нағыз қазақ болып өмір сүрмеу — құр далбаса. Бұл жалған дүниеде азаматтық борыш пен патриоттық парызыңды аяғына дейін адал атқарудан асқан ұлы сүйіспеншілік болмаса керек. Бұл дүниеде ешкім де патриот болып тумайды, оған өмірдің өзі үйретеді. Мен мұны неге айтып отырмын?
Рас, Қайырхан моңғолдарға қарсы шайқаста жеңілді, бірақ «мәңгі жеңімпаз» тұлғаға айналды. Қарап отырсақ, «жеңілген жеңімпазға» құрмет көрсетудің мысалдары әлемде аз емес екен. Көне Үргеніш қаласында Хорезм мемлекетінің соңғы билеушісі, Шыңғысханға бас имей арыстанша алысып өткен Жалел-ад-Дин Менгубердінің құрметіне орнатылған керемет ескерткіш туралы айтқан едік. Басқыншыларға қарсы ымырасыз күрес жүргізіп, тарихта аты қалған сондай ержүрек қаһарманның бірі — біріккен галл тайпасының көсемі Верцингеторинг. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 72-46 жылдары ғұмыр кешкен, елінің азаттығы үшін Рим императоры Юлий Цезармен шайқасқа түскен қас батыр. Әрине, ол римдіктерден ойсырай жеңілді. Жаулары оны алдап қолға түсіріп, бес жыл тас қапаста ұстаған, ақыры сертінен танбаған батырды азаптап өлтірген. Интернет парақшаларын ақтарып отырып батырдың құрметіне қойылған екі ескерткішті тауып алдық. 1867 жылы тұрғызылған бірінші ескерткішті қоюға Франция императоры Напалеон Бонапарттың өзі пәрмен берген екен. Ол Алезия провинциясындағы Ализ-Сент-Рен қалашығында қасқайып тұр. Верцингеторингтің тағы бір ескерткіші Клермон-Ферранда қаласында бой көтерген. Қылышын жоғары ұстап, әскерін алға бастап, ат үстінде шауып бара жатқан бұл мемориалдың авторы — Фредрик Бартольди.
Басқыншыларға қарсы шайқасқа түсіп жеңіліске ұшыраған, бірақ «жеңімпаз» тұлғаға айналған жүрекжұтқан батырларды дәріптеуде АҚШ-та басқаларға үлгі бола алады. Осы елдің Докота штатында Асау тұлпар есімді үндіс көсемінің тура тау шатқалында қашалған алып бейнесін білмейтін жан жоқ шығар. 1890 жылы бейбіт жатқан сиу-дакота үндістер қонысына ағылшын конкисаторлары тұтқиылдан шабуыл жасап, қырғынға ұшыратады, бас терілерін шаштарымен қоса кесіп алып, қан жоса қылып талқандайды. Осы кезде сиу тайпасының көсемі Ташанко — Витко (Асау тұлпар) басқыншыларға тайсалмастан қарсы шығып, ақтық демі соққанша шайқасқа түседі. Ақыры қапыда қаза табады. Үндіс саранжашылары содан кейін әділетсіз қара күшке қарсы көтеріліп, опасыздықтың кесірінен ажал құшқан Сұрапыл Торнадо туралы өлмес дастан шығарып, қайтпас қайсар бейнесін мәңгі тасқа қашаған.
Халықты басқыншыларға қарсы көтеріп, басын бәйгеге тіккен сондай ержүрек қаһарманның бірі — Қапқаз халқының даңқты ұлы Иман Шәміл болса, екіншісі қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы. Олар орыс отаршыларының қанды жорығына қарсы бір мезгілде көтерілді. Бірақ екеуі де жеңіліске ұшырады. Кенесары 1847 жылы 47 жасында басқыншылармен астыртын ауыз жаласқан қырғыз манаптарының қолынан мерт болса, Имам Шәміл 1859 жылы жаудың құрған тұзағына түскен, өле-өлгенше сертінен таймай 1868 жылы 72 жасында Мәдине қаласында дүниеден өткен. Сол, қас батыр Шәмілге қойылған ескерткіш бар ма, жоқ па, өз басым анық білмеймін, ал бүкіл саналы ғұмырын Ресей отаршыларына қарсы күресте өткізген Кенесары сұлтанның есімін мәңгі есте қалдыруда қазақ халқы қарызда қалған жоқ. Астана қаласының қақ төріндегі Есіл өзінің жағасынан ұлы күрескердің тарпаң ескерткіші орнатылып, ол 1997 жылдан бері сонау алысқа асқақ қарап тұр.
«Жеңілген жеңімпаз» демекші, қазақ даласының еркіндігі мен бостандығы үшін ақтық демі қалғанша арыстанша алысқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Амангелді Иманов пен оның үзеңгілес серігі, атышулы Кейкі батыр Көкембайұлының есімдерін де осы санатта атауға болар еді. Бүгінде ержүрек батырлардың құрметіне Алматы қаласы мен бірқатар облыс орталықтарында, өздері туып-өскен Торғай өңірінде (Аманкелді ауданы) түрлі бейнедегі ескерткіштері орнатылған. Тізе берсек, мұндай «жеңілген жеңімпаздар» құрметіне тұрғызылған мемориалды кешендер аз емес.

«Шыңғысхан» сериялынан кейінгі келемеж-келеке

Өкінішке орай, туған жерінің еркіндігі мен бостандығы үшін өліспей беріспеуге бел байлаған Қайырханның ерлік ісін қазақтың ерлік шежіресінің жалғасты дәстүрі ретінде танып, дәріптеуге келгенде, ауыз толтырып мақтана алмаймыз. Әсіресе, ылғи да бір бармағы жұмулы тұратын Қытай киногерлері түсірген «Шыңғысхан» сериялының көрсетілімінен кейін Отырар әкімінің есімін құрметтеу былай тұрсын, келемеж-келеке қылып, ерлік ісін «ханталапайға» айналдырып жібердік. Қытай қиногерлері оны барынша жауыз, атаққұмар, ештеңенің байыбына бармайтын ақылсыз, тәкаппар етіп көрсетуге тырысқан. Бірақ сужүрек қорқақ қылып көрсете алмаған. Ол мүмкін емес еді. Туған қаласы Отырарды алты ай бойы жанкештілікпен қорғаған батырдың ерлігі заманында аңыз болып алысқа тарады. Мінеки, сол ұлы ерліктің жасалғанына бір жылдан (1219 ж.) кейін 800 жыл толғалы отыр, естіген жұртшылықты әлі күнге дейін тамсандырып, таң қалдырып келеді.
Енді ойлаңыз, егер Отырар қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың қаласы болса (бұрын да, қазір де), осынау аймақтағы Түркістан шаһары әлем түркілерінің тәу ететін киелі жері, қасиетті атамекені ретінде мойындалған болса, әлемге аты мәшһүр ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мен осы өлкеден шыққан отыздан астам әлфарабилер қазақтың данышпан ұлдары болса, Отырарда туып-өскен, бүкіл саналы ғұмырын осы қаланың гүлденуі мен өсіп-өркендеуіне арнаған, әлемге әйгілі «Отырар өркениетінің» қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосып, ақтық демі соққанша соны қиратушы қара күштен қорғаған Қайырхан тұлғасын неге бұлардан бөлек алып қарағымыз келеді? Бұлар бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын бір бүтін дүние емес пе? Отырар әкімінің ерлік ісі неге ескерілмей жүр? Сонда Қайырхан қаһармандығын қазақ ерлігінің бір үлгісі, заңды жалғасы, қазақ патриотизмінің бір биік шыңы ретінде мойындағысы келмейтіндердің көксегені не?
Тарихта ұлт тағдыры сынға түсер сын сағаттар болады. Мұндай сын сағаттардың дембіл-дембіл қайталанып отыратыны да тарихтан мәлім. Он үшінші ғасыр басындағы «Отырар ойраны» қазақ ұлты үшін сондай бір сын сағаттың кезеңі болды десек, шындықтан алыс кетпейміз. Міне, ел басына күн туған осындай бір шешуші уақытта Қайырхандай асылзада бабамыз қазақ ұлтының абыройын сақтап қалды, ар-ожданын құтқарып қалды. Құтқарып қана қойған жоқ, осы ісімен бүкіл қаны қазақ жұртының атақ-даңқын әлемге жайды, мәртебесін көтерді. Ер түріктің ежелден ер жүрек екенін тағы бір дәлелдеді. Әсіресе, кең байтақ мұсылман жұртшылығы арасында оның ерлік ісі ауыздан ауызға, елден елге аңыз болып тарады. Дала мен теңізді кезіп кетті. Міне, арадан мың жыл өтті, туған жерді қалай сүю және отанды қайтіп қорғау керектігі туралы сол аңыз-әпсана ұлы даланы кезіп әлі жүр. Ендігі қазақ ерлігі жайлы ұлы аңыздың ақиқатқа айналар уақыты жетті. Халықтың халық болып қалуына өлшеусіз үлес қосқан сол тарихи Ерлікке қандай құрмет көрсетіліп, ұлықталса да жарасады, ол соған әбден лайық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтарым, Отырар қаласын алты ай бойы қорғаған қаһарман Қайырханның қара тастан қашап тұрғызылған еңселі ескерткіші өзі туып-өскен, өзі жанкештілікпен қорғаған киелі өлкенің төрінде қазақ ерлігінің бір символы ретінде асқақтап тұруы заңды. Ол бүкіл қазақ ұлтының отаншылдық сезіміне сәуле шашып, туған жердің самалы маңдайын өбіп, патриоттық ұстанымына нұр құятыны сөзсіз.
Туған жері мен Отан-анасы үшін еңіреген ерлерін жоқтамаған елдің елдігі қайда?

Болат Шарахымбай

(7)

Қоқан басқыншыларының зәресін ұшырған Биназар батыр

$
0
0

Осы бабамызға арналған Мойынқұмдағы Хан тауында өткен астың маңызы зор болды

Батыр Биназар бабамызды тәуелсіздік жылдары кеңінен, тереңдеп тани бастадық. Биыл туғанына 214 жыл толып отырған Биназар Ақеділұлы батыр кім? Әрине аз сөзбен батыр бабаның ерлікке толы ғұмырын терең әспеттей алмайсың. Қазақтың Іргелі руларының бірі Дулаттың Шымырынан тарайтын Көкіректен шыққан Биназар батырдың ХХ ғасырда қоқандықтарға қарсы халқын бастап, жанқиярлықпен шайқасқан ерекше ерлігін баса айтқан жөн. Күші басым жауға батырлығымен бірге даналығымен, айлакерлігімен дес бермей шайқаса отырып, Көкірек елін жаңа қонысқа әкеліп орнықтырған баба ерлігі шексіз. Шу, Мойынқұм өңірі қазақ үшін тарихи жер. Мұнда өздеріңіз білесіздер Қазақ хандығы келіп ту тігіп, кейін іргесін, керегесін кеңейткен. Батыр баба осы жерде елін тек ауыл шаруашылығымен ғана айналыстырмай егін шаруашылығын да қоса дамытқызған. Сыпатай, Ағыбай батырлармен, Бөлтірік бимен, Кенесары ханмен тек қана араласпай тізе қоса жауларымен бірге шайқасқан. Қазір бабамыздың мәңгілік мекені Сұнқар тауының етегінде. Ұрпақтары батырдың 190 жылдығында тамаша кесене тұрғызды.

200 жылдығында Мойынқұм өңіріндегі тоғыз жолдың торабында биік, айбарлы ескерткіш сомдады. Тағы бір соны бастама осыдан бірнеше жыл бұрын аудандағы әр ауыл кезегімен жыл сайын ата кесенесі басында мамыр айында ас беріп жүр. Жәй ғана ас бермей мешіт, қосымша жайлар салады жыл сайын. Елбасымыздың Рухани жаңғыру майданын қыздырған Көкіректердің бұл бастамасынан өзгелер үлгі-өнеге алу керек. Биылғы кезекті асты өткізіп отырған Айдарлы ауылы бізді арнайы қонақ етіп шақырды.

Қараңғылықты серпіген
Біржан кәсіпкер

Бір Алламыздың өз құлына деген мейірімі түгесілген бе, шіркін! Астан бұрын екі күн қатарынан отыз бен қырық градус ыстықпен мойынқұмдықтарды састырған ауа райы бүгін тіптен басқаша. Көлбей жатқан Хан тауы көгілдір тауларының үстіне күлімдеген ақша бұлттар төніп, нұрын себеледі. Таудан соққан самал жел жан-жағымыздағы құлпырған жап-жасыл әлем бізге әтірін сеуіп тұрғандай бейне. Кәсіпкер бауырымыз Біржан Тілеубай халықаралық «Қазақстан Zamany» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы тәтеміздің бастауымен бізді тау-тасты ендей өтетін алып машинасымен асқа зырлата шүйіткітіп әкеле жатыр. Мына Біржан ініміз өткен жылғы берген уәдесінің үдесінен шықты. Түн болса атамыз жатқан аңғар қараңғылық тың құшағында қалатын. Біржан күннен қуат алатын аппарат орнатып шамдармен жарқыратып қойды.
— Айналайын, көкетайым, бақытты бол! — деп сексеннің сеңгіріндегі Шәмшия апа да батасын төкпелетті. Текті апамыздың үлкен жасына қарамай есте сақтау қабілеті тіпә-тіпә таң қалдырды Ара-арасында жыр шумақтарын лекіте төгеді, ән де салады, шежіре қойнауына да сапар шегіп кетеді.
Ақсұңқар Хан тауынан басталады,
Төрінде қызғалдақтар жайқалады.
Гүлденген Қазақстан мәңгі ел боп,
Халқымның ерлік жолы жалғасады.
Хан тауы Жамбыл таумен қатар жатқан,
Ерлерім кен қопарып, малды баққан.
Жәнібек, Керей хандар ту көтерген,
Жерұйық іздеп келген Шу мен құмнан.
Хан тауының асу-асу белдерін, бұлақтарын басып өтетін жол үсті үлкенді-кішілі көлікке толы. Олардың ішінде Салт аттылар да жетерлік. Үлкен асудан асқанда Биназар бабаның еңселі кесенесі, ақбоз үйлер, қаз-қатар тізілген автокөліктер және құжынаған халық көрініс берді. Сылдырап аққан ата бұлағынан дәм татып, салтанатты жиналысқа асыққан елдің қатарына біз де қосылдық.

Айдарлы ауылы ерледі

—Тәуелсіздігіміздің елең алаңында, 1994 жылы қараусыз калған атаның басына алғашқы қарлығаш болып келіп, қамқорлығына алған Қараштолақов Бағлан атты азаматтың ерен еңбегін, қамқорлығын ерекше атап кеткен жөн, — дейді Стамқұл Садырқұлов ақсақал біздің сауалымызға жауап беріп-Құдайдың құдіреті ғой! Бағлан бастаған жігіттер келіп атаның басына алғаш рет келгенде төрт үлкен жылан ысылдап оларды жібермеді. Тек кұран оқығанда ғана жол беріпті. Тағы бір айтатын нәрсе Лиза қажы Мешітбайқызы мен Төлеухан Оспанбеков алғаш рет мешіт үйіне күрделі жөндеу жүргізді.
Ал жыл сайын өткізіп жатқан ас өткізу тәртібіне мұрындық болған жандармен де кездестік. Оның басшыларының бірі — Биназар ауылының тұрғыны Дүйсенғали Қыдырбаев бұлай деп әңгіме тиегін айтыпты.


— Алдымен біздің ауыл ас берді. Осы астың алдында Сағат Алдабергенов, Қайрат Хасенов, Мадияр Жақсыбаев, Талғат Мұсақұлов атты жігіттермен ақылдастық. Мойынқұм ауданындағы ауылдар жыл сайын ас беріп тұруға және оның тәртібін жасап, бастама көтеруге ұйғарым жасадық. Бұл бастамамызды ас кезінде айтып едік халық қолдады.
Биылғы ас беріп отырған Айдарлы ауылының жастары ерекше белсенділік танытыпты. Аудан депутаттары Қайрат Мадияр, Сағат Алдабергеновтер үнемі қамқорлық жасап тұрған. Әрине ең алдымен ауыл әкімі Әділет Мұқашев бастаған комиссия құрылды. Әппақ аққудай болып киінген әдемі қызды біз әнші болар ойлағанбыз. Сөйтсек ол ауыл әкімі аппаратына бас маманы Алтынай Айдарқызы болып шықты.
— Біз бұл асты жасарда қатты толқыдық. Ауылымызды әртүрлі этнос өкілдері бар. Мұндай үлкен асты өткізе аламыз ба деп толқыдық. Шүкір, ауылымыздың ынтымақ бірлігі арқасында барлық қиындықты жеңіп шықтық. Әсіресе жастарымыз жалындап жүрді. Бәріне, бәріне рақмет! Жалпы ауылымыздың түтіні. 362,2200-дей тұрғындарымыз бар. Ауылымызда желтоқсан қаһарманы Қайрат Рұсқұлбеков дүниеге келген. Басқа да атақты адамдар шыққан біздің ауылдан. Көріп отырсыздар қаншама үй тіктік. Атаның басына келушілер аста жастанып демалсын деп үй салдық. Барлығын тазарттық, әктеп, бояп жөндедік. Жалпы мұндай игі істер өте қажет. Бұл игі шараға аудан әкімінің орынбасарлары Мұратхан Естаев пен Бақытжан Есенов ағаларымыз зор көмек көрсетті. Жастарымыз, балаларымыз үлгі-өнеге тәрбие алады, — деді Алтынай ерекше тебіреніп. Салтанатты жиналыстан кейін ас берілді. Қазақ күресінен өткен жарыста, гірді көтеріп бәсекелескендер де ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, ұлттық ойындар да қызықты өтті. Бас бәйгені алушылар түйе мінсе, екінші, үшінші орын алғандар жылқы, бұқаны жетектеп кетті.
Аумайтын бабасынан тұрыстары,
Бақытты бабамыздың ұрпақтары,
Қазақ деп, Көкірек деп, қаһарман боп,
Тарихтың сыр шертеді мың қатпары, — деп қазақтың арқалы ақыны Қадыр мырза Әли жырлағандай бұл асқа тек жамбылдықтар ғана қатысқан жоқ, өзге облыстардан да қонақтар келді. Жалпы ас кезінде халық бір желпініп қалды. Ең бастысы қу тірліктің ауанымен көптен бәрі бірін-бірі көрмеген ағайын, туыс, бауырлар кездесіп, аман-есендік сұрасып, қауқылдасып мәз болысты. Біз астан қайтқанда тағы да нұр себелеп тұрды.

Болып өткен астағы қызықтарды, естіген, көргендерін ортаға салған көпшілік Хан тауының қақпасынан ақтарыла ел-еліне көңілді тарап бара жатты. Олар келесі жыл мамыр айында аман-есен кездескенше деген игі тілектің жетегінде кетіп бара жатты.
Айтпақшы, келер жылға эстафетаны айдарлықтар салтанатты түрде көкжелек ауылының тұрғындарына табыс етті.

Ертай Айғалиұлы

(13)

Бабамыз батыр ғана емес, көсем, би болған

$
0
0

Қазақта батыр көп. Себебі мынау кең байтақ даламызға көз сұғын қадап, қызыққан жауларымыз да көп болды. Шындығын айту керек жартылай көшпелі ел болған соң ба, нақты тарихымыз жазбаша түрде аса сақталмаған. Тарихымызды шежіреміз арқылы, өзге елдердің мұрағаттарынан тауып жатырмыз. Әрине оның бұрмаланған тұстары көп. Егерде шынайы тарихымыз болғанда батырларымыз бұдан да көп болатындығында сөз жоқ. Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы осы тарихымызды аршып алуға, өткенімізді саралауға зор түрткі болып жатыр. Ұлы даланың бір пұшпағы ғана Мойынқұм, Шу өңірінің өзі тұнып тұрған тарих. Иә, менің де, осы өңірдің тұрғындарының да мақтаныш ететіндігі Қазақ хандығының ту көтеріп, ел болып біріккен, тұтасқан жері мынау жатқан қасиетті аймақ екендігі. Осы қасиетті өңірдің әр тасы, төбесі, тауы Тарих баба болып сөйлеп тұрғандай бейне. Шіркін деп ойлаймын кейде. Егер жазба тарихымыз мұрағатымыз болғанында батырларымыз бұдан да көп болар еді-ау. Бүгін мен Биназар бабамды, оның жанында жандарын шүберекке түйіп, елін, жерін қорғаған батырлары туралы ұлықтап, еске түсіріп жатқанымызға қатты тебіреніп, толқып, қуанып тұрмын. Бозаң бабамнан басталған Көкіректердің тарихына үңілсеңіз қаншама тарихи оқиғалар өткен десеңші! Әрине, Дулат болсын, оның Шымыры мен Көкірегі болсын, оларды қазақтан бөле жармаймыз. Біздің біртұтас ұлт екенімізді мына бір дерекпен байытқым келеді. Ұлы жүз Бәйдібек бидің қыздары Гүлбүбі мен Нұрбүбі орта жүз найманы Төлегетайдан тарайтын екі үлкен руының атымен аталды. Олар Гүлбүбі-Қызай, Нұрбүбі-Мұрын деп аталып, сіңісіп кеткен. «Қарға тамырлы қазақ» деп босқа айтылмаған. Менің айтайын дегенім Биназарды тек Дулат, Көкіректер көтерген жоқ, бүкіл қазақ болып көтерді. Жас батыр Биназар Қоқан батырын күйрете жеңер алдында Сыпатай батыр батасын берді. Кейін Биназар бабамның атағы алысқа кеткенде де үнемі қарт батыр Сыпатай қолдап, демеп отырды. Көкіректердің Мойынқұмды таңауына, ата қоныс етуіне де сол Сыпатай батыр мұрындық болды, көмектесті. Сондай-ақ батыр бабамның Ағыбек батырмен, Бөлтірік бимен қоян-қолтық араласуы олардың ағалық ақыл бата алуы да қазақтың әрқашанда тұтас ел болғандығын дәлелдейді.


Біз Биназар батырды тек Дулаттың батыры демеуіміз керек. Ол Алты алаштың, қазақтың ортақ батыры. Мен тарихшы болмасам да біздің тарихтың әлі де толыққанды жасалмағандығын, селкеулігі бар екендігін айтқым келеді. Қоқан, Хиуа хандықтарының қазақ халқына тигізген залалы мен зияны, зұлымдығы мен нәубеті Жоңғар шапқыншылығынан бірде кем емес. Ал біздің тарихта да, өнерде де, көркем фильмдерді айтамын тек Жоңғар соғысын кеңінен көрсетеді. Міне осындай көзқарастың кесірінен Биназар және оның жанындағы батырлардың жанқиярлық ерліктері жарқырап көрінбей жүр. Сондықтан тарихшыларымыз Қоқан шапқыншылығына, жаулаушыларына шыншыл баға беріп, тереңдеп зерттеуі тиіс. Он сегізінші-жиырмасыншы ғасырларда қоқандықтар, хиуалықтар оңтүстіктегі қалың қазақты қынадай қырып, ақтабан шұбырындыға ұшыратқанын қыздарымызды қорлағанын-зорлағанын тарих және кейінгі ұрпақ білуі тиіс.


Қай заман болсын халықты ұйыстыратын, біріктіретін, сөйтіп жұдырықтай түйілтіп жауға шаптыратын, оның бетін қайтаратын алмас қылыш іспеттес нәрсе осы Биназар бабамыз сияқты тұлғалардың, батырлардың, билердің болуы. Егер ынтымаққа шақыратын ондай тұлғалар болмаса халық зор зиян шегіп, тіптен жер бетінен жойылып кетуі мүмкін еді. Биназар бабамыз тек батыр ғана емес, ол көсем, би, шешен, әскери стратег, тактик, алысты көре білетін әулие деуге де болады. Бұған диқандық, бағбандықты, отырықшылықты еліне үйреткен, оны өмірде жүзеге асырған өнерін, талантын қоса айтқан жөн. Жалпы Биназар бабамыз жайлы әлі де тереңірек білуіміз, зерттеуіміз тиіс. Бәлкім батыр туралы Ташкентте, Бұқарада жалпы Өзбекстанда деректер мол болуы әбден мүмкін. Оған арнаулы маман жіберілсе.


Бүгін осындай бабамызға ас беріп, салтанатты жиын жасап жатқанымыз елдігіміздің жарқын белгісі. Елін, жерін қорғап шаһид болған батырларымыздың, тұлғаларымыздың жатқан жерлері жайлы, имандары саламат, жандары жәннатта болуды Аллам нәсіп етсін! Келе жатқан қасиетті Рамазан айы құтты болғай! Тағы бір айта кететін жайт Биназар бабамыз өлер алдында Жайлыбек атты жас жігітке аманатын айтып кетіпті. «Көкірек елі өзіңе аманат. Ел-жұртыңды бөле жармай бәріне бірдей қара, өмірде әділетті бол! Артымнан еріп келген туыстарым осы жерде ұрпақ өрбітіп, өркен жайсын. Сол үшін бар күш-жігеріңді сал!» жайлыбек болыс еліне қадірлі, Биназар ағасындай данышпан, көреген адам болған. батыр ағасының аманатын өле өлгенше жанын да аямай орындауға тырысып, елінің осы Мойынқұмға тамырын тереңге жаюға зор үлес қосты. Болашақта газетіміз осы бабамызды да ұлықтауға күш салады.

Сәуле Мешітбайқызы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері

(13)


Ол зұлматты жылдарды ұмытпа, бауырым!

$
0
0

Халық жауының балалары

Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай… Өңменнен өтер ызғырық жел азынап, құтырына соғып тұр. Осы ызғырық желден де ызғарлы үш-төрт ауыз сөз жұпыны киінген біреуі онда, енді біреуі сәл ересек қос балауса қыздың жан дүниесін қалтыратып жіберді. «Қайда, қайда халық жауының қыздары?! Табыңдар, табыңдар кәне!» — деген әмірлі дауыс бүкіл даланы жаңғыртты.
— Жаным, бауырым, сен осы саймен жүре бер. Мен аналарды алдарқата тұрайын. Осы сай тура Қармақшыға апарады. Стансада кездесейік! Қаш, қаш, тезірек! — деді сіңлісінің бетінен сүйген әпкесі.
Қашып келеді, қашып келеді. Стансаға жеткенше жылады. Стансаға жеткенше мың құлап, мың тұрды бейшара қыз. Үсті-басын, бетін бұталар жырымдады. Бет-аузы қан-қан кішкентай қыз стансаға жеткенше айналаны қараңғылық торлады. Әпкесін күтіп тұр. Келмеді. Мынау қатігездікке толы дүниеде сапырылысқан жолаушылардың ешбірі перронда дірдек қағып, жылап тұрған міскін қызға қарайтын емес. Жо-жоқ, бар екен ондай жақсы адам. Түннің бір уағында жер-дүниені солқылдатып пойыз келіп тоқтады. Жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап әпкесін күткен қыздың ту сыртынан бір адам үн қатты.
— Қызым, неғып тұрсың?
— Шошып кетті қыз. Бірақ жан дүниесін жылытқан сөзге одан сайын көңілі босап, ол еңіреп жылап жіберді… Сәлден соң бейшара қыздың қолынан жетектеген мейірімді жан оны пойызға мінгізді. Арқыраған пойызбен кішкентай ғана қыз терезеден Қармақшының қараңғылығына соңғы рет жәутең-жәутең қарап, беймәлім жаққа кетіп бара жатты…

Халық жауының қызы атанған бейшара міскін жан кім еді?

Ол мені, менен басқа он үш бауырымды дүниеге әкеліп, бағып-қаққан, әлемдегі ең мейірімді жан менің марқұм анам — Жұмагүл еді. Талай боздақтардың басын жұтқан, қызыл империяның зұлым, жендет баскесерлері бейкүнә миллиондаған қазақты қызыл қырғынға ұшыратқан отызыншы жылдардың бір қасіретті көрінісі еді бұл!
Ал айдалада жападан жалғыз қалған анашымды қолынан жетектеп әкетіп, өз қызындай мейірімін төгіп бағып-қағып өсірген жаны жәннатта болғыр қоңырат руынан Оңғар деген ғажайып жан болатын. Бозбала шағында әкесіне «халық жауы» деген «қара таңба» тағылып, Ташкенттің түрмесінде мерт болып, жетім қалған әкешім Айғали мен Жұмагүл анашым сона-ау Өзбек елінде кездесіп, екі жарты бір бүтін болып шаңырақ көтерді. Міне, бұл бізге деген мейірім мол Аллатағаламның берген ғажайып сыйы деп білемін.

Қазақ халқын жойып жібергісі келген нәубет

Иә-ә, бұл мың өліп, мың тірілген ХХ ғасырдың жиырмасыншы, отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы нәубеттері мен қасіреттерін басынан кешкен отбасының бір үзік оқиғасы ғана. Осы күнге дейін өз бағасын толық ала алмай келген ол нәубеттер қазақ халқын жер бетінен жойып жібере жаздағанын кейінгі ұрпақ біле ме? Білмесе немесе шала білетін ұрпағымыздың санасына аштықтан, соғыстан, қуғын-сүргіннен шыбынша қырылған ол нәубетті жылдардың қара тастан да ауыр қасіреті мен тақсыретіп неге жеткізе алмай жүрміз? Бүгін сол ғасырдың, нәубеттің теперішін, қасіретін аз көрмеген ДүрОңғар ауылының тұрғындары бас қосқан жиын алдында сол қаралы күндер мен жылдарды бір сәт еске түсірейікші, ағайын!
ХХ ғасырдың басынан солтүстігіміздегі шегір көзді аю халықтың атқамінерлері Сібірдің аязындай сызды қарап, кең байтақ шұрайлы өңірді кеудесіне басып жатқан «бұратана халықты» ысырып, немесе жойып жіберуге қанды жоспарын жасап тастағанын біз тым кеш білдік. Әрине, ғасыр басында Аллам Алаш жұртына әрқайсысы бір-бір әлем, білікті де білімді ғажайып тұлғаларды сыйлады. Иә, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхандар бастаған сол тұлғаларымыз бұл төнген қауіп-қатерді сезбеді, білмеді дейсің бе? Сезді, білді, алаңдады. Қазақ жерінің әр-әр жеріне соғылған орыстың зеңбіректі қамалдары, соқасын сүйреп сұр шекпенді шаруаларының солтүстікке ендей кіргені солтүстіктегі көршінің қаныпезерлігін басқыншылық пиғылын ашық аңғартқандай еді. Орақ тілді ақындарымыз орыстың Сарытау, Аштархан, Омбы, Орынборымызға қол салғаны жөнінде дабыл қақты. Қазақ халқының озбырлықпен қырыла бастауы Бірінші дүниежүзілік соғыстан басталды. Қара жұмысқа барғысы келмеген қазақ атқа мінді. Бұл ақ патшаға жақпады. Көтеріліске шыққандарды зеңбірекпен, пулеметпен қырды да салды. Азамат соғысы жылдарында да қызыл мен аққа бөлінген ресейліктер кезек-кезек қазақ ауылдарының талайын қанға бөктірді. Жиырмасыншы жылдары миллионнан аса қазақ аштан қырылды деген дерек бар. Отызыншы жылдары байларымыз тәркіленіп, мыңдап итжеккенге, түрмелерге айдалып, дені ол жақтан оралған жоқ. 1932-33 жылдары 2,5 миллион қазақтың қынадай қырылған жантүршігерлік нәубетті оқиғаны ешкім ешқашан ұмытпауға тиіс. Өкінішке қарай қолдан жасалған аштық қырғыны жөнінде әлі де кеңінен айтып, кейінгі ұрпаққа кинофильмдер және басқа да ақпарат, насихат көздері арқылы тереңдеп жеткізілмей келеді.
Осы ғаламат, сұмдық аштық қырғынынан соң қазаққа тағы бір қара дауылдың толқыны төніп келе жатты. Әрине, халқымыздың қаймағы саналар зиялы қауым өкілдеріне, Алашорданы құрғандарға қайта-қайта ажал қармағын тастап, тергеу, сот тәрізді қуғын-сүргінді осы қанды 37-ге дейін жүргізген Голашекиншілер бұған ұзақ дайындалды. Ал «Мырзажан» деп қазақтың еркелеткен Мирзояны нағыз қой терісін жамылған қанішер қасқыр болып шықты. Қанға тоймаған күшігендей оның Сталинге «Халық жауларының санын көбейтетін үстеме жоспар» сұрап хат жазғаны мұрағаттан табылғаны айдай әлемге мәлім болды. Сөйтіп үстеме жоспардан соң Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны 103 мыңнан асып жығылды. Оның 25 мыңнан астамы атылды. Бас көтерер зиялылар түгелге жуық осылай жойылды. Олардың көбісі барша Қазақстан бойынша салынған 11 лагердің адам айтқысыз ауыр азаптарынан ажал құшты. Бұл лагерьлерде КСРО-ның түкпір-түкпірінен келген миллионнан астам тұтқын болды. КСРО-ның Солтүстік Кавказынан, Кореядан, Балтық елдерінен, Украйнадан, Ресейден, тіптен неміс тұтқындары барлығы 2 млн-дай адам Қазақстанға жер аударылды. Олар қазақ халқының асқан қонақжайлылығының арқасында осында тамыр жайып, ел болды.
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған, миллиондаған жазықсық адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі ақиқат. Сол кездегі әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешені ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда Ақмол ауылында «Отанын сатқандар» әйелдерінің бұрынғы Ақмола лагерінің орнында ашылды. Бүгінде адам баласы тебіренбей, толқымай кіре алмайтын мемориалдық кешені «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Ал елбасымыздың 1997 жылы 31 мамырдағы жарлығымен бекітілген саяси құрбандарын еске алу күніне биыл 21 жыл толып отыр. Жыл сайын бұл қаралы күн еліміздің барлық қалаларында аталып өткенмен ауыл-ауылдарда ескерусіз қалатыны шындық.
Биыл елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ДүрОңғар ауылында өз қаржысымен «Қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш» аллея тас-тұғырды орнатып, зор азаматтық танытып, тың бастама көтерген Меңдібайұлы Молдабек бауырымызға алғысымыз шексіз. Осы азамат халық жауы болып атылып кеткен тек қана өз бабасына ғана іздеу салмай, онымен бірге өлім жазасына кесіліп, бірге атылған үш бірдей боздақтың  да аты-жөнін тас тұғырға жаздырып, аттарын елге паш етті.

«Сопы» операциясы № 703 іс

Жоғарыда 1929 жылы аса ірі байлардың дүние-мүлкін тәркілеп, өздерін итжеккенге түрмеге айдағаны жөнінде айтып өткенбіз. Қазір сөз етіп отырған төрт боздақ бабамыздың екеуі молда, екеуі бай болғандықтан «Халық жауы» атаныпты. Яғни бұл жерде екі бай атамызды 1929 жылғы тәркілеуден қалайша аман қалдырғаны түсініксіз. Сірә, белсенділеріміздің сұқ саусақтарының ұшына қайта ілінген сыңайлы. Жақында «Жас Алаш» газетінде белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің «Сопы» операциясы № 703 іс» деген мақалалар сериясы жарық көрді. Бұл іс торына түскендер кілең молдалар, имамдар. Біздіңше қос бай аталарымыз осы толқынмен  бірге кетіп, атылуы мүмкін. Қалған екі молда атамыздың бұл іске толық қатысы бар екеніне көзіміз анық жетіп отыр. «Сопы операциясына» аздап түсінік бере кетелік. НКВД-ның орталық штабының қолдауымен Қазақстан және Өзбекстанда жүргізілген бұл науқан Қазақ елінде басым түрде оңтүстік өңірді қамтыған. Контрревоциялық панисламдық диверсиялық ұйым деп қара күйе жаққандардың қара тізімінде 250-дей адам бар екен. Оларды зерттеу сонау 1925 жылдан басталған. НКВД-ның айтуынша Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған, көтеріліске дайындаған ұйымды құрған ағылшын барлауының агенті Шама-Хазрет деген біреу екен.

Алғысымыз шексіз немесе түйін

Сонымен біз сөз еткелі отырған төртеудің қалай сотталып, қашан атылғаны және кейін ақталғаны жөнінде назарыңызға ұсыналық.
Жайшылықов Тыныштыбай (өмірбаяндарын берген жөн)
Бекмұрзаев Сүйіндік
Төребаев Жұқа
Тұрғанбаев Ахмет
Бекмұрзаев Сүйіндік менің нағашы атам. Бұл кісінің кіндігінен тараған екі қыздың бірі — анам Жұмагүл. Мақаламыздың басында он жасар қыздың тағдырымен жақсы таныс болдыңыздар. Менің анамды Қармақшыға қарай жол көрсетіп жүрген қыз менің анамның әпкесі Пал. Ол кісінің жұбайы Тәте, Пал апамыздан Жұмабек деген азамат бар. Қалған ұл-қыздары екінші әйелінен. Менің бауырларымның жер басып жүргені бесеу: Райхан, мен, Нұртай, Дариға және Рабиға. Сартай ағамыз дүниеден көшті.
Жоғарыда айтқанымыздай аталарын іздеп, олардың істерін мұрағаттардан тапқан Молдабек Меңдібайұлы қазір Қызылорда облыстық сотында жұмыс істейді. Осы заң саласында ол көп жылдардан бері қызмет етіп келеді. Өз ісінің хас шебері Молдакең аудандық, қалалық соттарда басшылық қызметтерде болған, елге сыйлы, абыройлы азамат. Тағы да осындай асу бермес зор игі іске мұрындық болған, перзенттік парызын адал атқарған Молдабек бауырымызға зор алғыс, Алла разы болсын, бабаларымыздың шапағаты тисін. Сондай-ақ аруақтардың ризашылығы үшін жатпай-тұрмай қызмет істеген бауырларыма, нағашы жұртыма, ДүрОңғар ауылының тұрғындарына, Қармақшы ауданының әкімшілігіне және тілектес болып ескерткіштің ашылу рәсіміне, асқа қатысқандарға алғысымызды айтамыз. Марқұм аталарымыздың, аналарымыздың жатқан жерлері жайлы, имандары саламат, жандары жәннатта болуын Аллам нәсіп етсін!

 Ертай Айғалиұлы

(6)

Жазықсыз жапа шегіп, 1937 жылы жаппай саяси қуғынның құрбаны болған ардақтылар

$
0
0

Қызылорда облыстық сотының отставкадағы судьясы, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан республикасы Журналистер одағының мүшесі Молдабек Меңлібайұлы Ахметов ҚР ІІМ-нің мұрағат қорындағы қылмыстық істерден өз еңбегімен қазақ халқының басына түскен ауыр жылдарда жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болып атылып кеткен, сүйектерінің жатқан жері белгісіз және арулап, ардақтап жерленген бейіті жоқ, Қармақшы ауданы, бұрынғы 4 ауыл, Қызыл әскер колхозы, кейін Энгельс колхозы, одан соң Жаңажол ауылы, қазіргі ДүрОңғар ауылының ардақты асылдары Тұрғанбаев Ахмет, Жайшылықов Тыныштыбай, Төребаев Жұқа, Бекмұрзаев Сүйіндік әкелеріміз туралы нақты деректерді алған.

Содан соң Тұрғанбаев Ахметтің шөбересі Молдабек Меңлібайұлы Ахметов ДүрОңғар ауылының орталығындағы Тағзым алаңына жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болып атылып кеткен ауыл ардақтыларына ескерткіш белгі қойды.
31.05.2018 жылы таңертеңгі уақыттан бастап Қармақшы ауданының әкімшілігі мен ДүрОңғар ауылының ұжымының ұйымдастыруымен ДүрОңғар ауылының жазықсыз жапа шеккендерге арналып арнайы ас беріліп, құран бағыштау шарасы ұйымдастырылып жатыр.
Мен, ауыл ардақтылары Тұрғанбаев Ахмет, Жайшылықов Тыныштыбай, Төребаев Жұқа, Бекмұрзаев Сүйіндік аталарымыз туралы ҚР ІІМ-нің мұрағат қорындағы қылмыстық істерден алынып берілген нақты деректерге сүйеніп жазып отырмын.

Тұрғанбаев Ахмет
ҚР ІІМ-нің  мұрағат қорындағы қылмыстық істен алынған дерек бойынша, Тұрғанбаев Ахмет 1879 жылы Қармақшы ауданының 4 ауылында дүниеге келген. Тұрғылықты жері Қармақшы ауданының 4 ауылы.  Қызыл әскер колхозының мүшесі.
Дүр Оңғар ауылының байырғы тұрғыны, жасы тоқсанға таяп қалған Набат деген әкеміздің және ақсақалдарының аузынан талай естіген әңгімем, Тұрғанбайдан тараған Ахмет атамыз кедей-кепшілікке қол ұшын беріп, қайырымдылықты көп жасаған және қамқорлығы мол болған жан, халық игілігі үшін ауылдағы «Наурызбай», «Қурайлы», «Аю» каналдарын қаздыру үшін құрал-сайман, киім-кешек пен тамақтар алып беруге жәрдем беріп, үлесін қосқан кісі дейді.
Қармақшы ауданының орталығында тұратын бұрынғы астық қабылдау мекемесінде ұзақ жыл еңбек жасаған, қазіргі зейнеткер Рая әжеміз бен Ахмет атамыздың көзін көрген, әңгімесін естіген, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, қарт оқытушы, ақын, 90 жастағы көпбалалы ана — Пал Баймахан Омарқызы. «Тұрғанбай ұлы Ахмет атамыз жарлы-жақыбайға, ағайын-туысқа, елге жақын, жуыққа қамқор болып, татулыққа, бірлікке шақырған және қайырымдылықты көп жасаған, тектілігі жоғары, елге сыйлы, халық үшін адал еңбек еткен кісі» деп ауыздарынан тастамай айтып отыр.
21.11.1930 жылы Тұрғанбаев Ахмет Қармақшы халық сотының үкімімен мемлекет тапсырмаларын қасақана орындамады және нан жеткізуге іріткі салған деп мүлкі тәркілене отырып 1,5 жыл мерзімге мәжбүрлі жұмыстарға тартылып және 5 жыл айдауға жіберілген.
16.11.1937 жылы Ішкі Істер Халық комиссариатының (Кармакчинское РО НКВД) Қармақшы аудандық бөлімшесімен тұтқынға алынған.
10.11.1937 жылы Ішкі Істер Халық комиссариатының Қармақшы аудандық бөлімшесі революцияға қарсы топтың бұрынғы байлардан, молдалардан құралған басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, заңсыз жиналыстар жасап, халықтың арасында «Совет үкіметінің саясатына қарсы діни үгіт таратқан» деген айыптау қорытынды шығарған.
19.11.1937 Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер Халық комиссариатының Үштігінің қаулысымен (тройка УНКВД Южно-Казахстанской области) Қылмыстық Кодекстің баптары көрсетілмей 200 қойы, 100 жылқысы, 30 сиыры мүлкі тәркілене отырып, ату жазасына кесілген.
Үкім 03,12,1937 жылы орындалған, 200 қойы, 100 жылқысы, 30 сиыры мемлекет пайдасына тәркіленген.
03.08.1961 жылы Қызылорда облыстық соты Президумының қаулысымен 19.11.1937 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер Халық комиссариатының Үштігінің қаулысының күші жойылып, Тұрғанбаев Ахметке тағылған қылмыстық дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
11.12.1995 жылғы ҚР Бас прокуратурасының қаулысымен, 14.01.1993 жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес Тұрғанбаев Ахмет ақталған.
Қазіргі кезде Тұрғанбаев Ахметтің ұл-қыздарынан өсіп-өнген ұрпақтары мен ағайын-жекжат туыстары бар.
Үлкен ұлы Әбдраманнан туған немересі Ахметов Меңлібай және қызынан туған бірнеше шөбере-шөпшектері өмірін жалғастырып жатыр.

Жайшылықов Тыныштыбай 1877 жылы Қармақшы ауданының 4 ауылында дүниеге келген. Тұрғылықты жері Қармақшы ауданының 4 ауылы.
29.09.1937 жылы Жайшылықов Тыныштыбай революцияға қарсы топтың бұрынғы байлардан, молдалардан құралған басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, заңсыз жиналыстар жасап, халықтың арасында совет үкіметінің саясатына қарсы «діни үгіт таратқан» деп Ішкі Істер Халық  комиссариатының (Кармакчинское РО НКВД) Қармақшы аудандық бөлімшесімен тұтқынға алынған.
19.11.1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер Халық комиссариатының Үштігінің қаулысымен (тройка УНКВД Южно-Казахстанской области) РСФСР-дің ҚК-нің 58-10 бабымен ату жазасына кесіліп, ату жазасы орындаған.
14.04.1993 жылғы ҚР Бас прокуратурасының қаулысымен, 14.04.1993 жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, Жайшылықов Тыныштыбай ақталған.
Қазіргі кезде Жайшылықов Тыныштыбайдан өсіп-өнген ұрпақтары мен ағайын-жекжат туыстары бар.

Бекмұрзаев Сүйіндік 1873 жылы Қармақшы ауданының 4 ауылында дүниеге келген. Тұрғылықты жері Қармақшы ауданының 4 ауылы. Бастауыш білімді, молда болған. ауылдағылар «Кішкене молда» деп атап кеткен.
29.09.1937 жылы ата-бабасына құран бағыштап оқып отырған жерінен балалары Қабыл және Бисенмен бірге, Бекмұрзаев Сүйіндік революцияға қарсы топтың бұрынғы байлардан, молдалардан құралған басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, заңсыз жиналыстар жасап, халықтың арасында совет үкіметінің саясатына қарсы «діни үгіт таратқан» деп Ішкі Істер Халық комиссариатының (Кармакчинское РО НКВД) Қармақшы аудандық бөлімшесімен тұтқынға алынған.
19.11.1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер Халық комиссариатының Үштігінің қаулысымен (тройка УНКВД Южно-Казахстанской области) РСФСР-дің ҚК-нің 58-10 бабымен ату жазасына кесіліп, ату жазасы орындалған.
14.04.1993 жылғы ҚР Бас прокуратурасының қаулысымен, 14.04.1993 жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, Бекмұрзаев Сүйіндік ақталған.
Қазіргі кезде Бекмұрзаев Сүйіндіктен өсіп-өнген ұрпақтары мен ағайын-жекжат туыстары бар.

Төребаев Жұқа 1873 жылы Қармақшы ауданы, Қармақшы елді мекенінде дүниеге келген. Тұрғылықты жері Қармақшы ауданы, Қызылжарма ауылы.
30.11.1937 жылы Ішкі Істер Халық комиссариатының (Кармакчинское РО НКВД) Қармақшы аудандық бөлімшесімен тұтқынға алынған.
07.12.1937 жылы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша басқармасы Үштігінің қаулысымен (тройка УНКВД Южно-Казахстанской области) РСФСР-дің ҚК-нің 59-3 бабымен ату жазасына кесіліп, ату жазасы орындалған.
16.01.1989 жылғы  ССРО Жоғарғы Кеңес Президумының (ПВС СССР) Жарлығына сәйкес 05.12.1990 жылғы Қызылорда облысы прокуратурасының қаулысымен, 14.04.1993 жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, Төребаев Жұқа ақталған.
Қазіргі кезде Төребаев Жұқадан өсіп-өнген ұрпақтары мен ағайын-жекжат туыстары бар.
Ойымды аяқтай келе мен «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны» болғандардың жатқан жерлері жайлы болсын дей отырып ойымды мына бір шумақты:
«Жазықсыз жапа шегіп құрбан болған аталарды,
Еске алып рухына оқимыз біз арнап құран ізгі.
Жандарына жаннаттан орын беріп бір Алла,
Қабыл етсін мәңгілік олар үшін оқыған дұғамызды», — деген өлеңмен аяқтаймын.

Д.Тілеубергенов,
ДүрОңғар ауылының тұрғыны, ақын,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

(3)

Ахмет әкем кедейлердің қамқоры болған

$
0
0

1937 жылғы зұлмат заманының құрбаны болып атылып кеткен Тұрғамбаев Ахмет
атам туралы эсседен үзінді

Мен еңбек және соғыс ардагері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, қарт оқытушы.  Баймаханның Омарының туған қызымын. Жасым — 90-да, көпбалалы анамын.
Менің әкем Баймаханов Омар 1932 жылы Рысқұл жерінде Бірлестік деген колхозды құруға белсенді түрде қатысып, 1938 жылы жаз айында «халық жауы» болып ұсталып 1940 жылы жазғытұры елге келді.
ҚР Президентінің 25.04.1997 жылғы Жарлығымен, 31 мамыр елімізде жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны болғандарды еске алу күні болып жарияланды.

Тарихтан тағлым жасау, өткенге тағзым істеу өскелең ұрпақтың борышы және парызы.
31.05.2018 жылы қазақ халқының басына түскен ауыр жылдарда жаппай саяси қуғын-сүргінінің құрбаны болғандарға және соның ішінде 1937 жылы жазықсыз жапа шегіп атылып кеткен Қармақшы ауданы, бұрынғы 4 ауыл, Қызыл әскер колхозы, кейін Энгельс колхозы, одан кейінгі Жаңа жол ауылы, қазіргі ДүрОңғар ауылының ардақтылары Тұрғанбаев Ахмет, Жайшылықов Тыныштыбай, Төребаев Жұқа, Бекмұрзаев Сүйіндік әкелерімізге ДүрОңғар ауылының орталығындағы орталық тағзым алаңына  ескерткіш белгі қойып, еске алдырып, ұлықтаған еңбегі үшін  Тұрғанбаев Ахметтің үлкен ұлы Әбдраманнан туған немересі Ахмет атамның туған шөбересі  Ахметов   Молдабек Меңлібайұлына аналық алғысымды білдіремін.
ҚР ІІМ-нің мұрағат қорындағы қылмыстық істерден алынған деректер бойынша, қазақ халқының басына түскен 1937 жылғы ауыр жылдарда жаппай саяси қуғын-сүргінінің құрбаны болған жекелеген азаматтар елге аман есен келді, біразы аруланып мәңгілік сапарына жөнелтілді.
Ал сол жылдарда жаппай саяси қуғын-сүргінінің құрбаны болып атылып кеткен Тұрғанбаев Ахмет, Жайшылықов Тыныштыбай, Төребаев Жұқа, Бекмұрзаев Сүйіндік атты асыл ардақтыларымыздың осы күнге дейін сүйектерінің жатқан жері белгісіз және арулап, ардақтап жерленген бейіті де жоқ.
Мен өз көзіммен көрген Тұрғанбаев Ахмет  әкеміз туралы және осы атам туралы өз әкем мен дуалы ауызды ел ардақтыларының аузынан Ахмет  әкем туралы айтқан және естіген әңгімелерден қысқаша малғұматты жазып отырмын.
Тұрғанбаев Ахмет  1879 жылы Қармақшы ауданының 4 ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер колхозының мүшесі болған адам.
Ахмет атамның көпшілік елге жасаған талай ерен істері көп. Ол туралы айтар әңгіме де көп, оны білетіндер айта жатар, мен өз көзіммен көрген, құлағыммен естігін деректерді жазып отырмын.
Бірақ өмірде өкініштер көп қой. Сол ауылда бірін бірі өте құрметтеп, сыйластықпен өткізіп жүрген аталарыммен бірге қайтып келіп өмір сүріп жүрген О.Баймаханов әкем түрмеден ауырып келген соң, сол ауруынан жазылмай 1957 жылы 1 қаңтарда қайтыс болды.
Кешегі бір өнімсіз іс, болымсыз еңбекпен тіршілік жасап жан мен тән азабын тартқан қалың елді қолынан келген көмегімен азаптан арашалап, елінде, жерінде халқымен бірге жанындай сүйген, дүние қумаған, қолындағы барын ертең өзім қайтемін демей халқына бөліп берген, жаны жомарт жайсан, кең пейілді Қызыл әскер ауылының тұрғыны құлыс кете оның ішінде дулаты  «Қаба  сақал Ахмет» деп атап кеткен Тұрғамбаев Ахмет әкеміздің елге жасаған тірлігі мен еңбегі туралы қалай аңыз етіп айтсам да артық болмас деймін.
Ахмет әкемді бала да болсам жақсы білемін, тірі кезінде өз көзіммен көрдім, әңгімелерін естідім, ел-жұрт ол кісіні «Қаба сақал Ахмет» дейтін.
«Қаба сақал Ахмет» әкем  түсі қара, бойы ортадан жоғары, мығым денелі, қақпақ жауырынды, қара қасты, қасы көзін жауып тұратындай көрінетін.
Бала да болсам атамның сөз сөйлегенде ол кісі еңсесін көтеріп, ерекше бір қайраттылығын, ойынын жүйріктігін, терең ойлап келелі пікір айтатынын  байқайтынмын.
Қай шаруаның реті келіп, сөз болғанда Қаба сақал Ахметтің айтқаны, артында қалған ұлағатты сөздері елге қамқор болған өнегелі істері ел үшін аңыз болып қалды.
1936 жылдың күзі осы күнгі генерал тамы атанған жерде «Бірлестік» колхозы болды, оның бастығы Омар әкем болатын. (Кейін сол жерді Соц Еңбек-Ері Цай-Ден Хах «Омар бағы» атандырды),
Қай жылы екені есімде жоқ,  Омар әкемнің қара шаңырағына Ізтлеуов Тұрмағанбет ақын атамыз арнайы әкемнің туған анасы әжем Балбибіні іздеп, сәлем берем деп келгені есімде.
Ауылдан орманның Ахметі (арық қаздырған кісі) Көлбай әкем бар және басқа да ауыл ақсақалдары мен әжелер болып мал сойып кішігірім той қылып  жиын өтті.
Бірақ мен әлі ұмытқаным жоқ, сол кезде ауылға келген Тұрмағанбет ақын Ахмет атамды көп іздеңкіреп отырды.
Ауылда беделді кісінің бірі Көлбай деген әкеміз болған.
Көлбай әкемізді ел-жұрт пәтуажол немесе дәнекер Көлбай деп айтатын. Сол кісі былай деді:
— Тұрмағанбет шырағым, біз төменгі ауылдың жолына қарап, сені сағынып көп күтеміз, сені көргенімізге қуанып, қаумаласып, саулығыңды көріп, бала-шағаңның амандығын өз аузыңнан естіп төбеміз көкке бір елі тимей отыр. Бірақ сен болсаң қайта-қайта Ахметті іздей бердің. Бәріміз жиналып сонда «Қаба сақалға» тұрмадық па? — деді.
Тұрмағанбет атам: «Ойбай ағажан, олай емес, сіздерді көріп мен де бір жасап қалдым. Бәріңізді де сағынамын, тек Ахметті көрмегесін көргім келіп іздеймін ғой», — деп абдырап қалды.
Содан Көлбай әкем әңгімесін қайта бастап:
— Тұрмағамбет өзің айтқан сөз ғой «Аға деген ініні ғалым десе болады, шөлдеп ішкен сусынды балым десе болады» дегендей, Ахмет әр нәрсені өз орнымен реттейтін, көптің жағдайына қарап, ел қамын ойлайтын, аумалы-төкпелі заманда елге сүйеу болған халқына адал, жеке басы мен бірге ел  қамын ойлаған ел қамқоры ғой, іздегенің артық емес. «Тектілік тегін» болмайды деген халықтың сөзінде де қате болмаған, Ахметті қалай іздесең де ретті ғой», — деп сөзін аяқтады.
Осындай айтылған әкелерімнің сөзі және халықтың  берген бағасына қарап, атам Ахмет елдің қамқор тірегі, елдің бар-жоғын теңестірген, туыстық, адамдық пен сыйластықтың дәнекері болған, елдің келешегін ойлап, ел іргесін нығайтып, елді ел етудің қамын ойлаған ойшыл ел ағасы екендігін толық аңғардым.

      Пал Баймаханова, зейнеткер

(5)

Бәймен Алманов және ҚазПИ-дің тұңғыш түлектері

$
0
0
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне — 90 жыл

Үстіміздегі жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 90 жыл толады. Бұл мерейтой республикалық және халықаралық деңгейде аталып өтілмек. Осыған байланысты біз бұдан былай университеттің тарихы мен даму кезеңдері және оны әр жылдары басқарған көрнекті тұлғалар туралы мақалалар жариялап отыратын боламыз.


90 жылдық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ-ситетінің бұрынғы ректорлары (директорлары) туралы сөз қозғағанда 1931-1934 жылдары ҚазПИ-де директорлық қызмет атқарып, осы оқу орнының қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосқан қоғам қайраткері Бәймен Алмановтың еңбегін еске алмауға болмайды. Мұрағат қорларындағы құжаттар мен деректерге, фотосуреттерге үңілсек, оның университет тарихындағы өзіне лайық орны бар екенін байқауға болады. Сол себепті оның өмір жолы мен директорлық қызметін сөз ету үшін мұрағат деректерін сөйлетейік.
Бәймен Алманов 1896 жылы Торғай облысы, Ырғыз уезі, №8 ауылда (Қазіргі Ақтөбе облысының аумағында) кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1916 жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген. 1916-1918 жылдары Торғай облысы Аралтөбе ауылдық мектебі мен Қарабұтақ орыс-қазақ училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1916 жылы Қарабұтақтағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны және 1917 жылы тамызда Уақытша үкіметке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін мұғалімдік құқынан айырылып, жер аударылған.
Азамат соғысы жылдарында орыс-қазақ партизан отрядының командирі болды. 1918-1920 жылдары азаматтық комитеттің хатшысы, «Жәрдем» кооперативі басқармасының төрағасы, одан кейін Қарабұтақ аудандық кеңесі төрағасының орынбасары, Ырғыз уездік революциялық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1920-1921 жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің 1 және 2 съездерінде Орталық Атқару Комитетінің мүшесі және хатшысы болып сайланды. 1920 жылдың қарашасынан Түркістан Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-нің өкілетті өкілі, ал 1921 жылдың қазан айынан Қырғыз (Қазақ) ОАК Президиумының ұйымдастыру-әкімшілік жөніндегі хатшысы қызметін атқарған. Деректерде осы қызметті Б.Алманов педагогикалық жұмыспен қатар атқарғандығы айтылады. Демек, Б.Алманов жоғары өкілетті орындарда қызмет атқарып жүрген кезде де педагогикалық жұмыстан қол үзбеген. Одан кейін 1922-1923 жылдары Адай уезі революциялық комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Осы кездерде ол қазақтар мен түркімендер арасындағы дау-жанжалдарды шешуге араласқан. Қырғыз (Қазақ) АКСР-не қосылатын Жетісу мен Сырдария облыстарын қабылдау жөніндегі комиссияның мүшесі болып тұрған кезінде Қазақстан шекарасын анықтауға белсене атсалысады. 1923-1925 жылдары Орынбор қаласында «Қазсауда» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары, кейіннен төрағасы болған. 1925-1927 жылдары Қызылорда қаласында «Қазақтың өнімдері» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары, 1927-1929 жылдары Алматы губерниялық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ал 1929-1931 жылдары Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарады.
Бәймен Алмановтың Қазақ Мемлекеттік педагогика институтына алғашқы қадамы 1931 жылы басталған. Яғни, Қазақ Мемлекеттік университетінің (институттың 1928-1930 жылдардағы атауы) тұңғыш ректоры, профессор Санжар Асфендияров 1931 жылы Қазақ АКСР Денсаулық сақтау халық комиссары болып ауысқаннан кейін, 1931 жылы 16 ақпанда Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының бұйрығы бойынша ҚазПИ директоры болып Бәймен Алманұлы Алманов тағайындалады. Осы кезден бастап Б.Алмановтың ҚазПИ тарихындағы директорлық және педагогикалық қызметі қатар басталған. Оның алдында еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін ілгері бастырып, институт жұмысының сапасын жақсарту мақсатындағы үлкен міндеттер мен жауапты істер күтіп тұрған еді. Б.Алманов Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында 1931 жылғы 16 ақпаннан 1934 жылдың 8 шілдесі аралығында директорлық қызметпен қатар студенттерге партия тарихынан сабақ беріп, доцент болып жұмыс істеген [2]. Сонымен бірге ол өзінің көмекшісі, профессор Н.Н.Панин, оқу бөлімі жөніндегі орынбасарлары, доценттер С.Х.Брайнин, Ү.М.Балқашев, кафедра меңгерушілері, профессорлар Қ.Қ.Жұбанов, Ш.Е.Әлжанов, В.Ф.Литвинов, Б.Л.Кругляк, С.В.Логинов, А.А.Захваткин, Н.Л.Караваев, доцент М.П.Баталов, тағы басқа профессор-оқытушылармен бірлесіп институт жұмысының алға басуына өз үлесін қоса білді. Егер де осы жылдардағы институт тарихына байланысты мұрағат қорларындағы деректерге жүгінер болсақ, ҚазПИ-дегі саяси-әлеуметтік ахуалдың өте ауыр болғанын байқаймыз. Әрине, бұған негізінен сол кездегі Республикада болып жатқан саяси-экономикалық жағдайлардың тікелей әсер еткендігі сөзсіз.
1930 жылы 25 желтоқсанда Қазақ Мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) «педагогикалық институт» болып қайта құрылуының бірден-бір себебі студенттер санының аздығы мен материалдық-техникалық базаның әлсіздігінде еді. Соған қарамастан 1928 жылы қыркүйек-қазан айларындағы алғаш университетке оқуға қабылдау нәтижесінде барлығы 124 студент, оның ішінде 28 қыз, 96 ер бала болған. Ал студенттердің құрамы түрлі ұлт өкілдерінен тұрып, көпшілігі жұмысшы, кедей шаруалардың балалары болды. Атап айтсақ, олардың арасында 76 қазақ, 42 орыс, 3 татар, 2 еврей, 1 неміс ұлтының өкілдері болған еді [5]. Алайда бұл көрсеткішті 1931/1932 оқу жылында ҚазПИ бітірген алғашқы түлектер санымен салыстырып қарайтын болсақ, студенттер санының 50 пайызға кемігенін байқаймыз. Яғни, 1931 жылы 20 желтоқсанда ҚазПИ-ді бастапқы 124 студенттен қалған 59 студент, оның ішінде 49 ер, 10 қыз бала тұңғыш бітірді. Осы арада ерекше айтып өтетін мәселе, алғашқы түлектер институтта 5 бөлімшеде оқып, мамандық алып шыққан. Дәлірек айтсақ, ҚазПИ-дің тарих-экономика бөлімшесін 21 адам (18 ұл, 3 қыз), әдебиет-лингвистика бөлімшесін 11 адам (9 ұл, 2 қыз), физика-математика бөлімшесін 10 адам (10 ұл), биология бөлімшесін 8 адам (5 ұл, 3 қыз), химия бөлімшесін 9 адам (7 ұл, 2 қыз) барлығы 59 адам бітірді. Тұңғыш мамандар институтты 1931 жылы 20 желтоқсанда аяқтап, жоғары білім туралы куәліктерін 1932 жылы 10 тамызда алған. Бұған алғаш бітірушілерге байланысты институт бұйрығы (Бұйрық № 110, 10 тамыз 1932 ж.) мен түлектердің фотосуреттері толық дәлел бола алады. Сол кездегі институтты тұңғыш бітірушілерге берілген біліктілік орта мектеп мұғалімі деңгейінде емес, техникум, училищелер мен жұмысшы факультеттеріне арнайы дайындалған «оқытушы» дәрежесінде берілгендігін ерекше айтып өтуіміз керек [6]. Бұлар Республиканың ағарту саласы үшін даярланған, ҚазПИ-ден тұңғыш рет түлеп ұшып, өмірге жолдама алған жоғары білімді мамандар еді. Кейіннен осы түлектер арасынан елге танымал ақын Тайыр Жароков, Республикаға еңбегі сіңген үздік ұстаз, тарихшы Сергей Карпунин, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Оқу министрі Әбдіхамит Сембаев, осы оқу орнында оқытушылық қызмет атқарған математиктер Сейітқали Баймурзин, Евгений Муковский, Ерғазы Әбдірақымов, тарихшылар Біләл Аспандиаров, Сәдуақас Бақшылов, сырттай бөлім директоры қызметін атқарған Мұхтар Жанғалин, биологтар Сәлмен Бейсенов, Мағия Сәдуақасов сынды азаматтардың халықтың білімін көтеріп, қоғам дамуына қосқан үлестері зор. Әрине, мұндай жетістіктер сол кездегі Санжар Асфендияров пен Бәймен Алманов сынды басшылар мен оқытушы-профессорлардың еңбектерінің жемісі екендігі сөзсіз.
Б.Алманов өзінің директорлық қызметі барысында 1932 жылы мамандарды институтта өндірістен қол үзбей даярлау мақсатында кешкі оқу бөлімін ұйымдастырған. Кешкі бөлімді физика-математика, химия және әдебиет мамандықтары бойынша тұңғыш бітірушілер 1934 жылы аяқтайды.
Демек, ҚазПИ-дің күндізгі және кешкі бөлімдерінің тұңғыш түлектері оқуды Бәймен Алмановтың тұсында бітірген. Бұл кезде институттың ішкі тәртіп ережелері қатаң қадағаланып, оқу үрдісіне айтарлықтай көңіл бөлінді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, студенттердің өндірістік-педагогикалық практикаларының талапқа сай орындалу мәселелері қарастырылған. Мәселен, 1931 жылы 15 сәуірде болған дирекция отырысында (№8 хаттама) сөйлеген сөзінде Б.Алманов институтта студенттердің педагогикалық практикаларын дұрыс ұйымдастырып, олардың әдістемелік тәжірибе жинақтауына барынша жағдай жасау қажеттігін атап көрсетеді. 1932 жылы 14 қазандағы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының «Республика аймақтарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» нұсқауын негізге алған Б.Алманов, ендігі жерде студенттердің педагогикалық және өндірістік практикаларын тек Алматы қаласында ғана емес, Қазақстанның басқа да қалалары мен аймақтарында өткізуді қолға алған [7]. Бұған мысал ретінде 1932 жылы құрамында сол кездегі студент Мәлік Ғабдуллин бар тіл-әдебиет бөлімшесі 1 курсының 19 студенті өндірістік іс-тәжірибе жинақтау мақсатында Қарағанды қаласына жіберілгенін айта аламыз [8]. Осы тұрғыда назар аударып, өткенге көз жүгіртсек, 1928 жылдан бергі институттың (бұрынғы ҚазМУ) өткен 3 жылы негізінен алғанда жаппай ұйымдастыру кезеңі болған. Бұл әрине, оқу жұмысына жас мамандардың сапалы даярлануына әсерін тигізбеді деуге болмайды. Сол кезде оқуға сапалы талапкер қабылдау үшін оларды алдымен дайындық курстарында оқытып, содан кейін ғана институтқа қабылдағанын ескеруіміз керек. Осындай арнайы дайындықтан өткен талапкерлер Б.Алмановтың тұсында өздерінің теориялық білімдерін практикалық іс-тәжірибелермен ұштастыруға кеңінен мүмкіншілік алған. Сондай-ақ олардың жас ерекшелігін салыстырсақ 20-45 жас аралығындағы ересек адамдар екенін байқаймыз. Айталық, ҚазПИ-дің тарих-экономика бөлімшесін тұңғыш бітірушілердің бірі Біләл Аспандиаров оқуға 42 жасында түсіп, 45-ке келгенде бітіріп шыққан екен [9].
Алғаш ұйымдасқан оқу үрдісіндегі С.Асфендияров қолға алған игі істер Б.Алмановтың кезінде де өзінің жалғасын тауып, тиісті шаралар арқылы озат тәжірибелермен толықты. Мәселен, 1932 жылы 15 қаңтардағы № 9 бұйрықта Б.Алмановтың Мәскеу қаласында өтетін жоғары оқу орындары директорларының бүкілодақтық кеңесіне іссапары жөнінде айтылады. Сонымен бірге мұндағы негізгі мақсат, одақ көлеміндегі жоғары оқу орындарының іс-тәжірибелерімен танысу екендігі көрсетілген [10]. Демек, Б.Алмановтың институтты басқаруда тек өзінің ғана тәжірибесіне сүйенбей, одақ көлеміндегі жоғары оқу орындарының жұмысынан да хабардар болғаны анық. Осы арада айтылар тағы бір шындық, Қазақ Халық ағарту комиссарлар кеңесі Б.Алмановты елімізде 1934 жылы 1 қаңтарда ашылған Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) тұңғыш директоры қызметіне тағайындайды [11]. Яғни, Б.Алманов 1934 жылғы 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында, небәрі 19 күн Қазақ Мемлекеттік университетінің директоры қызметін қосымша жүктеме ретінде атқарған. Демек, сол тұста Қазақстандағы екі үлкен оқу ордасын да Бәймен Алманов басқарып тұрғандығы сөзсіз. Б.Алмановтың ҚазПИ-де директорлық қызмет атқарған жылдардағы инсти-туттың ішкі тәртіп ережелерін қатаң қадағалауы және шовинистік пиғылдағы оқытушылар мен студенттерді тиісті шараларға тартып, күрес жүргізуі сол кездегі «кейбіреулерге» жақпады. Осындай әрекеттер сынықтан сылтау іздеген кеңестік билікке көлеңкесіне ерекше әсер етті. Сол себепті Б.Алмановтың институтта қызмет істеген жылдардағы атқарған іс-шараларына «қызығушылардың» саны көбейді.
Бәймен Алманов 1934 жылдың шілдесінде ҚазПИ-дегі басшылық қызметтен Қазақ Ұлттық мәдени-ғылыми зерттеу институтының директорлығына ауыстырылған. Бұл қызметті 1937 жылдың сәуір айына дейін атқарып, осы жылдың тамызына дейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының мәдениет мәселесі жөніндегі орынбасары әрі мәдениет секторының бастығы қызметін атқарады. Ал 1937-1938 жылдары Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі жанындағы Мемлекеттік қорықтар және тарихи ескерткіштер басқармасының бастығы болып істеген. Бұл Б.Алманов жұмысының соңғы жылдары еді. Ізіне түскендер Бәймен Алмановтың қызмет істеген жылдарынан қалай да қателіктер тауып, «халық жауының» қатарына қосуға тырысты. Осы мақсатпен олар Б.Алмановтың ҚазПИ-дегі қызметінің «қыр-сырларын» ақтаруға кіріскен. Мәселен, Б.Алманов директор болған 1931-1934 жылдардағы институттың барлық жұмыстарына арадан 4 жыл өткеннен кейін, яғни 1938 жылы қайта оралып, тексеру жұмыстарын жүргізеді [12]. Осы әрекеттен қайткен күнде де «тырнақ астынан кір іздегендерін» сөзсіз ұғамыз. Нәтижесінде іздеген «жоғымыз» табылып, институт жұмысындағы болар-болмас кемшіліктер «кінәлі» деп танылды. Атап айтсақ, алғаш келгенде Б.Алманов жұбайы Алманова (Сергеева) Нина Ивановнамен бірге, кезінде тұңғыш ректор С.Ж.Асфендияров тұрған Комсомол (қазіргі Төле би) көшесіндегі № 81 үйде тұрып, кейіннен Красин (қазіргі Ш.Уәлиханов) көшесіндегі № 47 үйге ауысады. Яғни, осы кездегі пәтерақының өз уақытынан кешігіп төленуі, оқу құралдарының жетіспеуі, жоғалуы, сонымен қатар өздері атқарған жұмысқа жауапсыз адамдардың жіберген кемшіліктері Б.Алмановтың сыртынан жалған құжаттар толтырылуына, үстінен қылмыстық іс қозғалып, нақақтан қуғынға ұшырауына себеп болған еді. Бәймен Алманов 1938 жылы тұтқынға алынып, 1940 жылы қазан айында 8 жылға сотталған. 1941 жылы КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты лагерінде қайтыс болды. 1955 жылы қараша айында ақталған.
Халқымыздың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Бәймен Алмановтың ҚазПИ-дің дамуына қосқан үлесі мен тарихында алатын орнын мұрағат деректері нақты дәлелдермен көрсетіп отыр. Олай болса, оның университет мұражайындағы ректорлар портреттері арасында өзіне лайықты орнын табар болса аға буын алдында бүгінгі ұрпақ атқарған үлкен азаматтық іс болып табылар еді.

Нұрдәулет Манкеев Белекұлы,
тарихшы-зерттеуші

(9)

«Патша» қорғаны зерттеліп жатыр

$
0
0

Қазақтың жері қандай кең болса, тарихы да соншалық тереңде десек артық емес. Бір ғана Астана қаласының аумағын шарлап шықсаңыз шежіреге толы көне заманғы қорымдарға кезігесіз. Еңбегінің нәтижесін кітаптан не музейден көріп-білетін археологтар ел мен жер тарихының ашылмаған сырларын ақтаруға тағы бір бекініпті.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорда іргесінде орналасқан патша қорғанында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеушілер тобы екі аптадан бері бас алмай қорғанның жоғарғы қабатындағы шамамен 2,5 мың жылдық тарихы бар 7 зиратты қазу үстінде. «Бұл қорған қазіргі заманғы мегаполистің аумағында сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел. Ал жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғасырларға жатқызылды», — дейді қазба жұмыстарымен айналысып жатқан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл археологиялық экспедициясы мамандары. Яғни, жерлеу рәсімінен мұсылманшылық ғұрып көзге ұрып тұрғандықтан археологтар бірауыздан осындай тұжырым жасаған. Сондай-ақ екі моладан әшекейлер табылса, біріншісінен қола сырға мен күміс жіп шықты. Ал әйел адамның қабірінен неке жүзігі табылды.
Қорған Қарағанды қаласына барар жолдағы Күйгенжар шатқалында орналасқан. Бүгінгі таңда сақтар қорғанының шет жағында қазақ зираты бар. Таспен көмкерілген қорғанның биіктігі 4 метр болса, диаметрі — 60 метр. Оның гранит плиталары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі. Зираттардың қай ғасырға тиесілі екенін топырақтың түсіне қарап анықтаса да, ғалымдардың нәтижелі жұмыс жасауына кедергі болып отырған бір жайт бар. Мәселе қорымның бұған дейін тоналуында дейді олар. Қорымның дәл ортасында біршама ойыңқы жерлер бар. Бұл 2010 жылдан бері жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарына жататын қорғанға бұған дейін де өзгелердің қолы тигенін айғақтайды. Күш-жігерін қазба жұмыстарына сарп еткен археологтар жақын күндері басқа да құнды жәдігерлердің табылып қаларына сенімді.
Патша қорғаны — «Киелі Қазақстан» жобасы аясында Астанада биыл зерттеу жүргізу жоспарланған 4 археологиялық ескерткіштің алғашқысы. Ал жыл соңына дейін Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен тағы 3 аумақта қазба жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

(14)

«Алтын адамдардың» атасы табылды

$
0
0

Тар-бағатай-дағы Елеке сазы жайлауынан тағы бір «Алтын адам» табылды. Сап алтынмен апталған сақ сардарының сүйегін жоба жетекшісі Зейнолла Самашев Өскемендегі облыстық өлкетану мұражайына жеткізіп, облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл «Алтын адам» бұрынғы табылған алтын киімділерден бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, бұл — біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырда өмір сүрген көне сақ дәуірінің адамы. Яғни, бұған дейінгі табылған жәдігерлерден төрт ғасыр бұрын жерленген. Екіншіден, бұл — еліміздегі табылған «Алтын адамдардың» ішіндегі тоналмай бізге жеткен екінші «Алтын адам». Алғашқысы осыдан жарты ғасыр бұрын Есіктен табылғаны белгілі. Бірақ ол адамның қазірге дейін бас сүйегі табылмай келе жатқанын айтады ғалымдар.

— Біз Елеке сазы жайлауынан екі қабірді қаздық. Оның біріншісі су шайып, апаттық жағдайда тұрған еді. Ішінен алтын бұйымдар мен айна сияқты жәдігерлер табылды. Ал екінші қорымнан тоналмаған «Алтын адам» шықты. Негізі осы «Алтын адамның» жанында тағы бір үлкен қорым болыпты. Өкінішке қарай, ол тоналып кеткен. Ал қасында жатқан бұл адамды тонаушылар байқамаса керек, тас үйіндісінің астында қалыпты, — дейді Зейнолла Самашев.
Бұған дейінгі Шығыс жерінен табылған «Алтын адамдардың» көбі тоналып кеткені белгілі. Ал тарбағатайлық  азаматтың алтыннан таққан дүниелері қаз-қалпында сақталған. Бас киімнің қос құлақшынына тағылған алтын әшекейлерден басталатын жауһар жәдігерлер кез келген адамды жолдан тайдырардай жайнап тұр. Әртүрлі аңдар бейнеленген зергерлік бұйымдардың жасалуының өзі ерекше. Әсіресе анау мойнына таққан бір келілік сап алтыннан жасалған алқасы мәйіттің қарапайым адамдардың қатарынан емес екенін аңғартады. Киімінің өңірінде барыс бейнелі сом алтыннан соғылған әшекей бұйымдар болса, белбеудегі зергерлік өнер тіптен айрықша. Сол жағына қорамсақ асыныпты. Қорамсақ ішінде бірнеше тал жебе тұр. Оң жағына қанжар ілінген. Қанжардың қыны да ерекше ықыласпен алтынмен безендірілген. Ал қылыштың өзі басқа металдан жасалған. Қазба барысында ең көп ұсақ алтын аяқ киімнен табылған. Аяқ киімнің неден жасалғаны белгісіз, бірақ алтынмен әспеттеген әшекей бұйымдардың кейбірін ұлғайтқыш әйнектің көмегімен әзер көресің. Анау қорамсақтың түбіне қарай салынған сүзіскелі тұрған екі бұғының суреті сол дәуірдің мәдениеті мен өнері жайлы көп әңгіме айтып тұр. Тіпті зергерлік бұйымдардағы кейбір өрнектерді бүгінгі заманауи техникалардың өзі сала алмайтынын айтады мамандар.
— Атақты археолог Зейнолла Самашев тағы бір үлкен жаңалықтың бетін ашып отыр. Ол бұған дейін басқа бір қазба жұмысты аяқтаған болатын. Өткен заманның сегізінші ғасырында қандай тамаша жұмыстар істелгенін қараңыздар. Біз осындай «Алтын адамдар» арқылы ата-бабаларымыздың өркениетімен мақтанатын боламыз. Бұл жерде тек өнер ғана емес, үлкен индустриялық жұмыстар жүргізілгенін аңғару қиын емес, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Алтынмен апталған азаматтың жасын 17-18-дер шамасында деп тұрақтандырыпты антропологтар. Зер салып қараған адам  мәйіттің жіліктері бірнеше жерден тесілгенін аңғарады. Сондай-ақ бастың жақ сүйегінің тұсында түтікше тәріздес бөгде зат бар. Сөйтсек мәйітті мумиялау үшін әуелі жілік майын алып тастайды екен. Жаңағы жілік сүйектегі тесіктер сол бальзамдау барысында пайда болыпты. Ал сізге арғы бабаларымыздың медицина деңгейі мен өнері керек болса! Соның арқасында араға 2800 жыл салып бізге жетіп отыр.
— Бұл сүйек те көшпенділердің әдісімен мумияланған. Сүйектері тесілген. Бірақ жас жігіттің денесінде басқадай жарақаттар болмағандықтан, неден өлгенін айту әзірше қиын, — дейді Мәскеуден арнайы келген антрополог Егор Китов.
Сол заманның тұрғысынан қарағанда, жас жігіт өте ірі денелі болғанын айтқан Зейнолла Самашев «бұл бұған дейін табылған «Алтын адамдардың» атасы деуге болады», — деді. Әрине, жас мөлшері кіші болғанымен, өмір сүрген кездеріне қарап берілген баға ғой бұл.
Сүйекті жатқан топырағымен бірге табытқа салып облыс орталығына  әкелген археологтар енді сауыт-саймандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын істеп, жәдігердің көшірмесін жасауды қолға алатындарын айтады. Бұйырса, өлкетану мұражайының жаңа ғимаратындағы негізгі жәдігерлердің бірі болып осы адам тұратын болады. Бірақ қарт археолог көшірмесін үштен асырмаймыз деп отыр. Өйткені көшірмесі көбейген жәдігердің құндылығы әлсірейтін көрінеді.
Елеке сазы жайлауын аталмыш археологиялық жұмыс тобы соңғы жеті-сегіз жылдан бері назарға алып келе жатқанымен, былтырдан бері жүйелі жұмыс жүргізген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бес өңірдегі; Қырық үңгір, Шілікті, Берел, Абылайкит және осы Тарбағатай жайлауында қазба жұмыстары жүргізіле бастаған болатын. З.Самашевтың айтуынша, Елеке сазындағы патшалар жазығынан табылған бұл алғашқы адам болғанымен, соңғысы болмауы тиіс. Тонаушылардың сүзгісіне ілінбей қалған талай жәдігерлер жасырынып жатқаны бек мүмкін.
Мәңгілікке тыныштық тапқан бабалар қорғанын не үшін қопарып  жүрміз,  «Рухани жаңғыру» дегеніміз бабалардың рухын үркіту емес қой дейтіндер де бар. Археологтарды қызықтырып жүрген алтын емес, алтыннан да қымбат баба тарихы. Солардың өркениеті. Осы жолы табылған «Алтын адам» арқылы біз, біріншіден, ерте сақ дәуіріндегі бабалардың өркениеті мен өндірістік технологиясын аңғардық. Әйтпесе, көзге көрінер-көрінбес алтыннан мынадай әшекей бұйымдар жасау бүгіннің өзінде екінің бірінің қолынан келмесі ақиқат.  Бүгінгі айтып жүргеніміздей, біздің бабалар білім мен ғылымды өзгелерден үйренбеген. Екіншіден, бұл «Алтын адам» толықтай сақталғандықтан, сол дәуірдің салт-санасынан, тұрмыс-қарекетінен, наным-сенімінен толықтай ақпарат береді. Бұрын тоналып кеткен қабірлерді ақтарып, болжау арқылы шешім шығарса, енді бар дүниелерді ғылыми талқыға салып, арнайы аспаптармен анығын айтады. Сайын даладан табылған саф алтынды салмақтап, сүйектік тегін тектеу көрші елдің ғалымдарының еншісінде.

Мұратхан КЕНЖЕХАНҰЛЫ
Суретті түсірген Тілеубек Шаяхметов

(3)

САРЫАРҚАДАҒЫ ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ ТОЙЫ

$
0
0



Атақты жырау, ақын, қайраткер болған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық тойы Қарағанды облысында дүркіреп өтті

Алыс-жақын жерлерден келген қонақтарда есеп жоқ. Барлығы да Бұқар бабаның толғауларынан сусындаған ұлтжанды, рухты, намысты ерлер. Қалың елдің ішінде ақсақалдар мен әжелер, алдыңғы буынның өкілдері басым болды. Шапандарын, камзолдарын киіп, ұлттық ою-өрнектермен әдіптелген киімдерін киініп, сән-салтанаттары жарасып, жандарына немерелерін ертіп жүргендері жанымызды жадыратты. Руханиятқа сусаған, рухани жаңғыруға талпынған халықты көрдік бұл тойдан. Көңілдеріне ой түюге тырысқан, жігерлі жастардың қарасы да көп болды.

 

Алыстан көз тартқан алып ескерткіш

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде орналасқан баба ескерткішінен басталған іс-шаралар көпшіліктің көңілінен шыққаны рас. 2014 жылдың 19 қыркүйегінде орнатылған Бұқар жырау ескерткіші алыстан көз тартады. Оң қолында тәспісі бар жыраудың алысқа ойлы көзбен қарап тұрған алып мүсінінің авторы Бейбіт Мұстафиннің көп оқып, ізденістер жасағаны байқалады.

Биік тауға жарасар

Ығынан тиген панасы,

Терең сайға жарасар,

Тобылғылы саласы,

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы,

Ақсақалға жарасар

Тілеуқорлы айласы,

Бәйбішеге жарасар

Еміздіктеген сабасы,

Келіншекке жарасар

Емшектегі баласы,

Қыз он беске келгенде

Шашынан көп жаласы.

Бұл жалғанда бір жаман,

Ағайынның аласы, — деп толғаған Бұқар жыраудың ескерткішіне гүл қою рәсімінен соң аруағына бағышталып құран оқылды. Одан кейінгі шаралар Керней ауылының маңындағы ашық, кең жерде —жасыл майсалы жайлауда жалғасты.

Жүзден аса киіз үй тігілген, той қалашығына айналған жерде әсем ән мен күмбірлі күй шалқып тұр. Салтанатты шараны «Күміс көмей әулие» атты театрландырылған көрініс бастады. Жоңғарларға қарсы жорықтарда жауға соққы беруде Абылай ханның кеңесшісі, сенімді серігі болған Бұқар жыраудың азаматтық бейнесі көрініс тапқан қойылым жиырма минутқа созылды. Атақты жыраумен қоса бұл көріністе Абылай ханның, Қабанбай мен Бөгенбай батырлардың да образдары сомдалған. Қазақ әскерінің жеңісімен аяқталған театрландырылған көріністен ұлтжандылық рух есіп тұрғандай. Осы қойылымның режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі К.Жұмабековке мың алғыс!

 

Облыс әкімі жыраудың толғауын жатқа оқыды

Көріністен соң сахнаға екі жүргізуші шығып, халықты жыраудың тойымен құттықтап, ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованы шақырды. Мемлекеттік хатшы Елбасының құттықтауын оқып, өзінің де ыстық ықыласын білдірді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Елбасына, оның құттықтауын әкелген Гүлшара Наушақызына алғысын білдірді де, үстіміздегі жылдың қараша айында Бұқар жырауға арналған конференция өтетінін, ақындарға арналған мүшәйра жарияланғанын хабарлады. Облыс әкімі шешен сөйлейді екен. Бұқар Жыраудың бірнеше толғауынан үзінділерді жатқа айтып, мақал-мәтелдетіп сөйлегені халыққа ұнағаны сондай, жігерлене ұзақ қол шапалақтады.

Парламент депутаты Қуаныш Сұлтанов: «Бұқар жырау — теңіздей терең сөз өнеріндегі данагөй. Рухани жаңғырумен астасқан бүгінгі жиын ұрпаққа үлгі боларлық шара. Жыраудың әр сөзі елдікке, ерлікке шақырады», —деп жиналғандарға сөзін арнады. Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім өз сөзінде Бұқар жыраудың халықтың санасында жатталып қалған сөздері мен толғауларының өміршең екендігіне тоқталды. Бұл тойдың бір ерекшелігі —Маңғыстау облысынан келген көптеген қонақтардың болуы. Арнайы өкіл сахнаға көтеріліп, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың құттықтауын оқыды. Парламент депутаты Бекболат Тілеухан: «Бұқар жыраудың сөздері бүгінде бізге ауадай қажет. Баба сөздері қашанда жадымызда болуы керек»,-деп, өнерпаздардың бірінің домбырасын алып Бұқар жыраудың толғауын орындап берді. Бұл толғаудан кейін ел тіпті рухтанып кетті. Бұқар бабаның тікелей ұрпағы Ғалымтай Бақтияров өз сөзінде осынау дүбірлі тойды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. «Бұқар жырау өмірден қайтарында «менің сүйегімді Түркістанға апармай-ақ қойыңдар, мен Сарыарқаның құты, киесі болып жатайын» деген. Бүгінде сол Сарыарқа қаншама халыққа ырыс пен құт болып тұр»,-деді.

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнау айтып жырдан шашу шашса, Тәттімбет атындағы ұлт аспаптары оркестрі бірнеше күй орындады. Әншілер Арқа дәстүрлі әндерін шырқап, ақын Дидар Қамиев Бұқар жыраудың толғауын айтты. Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Жәмилә Баспақова, «Ағайынды Жүнісовтер» тобы, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік, Тәжікстаннан келген «Хайрулло Додобоев» дойрошылар фольклорлық ансамблінің қатысуымен өткен мерекелік концерт те жұртшылық пен қонақтардың көңілдерінен шықты.

 

«Ұлы дала мұралары»

Бұл тойды ұйымдастырушылар руханият жағына көп көңіл бөлген екен. Осы іс-шаралар барысында Астана қаласының көне қару-жарақ музейінің көрмесі, «Ұлы дала мұралары» атты бейнелеу өнері және қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, «Бұқар жырау дәуірі» атты экспонаттар және кітап көрмесі, Бауырсақ жәрмеңкесі өтті.

Халықты Қырғызстаннан келген арқанмен жүретін әртістердің өнері сүйіндірді. Осы отбасылық топтың жетекшісі Абдуали Шерматов: «Бұл қиындығы көп спорт түрі. Жас кезімде ауыр кір тасымен өнер көрсетіп жатқанымда ол аяғыма түсіп кетіп, бір жыл бойы ақсап жүрдім, дәрігерлердің көмегімен әрең дегенде қалыпқа келдім»,—деп ағынан жарылды. Әсіресе «Жолбарыс», «Лашын» деген лақап аттары бар балалары ортекедей орғып тұр. Дегенмен, ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарға көрермендер өте көп жиналды. Астана қаласынан пәтер, бірнеше шетелдік көліктер тігілген аламан бәйге, топ бәйге, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, асық ату сияқты сайыстар қызықты өтті. Бәйге, күрес дегенде делебесі қозатын қазақ спортшыларға жанкүйер болып, солармен бірге қуанып, солармен бірге күйіп-пісіп жатты.

Қарағанды облыстық әкімшілігінен келген Ерлан Ибикеновпен сөйлесудің реті келді. Ол өзінің былтырғы жылы Қарқаралыда өткен қаз дауысты Қазыбек бидің тойында да болғанын айтты. Жылда осындай айтулы тұлғалардың тойлары мен астарын өткізіп жатқан облыс жұртшылығы елге қызмет етудің қыр-сырын үйреніп, меңгеріп келе жатқанын тілге тиек етті. Өзі тойдың жақсы өтіп жатқанына қуанышты күй кешуде.

Қай киіз үйге барсаң да қонақтарды құшақ жая қарсы алып, дастарханға жайғастырып, ән мен күйден шашу шашып жатқан қонақжайлықты көрдік. Қарағанды облысындағы тоғыз аудан мен тоғыз қаладан, көрші облыстардан келген өнерпаздар кешке дейін Керней аспанын ән-күйге бөледі.

 

Бұқар жыраудың қоштасуы

Бұқар жырау қартайған шағында: «Асан қайғы болған жердің көбінде мен де болдым. Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Жаркент, Ташкент қалаларын көзіммен көріп, Балқаш, Жетісу өлкесін, Сарыарқаны араладым. Сонда мен не көріп, не білдім? Иә, көргенім де, түйгенім де аз емес. Оның ішінде менің ең алдымен көргенім талай қиыншылықты басынан өткізіп, барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп ұлан байтақ жерге ие болып қалған берекелі елім болды. Жер мен ел егіз.

Ата-ананың қадірін

Балалы болсаң білерсің,

Ақ тәніңнің қадірін

Жаралы болсаң білерсің.

Бостандықтың қадірін

Жазалы болсаң білерсің,

Дәулетіңнің қадірін

Мал кеткенде білерсің.

Ажарыңның қадірін

Сән кеткенде білерсің,

Тіршіліктің қадірін

Жан кеткенде білесің.

Аңдып жүрген дұшпанды

Дәл жеткенде білерсің»,—деп халқымен қош айтысқан екен.

Енді міне, қаншама жылдардан соң тәуелсіздік алып, өркен жайған Қазақ елі бабаларымен қайта қауышып, «өшкені жанып, өлгені тіріліп» жатыр. Бұқар жыраудың тойы осы сөзіміздің бір дәлелі. Сарыарқада елдік пен ерліктің тойы осылайша өтті.

Саят ҚАМШЫГЕР

(6)


Ақиқатқа қиянат жасама, достым! немесе қызыл империя кезінде батыр балалар құрған жасырын ұйымдардың тағдыр-талайы

$
0
0

Мен интернеттегі қазақ сайттарының бірінен Павлодарлық ақын Арман Қанидың 2009 жылы, өзінің 55 жылдығына арналған ғұмырнамалық мақаласындағы «Жас ұлан» туралы, сол «жасырын» ұйымнан қалған жалғыз «тұлға» мен деп, «үстірт» жазғандарын оқып, төмендегі себептермен 2009 жылдың 18 қазанында қолыма еріксіз қалам алған едім. Содан бері 10 (он) жылдай уақыт өтіпті. Сол кезде жазылған мақаланы қазір қайта қарап, жинақтап отырмын.
Біріншіден, бұл жасырын ұйымның құрылғанына емес «тарағанына», дәлірек айтқанда, сол қылышынан қан тамған К.Г.Б-ға «ұсталғандарына» биыл 19 қарашада (бұрынғы ноябрьдің он тоғызында) — 49 (қырық тоғыз) жыл толады екен.
Екіншіден, бұл «жасырын» ұйым 1968-69 жылғы оқу жылдарында Павлодар қаласындағы нөмір «үшінші», атап айтқанда, облыс аудандарынан келген қазақ балалары оқитындықтан облыстық қазақ мектеп-интернатында ұйымдастырылған еді. Сондықтан бұл ұйымның сол кездегі қазақтың оқушы ұл-қыздарынан тұратын мүшелері көп болатын.
Алайда Арман достым, олардың біреуінің де аты-жөндерін атауды, сонымен бірге ол ұйымның қалай құрылғаны жөнінде қысқаша мағлұмат беруді жөн көрмепті.
Мен Арманның өзімен сол кезде сөйлескеннен кейін, ұялғанынан ба екен мақала соңында «Асқар Сәрсенбай басшылық еткен, Май ауданында да жасырын ұйым болған» деген қысқаша мағлұмат берген болатын.
Дегенмен қандай әрекет болсын ол тіпті түкке тұрғысыз болса да, оның «негізі» сол сәл нәрседен басталуы әбден мүмкін. Сол себепті, мен келер ұрпақ үшін ақиқатқа қиянат жасағым келмейді. Сондықтан бұл «жасырын» ұйымның құрылғаны жөнінде, қысқаша мағлұмат бергенді жөн көріп отырмын. Және менің мұндай шешім қабылдауыма толық құқым бар деп те есептеймін, ал оқырман қауымның ол туралы пікірі осы мақаланы оқыған соң қалыптасатын шығар деген ойдамын. Алайда мен өзімді осы ұйым тұрғысынан «рухани ұстаз» ретінде дәріптегім келіп тұрған жоқ, себебі менің өзімнің армандарым да, жазбақтарым да, ұрпаққа арналған «аманаттарым» да, идея, жоба-жоспарларым да жеткілікті, құдайым тек соған жеткізсін.
Бірақ мен де Арман секілді қоғамда әлі де болса орын алып отырған мұндай әділетсіздіктерге төзе алмаймын. Осыған байланысты «Жас ұлан» жасырын ұйымның қалай құрылғаны жөнінде қысқаша мағлұмат беріп кетейін.

«Таң шапағы» жасырын ұйымы қалай құрылды?
Бұл «жасырын» ұйым, шындығында, 1968 жылдың жаз айларында, дәлірек айтқанда не шілде, не тамыз айларында құрылды. Арман ол кезде жетіден сегізге, мен болсам сегізден тоғызыншы сыныпқа көшкен кезіміз болатын. Ол біздің совхозға Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман совхозына (сол кезде советтік шаруашылық болатын) ұмытпасам, жылқышы болып көшіп келген әке-шешесінің қолына оқушылардың жазғы демалысында келген еді. Мен ол уақытта қойшы-құдамыз марқұм Иманшәріптің баласы марқұм Өмкеннің отарына көмектесуге барған едім. Сол жазда мен Арманмен бірінші рет танысып, Алаш Арыстары жайлы сөз қозғап, қазақ тілінің мүшкіл халі туралы, қазақ ұлтының мүддесі жөнінде екеуміздің ойларымыз бір жерден шығып, достасқан едік!
Сол жазда біз бір-бірімізді сағынып тұратындай болып достастық, шамасы соның арқасында болуы керек, кезіндегі Кеңес үкіметінің қазақ ұлтын құрту, анығын айтқанда, «орыстандыру» саясатына қарсы тұру үшін екеуміз «Таң шапағы» деген мектеп оқушыларының арасында «жасырын» ұйым құрайық деп ұйғардық. Сөйтіп, Арман өзі көптен бері оқитын Павлодар қаласындағы облыстық «нөмір үшінші» қазақ мектеп-интернатында, ал мен болсам Ақшиманның 8 жылдық мектебін тәмамдаған соң, тоғызыншы сыныпты сол кездегі Киров мектебінде оқып жатып, ұйым құруға кірістік.
Осылай «Таң шапағы» деген атпен құрылған «жасырын» ұйым мектеп оқушыларының арасында үгіт-насихат жұмысымен айналысып жатты. Сол кезде, Киров мектеп-интернатының меңгерушісі қызметін атқарған Төлеген деген жолдасымның әкесі, менің әкемнің жақын жан досы, марқұм Шәкен Сыздықов деген ақын әрі ұлтжанды ағамыз, шамасы жиналған жерде қызу талқыға салатын тақырыпқа байланысты «осы сендерде бір жарайын деп жүрген бомба бар ма?» — деп жиі ұрсатын еді.
Киров совхозындағы ұйымның белсенді мүшелері марқұм Оспан Айтқазин, Төлеген Шакенов, Хамзин Төлеухан, Қайыржан Темірғалиев, Тоқтар Салқанбаев және Адрақов (атын ұмыттым), Төлеухан Әбділдиндер болатын.
Келесі жылы Оспандар оныншы сыныпты бітіріп кеткен соң, мен де келесі сыныпты Май ауданының орталығы болған Белогорьеде, қазіргі «Көктөбе» селосында оқыдым. Сонымен, бұл кезде де Павлодар қаласындағы Арманмен кейде өзімен, кейде соғыс уақытында болған партизандар секілді «байланысшы» арқылы да хабарласып тұрдық. Өкінішке орай, келген «байланысшылардың» аты-жөндері жазылып, тіркелген жоқ. Бірақ олар мектеп-интернаттағы ұйымның мүшелері болатын.
Кезінде біздің Кеңес Үкіметін құрған большевик партиясының бағдарламасы секілді, өзіміздің де жасаған «минимум», «максимум» Бағдарламамыз болған еді. Ол Бағдарлама үш сатылы «нұсқаудан» жинақталған болатын, бірінші сатысы — үгіт-насихатты мектеп оқушыларының арасында жүргізіп, балалардың көкірегін ашып, санасын оятып, намысын ұштау. Әсіресе, сонда біздің жанымызға қатты батқаны қазақ тілінің қолдану аясын қасақана тарылтып, пайдалану мүмкіншілігін барынша шектеп келе жатқан, сол кездегі Кеңес Үкіметінің «орыстандыру» саясаты болатын.
Бұл ұйымның басты мақсаты — осы сұрқия, залым саясатты өзіміздің білгенімізше әшкерелеп, жастардың санасына сіңдіру керектігі жазылған. Шамасы, сол кезде қоғамда орын алған осы әділетсіздіктер әсер етті ме, шынымен біздің қатарымыз күннен-күнге өсіп, көбейе берді. Бұл әсіресе, Павлодар қаласындағы нөмір «үшінші» мектеп-интернатта бірден дүркіреп кетті, оның себебі, біріншіден бұл жерде басқа аудандардан жиналған балалар саны да көп болған еді, екіншіден осы Павлодар қаласының, өзінің туған ауданынан тіпті өздерінің совхоздарынан қоғамда орын алып жатқан осындай әділетсіздіктерді көрген жастар өмірге деген сенім-ұстанымдарын мүлдем өзгертіп, ақ адал жүректеріне өз ұлтының рухы мен намысын берік ұялатты.
«Жасырын» ұйымның белсенді мүшелері үгіт-насихат жұмысына «Алаш қозғалысының» қайраткерлерін, оның ішінде Әлихан Бөкейхановтың айтқандарын, Міржақып Дулатовтың «Оян, Қазақ!» және Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» деген, тағы басқа да Алаш Арыстарының «аманаттарын» пікір-таластарда жиі пайдаланды.
Мұның бәрін біз республикаға танымал суырыпсалма ақын, кезінде өзі де «халық жауы» болып сотталған, алайда Жұмабай Тәшеновтей ақиық Арыстарымыздың арқасында «жазасын» жартылай өтеген Нұрлыбек Баймұратов секілді, 1934 жылы мұғалімдер институтында Қажым Басымовтан дәріс алған өзімнің Әкем — Ғабдраш Сәрсенбайдан, тағы басқа да ауылдың қазыналы қарттарынан білген едік.
Бұл да бір ұлтымыздың ұрпақ сабақтастығының өшпейтін белгісі, ұмытылмайтын нұсқасы секілді. Осылай үгіт-насихат жұмысы жастардың арасында қызу талқыға түсіп, белсенді түрде жүріп жатты.
Бағдарламаның «екінші» сатысы — Павлодар қаласындағы Индустриальный және Педагогикалық институтпен бірге, техникум, училищелердің студенттеріне шығып, ұлттық мүддеге негізделген үгіт-насихат жұмысын жандандыру болатын. Сол уақытта бір ұлттық мүдденің жолында жұмысшы-шаруа мен студенттер қоян-қолтық араласып кетті.
Енді «жасырын» ұйымның үгіт-насихат жұмысының «үшінші» сатысы сол кезде Қазақ Республикасындағы екінші мемлекеттік университеті саналған Қарағандының мемлекеттік университетінің түлектері арқылы, Алматыдағы мемлекеттік университеттің студент-жастарымен тығыз байланысқа шығып, ұлттық мақтаныш сезімін тұрақты түрде орнатсақ деген мақсат-мұрат, мүдде болатын.
Ал бізге Қарағанды университетінің студентеріне шығуға ой салған, осы университеттің тұңғыш ректоры қызметін атқарған ұлтжанды Евней Арыстанұлы Букетовтың (жатқан жері жаннатта болсын!) «Қараша үйден-университетке дейін» — деген ұлағатты мақаласы болатын. Шындығында, өткен ғасырдың 1970 жылдары, Кеңестік жүйенің кезінде «қазақ болғанның өзі — мамандық!» — дейтін еді. Қазір ұйғыр халқы бұл сөзді «ұйғыр ұлт емес — мамандық» деп өздеріне аударып алғанға ұқсайды. Сөйтіп, ұйғыр халқы да осылай өзінің ұлттық мүддесін көздейтін секілді.
«Төтенше оқиға» және «Жас Ұлан» ұйымының құрылуы мен ақыры
Алайда айлар өткен сайын өз ұстанымдарына мүлтіксіз сенімді болған оқушыларды мұндай мардымсыз, іс-әрекетсіз, өзгеріссіз, сонымен бірге, бірқалыпты «жансыз» үгіт-насихат жұмыстары жалықтырып жіберген көрінеді.
Бір елеулі іс-әрекеттер жасалмай, құр сөзбен осылай қуырдақ қуырып отыра береміз бе деген ұнамсыз келіспеушіліктер де жиі шыға бастаған. Мұндай «жағымсыз» хабар «байланысшы» балалар мен Арман арқылы бізге де жетті. Біз оны қолдамадық, дегенмен, Арман ол жастардың айтқанға көнбей ширығып тұрғанын, оларға нақты, тиянақты дәлел керектігін де жасырмай жеткізді.
Қазір ойлап қарасам, біз сол кезде қаладағы ұйым арқылы «екінші» сатыға көтерілген екенбіз, бірақ «үшінші» сатыға жетер ме едік, жетпес пе едік, әлде, шамасы осылай жете алмай да қалушы ма едік, сондықтан осындай ерте ойластырылмаған аяқ-асты жасалған «төтенше оқиғаның» нәтижесінде, бұл «жасырын» ұйымның тарих бетінде қансыз «ізі» де қалды.
Енді, осы жазылған «төтенше оқиғаны» рет-ретімен айтар болсақ, ең алдымен бұл ұйым «Таң шапағы» деген атауды оқушылардың өздеріне лайықтап «Жас Ұланға» ауыстырып алған. Бұл бір.
Екінші құр даурығып жүре бергенше, бір көрнекті іс-әрекет жасау керектігі жайлы нақты шешім қабылданған. Сонымен «Жас ұлан» жасырын ұйымы 1969 жылдың 7-қарашасында басқыншы орыс ұлты мен Кеңес Үкіметіне қарсы «үн-парақ» тарату жөнінде оқушылардың жазғы демалысынан кейін шұғыл «шешім» қабылдайды.
Ертеңінде қала жұртшылығы сол кездегі Октябрь көтерілісіне арналған митингіге шықпақшы болып жатқанда, автобус аялдамаларының бәрінде Кеңес үкіметіне қарсы «үндеулер» әр жерде шашылып жатқан.
Осылай «Жас Ұлан» жасырын ұйымы «үн-парақты» басқан машинканың «құпия» коды арқылы 12 (он екі) күннің ішінде ұсталды.
Мен бұл туралы өзімнің «Тәуелсіздік туралы толғау» атты өлеңімнің «Жас Ұлан» «жасырын ұйым болған» деген тарауында былай деп жазған едім.
Сол кезде «Көк-төбе» селосында, дәлірек айтқанда, 1969-70 оқу жылдарында бұрынғы Целиноград облысы Ерейментау ауданынан бізге келіп оқыған Боранбай (ағасы), інісі Дауылбай Мұқашевтер ұйымның белсенді мүшелері болатын және қаладан келетін «байланысшыларды» көбінде осылар қабылдайтын еді.
«Жастыққа шіркін, не жетер,
Албырттық шақта алқынған.
Күндерім өтпесін бекер,
Жақсылыққа тек талпынған.
Жастардың бәрі жаны қас,
Әділсіз іске шешілген.
Саясатты бірақ кәрі-жас,
Жәй түсінгеннен кеш білген.
Саясат та перде секілді,
«Керегін» жауып тұрады.
Сенген жұрт кейін өкінді,
Қайғысын тартып, жүр әлі.
Уақытша бұғып, бүгілген,
Намысы қайта тірілді.
Құрсаудың шеті сөгілген,
Алайда «ызғар» білінді.
Тілден де Қазақ айырылды,
Енді несі, қалды екен?
Қанаты елдің қайырылды,
Сауғалап жанын жат мекен.
Жүрекке демін салғандай,
Кеудесі елдің тарылды.
Қандала қанын алғандай,
Сарғайып, солып, арылды.
Не істерін жастар білмеді,
Жылап тұрып-ақ, айтса да.
Намыстың шоғын үрледі,
Ызғары «қарып» жатса да.
Осы оймен «ұйым» құрылды,
Келешегін тек, кім білген?
Жастарда намыс тірілді,
Ішінде жатып, бүгілген!
Соңында тілді алмаған,
Парақтап «үндеу» таратты.
Айтарға сөзі қалмаған,
«КГБ»-ны жерге қаратты.
«Жас ұлан» ұйым жасырын,
Кеңестік жүйе кезінде.
Жастардың жинап, жан сырын,
Қалдырды соқпақ ізінде.
(1969 жылдың күзінде)
Таратқан үндеу атқан оқ,
Бәрі де бір-ақ, Ел үшін!
Ерлікте үлкен-кіші жоқ,
Жарқыным сен, соны түсін!
Қарсылық үндеу шашылған,
Кеңестік жүйе тезіне.
Бұл да бір «үкі» тағылған,
Қазақ Тәуелсіздігіне — дей отырып, жанды жаншып құм қылған темір құрсауды жарып шыққан халқымыздың ғасырлар бойы ұмытылған «Тәуелсіздік — тәтті сезім» екенін дәлелдеудің өзі де артық шығар деп есептеймін!
Оларды құрған батырларды ұмытуға тиіс емеспіз!
Алайда менің айтайын дегенім бұл емес, достым!
Кәмелетке толмаған оқушы балаларды «қолға түсірген» Кеңес үкіметі кезіндегі қылышынан қан тамған үш әріп: «Бұлардың аржағында қытай тыңшысы тұр», — деп әуре-сарсаңға түскен еді. Сол уақытта «сендердің қолға түскендеріңді айтып», бізге бірінші болып хабар берген, сенің тікелей тапсырмаңды орындаған, кейін кенеттен қайтыс болған, марқұм Әпкең еді ғой. (Өкінішке орай ол кісінің атын ұмыттым.)
Менің бұл жазғандарыма марқұм Әпкеңнің де аруағы риза болар, «жатқан жері жаннатта болсын!» — дегім келеді.
Марқұм Әпкең маған: «Осы жасырын ұйымға қатысты барлық құжаттар мен ұлтшылдық тұрғысындағы барлық өлеңдерінің көзін жойсын», — деген сенің хабарыңды да жеткізген болатын.
Дегенмен сен өз сөзіңді ұстадың, бірақ «үндемес» бәрібір маған да шыққан еді ғой. Оның себебін мемлекеттік қылмыскерлерге арналған құралмен білгенін, кейін өзің айтқан едің ғой.
Әрине сөз жоқ, Арман бұл жерде сен ғана қатты ауыртпалықты көтердің, менің білуімше, мектептен шығарылған, комсомолдан қуылған басқа балалар болған жоқ. Әсіресе, «үн-парақты» басқан машинканың иесі болған қыздың, (өкінішке орай, оның кім екенін және ол қыздың аудандық сотта тергеуші болған ағасының да) тағдыры не болғанын әлі күнге дейін білмейміз. Бұл да бір өкінішті жайт!
Әрине, бұл жерде орын алған осы олқылықтар осыдан отыз жыл бұрын айтылмағандықтан, сіз бен біз үшін кешірілмес күнә секілді. Бұл бір. Бұл ұйымнан қалған жалғыз тұлға «мен» деп жазғаның да пендешілікке бой алдырғаныңды көрсетіп тұрғандай. Тым болмаса, «үндеудің!» сөзін құрастырып, аялдамаларға таратқандардың тізімін берудің де дұрыс екендігін ойламапсың ғой, достым. Барлық адамзат баласы бағзы заманнан әділеттікке, адамгершілікке, адалдыққа ұмтылса да, өмір бойы құлдық пендешіліктен, пенделік болмыстан арыла алмай келе жатқан секілді, неге?!
Қадірлі Арман достым!
Тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетін құрғанымен қазақ халқының «ұпайы» әлі де болса толық түгенделіп жатыр ма?!
Тіпті, таза Мемлекеттік Тілде жазылған төлқұжат куәліктің өзінде дұрыс жазылмайтынын екінің бірі біледі. Себебі қазақтың ұлттық өзгешелігіне, ерекшелігіне байланысты аты — алдында, тегі — соңында жазылуы керек емес пе?! Тәуелсіз қазақ мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болғанымен, өзіндік ұлттық ерекшелігіне байланысты халықтардың дүниежүзілік қауымдастығынан өзіне тән ерекшелікті талап ете алмай отыр ма, жоқ әлде, дәлелдей алмай отыр ма?!
Мысалы, Абай ақын десек, қазақтың екінің бірі біледі. Ал ақын Құнанбаев десек, көбі білмеуі мүмкін. Сол секілді, поэт Александр десе, көбінің білмеуі мүмкін, ал енді поэт Пушкин десе бәрі білетіні анық.
Осыған байланысты бұл арада дұрысы қазақ халқының мәңгілікке арналған тиянақты тұжырымдамасы, себебі адамның аты — ол жеке тұлғаның нақты анықтамасы. Жасампаздықты да жасайтын оның «тегі» емес, жеке Тұлғаның нақты өзі.
Бірақ біз дүниежүзіне өзіміздің осы Бабадан қалған нақты ұлттық тиянақты тұжырымдамамызды ең өкініштісі дәлелдей алмай отырған секілдіміз.
Ал енді, ең сорақысы тіпті дәлелдейтін ниет те жоқ секілді. Сондықтан бұл қалыппен қазақтың рухы қайтып көтеріледі?!
Бұған қоса, осындай келеңсіздіктердің шешілмей жатқан түйіндері, қазақ емес Қазақстан Республикасында әлі де болса жеткілікті. Ендеше, біздің ұсақталған пендешілігіміз жараса ма, достым?!
Негізінде, Қазақ халқы «жасымның жеткеніне емес, қадірімнің кеткеніне налимын», — деген екен.
Әрбір ұлттың қандай халық екені оның салт-сана дәстүрінен танылса, рухани дүниеміздің қуаты болған халқымыздың ұлағатты ұрпағына әспеттеп қалдырған мыңжылдық «аманатын» да жақсы білеміз.
Осыған байланысты Қазақ халқы Мемлекетті құраушы ұлт ретінде өрісі кең өрелі де қуатты, саналы да парасатты болмысын көрсетуге міндетті деп есептеймін.
Сол себепті «Алыста, не алыс?» — деген сұраққа «білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ» деген дана халқымыз осыған меңзеген секілді.
Бірақ «білімділік — жоғары оқу орнын бітіргендік емес, ол сөздің құдіретін «тани» білетінділігі және сөздің парқына «тоқтай» білетінділігі, қысқасы «білімділік — біліктілік!» екенін де дәлелдейді.
Бұл да бір қазақ ұлтының ерте кездегі таза мемлекеттік Далалық демократияның «Ұлылығы!», — дегім келеді.
Қазір біз бүкіл ғаламды шарлап кетсек те, сол дәуірдегі таза Мемлекеттік Далалық демократиямыздың «Ұлылығына», әлі де болса жете алмай жатқан секілдіміз.
Өзекті өртеген өкініш те сол!
Сондықтан халықаралық «Qazaqstan Zamany» газетінің бастамасымен өткізгелі отырған, бұрынғы «жасырын» ұйымдардың 50 жылдық, жарты ғасырлық ғұмырына арналған, «Кеңес кезіндегі «жасырын ұйымдардың қазіргі кезеңдегі қазақтың ұлттық мемлекетін қалыптастыруда атқаратын рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын толығымен қолдаймын.
Осындай салихалы да сабырлы халқымыз тұрғанда Қазақ Елі әлемде әлі де болса талай «қазақ ғажайыбын» жасайтынына да, адамзат баласының төрінен өзіне лайықты орнын алатынына да толық сенімдімін.
Құдайым, тек соған жеткізсін!!!

АСҚАР СӘРСЕНБАЙ

жазушы-әлеуметтанушы,
Алматы қаласы.

(4)

Ажал аралының тұтқыны

$
0
0

Биыл тоқсанға келіп отырған Әли Мырзалиев көкеміздің өмірі де, жан дүниесі де өзгеше һәм ерекше. «Неге олай?» деп оқырманымыз елең ете қалатыны сөзсіз. Сенбесеңіз ол кісінің өмірбаянына үңіліңіз. 

Арал теңізінің қазіргі мүшкіл хал-күйінен хабардар оқырманға «оның бұрынғы жағдайымен таныссыз ба?» деген сауал қойғым келеді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін суы кемеріне сыймай шалқып жатқан Арал теңізінің ортасында аралдар болған. Олардың ең үлкен «Барсакелмес» аралы еді. Жетпісінші жылдардан бұрынғы Аралдың жағдайы бұдан да жақсы, тіптен ертегідей болған. ХХ ғасырдың басында орыстар Аралға келіп, содан Барсакелмес аралына жүзіп барғанда оның сұлулығына ауыздары аңқиып қалыпты. Табиғаты жап-жасыл, неше түрлі гүлдер, сыңсыған тоғай, адамдардан үрікпейтін аңдар мен құстар, мамыражай бейбіт өмір… Олар көп ұзамай бұл аралды мемлекет қарауына алып табиғи қорық етіпті. Бірақ Мәскеу назарындағы бұл таңғажайып аралды отызыншы жылдары картадан біржола алып тастап, оны зұлымдықтың ордасына айналдыра бастайды. Яғни бұл аралды бактерологиялық, химиялық қаруларды жасырын сынайтын сынақ алаңына айналдырады. Иә, сондай ғажайып сұлулықты бүлдіруге көзі қиып, нағыз барсакелмес ажал аралына айналдырған не деген зұлымдық десеңші!
Жетім балаларды тірідей сынаққа салған зұлымдар

Мұның бәрін сіздерге айтып миларыңызды ашытқандағы себебіміз Арал және оның Барсакелмес аралы бүгін сөз еткелі отырған біздің кейіпкеріміз, тоқсандағы Әли ақсақалымыздың тағдырымен сабақтас. Әли атамыздың өмірінің балалық шағы өксікке толы болды. Отызыншы жылдары өздеріңіз білесіздер қазақ халқының басына бұлт үйірілген нәубетті жылдар еді ғой. Ол кісі 1928 ж. дүниеге келгенде іле-шала байларды тәркілеу туралы Голощекиннің бұйрығы шықты. Содан соң араға екі-үш жылды салып қазақ халқының жартысын қырған аштық зобалаңы келді. Міне осындай дүрбелең шақтарда Әли көкеміз әке-шешесінен ерте айрылып, әлдекімдер оны жетімдер үйіне апарып тастайды. Он екі жасқа дейін Арыс қаласының жетімдер үйінде өседі. Міне осы кезде Әли көкеміздің өмірінде ерекше бетбұрыс басталады. Сөзді Әли көкеміздің өзіне берелік.
— Бірде біздің тұрып жатқан балалар үйіне үш-төрт әскери адам келді. Әлі есімде сол кезде «Соғыс басталды» деген жаман хабар да келіп жатқан. Жаңағы әскери адамдар балаларды сапқа тұрғызып он, он екі жасар балаларды таңдап ала бастады. Қателеспесем 15-16 баланы іріктеп алды. Біз ойладық, соғысқа алып жатқан болар деп. Жақсылап киіндірді. Әрқайсымызға тамақ, консерві салған рюкзак берді. Кешке пойызға мінгізіп, әлдебір жаққа алып кете барды. Бұл 1941 жыл болатын. Кейін білдім, бізді мұнда әкелген себебі химиялық, бактерологиялық сынақтар кезінде адам баласы қандай күйде болатынын зерттеу мақсатында екен. Яғни бізді тірілей сынаққа салып, қоян тәрізді құрбандыққа шалуға әкеліпті. Біздей жетімдер ол зұлымдар үшін таптырмас құрбандық емес пе? Өлсек ешкім іздемейді. Сонымен мен 1941 жылдан 1943 жылдың күзіне дейін Барсакелместе, одан соң 1945жылдың тамызына дейін Үстіртте болдым. Бізді бірден Барсакелместегі бір үлкен үй маңына алып келді. Алғаш сыртынан қарап, үй шығар деп ойлаушы едім, кейін оның бактериологиялық қару шығаратын биохимиялық зауыт екенін білдім. Өзіммен бірге келген балаларды қайда алып кеткенін білмеймін, олардан көз жазып қалдым. Маған қатерлі вирусты салған жоқ, себебі мені мал бағуға пайдаланды. Үш жыл Барсакелместе 500-ге тарта қой бақсам, кейін Үстіртте 150-ге тарта қойды екі жыл бақтым. Барсакелместе қойдың етін сол жердегі жұмыс істейтіндерге тамаққа пайдаланатын. Ал Үстіртте ғалымдар көрсеткен бағыт бойынша малды айдап отырдым. Яғни, онда жер астында атом бомбасын сынады. Жарылыстан кейін радиактивті магниттік өрісі мал мен адамға қалай әсер ететінін зерттеп, тәжірибе жасаған. Сонда алдымдағы қойдың жүні түсіп, бір аптада қызылшақаланып, құрттап өліп қалатын. Өзімнің де үсті-басым қотырланып, жара басып кететін. Басым айналып, ес-түссіз құлап қалған кезім көп болды, — дейді ақсақал.
Қарияның айтуынша, Кеңес Одағы бактерологиялық қаруды Аралдағы Барсакелместе шығарса, ал химиялық дәрілер Ташкентте жасалған. 1992 жылы Возрождениедегі барлық бактериялық зертханалар, құрал-саймандар Тайсойғанға көшірілді. Қазір сонда әлі күнге сынақтар жүргізіледі. Ал Тайсойған-ежелгі қазақтың жері, кейін Ресейге уақытша берілген. Оны ежелден қазақ «Қарақазан қақпағы» деп атапты.
— 1941 жылы бактерологиялық зертханаларды өз көзіммен көрдім. Онда әртүрлі дерттер ойлап шығарылды. 1924-1938 жылдары халықты жаппай қыратын бактерия-вирустарды еге бастады. Оны Барсакелместе жүзеге асырды. 1973 жылы Барсакелмес екі құрлық болып бөлініп кеткенде, әскери билік біреуі Возрождение болсын, екіншісі Барсакелмес болып қалсын деп шешім шығарған. Негізінен Қызылорда, Арал маңындағы тұрғындар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау халқының едәуір бөлігі осы жасырын сынақтардың құрбаны болды. Сол жылдары көптеген қазақтар аурудан қашып, жан-жаққа қаңғырып кетті. Қатерлі дерт тудыратын дәрі егілген үйде бір жан қалмайтын, бәрі қырылды. Сол үйді ертеңгісін медбике барып тексергенде, баласын емізіп отырған әйелдерге дейін өліп қалатын. Содан соң оларды бензин құйып өртейтін. Қазақ солай қырыла бастаған соң, тұс-тұсқа босып кетті. Барсакелместе әр республикадан, әсіресе Ресейден келген академиктер, профессорлар жұмыс істеді. Олар қазақ халқына, жалпы Орта Азия халықтарына ауру тудыратын вирусты алдап егіп отырған. Қазақ жерінде осы бактерологиялық сынақтар жүргізу салдарынан оба, холера, күйдіргі, бөртпе сүзегі т.б. аурулар кең етек жайып, қаптап кетті. Қазақ халқының көбі осы аурулардан қырылды. 1953 жылы Ташкенттегі химиялық қарулардың барлығын Ақдалаға әкеліп көмді. Ақдалаға көметін кезде әрбір үйдің есігінің алдында екі милициядан тұрған. Үйден ешкімді шығармады. Ақдалада не болмаса Возрождениеде көмулі жатқан бөшкелер тозып жарылса, сол аудан маңында тұратын халық қырылады, тіпті енді жарылып та жатқан шығар, білмейміз, — дейді Әли ата.
Бүгінде Возрождение аралында 40 жылдан бері жануарларға, тіпті адамдарға да микробиологиялық сынақтар жүргізіліп келгені жасырын емес. Арал теңізінде балық аулап жүрген балықшыларды да қайығын аударып суға батырып, сынақ жасау үшін ұстап әкетіп отырған. Жастай жетім қалып, балалық шағын Барсакелмес пен Үстіртте өткізіп, басынан небір азапты өткізген жетім бала кейін ол жерден қашып шыққан соң ержетіп, ауыл шаруашылығы институтының гидрофакультетін бітіріп, академияда қызметке қалады.

Ақсақал шерткен Возрождениенің сұрқия құпиясы

— Возрождениені апатты жер деп атауға болады. Жұқпалы дәрі-дәрмектің барлығы сол жерде көмулі жатыр. Ол кезде жер астындағы зертханаларда ұшақтар ұшып кіріп шығатын. Қазір сол орындар, ұшақтардың кіретін жеріне дейін бұрынғы қалпында тұр. Олар сол жерге қанға толы РТ-250 деп аталатын бөшкені алып келетін. Тот баспайтын бөшке 2 қабаттан тұратын. Ақиқатын айтқанда, нағыз геноцид бізде болды. Өлген адамның қанын шприцпен сорып алып, бөшкеге құйып, зертханаларға алып келетін. Сол қаннан оба, безгек, қара шешек, холера ауруларының миллиондаған түрін тудыратын дәрілер жасайтын. 1946 жылы шыққан қаулыға сәйкес әр республикадан жинаған медбикелерді Арал теңізінің жанына шоғырландырды. Қазақстанның өзінен 800-ден аса медбике әкелді. Бәрін бір жерге орналастырды. Фрунзеден, Ташкенттен, Ашхабадтан, Душанбеден т.б. елдерден де медбикелер барды. Сынақ жүргізген 800 медбикеден екі-ақ әйел тірі қайтқан. Олармен қарым-қатынас жасап тұратынмын. Біреуі қазақ әйелі еді, 2001 жылы наурызда қайтыс болды. Екіншісі еліне, Украинаға кетіп қалды. Олар оба ауруына қарсы дәрі егеміз деп ауру тудыратын вакцинаны сап-сау адамға салатын. Содан соң медбикелер барып тексергенде, бәрі қырылып қалатын, бір адам аман қалмайтын. Ақтөбе мен Оралдың екі арасындағы Ойыл, Қобда дейтін аудандарда Возрождениенің зертханалары болды. Оны мен институтты бітірген соң, Ойылда 5-6 ай бойы тәжірибе-сынақ жүргізгенде байқадым. Ойылдан Ақтөбеге қарай келе жатқанымда мәшине басқа жолға түсіп кетіп, құмның ортасындағы зертхананың төбесінен түскенбіз. Сөйтсем, ондай зертхана Қазақстанда өте көп екен. Онда сау кісіні де, ауру кісіні де апарып сынаған. Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау халқының көпшілігі қатерлі ісік, тубуркулезбен ауырады. Ол жерлерде қазір қол-аяғы жоқ әртүрлі патологиядағы мүгедек балалар дүниеге келеді. Балаларда ерте қартаю кездесіп отыр. Міне осының бәрі бактериялық, химиялық қарудың салдары. Үкімет Возрождениенің, Барсакелместің зардаптарын ашып айтпайды. Осыдан 7-8 жыл бұрын біздің Үкіметте дүниежүзінің зиянды қалдықтарын Қазақстанға алып келіп көму жөнінде үлкен әңгіме болды. Яғни, бізге шетелдіктер сол үшін ақша төлейміз деді. Алайда, бұл жоспар жүзеге аспай қалды. Мұның астарында үлкен саясат жатыр. Егер де солай бола қалған жағдайда Ресей 1924-1992 жылдары Қазақстан мен Орта Азияға жасаған зұлымдықтарынан тазарып, құтылып кетуі мүмкін еді, — деді ол.

Жер астындағы қаруларды  залалсыздандырмаса қасірет әкеледі

Ақсақал алайда Үстіртте, Аралда болғанда да небір сұмдықты, азапты күндерді басынан кешірді. Атом бомбасы сыналған жерге малды айдап жүріп өзі де радиация алды. Сынақтан өлген адамдарға толы шұңқырларды да өз көзімен көрген. Тіпті ол кісінің өзін де өлдіге санап, осындай шұңқырларға екі рет тастаған екен. Тек бір құдіреттің күшімен әрқайсысында есін жиып, аман-есен қалыпты.
— Үстіртте жүргенде маған офицерлер аптасына, тіпті кейде екі аптада бір рет бір бөлке нан әкеліп беретін. Ал ол жас балаға азық болушы ма еді? Содан талай аш қалдым. Сондықтан көбіне жылан, кесірткені аулап жеп, жан сақтадым. Әсіресе кесірткенің адамға кәдімгідей талғажау болатынын сонда білдім. Бір күні аптасына бір рет тамақ әкеліп тұратын офицер келмеді. Мүлде аш қалдым. Ол аз болғандай келе сала ол мені ат үстінде тұрып қамшының астына алды. Жаныма батып бара жатқан соң ызаға булығып, ат үстінде жайбарақат тұрған офицердің жағасына жармастым да аударып түсірдім. Содан құлаған бетте тұра алмай жатқанда оны ес жидырмай тепкінің астына алдым. Аты қашып кетті. Ол: «мен сені өлтіремін, иманыңды үйіре бер», — деп, долданып жаяу қайтып кеткен. Осы жағдайдан кейін мені енді тірі қалдырмайтынын сездім. Алдында жер жағдайын бағдарлап жүруші едім, қашуға бел будым. Түнімен қаштым. Әлсіз, аш адамда қанша қауқар бар дейсің… Сүрініп-қабынып жүгіре бердім, жүгіре бердім. Таң сызат бергенде, бір түп сексеуілдің түбіне өзімді құмға көміп, тығылып жаттым. Кеш батқанша жатқан орнымнан қозғалмадым. Олардың мені жер бауырлап ұшатын әскери тікұшақпен ары-бері іздегенін де, оқты қардай боратқанын да көріп жаттым. Түн қараңғылана бере тағы қаштым. Сөйтіп, өлімтігімді сүйреп бір разьезден бір-ақ шықтым. Содан темір жолға жетіп, жүк пойызына мініп, Ташкентке тартып кеттім. Бірақ сол Барсакелместен, Үстірттен тапқан аурудың салдарын 45-46 жасқа дейін қатты тарттым. Кейін уақыт түзеле бастағанда Алматыға келіп, жоғары оқу орнын бітіріп, қызмет істедім. Әрине, бұл сұмдықты істеген қоғам келмеске кетті. Бірақ кезінде адамзатты жаппай қырып-жоюға арналған бактериологиялық қарудың зардабын халық тартып жатыр. Егер де қазір ашық-шашық жатқан Возрождение, Барсакелмес қауіпті аралдарын қатаң бақылауға алып, оның маңайын залалсыздандырмасақ, үлкен қасіретке әкелуі мүмкін. Кезінде біз, яғни менің замандастарым бастан кешкен сұмдық тарихтың қайталанғанын қаламаймын» — дейді ауыр күрсінген Әли көкеміз.

Тайсойғанда таусылмас мұнай көзі бар

Кеңес өкіметі кезінде Әли ақсақал үнемі КГБ-ның бақылауында болады. Үйде де, түзде де артынан қаракөлеңкелер еріп, күзетіп жүреді екен. Қайсар да іскер көкеміз он жеті жасында Үстірттен қашып, Ташкент қаласына барғанда өзін емдетіп, мектепте оқытып, жоғары оқу орнына түсіріп жақсылық жасаған адамдарға үнемі алғысын айтып жүреді. Өзіңіз бір сәт ойлап көріңізші. Бес жылдай жабайы өмір кешіп содан соң өзінен он жас кіші балалармен бірге оқып, олардан озып, орта мектепті бітіруі қайсарлық демей көріңізші! Жоғары оқу орнын бітірген соң ол кісі лауазымды қызметтерде жұмыс істейді. Газет, журнал, кітапты қазірдің өзінде әшкейсіз оқиды. Өмірге, саясатқа деген көзқарасы өте терең дана қарт елінің, ұлтының болашағына алаңдайды. Тек алаңдап қана қоймайды, кесек-кесек ойлар айтады. Мәселен өзі жас кезінде құлдықта болған үстірттің Тайсойған жерінде өмірбақи таусылмайтын мұнай көзі бар екенін сенімді түрде бізге айтып берді. Себебі бұл жерді қазақ бабамыз «Қарақазан қақпағы» деп босқа жария етпеген. Әли көкеміздің зерттеуінше мұнда бүкіл жер-шарындағы мұнайдың негізгі көзі жатыр. Егер бұл жерден мұнайды сорып ала бастасақ жер-ананың тамыр-тамыры арқылы барлық қара алтын осында ағып келіп жиналады. «Бұл Алланың қазаққа берген несібесі» дейді ақсақал. Сондай-ақ Тарбағатайда көмірдің таусылмас көзі бар екенін ол кісі картаға сызып тұрып берді. Оңтүстікте алтын қоры бар екенін айтты да, бірақ оның қай жерде жатқанын белгілемеді. «Бірге барып көрсетемін» деді Әли көкем менің құлағыма сыбырлап…
Иә, Әли көкеміз тағы да айтамыз ерекше һәм өзгеше жан. Биыл тоқсанның төбесіне шықты. Шүкір, көкеміз әлі бақуатты. Газетіміздің жанашыры Әли ақсақалды мерейтойымен құттықтай отырып, жеңешем екеуі жүз жасқа бірге жетіп, бақытты ғұмыр кешуіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Ертай Айғалиұлы

(3)

Ботайдың кім екенін білесіз бе?

$
0
0

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысының мақаласында айтылғандай, туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Ауылыңның, өлкенің тарихын білу — рухани жаңғыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың кепілі деуге болады.
Бүгінде Үкіметіміздің шешімімен “Туған жер” бағдарламасы бойынша Қазақстанда мемлекеттің қаржысымен құрылатын үш тарихи қорымның біреуі — Ботай қонысы.
Ботай ауылының аймағын ғылыми-зерттеу өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары басталды. Сол кезден бастап Ботай деген атау ғылыми айналымға еніп, енді Ботай мәдениеті деп атап жүр. Ботай қонысының табылуы бүкіл әлем ғалымдарының назарын аударған тосын оқиға болды десек, артық емес. Себебі, Ботай ауылының түбінде осыдан бес мың жылдан артық уақыт бұрын ежелгі адамдар жабайы жылқыны қолға үйреткені дәлелденіп, сол арқылы біз тарих дөңгелегін 53 ғасыр кейін айналдырдық десек, артық емес. Сөйтіп, Ботай мәдениетінің ашылуы Қазақстанның тарихын одан әрі ұлғайтты. Егер осы оқиғаға дейін біз өз тарихымызды үш мың жыл деп, яғни көбінесе сақ дәуірінен бастайтынбыз, енді оны бес мың жыл ауқымында айшықтауға мүмкіндік туды.
Демек, Ботай ауылы — адамзат үшін Адам атаның қо¬нысы дерліктей киелі жер. Ол — Қазақстандағы ерте дүние аймағының ең көне мекені. Мұндай құрмет әрбір ауылдың еншісіне тие бермейтіні белгілі. Ботай мәдениеті туралы көп жазылып жатыр, оның негізінде академик, доктор, кандидат деген ғылыми атақтар да алып жатыр. Ботай бабамыздың шапағаты адамдарға тие берсін дейміз, ол көпшіліктің, жалпы адамзаттың көне мекеніне айналды ғой деп қуанамыз. Менің бүгінгі мақсатым — Ботай бабамыздың өзі кім болғанын, тек ауылының атымен ғана шектелмей, жеке басын жұртшылыққа таныстыру еді.
Осы тарихи орынның ашылуына себепші болған тағы да Ботай бабамыздың бүгінгі көптеген тікелей ұрпақтарының бірі Есіләмбек Зікірияұлы ағамыз болатын. Есіләмбек Зікірияұлы 1927 жылы туған, біздің ауылда соғыстан кейінгі жылдары бастауыш мектептің мұғалімі болды, содан кейін Қарағанды пединститутының тарих факультетін бітіріп, тарих сабағын жүргізді. Бастауыш мектептегі менің де құрметті ұстазым. Жоғары білім алғаннан кейін ол кісіні көрші Никольский селосына жетіжылдық мектептің директоры етіп жіберді. Ол село Ботай ауылынан 3-4 шақырым жерде, Иман-Борлық өзенінің жағасында.
Тарих пәнінің мұғалімі ретінде Есіләмбек ағамыз сыныптың оқушыларын селоның іргесіндегі өзен жағасына экскурсияға апарып жүреді. Оның тарихшы ретіндегі қызыққаны: осы өзеннің жағасы кәдуілгі малдың сүйектеріне толы, айналада шашылып жатыр және олар өте көп. Міне, осы жағдай ол кісіні қызықтырып, жәдігерлерді облыс орталығындағы Көкшетау облыстық мұражайына апарып тапсырады. Сол мұражайда экспонат ретінде олар он шақты жыл тұрады. 80-ші жылдардың басында көрші Петропавл қаласындағы пединституттың тарих пәнінің оқытушысы сол экспонаттарды көріп, мұнда қайдан келгенін біліп, Никольскийге тартады. Міне, Ботай мәдениетінің ашылуы осындай кездейсоқ жағдайдан бастау алады.
Бүгінгі күні ғалымдар да, жай халық та Ботай мәдениетін біледі, ал бірақ оның кімнің атымен солай аталғанын, тіпті, білмейтіні қынжылтады. Мен енді сол әділетсіздіктің орнын толтырып, Ботай бабамыз туралы аз-мұз мәлімет берсем деймін. Екінші мақсатым — Ботай бабамыз тарихымыздан лайықты орнын алып жатса, мемлекеттік қорықтың ашылуына байланысты комиссия мүшелеріне құлаққағыс қылып, ардақты тұлғаны да ұмыт қалдырмай, оның зиратының басына лайықты белгі қоюға көңілдерін аудару еді. Тіпті, оның зираты ауылының іргесінде, сонадайдан көрініп те тұр. Қазірде Ботай баба қабірінің маңында тас-құм шығаратын карьер жұмыс істеп жатыр екен. Олар қабірдің басындағы белгіні алып тастап, оны карьерге айнал¬дырып жіберуі де мүмкін. Енді ке¬шік¬сек, тіпті, Ботай бабамыздың жатқан жерінен де айырылып қалуымыз мүмкін.
Ботай бабамыз сондай құрметке лайық па, әлде оның лауазымы тек ауылының атымен ғана шектеле ме?
Ботай көзі ашық зиялы азамат, қажылық парызын өтеген, би болған. Отаршылдық саясатқа қарсы болады, жергілікті орыс әкімшілігіне жағынудан, қызмет етуден бас тартады және өз ауылдастарына ақылын айтып, отаршылдардың қитұрқы әрекеттерін әшкерелеп отырады. Әрине, Ботай сияқты көзі ашық, зиялы азаматтардың қазақ же¬рінде көп болғанын байқауға болады. Бұрынғы кеңес¬тік идеология қазақтар орыс шаруаларының келуін қуана қарсы алып, олардан егіншілікті, тағы басқа нәрселерді үйренді деген қауесеттерді санамызға сіңіріп келгенін білеміз.
Ботай бабамыздың әкесі Досан да — қазақ тарихында өз орны бар тұлғалардың бірі. Ол — Абылай ханның замандасы. Он сегіз жасынан ханның жасағында болып, жорықтарына қатысып, ерлік көрсеткен. Есейе келе ханның сенімді серігі болады. Т.Сәдуақасовтың “Ел мен жер” атты кітабында: “Әбілқайыр ханмен бірге ант бергендер Орта жүз, Арғын руынан… 19. Қарасай батыр (Қосқұл, Ораз), 22. Досан батыр”, — делінген. Бұл автор өз кітабын тек қана мұражай құжаттарына сүйеніп жазған, сондықтан біз оған сенеміз, Досан бабамыздың батыр, Абылай ханның сенімді серігі болғанына қуанамыз.
Ботай бабамыздың кенже, жетінші ұлы — Кенжебек. Өзінен бұрын жүз жыл бұрын өзінің атасы Досан батыр Жоңғар басқыншыларынан елін азат етсе, енді сол қалмақтардың жолына түсіп, еліне баса-көктеп кірген Ресей империясына қарсы Кенесары ханның көтерілісіне өз еркімен аттанып, азаттық жолында жанын құрбандыққа шалады. Кенжебек бабамыздың осы ерлігіне дәлел ретінде мынадай құжаттарды келтіруге болады. Ботай бабамыздың немересі Шәлтік және Жақия қажылардың жазбаларынан табылған мына жолдарды келтірейік:
“Ботайдың кенжесі Кенжебек 23 жасында Кенесарының сарбазы болып, Көшқұлыдан жүздеген жігітті ертіп, көтерілісшілерге қосылыпты. Көптеген ерлігін елге оралған жігіттерден естіп, риза болдық. Кенжебек Ақмола қамалын алғанда ерлікпен қаза тапқан”. (Шәлтік қажы, 1925 жылы қайтыс болған).
Жетінші Кенжебегі батыр туған,
Кенесары сарбазы боп өзі аттанған.
Бостандықты аңсаған Кене ханмен,
Қамалын Ақмоланың бірге алған.
Кенжебек тас қамалда ойран салды,
Ілгері ұмтылыпты топты жарып.
Сегізін патша әскерін жайратқан соң,
Ақыры ерлікпенен қаза тапты. (Жақия қажы).
Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Ботай ұрпақтарының ішінде ең білімдісі Шәлтік қажы болған дейді, екі рет қажылыққа барған, еліміздің қажылар кітабында 1905 жылы Ботай округінен барған деген дерек бар. Оның ұлы Сүлеймен де әке жолын қуып, білімді, шешен болған, би болып, заманындағы әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге белсене араласып, әділ төрелік еткен. Інісі Бәшәрдің өзі сияқты шешендік, іскерлік қабілетін сезіп, ел басқару ісіне араластырады, келешекте өз орнына баулиды, сондықтан оны ылғи жанына ертіп жүреді.
Әрине, Сүлейменнің, Бәшәрдің одан әрі ел басқарып, халыққа адал қызмет етуіне кеңес өкіметінің орнауы кедергі жасайды, олардың қанатын қияды. Сүлеймен 1927 жылы 54 жасында аң аулап жүргенде суық тиіп, қайтыс болады. Шәлтік, Бәшәр сияқты басқа да зиялы аталарымыз болды, себебі, Ботайдың барлық ұрпақтары, немерелері мен шөберелері, т.б. бір-бірінен кем болған жоқ. Олар сауатты, білімді, асыл азаматтар болған.
ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары және жаңа ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп жатқан Ботай ұрпақтарының өмірі де өте күрделі болды. Оған таңғалуға болмайды, себебі, мұндай жағдайды бүкіл халқымыз басынан кешірді емес пе?
Ботайлықтар ұжымдастыруды да, аштықты да, сталиндік қуғын-сүргінді де, Отан соғысының ауыртпалығын да бастарынан кешірді. Олар өз еліне, жеріне адал қызмет етіп, жаңа ұрпақтың өсіп-өнуіне бар күш-жігерлерін жұмсады. Бұларды біз Ботай атамыздың үшінші ұрпағы дегеніміз жөн.
Міне, осы ұрпақтың заманы қандай болды деген сұрақ туады.
Иман-Борлық өзені жағасындағы шұрайлы Ботай бабамыздың қонысына Никольское деген орыс селосын қонжитты. Оның жанындағы нағыз егін салатын алқапқа Высокое деген орыс селосын орнатты. Грачевка, Казанка, Кирилловка, Все-володовка, т.б. орыс селолары ботайлықтарды жан-жақтан қоршап алды. Колхоз құрылғанда Ботай колхозында 800 гектар ғана жері болатын, ал маңайындағы орыс колхоздарының жерлері екі-үш есе көп болатын. Міне, қыспақ деген осы, ғасырлар бойғы өзіңнің жекеменшігіңнен айырылу осы емес пе?
Осындай қилы заманда өмір сүрген Ботай ұрпақтары өз елдігін сақтап қалды, ұжымдасып, бір ауыл болып еңбек етті, келешекке үлкен үмітпен қарады, оқып, білім алуға тырысты, қажет болғанда, Отанын қорғауға да шын ықыластарымен аттанды.
Осы орайда Батырханның ұлы Қами ағамызды ерекше атауымыз керек. Ол орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының жағрапия факультетін бітіреді де, сол институттың тарих мамандығы бойынша сырттай оқуға түседі. Ботай ұрпақтарының ішінен алғаш ғылым кандидаты болады.
Бұл ұрпақтың ерекшелігі — соғыстың жеңісінен кейін келешекке үлкен үміт артып, бейбіт өмірге белсене араласуы, оқу оқып, мамандық алуы, балашағаны өсіріп, елдің көркеюіне атсалысуы. Ботай ауылының жастары осы бағытта көптеген жетістіктерге жетті деуге болады. Мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарына түсті, мамандық алып, әр салада қызмет етті. Ал тәуелсіздігіміз нығайып, өркендеген заманда да Ботай ұрпақтары өз жерінің тектілігін жалғастырды. Іскер азаматтар да, ғалым да, мемлекеттік қызметкер де, министр де, әкім де шықты. Қалит Зікірияұлы министр болса, Манарбек Бүркітбайұлы Көкшетау қаласының әкімі болып біраз жыл абыройлы еңбек етті. Үш ғылым докторы, оның ішінде екі медицина ғылымдарының докторы бар. Профессор Абай Байгенжин қазір “Ұлттық ғылыми медициналық орталығы” акционерлік қоғамының директоры болып қызмет атқаруда. Одан кейінгі осы саланың докторы, профессор Әділ Хамзин — урология саласының халықаралық деңгейдегі маманы. Ал ғылым кандидаттары болып қызмет етіп жатқан ботайлықтарды айта берсек, өте ұзын тізбек болуы мүмкін.
Бұл арада біз Есіләмбек ағамыз жайлы айтуды парыз деп есептейміз. Өйткені Ботай ауылының атын бүкіл әлемге әйгілі қылған осы ағамыз. Ботай мәдениетінің ашылуы — қазақ тарихының ерен олжасы. Ол нені көрсетеді? Ол бүгінгі қазақтардың тегі, ата-бабалары осы жерден, яғни байырғы қазақ жерінен, осы аймақтан басталады деген сөз. Тас дәуірінен бастап осы жерлерде мекендеген тайпалар — бүгінгі қазақтың тегі. Қазақтан басқа ешкім мұнда тұрған жоқ. Міне, Есіләмбек Зікірияұлының ашқан ең басты жаңалығы осы. Ботай баба атымен айшықталған, күллі әлемге әйгіленген Ботай мәдениеті — қазақ тарихының ажырамас бөлігі, тұма бастауы.

Әміржан Шалтықов

(6)

Жат атауды өзгерту — тәуелсіздік талабы

$
0
0

Жат атауды өзгерту — тәуелсіздік талабы немесе Жер иесі, ата-жұрты үшін қанын төккен Әлмерек абыздың атын Шонжыға неге қоймасқа?!

Газетіміздің №34 санында (30 қыркүйек) тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих этнология институтының қызметкері Әлімғазы Дәулетхан ағамыздың «Абдуллажан, жер-су атауларын жекелендіруге болмайды» деген мақаласы шыққан болатын. Бұл мақала туралы қоңырау шалғандар, әдейі ат басын бұрып келгендер де болды. Солардың бірі бүгін өз пікірін ортаға салып отырған Нұрмұқан Жанұзақұлы ағамыз.

Әлмерек абыз кім болған?

Әлмерек Жаншықұлы қазақ ұлтының ұлы жүз Албан тайпасынан Бәйдібек бидің жетінші ұрпағы немесе Жаншық, Бозым, Сүйменді, Сары, Албан, Жарқышақ, Бәйдібек болып таралады. 1658 жылы туылып 1754 жылы 96 жасында қайтыс болған. Сүйегі Алматы қаласының солтүстік шетіндегі «Әлмерек мазарында». Әлмерек бабамыз қазақ тарихында Албан тайпасындағы Абыз атын алған екінші кісі. Қазақ даласының аты әлемге жайылған, ел бастаған серкелерінің бірі — Шоған абыздан кейін ел ардагерлерінің ешқайсысына мынадай атақ бұйырмаған. Абыз дегеніміз — сол ру-тайпаның билерінің билігінің таласқа түскендеріне соңғы кесім жасаушы болса керек.
Әлмерек абыз бабаның туылған жылдары Қазақ ханы Жәңгірдің хандық құрған (1645-1680) кезіне тұспа-тұс келеді. Жәңгір ханды дене бітіміне қарай ел «Салқам Жәңгір» атаған. Жоңғар қалмақтары Қазақ даласын басып алуды сол Салқам Жәңгірдің хандық құрған кезінен бастаған. Сол соғыстарда Әлмерек соғыс өнеріне жан-жақтылы жетілген батыр атанады. 1680 жылғы Жоңғарға қарсы кескілескен соғыста Салқам Жәңгір хан қайтыс болады. Қазақтар алғаш рет жеңіске жеткенімен көп шығын тартады. Сонда да жаудың аптығы басылып, орнына баласы Тәуке таққа отырады. Ол әкесі тұсындағы бытыраңдылық пен тайпалар арасындағы алауыздықты жойып, қазақ елінің ішкі алауыздығын бәсеңдетіп, тыныштық орнатады. Осы даналығы үшін Қазақ халқы Тәукені «әз-Тәуке» — «Адамзаттың данасы» деп атап кетеді. Әлмерек әз-Тәуке хан жағынан бір бағыттағы сарбаздарға қолбасылық істейді. Әз-Тәуке хан жоңғарлармен бейбіт көршілік қатынас орнату үшін Қазыбек биді жоңғарларға елшілікке жібереді. Құлпырған Қазақ даласына көз тіккен қалмақтар келісім бермейді. Ал қазақтар өз жерін қорғап соғысады. Соғыс Тәуке хан тұсында да толастаған жоқ. Сол ұлтын, отанын, сүйемдей жерді қорғау үшін болған қанды шайқастардың ортасында қол бастап Әлмерек баба мен Қангелді батыр жүреді. Әлмерек бабаның қорғаған территориясы Жетісу өңірі яки қазіргі Алматы облысының жер көлемі екенін тарих шындығы дәлелдейді. Аңыздардағы ел аузында сол соғыстардың бірінде Әлмерек батыр Шонжы атты қалмақ батырының басын алады. Әлмерек пен Қангелді батырлар қалмақтармен соғысып жүргенде Қазақстанның басқа ұлттарын, әсіресе «империямыз бар еді» дейтін ұйғырлардың көлеңкесі де жоқ еді.
1718 жылы әз-Тәуке хан қайтыс болған соң ел іргесі бүліне бастады. Бұрыннан Тәуке ханнан ірге бөлгісі келіп жүрген кіші хан атағы барлар бас-басына кетіп, хандықтың берекесі кетті. Ел басын біріктірер хан шықпады. Қазақтың алтыбақан алауыз сұрқын көрген Жоңғар хандығы шабуылдаудың орайы туды деп біліп, 1723 жылы көктемде Қазақстанның оңтүстік бөлігіне баса-көктеп кіріп, бейбіт жатқан елді қырғындады. Тірі қалғандарының бір бөлігі жоңғарларға бағынып, ауыр азапты құлдық тірлік кешсе, енді бір бөлігі батысқа қашты. 1724-1725 жылдары жоңғарлар Сырдарияның бойына дейін жетіп, қазақтар Самарқанд, Алқакөл жаққа дейін қашып барды. Қазақтың тең жарымы қырылып, жоғалып кеткен бұл қасіретті заманды халық «Алқакөл сұлама» деп атады. Қазақ ұлты осындай ауыр қауіп басқа төнгенде қартайып қалған Әлмерек баба жас батыр Райымбекке жол көрсетіп, жауға қарсы қосын бастауға баулыды. Қосын ұйымдастырып, Жоңғар қалмақтарын қанға бөктіріп, олардың Жетісудағы қосынын Қытай шекарасы Сарсүмбеге дейін түре қуды. Қалмақтардың алғашқы қырғыны қазіргі Еңбекші қазақ ауданы мен Шонжы ауданы ортасындағы Көкбек жазығында болған. Қазірде сол жылдардағы Қазақ қосыны қалмақты қырған жерді «Ойран төбе» деп атайды. Онда Райымбек батыр (Қангелді батырдың немересі) бастаған Қазақ (албан, суандардан ұйымдасқан) қолы қалмақтармен болған үш шайқаста он мыңға жақын қолын қырып, екінші рет бұл араға қалмақтарды аяқ баспайтын еткен. Міне осы ұлы жеңістің басы-қасында адуын батыр, ақ баталы қарт Әлмерек абыз болған. Ол — ол ма, Әлмерек баба  әулиелігі арқылы жаудың жауырыншысын, өзінің жауырыншылық әулиелік өнерімен жаңылдырып, қалмақтарды алдап әкеліп, қазақ қосынының қоршауына түсірген. Осы данышпан Әлмерек баба Райымбек батыр әр реткі соғысқа аттанарда Әлмерек бабасынан бата алып, жауға аттанып отырған. Бұл шындықтар, Қазақтың ақ сұңқар ақыны Мұқағали Мақатаевтің «Райымбек, Райымбек!» дастанында төгіле жырланады. Тағы да баба туралы жазылған «Әлмерек баба» атты өмірбаяндық романда да тәптіштей айтылған.
Әлмерек баба жас кезінде әскери қолбасшы, орта жастан өткенде Абыз би, қартайған шағында көріпкел әулие болған адам. Абыз би болған кезінде елдің ішкі ынтымағын күшейтуге, елдің соғыстан кейінгі тұрмыс-тіршілігін қалпына келтіруге басшылық еткен. Халқын алғаш рет егіншілікке, отырықшылыққа бастаған адам. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Байсейіт ауылдарында сол отырықшылықтың айшықты іздері жатыр. «Малыбай тоғанда да» солай. (Байсейіт, Малыбайлар Әлмерек баба немерелерінің аттары).
Қытай қазақтарының ғалым, жазушы, зерттеуші Тәліпбай Қабаев пен Қазақстан зерттеушісі Ораз Қауғабаевтің «Әлмеректің бес баласы және Еділ-Жайық» атты кітаптарында Әлмерек бидің әулиелігімен одан тараған ұрпақтардың да ел қамын түгендеген, ел намысын өз жандарынан артық көрген, ұлт намысын ту етіп көтерген данышпандар мен батырлар болғанын айтады. Үлкен баласы Жәнібек батыр, ал одан тараған Пұсырманбай, Тазабак, Жақыпберділердің Орыс империясының қазақ жерін тартып алған зорлығына қол бастап, қарумен қарсы тұрған батырлар екені тарих бетінде жазулы. Екінші ұлы Құрман Албан тайпасындағы ең өскен ру болып «Қабырға жетпес Қара Құрман» деп аталды. Құрман тұқымынан болған шөбересі Саурық батыр орыс пен қытайдан Қазақ жерін қорғау күресінде қастандықпен өлтірілсе, Саурық батырдың баласы Ұзақ батыр Ресей империясына қарсы көтерілген атақты Қарқара көтерілісінің ұйымдастырушысы әрі қолбасшысы. Әлмерек абыздың өз кіндігінен тараған бесінші ұрпағына дейін түгендесек, Албан тарихы мен шежіресінде аты қалған ұлы адамдар саны 40-тан асады «Жақсыдан жол, шешеннен сөз қалады демекші Әлмерек биден де аталы, баталы сөздер қалған. «Мал емгеннің бір бүйірі тоқ, Жер емшегін емгеннің екі бүйірі тоқ», «Қазақтың үш жүзі қазанның үш бұтына ұқсайды, үш бұт бірлесіп бір шеңбер жасап қазанды көтеріп тұру керек. Бір бұты сынса қазан төңкеріледі», «Тозған елден, торыққан ел жаман» тағы басқалар. Бұл даналық сөздер Қазақ көшін бастауда елеулі үлес қосқан, елдің рухын көтерген. Осындай ұлы дана бабаға бір ауданның атын беру — Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің міндеті болуға тиіс.

Жер иесі қазақ өз билігін жүргізуге құқылы

Қазақстандағы ұйғыр ұлты Алматы облысына алғаш 1853 жылы, Ресей патшалық өкіметі мен Қытайдың Шынжаңдағы Құлжа қаласы келісімі бойынша Жаркент ауданына Орыс пен Қытай өкіметі жағынан көшіріліп орналасқан. Себеп, осыдан он жыл бұрын шекара таласы себепті Шар патша қазіргі Қытайдың Іле өңіріне әскер шығарып басып алған. 1853 жылғы келісім бойынша Шар орыс әскерін Іле өңірінен шығарып әкетеді. Бірақ аз ұлттардан 300 түтінді кепілге Ресей жақ Қазақстан шекарасына көшіріп әкетеді. Алайда олар Қазақ болмауы керек екен. Ресей отаршылдарының ондағы залым қулығы қазаққа қазақ қосылса күшейіп кетеді. Ол үшін таза топыраққа құм, тас араластыруға тура келеді. Осы келісім бойынша 150 үй ұйғыр мен 150 үй дұңғанды егін салу атауымен көшіреді. Бірақ Ресей империясының залым жоспары іске аспады. Үш ғасырдан бері Қазақ ұлтының қонақжайлылық пен мейірімділік құшағына бөленген ұйғыр ұлты өсіп-өніп, тыныш, тату-тәтті өмір кешіп келеді. Әсіресе Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі барлық ұлттар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Оның үстіне 1962 жылы мыңдаған Ұйғыр азаматтары, сол кездегі екі ел Коммунистік билігінің жымысқы саясаты бойынша мыңдаған ұйғырларды «қашып» өтуге желіктіріп, олар ұйғырлардың жан санын молайтты. Қазір билік басындағы тәуелсіз Қазақ ұлты Ата заңымыз бойынша да, адами жағынан да барлық жерге өз билігін жүргізуге құқылы. Осы шындыққа  кедергі болу өз ұлтының бақытын басқа тепкендікпен бірдей. Шонжы ауданы ғасырлардан бері қазақтардың мекені. Жер иесі қазақтар, Нақты иесі Әлмерек абыздың елі. Оның қарастылығы — тарихтан бері Әлмерек бабамен оның тұқымдарының басқаруында болып келеді. Шонжы ауданын 19 ғасырдың ортасында орыс отаршылдарына ерлікпен қарсы күресіп, ұлт тәуелсіздігін аңсаған Әлмерек бабамыздың шөбересі Саурық батыр Әлпарұлы басқарған болатын. Саурық батыр тіпті Қытай жерінің Іле ауданын да емін-еркін меңгерген адам. Қазір Іле Қазақ облысының Күнес ауданының тауында Саурық батыр қыстауының орны «Саурықтың сайы» деп аталады. Саурыққа өшіккен Ресей өкіметіне Құлжа қаласының бегі Солтан атты ұйғыр жансыздыққа сатылып, Саурық жөнінде Ресей жаққа мәлімдейді. Екі жақ бірлесіп оны ұстап Қазақстанға әкетеді. Алайда Саурықтың ел ішіндегі беделінен жасқанған орыс өкіметі қонаққа шақыру сылтауымен Саурық батырдың үзіңгісіне у жағып өлтіреді. Осындай тарихи дәлелдер Шонжы елді мекеніне Әлмерек абыздың атын берудің заңды екенін көрсетеді.
Енді Шонжы деген атауға келейік. Мен  жазба деректерден емес, ел аузындағы ауызекі әңгімеден тарап жүрген аңыздардан «Шонжы» деген сөз Әлмерек батырдың Тәуке ханның алғашқы кезіндегі немесе Әлмеректің батыр болып қол бастап жүрген кезінде оның өлтірген қалмақ батырының аты деп айтылады. Оған мынадай дәлелдер келтіру қиын емес. Қалмақтар алғаш басып алған кезде сол аймақтың жер-су аттары қол бастап келіп қазақ жерін басып алған Қалмақ қолбасыларының атымен аталған. Мысалы, Шонжының батысындағы Қаскелең ауданы. Оңтүстігіндегі Кеген ауданы, Іргелес Шарын өзенінің аты тағы басқалар. Сонымен бірге «Шонжы» деген сөз қазақ тілінде араласып жүрген моңғолдардың «Шоқыр» (өзен аты) «Шолымты» (Өткел), «Шолақай» (сайдың аты) тағы басқа сөздермен үндес келеді. Сонымен бірге «Шонжы» деген сөз өз кезінде Қазақ жерін қалмақтар басып алған аймақтардың көбінде кездеседі. Әрі «Шонжы» атаулары сыртқы моңғұлдан бері қарай қазақ топырағына бір сызық бойынша тартылып қойылған. Мысалы: Шынжаңның Үрімжі қаласының шығысындағы сыртқы моңғұл шекарасына ең жақын ауданының аты қазір «Шонжы ауданы» деп аталады. Ал Үрімжі деген қаланың аты ап-анық «Үріпжіл» деген моңғұл байдың аты. «Үріпжілдің сайы» деген жер бар. Содан соң Іле облысының орталығы Құлжа қаласының шығысындағы 70 шақырым жерде «Шонжы» деген сай бар. Онда қазір Құлжа ауданына қарасты «Шонжы» мал фермасы тұрады. Ал моңғұлдар атында да осыған ұқсас  «Шөпіл», «Шорын», «Күнжі» деген адам аттары бар. Осы айтқандарымыздан «Шонжы» деген атаудың «көне ұйғыр тілі» емес, тап-таза моңғұл тілі екенін білеміз. Ең күлкілісі — осыдан үш ғасырдан бұрын ұйғыр ұлты Шонжы өңірінде өмір сүрмесе қалайша ол арада «Ұйғыр империясы өмір кешіп, ұйғырлар бұл жерге Жасыл алқап» деп ат қойсын?!
Қазақстанға ұйғыр (кейде Сарт деп те аталды) ұлты қоныстанғалы үш ғасырдан ғана асты. Қазақ ұлты осы үш ғасыр ішінде ұйғыр ұлтына көптік, күштілік мінез көрсеткен жоқ. Қонағуарлық, жанашырлық, аяушылық көрсетіп, көмек қолын созып келеді. Екі ұлт та отаршылдық қудалаудың, кемсітудің, екінші дүниежүзілік соғыстың тақсыретін тең тартқан ұлттар. Олар осы үш жүз жылдан аса уақыт ішінде аралас көрші болып отырып, әрқандай ұлттық алауыздық тудырып, бір-біріне шоқпар көтерісіп көрген жоқ. Әсіресе Тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті солай. Алайда жақыннан бері ішінара адамдар қай-қайдағы өтіріктерді ойдан шығарып, ғасырлардағы Қазақ топырағын қазақ қанымен суғарған топырақта, моңғұл басқыншы қарақшысының атын ұялмай өзінің ана тіліне кіргізбек сияқты. Мен бұларды, яғни Қазақстан халықтарының тәуелсіздік рухын жаңғыртуға көлденең тұрушы деп ойлаймын. Қазақ ұлты — Қазақстанның барлық аумағын 10-ғасырда қара Қытайдың (хидән) шапқыншылығынан, XIII-XIV-XV ғасырларда Шыңғыс ханның және қараниет Қоқан хандығының шапқыншылығынан, XVII-XVIII ғасырларда «Ақтабан шұбырынды» бола жүріп, жал-мауыз жоңғарлардың қырғынынан, XIX-XX ғасырлар-да бұрынғы, соңғы отаршыл менің қазағым орыс империясымен тәуелсіздік үшін қаншама жүз рет шайқаса жүріп, әр ғасыр сайын ұлтымыздың жан санының жарымын құрбандыққа шала жүріп өз территориясын сақтап қалған намысты, қахарман ұлт. Шонжы ауданын Әлмерек би мен оның қахарман ұрпақтары қорғап қалған. Ендігі жерде заманымыздағы ата жауымыздың аты Шонжыны өзгерту — тәуелсіздіктің талабы. Өз иесі Әлмерек абыздың атын қою — ұлт тәуелсіздігінің міндеті. Елбасымыздың рухани жаңғыру саясатының өкімі осы.

Нұрмұқан Жанұзақұлы,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сыншы,
тарих зерттеуші, журналист

(6)

Адай, Құдайке, Келімберді мүрделері қайда жатыр

$
0
0

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың тарихында ұялатын ештеңе жоқ» дегені ақиқат. Тек өткен тарихымызбен, хан, билерімізбен, батырларымызбен мақтана білуіміз керек және өзге елге де танытып, насихаттап, биікке көтере білген дұрыс. Бұрыннан білетініміз, құлаққа сіңіп қалған хандарымыз «Есім ханның ескі жолы» деп Есім ханды, «Тәуке ханның тура жолы» деп Тәуке ханды, «Қасым ханның қасқа жолы» деп Қасым ханды, Әз Жәнібек пен Абылай ханды, билерден Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би деп білдік. Шешендерден жыр-дастандарда, ертегіде айтылатын Жиреншені, батырлардан Қобыланды, Алпамыс, Ер Төстік, Ер Тарғын одан да басқа Қара керей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай. Бар білгендеріміз осы ғана болатын. Егеменді ел болып, Тәуелсіздік алған соң ғана басқа да хан билерімізді, батырларымызды таптық, білдік, бүткіл елге таныттық. Атап айтқанда, Қойгелді, Қосы батыр, Жауғаш, Бұғыбай, Бұхарбай, Ағыбай, Жалаңтөс, Басығара, Ер Қосай, Құдайке, Малайсары, Кейкі, Иман батыр, Сүйіндік Жанайдар батыр, және басқаларын дәріптеп, насихаттап, басымызға көтеріп ауылдардың, аудандардың атын бердік. Есімдерін көшеге, мектепке, және басқа да жерлерге беріп, ескерткіш қойып, жастарға үлгі етудеміз. Мұнымыз өте құптарлық іс. Тарихымызды түгел білдік, анықтадық дей алмаймыз. Көптеген айтулы тұлғалар көлеңкеде қалып қоюда. Соның бірі де бірегейі кіші жүзден Адай батыр, оның ұлдары Құдайке мен Келімберді. Немерелері Ер Қосай мен Мұңал. Осыдан 2-3 жыл бұрын қазақ хандығының 550 жылдығын дүркіретіп тойлап, атап өттік. Бізде бұрындары да іргелі ел, мемлекет болғанымызды көрсеттік. Дәлелдеп, анықтап, Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығы болғанын, оның көлемі бүгінгі Қазақстанды түгел алып жатқанын паш еттік. Әбілхайырдан бөлініп, үдере көшіп, Шу мен Сарысудың арасына орналасып, дербес қазақ хандығын құрып, алғашқы ханы Керей болғанын, оған ағайыны Жәнібек көмектесіп, қазақтың көптеген руларының басын қосып, шекарасын анықтап, көрші елдермен келісімге келіп, қазақ хандығының ірге тасының берік болуына бір кісідей еңбек еткен Адай батыр еді. Керей мен Жәнібектің көшіне 300-дей кіші жүздің отбасыларын ертіп, асқар Алатаудың етегіне келіп орналастырып, Керей мен Жәнібектің сенімді серігі, әскер басы болғанын біреу білсе біреу білмес. Жас қазақ хандығының құрамына батыстағы, шығыстағы, солтүстікте тұрып жатқан ру-тайпаларды қазақ хандығының құрамына кіруіне Жәнібекпен бірге аянбай еңбек еткен Адайды Керей хан да, Жәнібек сұлтан да қатты сыйлап қадірлеген. Соның нақты бір белгісі Адай үйленем дегенде Жәнібек өзі бас құда болып, Бексұлтан төренің айдай сұлу қызы Айымнұрды қалыңмалын төлеп, тойын өткізіп, елге алып келді. Адайдың осы әйелінен екі бала болған. Бірі Құдайке, екіншісі Келімберді. Келімбердінің ұрпақтары бүгінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық және Құлан ауылдарында тұрып жатыр. Соның бірі Құлан ауылы әкімінің орынбасары Мұрат Жайлыбаев: «біз Келімбердіден тараймыз», — дейді. Адай мен оның балаларының осы маңда тұрғанына мына сөздер дәлел бола алады. Адайлар ерте заманда кіші жүздің басқа рулары сияқты Алатауды мекендеген. Сонымен қатар Қашаған жырау «Атамекен» деген жырында:
Әзіреттің кең ойы
Алты судың өн бойы
Атамыз қонған жер екен
Алғыр судың бойында
Алшын деген аз ауыл
Қытайменен жау болып
Көшіпті солай қарауыл, — деп жырлаған.
Жас Қазақ хандығының нығайып, көлемінің ұлғайып, халықтың саны көбейіп, іргелі күшті ел болғанын көре алмайтын көршілер Қытай, қалмақ, мына жағы Шайбани мемлекеті тұс-тұстан қазақ хандығына тыныштық бермей қайта-қайта шабуылдап, мазаларын ала берген соң Жәнібек хан Адай мен өзі бас болып ел шетіне келген жауларға аямай соққы береді. Дегенмен қапияда Жәнібек қайтыс болады. Бұл кезде Адайдың баласы Құдайке батырдың даңқы асып тұрған кезі еді. Небір шайқастарда жанқиярлық ерлік көрсетіп, жауынгерлердің алдына шығып, «Алшын, Адай!» деп айқайлап ұрысқа кірісетін. Осындай бір соғыста Шайбани әскері оңбай жеңіліс табады. Ойрандалып тоз-тозы шығып қалады. Тек Құдайкенің қолына садақтың оғы тиіп, көп ұзамай қайтыс болады. Құдайкені ел аузында Ойранды атанып кеткен жерден төмен, Алатаудың етегінен бастау алатын Әулиебұлақтан шығатын өзеннің оң сағасына, төбенің бір шетіне арулап жерлейді. Кейіннен осы жерге Келімбердіні де жерлеген. Шайбонилермен болған бір шайқаста Құдайке 100 шақты адаммен жау қоршауында қалады. Сол кезде Келімберді атой салып жау шебін бұзып өтіп, ағасы Құдайке мен жауынгерлерін жау қоршауынан алып шығады. Келімберді небір шайқастарда ағасы Құдайкенің жанында болып, ерліктің небір үлгісін көрсетеді. Ең соңында екі баласының жанына жүзден асқан шағында Адайды да мәңгілік мекеніне жерлеген. Адай қайтыс болғанда қазақтың үш жүзінің игі жақсылары және Хақназардың өзі де болып арулап жерлейді. Бұл жер ел аузында «Қазақ мола» деп аталады. Кезінде үлкен қорғаны болған және көктасқа есімдері жазылып қойылған екен. Қорғанның ірге тасы ғана сақталған.
Маңғыстаулық азамат Ыдырыс Серікбаев 10-15 жылдан бері өз қаржысына Өзбекстанды және Қазақстанның оңтүстік облыстарын аралап, көптеген аңыз әңгімелерді, жыр-дастандарды, тарихи шығармаларды, тарихшылардың мақалаларын, шетел та-рихшыларының еңбектерін зерделеп, халық арасында айтылған әңгімелерді мұқият тыңдап, зерттеп, мұрағаттардан құжаттарды қарап, атасы Адай мен оның ұлдары Құдайке мен Келімбердінің жатқан жерін анықтау мақсатында көп жерлерді аралайды, іздестіреді. Көнекөз қариялармен сөйлесіп, сілтеген жерлеріне барады. Осындай көп жылғы іздестірудің нәтижесінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданына келіп, жергілікті өлкетанушы Бекқұлы Әлиевтың айтуымен Жаңатұрмыс ауылына келеді. Мұнда көнекөз қария Қасымбай Кемісбаев, Кемел Азаматов пен Жетпіс Көлбаевтің айтулары бойынша бұрынғы «Жібек жолының» төменгі жағында, өзеннің оң жақ бетінде кезінде үлкен төбе болған екен. Бүгінде шөгіп, төбешік болып қалған жерде үш адамның моласы сақталған. Ортадағы үлкені Адай батырдың, ал жанындағы екеуі балалары Құдайке мен Келімберді жатыр деген мәлімет береді. Жыр-дастандардағы мәліметке тура келеді. Жаңатұрмыс ауылының әкімі Н.Жамалбековтың көмегімен үш моланың төңірегін тазалағанда, бұрынғы қорғанның ірге тасы көрінеді. Ірге толық сақталған, бірақ балшықтан соққан қабырғалары қирап жатыр. Кезінде есімдері жазылған көктас болған екен, кейін қолды болыпты. Ойранды даласының төменгі жағында,  Мөңке батырдың атындағы разьездің шығысында, өзеннің оң жағындағы төбенің үстіндегі молалар Адай мен оның балалары жатқан жері осы болар деген тоқтамға келеді. Ал жергілікті халықтың айтуы бойынша әр төбенің басында осы елдің қорымдары бар екен. 1948 жылы зерттеушілер Т. Рысқұлов ауданының маңында Қазақ ауылы деген жердің жанындағы Жарбол деген стансаның барын, одан әрі Әулиебұлақ (өзен) өзенінің оң жағында ұлы Жібек жолының маңында Мөңке батырдың және Адай мен оның ұлдары Құдайке мен Келімбердінің жатқан жерлерін картаға түсіріп, схемасын жасаған екен. Сол схема табылып отыр. Онда батырлардың моласының орны да көрсетілген. Адай батыр мен оның балалары Құдайке мен Келімбердінің, немерелері Ер Қосай мен Мұңалдың ерлік істері, батырлығы, халқы үшін атқарған қызметтері туралы жазушы Бектұр Төлеуғалиұлының «Адай тарихы сыр шертеді» деген еңбегінде, көптеген  шайқастардың куәсі болған Қазтуған ақынның жыр-дастандарында, шежіреші Өмірзақ Көлбаевтың «Ер Қосай» атты кітабында, Ұзақбай жыршының «Алақай батыр» дастанында, Сабыр жыршының «Алақай батыр жырында, Ибн Бахуридің «Алғашқы қазақтардың бірігуі» еңбегінде, Алшын Меңдалыұлының «Адай шежіресінде» және басқа да еңбектерінде айтылып, жазылған соң оны қайталауды жөн көрмедік.
Болашақта Адай атаның ұрпақтары жерленген адамдардың сүйегін тексеріп, анықтап, бір шешімге келген соң, бабалардың басына белгі қойылып, ардақты, әулиелі жерге тәу етуге адамдар келетін болар деген үмітіміз бар.

Москау Нокрабеков

(2)

Viewing all 107 articles
Browse latest View live